Пәннің мақсаты мен міндеті

Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы пәнін оқытудың білімділік мақсаты:

Аймақтың физикалық географиясының алғашқы мектеп курсы болып табылатын материктер мен мұхитардың географиясы төмендегі мақсаттарға жетуді көздейді.

Географиялық қабықтың негізгі құрамдас бөліктері мен олардың арасында жүретін зат пен энергия айналуы, табиғаттағы тепе – теңдіктің сақталу заңдылықтары жөнінде алған білімдеріне сүйеніп біртұтас ғалам шарлық табиғат кешенің құрамдас бөлігі болып табылатын материк мен мұхитардың табиғатының ерекшеліктері, жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім беруді одан ары тереңдету;

Қоршаған табиғи ортада жүретін үрдістер мен құбылыстар, адам қоғамы мен табиғаттың өзара байланысының түйінді мәселелері жөніндегі дүниетанымдарын қалыптастыруды одан ары жалғастыру;

Студенттердің танымдық қаблеттерін арттырып ой әрекетінің тәсілдерін (талдау, синтездеу, жинақтау, салыстыру, ой қорытындыларын шығару) меңгертуді одан ары жетілдіруге ықпал ете отырып, кәсіби іскерлік – дағдыларын қалыптастыру;

Географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын материктер мен мұхиттар тұрғысында және жекелеген аумақтың табиғат кешендері ауқымында ұғындыру;

Адамдардың тіршілігі үшін табиғаттың маңызы, қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым – қатынастың әлеуметтік – экономикалық жағдайға тәуелділігі жайлы түсініктердің негізінде оқушыларға экологиялық білім беру;

Материктер мен мұхиттардың табиғат байлақтарын шаруашылықтық мақсатқа тиімді пайдалану жолдарымен таныстыра отырып экономикалық білім беру.

Тәрбиелік мақсаты:

Қазақстан Республикасы азаматына тән адамгершілік қасиеттерді студенттердің бойына сіңірте отырып, адамгершілік, ақыл – ой, еңбек тәрбиелерін беру;

Студенттердің ой - өрісін кеңейтіп дүние – танымдарын қалыптастыру, сөз қорын арттыру;

Географиялық қабықтың тұтастығы мен табиғаттағы тепе – теңдіктің сақталу заңдылықтарын түсіндіру барысында қоршаған ортаны қоғау қажеттілігін көздейтін экологиялық тәрбие беру.

Қазақстанның дүниежүзлік деңгейде алатын орыны саяси – географиялық жағдайы мен халықаралық қатынастары туралы берілетін білімге негізделіп өсер ұрпақтың Отан сүйгіштік сезімдерін оятып интерноционалдық тәрбие беру;

Жер шарындағы табиғаттың бірегей қайталанбас ескерткіштерінің туристік рекряциялық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, студенттерді әсемдікті сезініп сүйе білуге баулу.

Дамыту мақсаты:

Оқу материадарын ғылыми теориялық мүмкіндігін ескере отырып географиялық атлас пен оқулықтың жабдықтау аппаратын пайдаланып студенттердің өз бетімен білім алауын қамтамасыз ету;

Тақырыптың мәтініне талдау жасап, тақырыптық карталарды бір – біріне беттестіре отырып ой қорытындыларын шығара білуге үйрету;

Физикалық – географиялық үрдістер мен құбылыстардың пайда болу заңдылықтарын өз бетімен ашып, ой қорынтындыларын шығара білудің іскерлік – дағдыларын қалыптастыру;

Студенттердің білімі мен іскерлік – дағдыларын таныс және таныс емес оқу жағдайында пайдалана білуге дағдыландыру;

Оқу үрдісінің барысында қазіргі кезеңдегі физикалық географияның басты ғылыми теориясы ғаламдық табиғат кешенінің мәнін ашатын негізгі түсініктерді шешу көзделген.

“Материктер мен мұхиттардың физикалық география” пәнінің толық курсын тыңдағаннан кейін студент мыналарды білуі тиіс:

Студенттер айтып көрсете білуі тиіс:

Пәннің зерттейтін нысандары: материктері, дүние бөліктері, аралдар, мұхиттар мен оның бөліктері:

Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлар материктерінің табиғатының ерекшеліктерін;

Материктер мен мұхиттардың ашылуы мен зерттеу кезеңдерін;

Маңызды географиялық ашылулар мен жиһангез саяхатшылар мен ғалымдардың сіңірген еңбектерін;

Әрбір материктің ерекшеліктерін айқындайтын көрсеткіштерді (теңіз деңгейінен ең биік және ең төмен жатқан нүктелері, ең суы мол және ұзын өзендері басқа да маңызды көрсеткіштері);

