Ысқа мерзімді жоспар 6 страница


«Сауат ашу» пәні. 1-сынып
8-бөлім: Дені саудың – жаны сау
Осыған дейін меңгерілген білім
8-бөлім І-ІІІ тоқсанда алған білім мен дағдыларға сүйенеді. Оқушылар қалай әңгімелеу керектігін, әңгімелеу барысында сөздер мен сөз тіркестерін қолдану керектігін, сол сияқты қарапайым бейкөркем мәтіндермен жұмыс істеу тәсілдерін біледі.
Мәнмәтін
Бұл бөлімде оқушылар «Денсаулықты күту» тақырыбында оқылым және жазылым дағдыларын жетілдіреді. Бөлім ғылыми пәндермен тікелей байланысты. Сонымен қатар, аталған бөлімде өткен тараулардағы дыбыстар жүйелі түрде қайталанады. Мұғалім оқушылардың білім деңгейіне сәйкес әңгімелерді, өлеңдерді, ертегілерді өз бетінше оқуына, жазуына, мазмұндауына, пікір айтуына көңіл бөледі.
Қысқаша шолу
Бұл бөлімде «Әліппеден кейінгі кезең» жалғасады. Бөлім оқушылардың әңігімелеп айтуын және сәйкесінше олардың байланыстырып сөйлеуді қолдана білуін, жаңа әңгіме құрастыра алуын қамтамасыз етеді. Оқушылар «Денсаулықты сақтау» тақырыбында сұрақтар қоя алады және аталған тақырып көлемінде алған білімдерін пайдаланып, бейкөркем мәтін құрап жаза алады.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
    Сабақта оқушылардың қажеттілігіне орай және орфография, грамматика, пунктуациябойынша бастапқы дағдыларын қалыптастыру үшін ұсынылған оқу мақсаттарын жүйелі түрде қолдануды ұсынамыз: 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту 2.1 Оқу түрлерін қолдану 3.8 Қатені табу және түзету 3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау 3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау 3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау 3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау     4-бөлімдегі «Қатемен жұмыс нұсқаулығын» басшылыққа алыңыз. http://www.balakai.kz/publ/ma_al_m_telder/densauly_as_d_m_sergektik_tazalyk_turaly/12-1-0-535
1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану   2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу   2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу     1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану   1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)   1.2.7.1 әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар) ақпараттарды табу     Денсаулықты күтуді үйрену Бұл бөлімде мұғалімнің жетекшілігімен тақырыпқа сай әңгімелер, өлеңдер, ертегілер айтылады. Оқушыларға мұғаліммен бірге қосылып жоғарыда аталған әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындатыңыз. Денсаулық туралы мультфильм http://vzlet12345.ru   Денсаулық туралы мультфильм http://www.youtube.com/watch?v=AicsNk5zHgo  
(Ұ) Оқушыларға денсаулықты қалай сақтау керектігін үйренетіндерін айтыңыз. Оқушылардан тақырып бойынша не білетінін сұраңыз. (Т) Денсаулықты қалай күту керектігі туралы оқушылардың бұрыннан бар білімдерін ортаға салдырып, талқылатыңыз. Толғандыратын сұрақтарымен бөлісіп, бір-біріне сұрақ қоюға жұмылдырыңыз. (Ұ)Оқушылардың топта талқылағандарын үлкен ақ бетке ББҮкестесінежаздыртыңыз. Аталған фактілер мен сұрақтарды бірлесіп топтастырыңыз.