Практикалық (зертханалық) сабақ тақырыптары

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Тарих факультеті

География» кафедрасы

СИЛЛАБУС

КFG 3303 Қазақстанның физикалық географиясы (2./1. кредит )

В090200-«Туризм» мамандығы

Курс 3

Оқытушы: Кажиакбарова З.О.

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Силлабус

Қазақстанның физикалық географиясы (3 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізууақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша 219 арнайы кабинет Кажиакбарова З.О.
       
       
       

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Пәннің сипаттамасы: Курс 30 дәріс, 15 практикалық сабақ, өздік жұмыс тапсырмалары, қорытынды бақылау – емтиханнан тұрады.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:Пәннің мақсаты- Қазақстанның табиғат жағдайларының алуан түрлі екендігін, оларды қалыптастырудағы географиялық заңдылықтарды Қазақстанның физикалық географиясы курсында оқып үйренеді. Бұл пән туризм мамандарын дайындауда негізі пән болып есептелінеді.

Пәннің міндеті-Студенттерге Қазақстанның табиғат жағдайының қалыптасу заңдылығын және ерекшелігін үйрету.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:

• түсінігі болуға:

Қазақстанның географиялық орны туралы

Қазақстан территориясының зерттелу тарихы;

Тектоникалық-геологиялық құрылымы;

Рельефі, климаты, ішкі сулары

Органикалық дүниесі

Табиғат зоналары;

Табиғи территориялық кешендері

Білуге және қолдануға:

География ғылымындағы пәннің орны, рөлі, мақсат, міндеті;

Қазақстанның географиялық орнын анықтау.

Тектоникалық-геологиялық карталарын талдау;

Климат құрушы факторларын ашу;

Ішкі сулары, олардың таралу ерекшелігі;

Топырақ - өсімдік жамылғысы, таралу заңдылығы;

Зоогеографиялық аудандастырылуы;

Табиғат зоналары; Қалыптасу және таралу ерекшелігі;

Физикалық-географиялық аудандастыру принциптері;

• дағдылануға:

Қорғалатын территорияларын сипаттау;

Экологиялық проблемаларының туу себептерін ашуға;

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Ақтөбе облысының географиясы.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді,ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалануескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойыншатапсырылады,кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төменбаға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатынемтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Лекция (тақырып/кредит) Практикалық сабақ (кредит) Лаборат. сабақ (сағ) СӨЖ (кредит)
Қазақстан табиғатына жалпы шолу -
Қазақстан табиғатына аймақтық шолу -
    -

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта   Сағаты/кредит (1 сағ/0,066кр)
  Модуль 1 «Қазақстан табиғатына жалпы шолу»  
Кіріспе. Қазақстанның географиялық орны, шекаралары  
Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы
Негізгі табиғи заңдылықтар. Қазақстан территориясының тектоникалық және геологиялық құрылысы
Жер бедері
Қазақстанның климаты
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Қазақстанның жануарлар дүниесі
  Модуль 2 «Қазақстан аймақтары»  
Қазақстанның табиғат зоналары
Физикалық-географиялық аудандастыру
Қазақстанның экологиялық жағдайы
Шығыс Еуропа жазығы
Оңтүстік-Орал таулы аймағы. Солтүстік-Қазақ (Батыс Сібір) жазығы
Қазақстанның қатпарлы өлкесі (Қазақтың ұсақ шоқылығы). Тұран жазығы.
Қазақстандық Алтай таулы елі. Сауыр-Тарбағатай таулы елі.
Жетісу-Алатауы таулы елі. Тянь-Шань таулы елі.
Қазақстанның физикалық географиясының негізгі мәселелері

