Данышпан Кун б.з.б. 479 жылы 72 жасында қайтыс болады.Оның ілімін шәкірттері таратып, одан әрі дамыта түседі.
Сыма Цянь – қытай тарихының атасы. Сыма Цянь б.з.б. 151 жылы дүниеге келді.
Әкесі қайтыс болған соң, сарай тарихшысы болып тағайындалды. Әкесінің өсиеті бойынша қытай елінің тарихын жазуға кірісті. Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады. Бұл кітапты жазарда ол «аспан мен жердің арасында өте көне уақыттарда да және бертінгі кездерде де болып жатқан өзгерістердің мәнін түсінуді» мақсат етті.
Ол мәліметтері бүгінгі таңға дейін жалғыз жазба дерек болып отыр. Мысалы, ежелгі қазақ тарихын жазуда Сыма Цяньнің бұл еңбегі пайдаланылып келеді.
«Тарихи жазбаларда» қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі – 2,5 мың жылдағы оқиғалар баяндалады.
Ғылыми білімі мен өнер табыстары. Егіншілік пен құрылыс істері көптеген ғылым салаларының қалыптасуына әсер етті.
Жұлдызнамашылар аспан денелерінің қозғалысын, орын ауыстыруын жете зерттеді. Соның нәтижесінде қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шықты. Бір жылда 365,25 тәулік, яғни 365 және ширек тәулік бар деп есептеді. Қытай жұлдызнамашылары жұлдызды аспанның картасын жасады. Одан Темір-қазық жұлдызының айналасына топтасқан 28 шоқ жұлдыз көрсетіледі.
Ежелгі қытай философиясындағы басты бағыттардың бірі – даосизм болды.
«Шай» сөзі қытайлықтардан шықты. Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды. Сөйтіп, ол басқа елдерге де тарады.
Қытайда әлемдегі ең алғашқы құбыланама (компас), сейсмограф, қағаз, оқ дәрі, жібек мата,жұлдыздар картасы ойлап табылды. Ол өзі қазіргі құбыланамаға ұқсамағанымен, сол дәуірдің өзінде дүниенің 4 бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік берді.
ІV. Сабақты бекіту:
1) Қытай жазуының ерекшелігі неде? Ол қалай жазылды?
2) Ақын Сыма Сянжу өмірі туралы не білесің?
3) Конфуций өмірі туралы не білесің? Ол неге данышпан Кун деп аталды?
4) Конфуций адамгершілік тәрбие және мемлекет туралы не деді? Конфуций мен оның 3 шәкірті туралы әңгімеде не туралыайтылған? Ол әңгіме бойынша қорытынды жаса.
5) Сыма Цянь ткралы не білесің? Сыма Цяньды неге Қытай тарихының атасы дейміз?
6) Қытайлардың жұлдызнамалық, географиялық білімдері, өнертапқыштары туралы не білесің?
7) Конфуций нақылдарын оқып, мағынасына қарай талдап, қазіргі өмірмен байланыстыр. Бұл нақылдармен қазақ халқының мақыл-мәтелдері арасында ұқсастық бар ма?
8) 5-тапсырма : Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар.
1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,.................(ақындары) да көп болған.
2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген...................(Сыма Сянжу ) атты ақын.
3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы..................( иероглифтік ) жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.
4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................(тарихшысы ) болып тағайындалады.
5. «....................»( Тарихи жазбаларда) қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарыммың жылдағы оқиғалар баяндалады.
9) Тест сұрақтары
1.”Ұлы Қытай қорғаны” қай тайпалардан қорғану үшін салынған?
а) Үйсіндерден. в) Оғыздардан с) Қыпшақтардан д) Ғұндардан
2.Ежелгі Қытайдақайжылдаршамасындашағынмемлекеттерпайдаболған? а) Б.з.б. ІІмыңжылдық в)Б.з.б.ІІІмыңжылдық с)Б.з.б. І мыңжылдық д)Б.з.б. IVмыңжылдық
3.Ежелгі Қытайқайжердеорналасқан? а)КішіАзияда в)БатысАзияда с)АлдыңғыАзияда д)ШығысАзияда
4.Ежелгі Қытайдақайғасырдабірорталыққабағынғанмемлекетқұрылды?
а)Б.з.б.ІІІғасырда
в)Б.з.б.ІІғасырда
с)Б.з.б. І ғасырда
д)Б.з.б. IVғасырда
5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды?
а)Ұжан
в) Цинь
с) Ле Бану
д) Үжау
6.Цинь патшалығы қанша әкімшілікке бөлінді?
а) 40
в) 20
с) 45
д) 36 7. Ежелгі Қытайда нешінші мыңжылдықтан бастап жібек өндіріле бастады?
а) Б.з.б.VI мыңжылдық
в) Б.з.б.Vмыңжылдық
с ) Б.з.б. ІII мыңжылдық
д) Б.з.б. II мыңжылдық
8.Ең алғаш қай мемлекетте қағаз ойлап табылған?
а) ЕжелгіҮндістанда
в) Ежелгі Қытайда
с) ЕжелгіПарсыларда
д) ЕжелгіХеттерде
9.Сыма Цянь қашан дүниеге келді?
а) Б.з.б.151ж
в) Б.з.б.155ж
с) Б.з.б. 160ж
д) Б.з.б. 140ж
10.Данышпан Кун неше жасында қайтыс болды?
а) 70жасында
в) 73жасында
с) 72 жасында
д) 74жасында
V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.
VІ. Үйге тапсырма: параграф 20, оқу, мазмұндау.
Сынып: 6 «а». Сабақ №:______24_____ Күні:_______________
Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты мен таныстырып, Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі туралы мағлұмат бере отырып, б.з.б. ХІ-ІХ ғасырлардағы Грекияның негізі кәсіптерімен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардыңқосымша деректермен, ақпарат құралдарымен таныстыра отырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Еңбек ету арқылы өнерді дамыту нәтижесінде гректердің өз кезіне лайық өнер ошақтарының салаларын дамыта отырып,дүниежүзілік өнердің көркеюіне үлес қосқандығына тоқталып, оқушыларды ізгі дәстүрлерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сөз, сұрақ - жауап, ауызша, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III.Жаңа сабақ.
IV.Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма.