Барлығы-34 сағат, аптасына 1 сағат

Түсінік хат

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-əрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Диалогтік жəне рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың барлық инновациялық тəсілдемелері оқытуды білім, идеялар жəне іс-əрекет тəсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық үдерісіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

Нақты пəннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кəсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-əрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық жəне əлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік

береді. Осы пəннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тəрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

«Дүниетану» пəнінің маңыздылығы:

«Дүниетану» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сəйкес «Адам жəне қоғам» білім беру саласының жоспарланған білім нəтижесіне қол жеткізуге бағытталып дайындалған, интеграциялық-пропедевтикалық сипатымен ерекшеленеді.

«Дүниетану» пəнін оқыту:

- оқушыларда өзіндік, қоғамдық жəне ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді,адамгершілікті қалыптастырады;

- оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып,

тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;

- Қазақстанның жəне бүкіл əлемнің өткен жəне бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;

- əлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін əсері туралы түсінуін тереңдетеді;

- оқушылардың бойында өз халқының жəне өзге халықтардың мəдениеті, дəстүрін сыйлай білу, ұлттық жəне жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,

- оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;

- қоғамдық əдеп нормаларын ұстану қажеттілігін жəне əлеуметтік ортада

қауіпсіздік тəртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;

«Дүниетану» оқу пəнінің мақсаты– ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи жəне əлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тəуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.

Пəннің міндеттері:

- оқушыларда қоғам жəне табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара

байланысы мен тəуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;

- оқушыларда табиғи, əлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау жəне өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;

- оқушылардың бойында табиғи жəне əлеуметтік шынайылықты тану əдістерін: бақылау, эксперимент, сауал жəне т.б. тəжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;

- оқушылардың танымдық əректеін дамытуды қамтамасыз ету;

- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тəн ұлттық жəне

жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;

- оқу пəні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи жəне мəдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.

Сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша барлығы-34 сағат, аптасына 1 сағаттан өткізіледі.

Дүниетану 3 сынып

барлығы-34 сағат, аптасына 1 сағат

Тақырыптар Сағат саны Мерзімі
  Адам – табиғат перзенті    
Адам ағзалары және олардың қызметі  
Тері және оның атқаратын қызметі
 
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшық ет
 
Қанайналым жүйесі. Жүрек және оның қызметі
 
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу мүшелері  
Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жүйесінің ағзалары
 
Жүйке жүйесі
 
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі  
  Адам табиғатты қалай зерттейді?    
Бақылау. Зертханалық жұмыс  
Математиканың дүниетанумен байланысы  
  Табиғат құбылыстары. Денелер. Заттар    
Табиғат құбылыстары  
Денелер. Заттар  
  Ауа. Су. Ауа райы    
Ауа  
Табиғаттағы су  
Бұлт. Жауын-шашын  
  Пайдалы қазбалар және оларды қорғау    
Тау жыныстары  
Кенді пайдалы қазбалар
 
Гранит. Әктас
 
Құм. Саз. Тұз
 
20-21
Мұнай және табиғи газ
Пайдалы қазбаларды қорғау
 
Топырақ. Топырақты қорғау  
  Өсімдіктердің алуан түрлілігі    
Өсімдіктер алуан түрлі  
Өсімдіктер қандай болады?
 
Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер
 
Өсімдіктердің тіршілік ортасы  
Жабайы және мәдени өсімдіктер
 
  Жануарлардың алуан түрлілігі    
Жануарлардың алуан түрлілігі  
Құрттар және ұлулар
 
Улы өрмекшітәрізділер
 
Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі  
Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы байланысы  
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау  
Топсаяхат  

Наши рекомендации