Практикалық (зертханалық) сабақ тақырыптары

Апта Практикалық сабақтың тақырыптары кредит
  Модуль 1  
Қазақстанның географиялық орнын, ауданын, шекараларын, шеткі нүктелерін анықтау.
Қазақстан табиғатын зерттелуі
Қазақстанның геологиялық-тектоникалық құрылымы.
Қазақстанның рельефі.
Климаты.
Қазақстанның Ішкі сулары
Топырақ-өсімдік жамылғысы.
Жануарлар дүниесі.
  Модуль 2  
Қазақстанның табиғат зоналары
Кешенді физикалық - географиялық профиль құру және талдау
Қазақстанды физикалық – географиялық аудандастыру сызбасын құру
Қазақстанның жазық аймақтарына кешенді сипаттама. (Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы, Батыс Сібір жазығы, Қазақтың ұсақ шоқылығы)  
Қазақстанның таулы аймақтарына кешенді сипаттама (Оңтүйстік Орал таулы облысы, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу-Алатауы, Тянь-Шань таулы елі)  
       

СӨЖ үшін тапсырмалар:

Бақылау жұмысы

1 нұсқа

1. Географиялық атау жүйелерді оқып үйрену.

2 нұсқа.

Келесі тақырыптарды оқу:

1. Қазақстанның табиғи-рекреациялық ресурстары.

2. Қазақстанның пайдалы қазбалары.

3 нұсқа

Тақырыптар бойынша конспекті дайындаңыз.

1 Қазақстанның территориясының зерттеу тарихы

2 Қазақстанның геологиялық тектоникалық құрылымы.

3 Қазақстанның рельефі

4 Қазақстаннық климаты

5 Қазақстанның ішкі сулары

6 Қазақстан топырақ, өсімдік жамылығысы және жануарлар дүниесі

7 Қазақстанның табиғи антропогендік ландшафтары

8 Қазақстанның қорғалатын территориялары

9 Қазақстанның геоэкологиялық жағдайы

10 Қазақстанның туристік-рекреациялық аймақтары

11 Қазақстанның топонимикасы

12 Жеке территорияларға физикалық географиялық сипаттама

Тест тапсырмалары

1 нұсқа. 1) Қазақстанның ең батысындағы шеткі нүктенің географиялық координаты

А)40°59´ солтүстік ендік; В)40°59´ оңтүстік ендік;

С)87°15´ шығыс бойлық; Д)46°32´ батыс бойлық;

Е)46°32´ шығыс бойлық.

2) Қазақстан Республикасының аумағы.

А) 2724,9 мың шаршы шақырым В) 2124,9 мың шаршы шақырым

С) 24249,2 мың шаршы шақырым Д) 3723,4 мың шаршы шақырым

Е) 3720,4 мың шаршы шақырым

3) Қазақстан орналасқан ендіктер

А)45°59´ с.е. пен 73°24´с.е. аралығында В)40°59´ с.е. пен 55°24´с.е.

С)40°59´оңт.е. пен 55°24´с.е. Д)55°26´с.е. пен 66°33´ с.е.

Е)23°27´ с.е. пен 44°33´ с.е.

4) Қазақстан Республикасы шығысында қандай аймақтарға дейін созылып жатыр?

А) Тұран ойпатына дейін; В) Сарыарқа физикалық-географиялық аймағынан аяқталады; С) Жоңғар, Іле Алатауларына дейін созылған Д) Алтай тауларының етегіне дейін созылған; Е) Қызылқұм мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін созылып жатыр.

5) Қазақстан солтүстігінде ... аймақтан басталады:

А) Орал таулы аймағынан В) Алтайдың жоталарынан С) Сарыарқаның солтүстігіндегі таулардан; Д) Торғай жазығынан; Е) Батыс Сібір жазығынан.

6) .Қазақстан Еуразия материгінің қандай бөлігінде орналасқан?

А) Орталығында; В) Ең оңтүстігіне таман; С) Солтүстігінде; Д) Шығысында.

7) Қазақстан батыстан-шығысқа қарай неше шақырымға созылып жатыр?

А) 4200 шақырымға В) 12000 шақырымға С) 15000 шақырымға

Д) 3000 шақырымға Е) 1600 шаќырымѓа.

8) Солтүстік шекарасы 470-480 параллель бойынша өтетін шөл зонасындағы ойпат?

