Арамшөптер фенологиясы

Кәдімгі қамыс (Pyragmites australis) .Қамыс күріш атыздарының жиегінде сәуір айының 1-ші онкүндігінде сүйріктеніп шыға бастады. Мамыр айында сабақтанып, биіктігі 45-55 см, маусым айында, 120-150 сантиметрге жетті.

Ал егістік атыздарда алғашқы егілген күріш суға бастырылғаннан кейін, яғни мамыр айының 1-ші он күндігінің аяғында шыға бастады. Қамыс мамырдың 2-ші он күндігіне таяу сабақтануы басталып, биіктігі 15-20 см-ге жетті. Маусым айында 60-70 см биіктікте болып, тамыздың 1-ші он күндігінің басына гүлдеп, гүлдеу 13-16 күнге созылып, тығыздығы 7-9 данаға дейн кездесті. Қыркүйек айының алғашқы он күндігінде дәндері пісіп, тұқымын шашты.

Арамшөптер фенологиясы - student2.ru

Кәдімгі қамыс арамшөбінің фенологиялық күнтізбесі.

Мамыр маусым шілде тамыз қыркүйек
     
- - -                        
    Ù Ù Ù Ù Ù Ù Ù            
                  # # Y
                             
                             

- өсусатысыныңсүйрік кезеңі ☼ толық гүлденуі

Ù сабақтану кезеңі + гүлдеп толық аяқталу

# дән толық пісіп төгілуі Yөсімдіктің дән төгілгеннен соң кезеңі

Қамыстың тағы бір ерекшелігі топ-топ (куртина) болып өседі. Қамыс арамшөбі негізінен гербицидке өте төзімді келеді, гербицидпен өңделгеннен кейінде тамыр жүйелері аман қала береді. Олардың топырақ қабатындағы тамыр жүйелерінің кең көлемде таралуы келер жылы да жаңа өсімдіктің кең көлемде өніп шығу мүмкін. .

Келер жылы қамысқа қарсы күрестің әр түрлі агротехникалық шаралары жасалуы тиіс. Қамысқа қарсы күресте жоңышқа егісін игерумен қатар, топырақ өңдеудің ерекше маңызы бар. Жаңадан өңделген жерлерде қамыс тамырлары топырақтың 20-40 см қабатында жатады. Сондықтан оған қарсы агротехникалық шаралар : күздік сүдігер жырту және көктемде тұқым себер алдында егістікті 28-30 см терең жырту керек. Күзгі қамыс тамырларын (борықтар) қыста үсіп, көктемде қурап кетуіне жағдай жасалса, алдағы жылы егістік жерлерде қамыспен ластану дәрежесі төмен болуы мүмкін.

IV Ұсыныс және қорытынды

Зиянкестер бойынша

Сарышұнақ зиянкестері суармалы егіншілік жағдайында елеулі зиян жасай алмады, өйткені бұл кеміргіштер ылғалдылығы жоғары топырақтарда жайлы тіршілік ете алмайды. Олар әдетте, шабындықтар мен жайылымды жерлерде, жол жиектерінде, суарылмайтын егістіктердің маңайында орналасады. 2015 жылы ерекше қауіпті зиянкестің бұл түрі айтарлықтай зақым келтіргені жоқ, мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша саршұнақ зиянкестері қыстауға қонды түрде кетіп, 2016 жылы санының бір қалыпта сақталуы болжамдалады.

Бидай трипсіәдетте, бидай жоңышқамен аралас себілетіндіктен, аңыз күзде айдалмайды да бидайдың сабақтары сақталып қалады. Бұл трипстің қыстайтын құрттары үшін өте қолайлы орын. Сондықтан бидай трипсіне қарсы күресте күресу шараларын өткізудің дәл мерзімдерін ұстану шарт. Трипстің бидай егісіне ұшып келетін сәтінде өңдеу өте жақсы нәтиже береді. Құрттар пайда болған соң, оларды жою қиындап кетеді, өйткені трипс құрттары масақтың арасына орналасады да, белгілі бір мөлшерде қорғалып тұрады.

Аурулар бойынша

Септориоз- Бидай дақылы облыс аумағында оңтүстік аудандарда мал азығы ретінде өсірілетіндіктен септориоз ауруы айтарлықтай зиян келтірмейді. Өткінші жауындардың салдарынан ауру қоздырғыштарына қолайлы жағдай туындап таралғанымен ауа-райының өте құрғақтылығы дамуын тоқтатып кері әсерін тигізеді. Сондықтан келер жылғы аурудың таралуы мен өсіп өркендеуі ауа-райына барынша байланысты болады.

Ұсынылады: агротехникалық шараларды қатаң сақтап, көктемде егілетін тұқымды ауру қозырғыштарына қарсы химиялық өңдеуден өткізіу.

Жоңышқаның бурыл дағы: Аурудың таралуы ауа-райы мен агротехникалық және химиялық шараларға байланысты.

Ұсынылады: Қоздырғыштар өсімдік қалдықтарында қыстайтын болғандықтан аңыздағы қалдықтарды түгел жою керек.

Орытынды

Жылдан жылға өсімдік зиянкестері мен ауруларымен залалданған жерлер ұлғая түсуде. Мұның себептері:

- ауыспалы егістің сақталмауы;

- ауыл шаруашылық дақылдарын егу агротехникасының сақталмауы;

- ауыл шаруашылық дақылдарының су режимдерінің сақталмауы;

- тұқымның сапасыздығы;

- минералды тыңайтқыштарды пайдалану кезінде азотпен бірге фосфор, калий тыңайтқыштарын пайдаланбау;

- тұқымның себер алдында химиялық препараттармен өңделмеуі;

- инсектицидтер пайдаланбау;

- гербецидтер пайдаланбау;

- шаруашылық мамандардың зиянды организімдердің биологиясы мен оларға қарсы күрес шараларын толық білмеуі.

Ұсыныстар:

- ауыспалы егіс ротациясын қатаң сақтау;

- ауылшаруашылығы дақылдарын егу агротехникасының қатаң сақталуы, күзде сүдігер көтеру, жер тегістеу, минералды тыңайтқыштарды өз дәрежесінде пайдалану, коллектор-дренаждардың толық жұмыс істеуі;

- тұқым сапасын арттыру, әсіресе тұқымның тазалығы мен репродукциясына көңіл бөлу;

- тұқымды себер алдында өңдеп себу;

- өсімдік зиянкестері мен арам шөптеріне қарсы химиялық препараттар қолдану;

- шаруашылық мамандарын оқыту

Наши рекомендации