Мысалы, былай деңіз: «Сіздер денсаулықты күтуге арналған көптеген жайттарды айттыңыздар, енді осыларды бірлесіп топтастырсақ қайтеді». (Ұ) Қойылған сұрақтарға жауап табылатындай мәтін түрлерін таңдап, оқушылардың сұрақтарына жауап табу жолдарын көрсетіңіз. (МК)Мәтіннің негізгі бөлігінің сұраққа жауап болатындығын қалай анықтағандарын айтыңыз. (Ж) Кеспе әріптерді немесе магнитті тақтаны қолданып, сөздер мен әріптерді қалай сәйкестендіру, дәлелдемелерін қалай анықтау керектігін түсіндіріңіз. Тірек сөздерді табу үшін «Кім тез табады?» ойынын ұйымдастырыңыз.   (Ұ) Денсаулықты күтуге арналған оқушы бағдарламасын қараңыз. Ұсынылған бағдарламаға қатысты екі немесе үш сұрақ қойыңыз. Оқушыларға бағдарламаны көрсетіңіз. Содан соң алдында берілген сұраққа оқушылардың жауап бергенін не бермегенін сұраңыз. Мәлімет алуда бағдарлама қаншалықты пайдалы болғандығы туралы оқушылардан сұраңыз. (Т,Қ) Беттің мазмұнынан оқушылар қажетті мәліметті тауып жаттығуы үшін деңгейлеріне сәйкес бейкөркем мәтінді қолданыңыз, оқылымды орындау талаптарының ретімен жұмыс істеңіз: · кітапқа кіріспе · тексеру стратегиясы · өздігінен оқу · мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру. Оқу жетістіктерін бағалау: Оқушының мәтіндегі мәліметті тиімді анықтай алуы бағаланады. Денсаулықты күтуге қатысты шағын кітапшалар қорын жасаңыз. Кітаптарды оқуға арналған «Оқу бұрышын» жабдықтаңыз. Оқушылардың бос уақыттарында кітаптарды алып оқуына жағдай жасаңыз. Оқушылардың есіне бейкөркем кітаптарды оқудың қандай пайдасы барлығын түсіріңіз. Бейкөркем кітаптардың қандай түрлері болатынын сұраңыз. Оқушыларға берілген сұраққа жауапты қандай кітаптан табуға болатындығын сұраңыз. Жауапты тез табу үшін кітаптың тақырыбы, оның ішкі тақырыпшаларын пайдалану керектігін айтыңыз, ол үшін тірек сөздер мен тіркестерді, тақырыпшаларды сұрақпен сәйкестендіруін сұраңыз. Топтастыруда қандай жаңа мәліметтерді қоса аласыз? Оқушыларға алдыңғы сабақтарда өткен дыбыстарды қайталатыңыз, берік меңгертіңіз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушыларды оқылым қабілеті мен фонетикалық білімдеріне қарай қайта топтастырыңыз, оқылым тапсырмасының ретіне орай қайталатыңыз. Үлгерімі төмен оқушыға деңгейіне сай келетін кітап бергеніңіз дұрыс.   Жоғарыда топтастырылған тақырыптардың ішіндегі «Ү» бағанын толықтырыңыз. 2-бөлімдегі оқылым нұсқаулығымен танысыңыз. Әрбір әліпби әріптерінің тұсына жауап табуды жаттықтыра беріңіз.   Алфавиттік индекстерді мәліметтермен сәйкестендіре отырып, сұраққа тез жауап алуды жалғастыра беріңіз. Жұмбақтар http://www.balakai.kz/publ/zh_mba_tar/adam_zh_ne_ony_dene_m_sheleri_zhajly_zh_mba_tar/10-1-0-741    
2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау   3.5 Мәтінді түрлі формада ұсыну 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу   Мәтін құрастыру    
(Ұ)Оқушыларға өтілген бейкөркем мәтіндерін қайта оқытыңыз, олардан қандай білім алғандарын сұраңыз. Сол бейкөркем мәтіннің қарапайым ерекшеліктерін айтқызыңыз (МК) Денсаулықты күту туралы жазылымды «Бірлесіп жазу» әдісі арқылы жазып үйретіңіз. Мәтіннің кіріспе бөліміне назар аудартыңыз, мәтінге ат қойғызыңыз. Топтастыруда жазған мәліметтерін жазылымдарына кірістіруді үйретіңіз және оларды диаграммаларға, кестелерге сала білу элементтерін көрсетіңіз. Мәтінді суреттермен, диаграммалар, символдар, белгілер, сызбалармен безендіруге болатынын ойластырыңыз. Алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру, бекіту мақсатымен осындай жазба