Сәулеқанатты не қауырсын қанатты балықтар класстармағы – Actinopterygii
Ганоидтылар отрядүсті – Ganoidomorpha
Бекіретәрізділер отряды - Acipenseriformes
Көпқанаттылар отряды - Polypteriformes
Амиятәрізділер отряды - Amiiformes
Сауытты шортандар отряды - Lepisosteiformes
Клюпеоидалар отрядүсті- Clupeomorpha
Тарпонтәрізділер отряды - Elopiformes
Гоноринхтәрізділер отряды - Gonorhynchiformes
Майшабақтәрізділер отряды - Clupeiformes
Албырттәрізділер немесе Лосось балықтар отряды - Salmoniformes
Миктофотәрізділер отряды - Myctophiformes
Китовидкотәрізділер отряды - Cetomimiformes
Отрядүсті Osteoglossomorpha – Араваноидалар
Аравантәрізділер отряды - Osteoglоssiformes
Құстұмсық балықтар отряды - Mormyriformes
Ангвилоидалар отрядүсті - Anguillomorpha
Жылан балықтар немесе Угорьтәрізділер отряды -Anguilliformes
Қапшықауызды балықтар отряды - Saccophazyngiiformes
Арқа қылқанды балықтар отряды - Notacanthiformes
Циприноидалар отрядүсті - Cyprinomorpha
Тұқытәрізділер отряды - Cypriniformes
Жайынтәрізділер отряды -Siluriformes
Атериноидалар отрядүсті- Atherinomorpha
Тұқытісті балықтар отряды - Cyprinidontiformes
Атеринатәрізділер отряды - Atheriniformes
Сарган немесе ұшқыш балықтар отряды - Beloniformes
Параперкоидалар отрядүсті- Parapercomorpha
Перкопсатәрізділер отряды - Percopsiformes
Трескатәрізділер отряды - Gadiformes
Перкоидалар отрядүсті- Percomorpha
Бериксотәрізділер отряды - Beryciformes
Күнсүйгіш балықтар отряды - Zeiformes
Опахтар отряды - Lampridiformes
Шаншартәрізділер отряды - Casterosteiformes
Кефальтәрізділер немесе басқын балықтар отряды Mugiliformes
Тұтасжелбезектілер отряды - Synbranchiformes
Алабұғатәрізділер отряды - Perciformes
Скорпентәрізділер отряды - Scorpaeniformes
Камбалатәрізділер отряды - Pleuronectiformes
Біріккен жақтылар, ине құрсақты балықтар отряды - Plectognathiformes, Tetaodontiformes
Батрахоидалар отрядүсті- Batrachaidomorhe
Пегастәрізді балықтар отряды - Pegasiformes
Құрбақа-балықтар отряды - Batrachoidiformes
Қармақшы, немесе аяқ қанатты балықтар отряды - Lophiiformes seu Rediculatiformes
Алақ қанатты балықтар класстармағы – Sarcopterygii
Саусақ қанатты балықтар отрядүсті - Crossopterigimorpha
Саусақ қанаттылар өте ертеде тіршілік етіп, соңынан толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Бұл отрядүстіне қазіргі кезде тіршілік ететін бір отрядты жатқызады. Ол Целаканттәрізділер отряды – Coelacanthiformes.
Целаканттәрізділер отряды. Осы уақытқа дейін сақталған және мұхитта кездесетін бір ғана түр – латимерия (Latimeria chalumnie) жатады. Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м тереңдікте Үнді мұхитынан, дәлірек айтсақ Африканың оңтүстік жағалауындағы Халумна өзенінің сағасына жақын жерден ұстаған. Бұл ұзындығы 150 см., салмағы 57 кг болатын ірі түрі. Екінші данасын да 1952 ж сол Үнді мұхитының Анжуан аралына жақын маңнан жағадан 200 м қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. XXI-ғасырдың басына дейін бұл балықтың 100-ге жуық данасы ауланған. Латимерияның мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы оның теңіз суында тіршілік етуге бейімделуіне байланысты өкпесі мен ішкі танау тесігінің (хоана) жойылуын, яғни ауадағы оттегімен тыныс ала алмауын жатқызамыз. Жұп қанаттарының құрылысында өзгешеліктері бар. Жүзбе қанаттарының бұлшық еттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардікіне ұқсас. Кейбіреулерінің жүзбеқанат қаңқалары бес саусақты алақан сияқты болып келеді. Сондықтан оларды саусақ қанатты балықтар деп те атайды. Дене сырты ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкалармен–космоидты қабыршақтармен-қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни космин және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы амфибияларды еске түсіреді. Сонымен қатар, саусақ қанатты балықтарда висцералдық санылаудың қалдығы бар, ол амфибияларда ортаңғы құлақ қуысына айналады.