СОӨЖ № 3 тақырыбы: Жер асты сулары

Тапсырмалар:

1. Әдебиеттерден жер асты сулар туралы мәлімет жинап, хабарлама дайындау.

2. Қазақстанда жер асты суы маңызы жайлы не білесің?

3. Осы тақырып бойынша презентация (слайд-шоу) дайындау.

Тапсырмалар орындауға әдістемелік нұсқаулар:Тапсырманы орындау үшін лекция материалдарын пайдалана отырып, дәптерге жер асты сулар түрлерін, таралу ерекшеліктерін схема түрінде түсіру.

Әдебиет: 1,4,5,6

СОӨЖ № 4 тақырыбы: Өзендер. Өзендердің пайда болуы, өзендер жүйесі. Өзендер олардың қалыптасу және қоректену типтері.

Тапсырмалар:

1. Практикада көбінесе есептеулерді жеңілдету үшін орташа биіктікті, өзен алабында біркелкі жатқан бірнеше нүктелердің биіктіктерін арифметикалық орта мәні ретінде қабылдауға болады. Ол үшін өзен алабын біркелкі квадраттарға бөледі. Жазық және тік сызығында қиылысу нүктелері белгіленіп нөмірленеді де, көлденең сызықтар (горизонтальдар) аралығында жатқан нүктелердің шамалары интерполяция жолымен табылады. Мұнда өзен алабынан тыс, бірақ оған өте жақын жатқан нүктелердің биіктік шамалары да қосылады, осындағы мәліметтер бойынша кесте толтырылып, өзен алабының гипсографиялық қисық сызығы түсіріледі. 2 сурет мәліметтерін пайдаланыңыз.

2 сурет

2. Гипсометриялық немесе топокарта бойынша бір өзеннің және оның салаларының ұзындығын анықтау. Карта бойынша өзеннің ұзындығын үш тәсілмен анықтайды: циркуль өлшеуішпен, суланған жіппен және курвиметрмен анықтайды. Циркуль өлшеуішпен жұмыс істеген кезде циркульдан арасын 2-3 мм асыртпау керек. Өзеннің ұзындығы үш рет өлшеніп, содан кейін орташа ұзындығы алынады. Өлшеу картаның өзінде жүргізілмейді, өйткені циркуль картаны тесіп тастайды, сондықтан калька қағазға өзен және оның салалары түсіріледі де, сол калька қағаздан өлшеу жүргізіледі.

3. Таңдалған өзен алабына физикалық-географиялық сипаттама беру:

· географиялық орны

· геологиялық геоморфологиялық қалыптасуы, тау жынысы жер бедері

· климаты, негізгі қоректену түрлері

· су жүйесінің ерекшелігі, алабтағы басқа су қорлары

· алаб территориясындағы өсімдік, топырақ жамылғысы

· өзен алаб территориясына кері әсерін тигізетін антропогендік факторлары, шаруашылықты қолданылуы

Тапсырмалар орындауға әдістемелік нұсқаулар:Тапсырманы орындау үшін арнайы әдебиеттер мен лекция материалдарын пайдалана отырып, өзен алабының гипсографикалық қисық сызығын сызып, топокартамен өзен ұзындығын өлшеп конспект түрінде жазып келу.

Әдебиет: 1,4,5

СОӨЖ № 5 тақырыбы: Көлдер. Жалпы түсініктер, көл қазаншұңқыр-ларының пайда болуы, типтері. Көлдердің су теңдестігі.

Тапсырма:

1.Жер шары ірі көлдерінің максималды тереңдіктері өсуі бойынша бағанды диаграммасын тізіп сыз:

Көлдер атауы терең дігі, м. Көлдер атауы терең дігі, м.
Каспий Мичиган
Жоғарғы Байкал
Виктория Танганьика
Арал Ладога
Гурон Ньяса

2. Әр айдағы су қойма бетінің булануын есептеу және V – X айлардағы жалпы булану қосындысын табу. Су қоймасы бетінің булануын есептеу гидрологиялық жалпылама формуласымен жүргізіледі (авторлары: Зайков Б.Д.,Брасловский А.П., Викулина З.А.):

Е = 0,14 n (L0 – L200) (1 + 0,72 V200)

Мұндағы Е – булану, мм: L0 – су буы серпімділігінің орташа мәні, мб: L0 – суқоймасы үстінен 200 см биіктіктегі су буы серпімділігінің орташа мәні, мб: U200 – су қоймасы үстінен 200 см биіктіктегі желдің орташа жылдамдығы, м/с; n – тәулік саны 3 кестеде көрсетілген.

Букпинск станциясы бойынша метеорологиялық элементтердің орташа көп жылдық сипаттамалары

3 кесте

Есептеу элементтері Орташа айлық мәндер
Су буы серпімділігінің орташа мәні, мб (L0)   14,2   19,0   22,5   20,9   14,2   9,0
Желдің орташа жылдамдығы м/с (V) 7,7 7,0 6,1 5,4 7,2 8,3
Су қоймасы үстінен 200 см биіктітегі су буы серпімділігінің орташа мәні, мб (L200 )     9,6     13,3     15,2     14,3     10,0     6,6
Тәулік саны (n)
Ауа температурасы, град. 18,5 16,9 19,4 17,0 10,6 3,3
Су температурасы, град 12,2 16,7 19,4 18,2 12,2 5,4

Әр студентке жекелеп берілген көлдердің физикалық географиялық сипаттасын беру:

· географиялық орны

· геологиялық геоморфологиялық қалыптасуы

· тау жынысы жер бедері

· климаты

· негізгі қоректену түрлері

· су жүйесінің ерекшелігі,

· көл территориясындағы өсімдіктері

· балық түрлері

· топырақ жамылғысы

· көл территориясына кері әсерін тигізетін антропогендік факторлары

· шаруашылықта қолданылуы

· кескін картаға көлдің географиялық орнымен осы мәліметтерді толығымен түсіру.

Тапсырмалар орындауға әдістемелік нұсқаулар:Көлдің негізгі бөліктері мен көл аңғарының құрылымы элементтерін атау, көл ауданын өлшеу, көлдің ұзындығын және енін анықтау, бақылау сұрақтарына жазбаша жауап беру.

Әдебиет: 2,5

Наши рекомендации