жұмысының түрлерін бірнеше сабақ бойы орындатыңыз. (Ө,Қ) Кестедегі фактілерге сүйеніп, сөйлем құрап жаздырыңыз. (Т) Тақырып пен мәтіннің тақырыбына қатысты дұрыс таңдау жасауларына көмектесу үшін «Бірлесіп жазу» әдісін) қолданыңыз. Оқу жетістіктерін бағалау: · тыңдармандар мен оқырмандарға түсінікті сөйлемдер құрастыруын; · оқиғалардың, фактілерді бірізділігін сақтауын. Бейкөркем кітаптардағы суреттер мен диаграммалардың, тақырыптардың ерекшеліктеріне назар аудартыңыз. Кітаптың мазмұнында схемалық үлгілердің, шаблондық құрылымдардың берілуінен оқушыға нақты мысалдар беріңіз. 2-бөлімдегі жазылым нұсқаулығымен танысыңыз. Мәтінге ат қою үлгісін көрсетіңіз. Мысалы: бұл бетте пайдалы тағам өнімдері туралы мәлімет берілген. Сондықтан «Пайдалы тағамдар» деп ат қоямын. Оқушыларға жазылымды орындамас бұрын сөйлемдерді толықтай оқып, мағынасы дұрыстығына көз жеткізу керектігін ескертіңіз.   Бағытталған жазуды 1-бөлімнен қараңыз.   http://balalaralemi.kz/    
1.4 Оқиғаны болжау   1.6 Тыңдаушының назарын аудару   3.3 Жоспар құру   1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту     1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау 1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану 1.3.3.1 мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) Спорт туралы әңгімені оқу    
(МК) Жолында кездескен барлық қиыншылықтарға қарамастан кейіпкердің жетістікке қол жеткізгендігі туралы әңгіме оқып беріңіз. Алдымен сыныпқа кітаптың сыртқы мұқабасын көрсетіңіз. Олардан кітаптың көркем немесе бейкөркем екендігін анықтауын сұраңыз. Кітап не туралы болуы мүмкін? Кітап мұқабасындағы жазуды оқып, кітаптың не туралы екендігінен білуге бола ма? Мәліметті қандай тірек сөздерден аламыз? деген сұрақтар арқылы жетелеңіз. Әңгімені оқыңыз. Оқылым дағдысын қалай қолдану керектігін оқушыларға көрсетіңіз және өздігінен қолдануға жұмылдырыңыз. Мәтін ішінен жаңа сөздері алынып тасталған тапсырма беріңіз. Оқушылардың сөйлемдерді соңына дейін оқып, қажет сөздерді болжап табуына күш салыңыз. Әңгімені бірнеше сабақ бойында оқыңыз. Оның түрлі сюжеттерін оқушылардың түсінетіндей және есінде қалатындай етіп талқылаңыз. (Ұ) Негізгі оқиғаларды суреттейтін әңгімелеу картасын жасатыңыз. (Ұ) Әңгіме кейіпкерлерінің әр оқиғаға қатысты сезімдері туралы талқылаңыз. Олар неліктен мұндай күйге түсті? Не өзгерді?   Аңдардың кітап атауында кездесуінен оның көркем мәтін екенін ұғынуға болады. Оқиға қай жерде болғанын, қандай кейіпкерлер барын анықтаңыз. Оқушыларға «оқиға», «кейіпкер», «оқиға орны» деген сөздерді үйретіңіз. Әңгімеде кейіпкерлер өздерін қалай ұстағандарын талқылатыңыз. Оларға мінездеме бергізіңіз. Мәтіндегі оқиға орнын сипаттауға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып берулерін сұраңыз. Сипатталған орыннан оқушылардың есіне не түскендіктерін сұраңыз. Оқушыларға көрнекі түрде түсінікті болуы үшін негізгі оқиғалар желісін қамти алатын қарапайым сызба жасаңыз. Әрбір негізгі оқиға тұсына суреттер жапсырыңыз. Үлкендеу ақ қағазға 0-10 аралығында баған (шкала) сызыңыз. Екі жағына эмоцияны білдіретін мағынасы бір-біріне қарама қарсы сөздерді жазыңыз. Жалпы сыныпқа сұрақтар қойыңыз. Ол бақытты ма? Неге? Оқиғаның ең шешуші тұсы қай жер? Негізгі кейіпкерлердің эмоциясын санмен белгілеңіз.    