Материктік және мұхиттық жер қыртысы және олардың бір – бірінен айырмашылықтарын;

Геологиялық жыл санауды;

Құрлық пен мұхит асты бедерлерінің ірі пішіндерін;

Негізгі түзуші факторлар: температура мен атмосфералық қысымның, жауын – шашынның тарау заңдылықтарын, басым желдер мен ауа массаларын, климат белдеулерін;

Ішкі сулар мен олардың түрлерін;

Табиғат кешендері мен географиялық қабықтың құрамын;

Анықтай және өлшей білу тиіс:

Материктер мен мұхиттартардың карталарының түрлерін, оларды құрауға қолданылған картаграфиялық проекциялар мен шартты белгілердің түрлері;

Физикалық картадан: материктердің шеткі нүктелері мен олардың географиялық координаттарын километр және градус есебімен ұзындығын;

Құрлық пен мұхиттардың аралығын;

Климат картасынан: ауа температурасы мен жауын – шашынның жылдық және маусымдық өзгерістерін, ең жөғарғы және ең төменгі температураның көрсеткіштерін, басым желдердің жыл мезгілдерінде соғатын бағыттарын;

Климаттық диаграммалардан: температура мен жауын – шашынның бір жыл ішінде өзгерісін, климат типтерін;

Әрбір материктің өзендерінің қоректеу режимдерінің климаттық типтері мен олардың деңгейінің өзгеруін;

Әрбір мтериктің табиғат зоналарының таралу ерекшеліктерін;

Биіктік белдеуліктің сызба – нұсқасынан: жекелеген тау жүйелеріндегі биіктік белдеуліктің құрылымы мен оның таралуын;

Мәдени өсімдіктердің пайда болған орталықтары мен қазіргі таралған аралдарын;

Тақырыптық карталардан: тарихи – географиялық аймақтардың шекараларын; жекелеген елдер мен олардың табиғат байлықтарын ерекше қорғауға алынған аумақтарын;

Сипаттай білу тиіс:

Жер қыртысының қозғалмалы және біршама тұрақты бөліктері мен оларға сай келетін жер беерінің ірі пішіндерінің таралу ерекшеліктерін;

Пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары мен материктерде таралуын;

Климат белдеулерінің құрылымдары мен әрбір материкке тән климат типтерін;

Материктердің эндемиктік өсімдіктері мен жануарлары;

Табиғат пен адамның шаруашылық әрекеттерінің арасындағы өзара байланыс пен табиғат қорғау шараларын;

Ежелгі өркениеттің ошақтары мен олардың адамзаттық дамуындағы алатын орынын;

Тақырыптық карталар мен тақырыптың мәтінінің негізінде аумақтық табиғат кешендері мен олардың құрамдас бөліктерін;

Түсіндіру тиіс:

Материктердің географиялық орыны мен оның алып жатқан ауданының табиғат жағдайларына әсерін;

Лавразия, Гондвана литосфералық тақталардың қозғалысы, геосинклинальды белдеулер түсініктерін;

Материктер мен мұхит асты бедерінің қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы күштерді;

Ауа массаларының, қысым белдеулерінің, басым желдердің қалыптасу заңдылықтарын;

Климаттың адам өміріне әсерін, климаттың апатты құбылыстарының пайда болу себептерін;

Дүние жүзілік мұхиттың жер бетіндегі тіршілік үшін маңызын;

Мұхиттың беткі ағыстарының материктердің табиғатына әсетін;

Табиғат кешендерінің зоналық, азоналық жіктелуін;

Материктерге тән табиғат зоналарының таралу заңдылықтарын;

Әрбір табиғат зоналарына тән топырақ өсімдік жамылғылары мен жануарлар дүниесін;

Табиғат зоналары, биіктік белдеулік, ендік зоналылық, географиялық қабық түсініктерінің мәнін;

Материктерге адамдардың қоныстану тарихы мен ұлы географиялық ашылулардың қазіргі халқының ұлттық құрамына әсерін;

Жекелеген елдер мен аймақтардағы дәстүрлі шаруашылық салаларын;

Болжай білу тиіс:

Литосфералық тақталардың баяу қозғалуына байланысты материктер мен мұхит айдынының пішіндерінің өзгеруін;

Адамның шаруашылық әрекетінен аумақтық табиғат кешендерінің өзгеру дәрежесін;

Азон қабатының жұқаруының жер бетіндегі тіршілікке төндіретін қаупінің ауқымын;

Табиғат байлықтарын тиімсіз пайдаланудың қоршаған ортаның тепе – теңдігінің бұзылуына

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

  Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы лаборатиориялық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) Әр сабақта
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері   3апта 6апта 8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 15 апта

Наши рекомендации