Мәліметтер қорының пайда болуы

Алғаш рет “мәліметтер қоры” деген ұғым 1960 жылдардың басында пайда болды. Сол кездегі мәліметтер қарапайым тізбекті файлдар түрінде магниттік лентада беріліп, өңделу бағдарламасына тәуелді болды. Егер мәліметтерді құру немесе сақтау құрылғысының типі өзгерсе, бағдарламашыға (программист) бағдарламаны қайтадан жазуға тура келді. Бір файлдың көптеген түрлері болды, олардың көбісі тек бір бағдарламалық өнім үшін қолданылды. Басқа түр қажет болған кезде,біртіндеп мәліметтер басқа үлгіде пайдаланыла бастады: ұқсас ақпараттан құралған жаңа файл жасалды. Бұл мәліметтердің жоғары дәрежеде көшірілуіне алып келді. Көшірменің көп мөлшерде болуы машиналық жадыны толық алып, бірқатар ерекше проблемалар тудырды, олардың бірі, мысалы, жүйеде қайшылықтуғызатын бір ақпараттың әр түрлі нұсқалары (версия) пайда болмайтын қайталанатын мәліметтерді бір мезгілде жаңарту болып табылады.

Мәліметтер қорын басқару жүйелері

Ақпараттарды өңдеу тәсілдерін өзгертуге мәліметтерқорын басқару жүйесі (МҚБЖ) зор күш жұмсады, олар мәтіндік, графикалық және сандықмәліметтерді ЭЕМ ресурстарының көмегімен манипуляциялауға арналған. Олар мәліметтер жинағын тҮрлендіру (файлдығ, келтірілген типтегі мәліметтерді іздеу, сұрыптау және түзету функцияларын орындайды.

Мәліметтер қорының пайда болуы - student2.ru

МҚБЖ-ны бағдарламамен қамтамасыз ету қолданбалы бағдарламамен сол ЭЕМ-де орындалатын оған қойылатын жеткілікті күрделі талаптарға жауап беруі тиіс. МҚБЖ-ның басты принциптері мәтіндік, сандық және графикалық мәліметтермен жұмыс істеу Үшін жиі қолданылатын функцияның шекті санын іске асырып олардың орындалуретін анықтау жеткілікті екендігіне негізделген.

Әдетте МҚБЖ-да қолданылатын мәліметтер моделініңүш түрін ажыратады: Интерархиялық, желілі және реляциялы (кестелік). Бірақ мәліметтердің гибридті моделін пайдаланатын МҚБЖ-дапайда болды.

Иерархиялық модельдер

1960 жылдардың басында кеңінен тарады. Мұндай модельдіңқұрамына кірген жазбалар ағаш тәрізді құрылымды түзеді – олардың әрқайсысы иерархияның жоғары деңгейінде орналасқан бір жазбамен байланысты. Кез келген жазбаға кіру осы тораптарға сәйкес жазбаны тізбектей көріп, ағаш тораптарыныңқатаң түрде анықталған тізбегі бойынша өту арқылы жүзеге асырылады. Өте қарапайым есептер үшін иерархиялы жүйе тиімді,бірақ іс жүзінде сұраныстарды оперативті түрде өңдеу және тармақталған архитектураны күрделі жүйелерде пайдалану үшін жарамсыз. Иерархиялықұйым күрделі түрлендірілген (өзгертілген), сондықтан файлдарды бірнеше қолданбалы жүйелермен бір уақытта түрлендіру жағдайларында жұмыс істеу үшін қажетті жылдам әрекетті қамтамасыз ете алмайды.

Реляциялық МБЖ

Мәліметтердің реляциялы модельдер концепциясы алғаш рет 1950 жылдарда шықты, бірақ 1970 жылдарда байдаланылы бастады. Бұл модель тек 1980 жылдарда кеңқолданылды. Реляциялы типтік МҚБЖ пайдаланушыны мәліметтерді сақтауды ұйымдастыру менаппаратура ерекшелігіне байланысты барлық шектеулерден босатты. Мәліметтер қорының физикалыққұрылымыныңӨзгерісі онымен жұмысістейтін қолданбалы бағдарламалардың жұмыс қабілеттілігіне әсер етпейді.

Реляциялық мәліметтер моделінің артықшылығы:

▪ пайдаланушы билігіне қарапайым мәліметтер құрылымы ұсынылады – олар кесте сияқты қарастырлады;

▪ пайдаланушы оның мәліметтері базада қалай құрылғанын білмеуі мүмкін – бұл мәліметтер тәуелсіздігін қамтамасыз етеді;

▪ қарапайым процедуралық емес сұраныс тілдері қолдануы мүмкін.

Наши рекомендации