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау     1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау     Әңгімелеу    
(Ұ) Оқиғаның негізгі кезеңдерін еске түсіру үшін әңгімелеу картасын пайдаланып, айтып беріңіз. Оқушылардан әңгімені нақты баяндауы үшін өзіне таныс, түсінікті тұстарын айтуды сұраңыз. Оқушылар әңгімені толықтай меңгергенше сынып болып қайталай беруді жалғастыра беріңіз.     Әңгімені айтып беру барысында баяндауға қажетті тірек сөздерді және байланыстырушы сөздерді қолданыңыз. «Бұрынғы өткен заманда...», «содан соң», «сол уақытта..», «кенеттен..», «сөйтіп..», «ақырында...», «бақытына қарай...» т.б. Әңгімені баяндауда ассоциация тудыратын қимылдарды пайдаланыңыз. «Ертеде» сөзін айтқанда қолыңызбен кітап ашып жатқандай қимыл жасаңыз, «таңертең» сөзіне ұйқыдан тұрып жатқандай керіліңіз, «Бірінші» дегенді сұқ саусақпен көрсетіңіз , «кенеттен» сөзіне қатысты қолыңызды екі жаққа жайып таңқалғандығыңызды білдіріңіз, «ең соңында» деп айтқанда кітапты жауып жатқан әрекетті істеңіз. Сыныпта әңгімені қолға жұмсақ қуыршақты киіп алып, әңгімелеп беріңіз. Оқушылардың да қолдарына қуыршақты киіп алып, бір-біріне айтып беруіне рұқсат етіңіз.    
3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру   1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу   Спорт туралы әңгіме жазу    
(МК) Әңгіменің негізгі тұстарын баяндауда оның кілт тұсы болатындай бір-екі сөйлемді оқушыларға біріге отырып жаздырыңыз. Ол үшін әңгімені баяндауға әңгіме сызбасын қолданыңыз. Оқиға сызбасындағы негізгі тұстардың барлығында (қолданыс тапқан) бір-екі сөйлемнен болмайынша оны сөздермен, сөз тіркестерімен толықтыра беріңіз. Өткен сабақта алынған білім мен ақпаратты бағалай отырып, бірлесіп жазуды бірнеше сабаққа жоспарлаңыз. (Ө,Қ) Әңгіме сызбасын сүйенетін жоспар ретінде пайдаланыңыз. Оқушылар оқиға желісін ретімен баяндау үшін бірнеше сөйлемдер жазады. (Т) Оқушылардың дыбыстарды дұрыс таңдап жазуы үшін көмектесіп, «Бағытталған жазу» әдісін қолданыңыз. Қабілеті жоғары оқушыларға кейіпкерді, оқиға орнын сипаттатыңыз. Оқу жетістіктерін бағалау: · оқиға ішіндегі негізгі оқиғаларды баяндап беруде кемінде үш сөйлем жаза алуын; · мәтінді баяндауға қатысты тілді қолдануын; · өз мәтініндегі сөздер мен сөз тіркестерін түзетуді үйренуін. «Бірлесіп жазуға» нұсқау болатын 1- бөлімді қараңыз. Өткен сабақтардағы жазылымды еске түсіріп, нұсқау бойынша жазылымды орындаңыз. Әр сөйлем мағынасының толық әрі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Жазбас бұрын сөйлемдерді бірнеше рет оқыңыз. Әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. Әңгімені жазбас бұрын оқушыларға алдымен ауызша айтқызып алыңыз. Жазғандарын қайта оқып шығуларын өтініңіз және онда жазған жұмыстарында әңгімеден алынған қызықты сөйлемдер болу керектігін ескертіңіз. «Орфографиялық сәт» жүргізіңіз, қажет болған жағдайда оқушылар орфографиялық сөздікті қолдана алады. «Бірлесіп жазу» нұсқауын 1- бөлімнен қараңыз. Сыныпта «Жазу бұрышын» ұйымдастырыңыз. Әртүрлі қағаз, қалам, кейіпкерлердің суреттерін, қуыршақ бейнелерін де қойыңыз. Оқушылардың сол орындарға отырып жеке жазылымын орындауын сұраңыз. Бір-біріне дауыстап оқып беру мүмкіндіктерін туғызыңыз.      

ысқа мерзімді жоспар

Наши рекомендации