А) Батыс-Сібір ойпаты В) Торғай ойпаты С) Каспий маңы ойпаты Д) Тұран ойпаты

9) Қазақстандағы жас платформалы аймақтарды кµрсет:

А) Маңғыстаудағы Қаратау жотасында, Жем Үстіртінде В) Шу, Іле, Зайсан қазаншұңқырларында

С) Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінде Д) Батыс Сібір жєне Тұран тақталарында Е) Мезозей жыныстары Қазақстан аумағында кездеспейді

10) Сексеуіл дала, Жусандала, Ақдала массивтері қай аймақта?

А)Балқаш маңы жазығының солтүстік шығысын В) Балқаш маңы жазығының оңтүстік батысында. С)Бетпақдаланың солтүстік батысында Д)Сарыарқаның шығысында Е)Арал теңізінің солтүстігінде.

11) Қазақстандағы ең ежелгі құрылымдар

А)Балқаш-Алакөл аймағын; В) Зайсан ойысын; С)Алтай өңірін; Д)Тянь-Шань таулы өлкесін; Е) Каспий маңы ойпатын.

12) Қазақстан территориясының көп бөлігінің климаты континенттік Бүкіл территориясының .... немесе ... мың шаршы километрі.

А) 8,3% немесе 2262 мың шаршы км-і В) 50% немесе 1362 мың шаршы км-і

С) 100% немее 4724,9 мың шаршы км-і Д) 30% немесе 762 мың шаршы км-і

Е) Қазақстанның климаты түгелдей 100%-і қоңыржай континентті

13) Қазақстан территориясында жыл ішіндегі буланушылықтың орташа мөлшері қалай өзгереді?

А) Солтстікте 500 мм-ден оңтүстікке 1200 мм-ге дейін

В) Оңтүстікте 500 мм-ден солтүстікке 1200 мм-ге дейін

С) Солтүстігімізде 1500 мм-ден оңтүстікте 500 мм-ге дейін

Д) Оңтүстігінде 300 мм-ден солтүстігінде 3000 мм-ге дейін

Е) Қазақстанда буланушылық байқалмайды

14) Қазақстан территориясына жылдың қай мезгілінде азиялық (сібір) антициклонның ( жоғарғы қысымды аймағы) ықпалы әсерін басым тигізеді?

А) Жаз мезгілінде. В) Жаз бен көктемде. С)Қыс мезгілінде. Д) Күзде.

Е). Ешқандай мезгілде. Монғолиялық жоғарғы қымды аймақ ықпалын тигізбейді.

15) Қыста температураның күрт өзгерістерін ( аномалиясын) тудыратын ауа массасы

А) Тропикалық ауа массасы. В)Жерортатеңіздің ауа массасы. С) Субтропилақ ауа массасы.

Д) Экваторлық ауа массасы. Е) Арктикалық ауа массасы.

2 нұсқа.

1) Қыс кезінде солтүстіктен келетін ауа массалары қандай жағдайлардың үстемдігін күшейтеді?

А)Жылымық, жаңбыр күшеюі мүмкін. В)Қардың еруін күшейтеді.

С) Жоғарғы қысымды аймақта қалыптастырады. Д)Таулы мұздардың еруі байқалады, сел жүреді.

Е) Қыс кезінде ауа массалары тек оңтүстіктен үстем болады.

2) Қазақстанда атмосфералық ылғалдың «конденсаторы» деп аталатын аймақ

А)Бетпақдала шөлдерін; В)Балқаш маңы щөлдерін;

С)Жазық территорияларды; Д)Биік тауларды; Е)Жазықтын өзендерін.

3) Көптеген географиялық атаулар ана тіліміздің сөз байлығынан жасалып, мағынасы айқын байырғы сөздерден қойылып отырған. Соның бірі маңайында шөбі шүйгін, жайылымы мол болған өзен атауы?

А) Жіңішке өзені В) Терісаққан өзені С) Қусақ өзені ДД) Өлеңті өзені Е) Жарлы өзені.

4) Қашқар жєне Күнгес пен Тенестің қосылуынан қандай өзен құралды?

А) Талас өзені В) Шу өзені С) Іле өзені Д) Сырдария өзені Е) Сарысу өзені

5) Екі тау өзенінің Күнгес пен Тенестің қосылуынан қандай өзен құралады?

А) Талас өзені Ә) Шу өзені Б) Іле өзені В) Сырдария өзені Г) Сарысу өзені

6) Оңтүстік Балқаш маңында ... өзендерінің сағалары орналасқан?

А) Үлбі, Күршім Ә) Елек, Ұлан Б) Шар, Обаған В) Таусық, Торғай Г) Лепсі, Қаратал

7) Қарқаралы тауынан бастау алатын өзен

А)Нұра; В)Есіл; С)Ертіс; Д)Бұқтырма; Е)Күршім.

8) Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжың, Бурабай тобындағы көлдер жаратылысы

А)Мұздық көлдер типіне; В)Мореналық-тоған көлдер типіне;

С)Тектоникалық көлдер типіне; Д)Реликт, қалдық көлдер типіне;

Е)Кар көлдер типіне.

9) Шың кебін, Құрағаты салалары бар, екі өзеннің қосылуынан құралатын өзен.

А)Іле; В)Шу; С)Сарысу; Д)Аягөз; Е)үбі.

10) Шақат топырақ қай зоналарында қандай топырақтан түзіледі?

А) Шөл зонасында түзіледі Ә) Орманды дала мен далада сортаң топырақтан түзіледі

Б) Шөл мен шөлейтте сортаң топырақтан түзіледі

В) Субальпі Альпі белемдерінде сор топырақтан түзіледі

11) Үстірт шөлінің топырағы қандай?

А) Қара топырақ Ә) Қоңыр, сортаңды Б) Гумусқа (қарашірікке) бай топырақ

В) Құрамында 9% шіріндісі бар топырақ Г) Қара және сұр топыраќ

12) Қазақстан Республикасының «өкпесі» қызметін атқаратын территориялар әсіресе қай нұсқада көрсетілген?

А) Орманды дала Ә) Далалық аймақтар Б) Шөлді жєне шөлейтті аймақтар В) Таулы аймақтар

13) Шыңғыстау-Аягөз аймағы (округі) кіретін ландшафтылық зона

А)Шөл ландшафтылық зонада; В)Дала ландшафтылық зонада;

С)Шөлейт ландшафтылық зонада; Д)Орманды дала ландшафтылық зонада; Е)Алтай таулы аймағында.

14) Агроклиматтық ресурстарға бай ылғалдану коэффициенті 0,1-0,3. Топырағы сұры жєне сұры қоңыр, сортаң.

А) Орманды дала Ә) Дала Б) Шөлейт В) Шөл Г) Биіктік белдеулігі

15) Доссор-Қосшағыл физикалық-географиялық аудандары қандай зонашада орналасқан?

А) Дала зонасының солтүстік зонашасында (подзона) Ә) Шөл зонасының солтүстік зонашасында

Б) Шөл зонасының оњтүстік зонашасында В) Шөлейт зонасының қиыр солтүстік зонашасында

Г) Биіктік белдеулік зонашасында орналасқан

Тақырыптық карталармен жұмыс

1 нұсқа. Жазықтарды оқып үйрену үшін тақырыптық карталармен жұмыс.

1. Шығыс Еуропа жазығына физикалық географиялық сипаттама

2. Солтүстік қазақ жазығына физикалық географиялық сипаттама

3. Қазақтың қатпарлы аймағына физикалық географиялық сипаттама

4. Тұран жазығына физикалық географиялық сипаттама

5. Оңтүстік Оралға физикалық географиялық сипаттама

2 нұсқа. Таулы территорияларды оқып үйрену үшін тақырыптық карталармен жұмыс

1. Қазақстандық Алтай таулы аймағына физикалық географиялық сипаттама

2. Сауыр Тарбағатай таулы аймағы физикалық географиялық сипаттама

3. Жоңғар Алатауы таулы аймағына физикалық географиялық сипаттама

4. Тянь Шаньға физикалық географиялық сипаттама

Тақырыптар (хабарламалар, баяндамалар, презентациялар)

1 XX ғ Қазақстан аумағының зерттелуі

2 Қазақстан табиғатының дамуындағы кайнозой этапы

3 Қазақстан аумағының жер бедері түзуші факторлар

4 Қазақстан аумағының климаттық аудандастырылуы

5 Қазақстанның жер асты сулары

6 Қазақстан фитогеографиясы

7 Қазақстанның зообиогеографиясы

8 Табиғи апаттық құбылыстар

9 Қазақстанның экологиялық аймақтары

10 Қазақстанның қорғалатын аймақтары

Коллоквиум сұрақтарының тізімі:

1. Қазақстанның Еуразия материгіндегі орнының ерекшелігі

2. Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарайғы ұзындығы

3. Қазақстанның шекаралас мемлекеттері

4. Қазақстанның жалпы шекарасы ұзындығы

5.Қазақстанның шекарасындағы табиғи нысандар

6.Қазақстанның аумағы

7.Қазақстан орналасқан ендіктер

8. Қазақстан орналасқан бойлықтар

9. Қазақстан аумағы орографиялық құрылысы

10. Орографиялық құрылысының табиғат жағдайларына әсері

11. Ірі орографиялық аймақтары

12. Қазақстанның морфоқұрылымы

13. Қазақстанның геоморфологиялық аймақтары

14.Рудалы қазбалардың таралу аймақтары

15. Жанғыш пайдалы қазбалардың кен орындарын атаңыз .

16. Никель мен алюминий рудалары аймағы

17. Темір рудаларының тарау аймақтары

18. Қорғасын, мырыш белдеуі

19. Герцен құрылымдары.

Емтихан бағдарламасы:

Қазақстанның физикалық географиясы пәні және міндеттері
Қазақстан табиғатының зерттелуі кезеңдері
Ежелгі кездегі зерттеулер
Қазақстанның орографиялық құрылысы
Ірі орографиялық аймақтары
Қазақстанның морфоқұрылымы
Қазақстанның геоморфологиялық аймақтары
Рудалы қазбалары
Жанғыш пайдалы қазбалардың кен орындары
Темір рудаларының таралуы аймақтары
Қорғасын, мырыш белдеуі
Герцен құрылымдары
Қазақстан климатының басты ерекшелігі
Жиынтық радиацияның таралуы
Ауа массалараның түрлері
Қаңтардың және шілденің орташа температуралары
Климат ресурстары
«Климатын жылынуы» факторлары
Қазақстан өзендеріне сипаттама
Қазақстан көлдері
Ірі мұздықтары
Селге кауіпты аймақтар
Қазақстанның өзендерінің геоэкологиялық жағдайы
Қазақстанның флоралық аймақтары
Геоботаникалық аймақтары
Өсімдіктер дүниесінің түрлері
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
Топырақтың түрлері
Жазықтық бөліктің топырағының таралуы
Таулы бөліктің топырағының таралу ерекшеліктері
Қазақстан аумағындағы табиғат зоналары
Жануарлар дүниесінің патшалықтары
Зоогеографиялық аудандары
Жануарлар дүниесінің түрлері
Орманды – дала зонасы
Шөлейт зонасыны
Шөл зонасына сипаттама
Биіктік белдеуліліктері
Физикалық – географиялық аудандастыру
Батыс – Сібір жазығы елі
Қазақтың ұсақ шоқылығын елі
Орта Азия таулы елі
Оңтүстік – Сібір таулы елі
Тұран жазығы
Шығыс Еуропа жазығы
Каспий маңы ойпаты
Қазақстан шөлдері
Алтай таулы елі
Тарбағатай тауына сипаттама
Сауыр жоталарына сипаттама
Алакөлдың физикалық-географиялық жағдайы
Зайсан көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Жетісу Алатауы
Іле Алатау
Батыс Тянь-Шань жоталары
Арал маңы шөлдері қазіргі жағдай
Ертіс макрогеожүйесі
Жайық макрогеожүйесі
Жетісу алабы макрогеожүйесі
Шу өзені макрогеожүйесі
Сарыарқа аймағының макрогеожүйесі

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық),лабароториялық сабақтарды қамтып,материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептершығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп,ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауғатақырыптарбойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдарыбойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгіжәне қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс.Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.

Наши рекомендации