Археологиялық зерттеу жұмыстары(қазба,барлау,өңдеу)т.б Ескерткіштерді қорғау. 3 страница

Аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы»-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сыйқырлы күйлері.Қорқыт атаның өсиеттері,ғибрат сөздері,мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші,тәржімелеушіЕуропа және орыс ғалымдары .Қорқыт ата мұрасын зерттеу,қазақ тіліне аудару ісінеқазақ ғалымдарының қосқан үлесі . «Қорқыт ата кітабы». Тақырыбы мазмұны,компазициясы,қаһармандары,көркемдік ерекшеліктері. Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындысындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер. «Қорқыт ата кітабы» 12 жырдан тұрады.

«Оғыз наме» («Оғыз-қаған» эпосы). «Оғыз-наменің» түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма екендігі. «Оғыз-қаған» эпосына негіз болатын аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер.Оғыз қаған және оғыз тайпа-ұлысы туралы мәліметтер.Оғыз қаған-жазба шежіре мен аңыз шежіренің тарихи кейіпкері. «Оғыз наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктері. «оғыз-наме» эпосының жанры,композициясы,сюжеттік желілері.«Оғыз-наме» эпосының қаһармандары-Оғыз қаған,оның балалары,Ұлы Түрік,Алтын Қаған,Урум қаған,Урус бек,Сақлаб,Ұлы Орда бек,Қағарлық ер,Темір Қағұл Жосун ер,Көк Бөрі,т.б. «Оғыз-наме»эпосының нұсқалары.Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ:Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған әмбебаб ғалым,әдебиет зерттеушісі,ақын. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану,музыка,т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері.Философиялық трактаттары ; «Данышпандықтың інжу маржаны» «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек.», «Ааристотель еңбектеріне түсіндірме»,т.б.

М.Қашқари. «Диуани лұғат ат- түрік» М.Қашқари (ХІ ғ)-ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, саяхатшы.«Диуани лұғат ат-түрік»-түрікше-арабша түсіндірме сөздік.Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра. «Диуани лұғат ат-түрік» -тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне,т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ.

«Түркі сөздерінің жинағының» зерттелуі, тәржімалануы, басылымдары. «Сөздікті» зерттеуші түркі, Еуропа, орыс ғалымдары : А.Рифат, Басым Аталай,Броккельман,Т:А:Боровков,А:Н:Кононов,В:А:Гордлевский,т.б. М:Қашқари «Сөздігінің» қазақ тіл білімінің тұрғысынан зерттелуі: Н:Т:Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.Н.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов,Қ.Бекетаев, Ә.Ибатов. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ғибырат сөздер, сажыдар (ақ өлең), насыр (проза), т.б.

«Сөздікте» аңшылық жайындағы өлеңдер.Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі аңшылық бейнлейтін көркмсөз үлгілері,еңбек, егін салу, мал бағу тақырыбына арналған өлең-жырлар. «Сөздікте» батырларды көтере мадақтайтын өлең жолдары.Алып Ер Тұңғаны(Афрасиф) мадақтау. «Сөздіктегі» түрмыс-салт жырлары.Қадым заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, кәсібін,тотемдік түсініктерін танытатын өлең-жырлар. М.Қашқари жинаған бәдік, бақсы өлеңдері, бата-тілек, бесік жыры, той бастар, жар-жар, жоқтау, естірту,т.б.жыр үлгілері.«Диуани лүғат ат-түріктегі» мақал-мәтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер. Қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылатын мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Ж.Баласағұн «Құдатғу біліг» Баласағұн-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, данышпан-ойшылы,ғылымы, белгілі қоғам қайраткері. «Құтты білік» дастанының бізге үш нұсқасының-ВЕНА (яки Герат),Каир және Наманған нұсқаларының жеткендігі.Дастанды зерттеуші ғалымдар, аудармашылар,бастырып шығарушылар: Ж.Амадес,Г.Вамбери, В.В.Радлов, Е.Э.Бэртельс,А.Валитова,С.Е.Малов, С.Муталибов,К.Каримов,С.Иванов,А.Егеубаев,Б:Сағындықов,т.б.«Құтты білік» дастанының негізгі идеясының мемлекетті дұрыс басқару мәселесі екендігі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылғаны: әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат. «Құтты білік»-дидактикалық дастан.Төрт принциптің символы ретінде көрінетін төрт қаһарманы: Күнтуды патша, уәзірі Айтолды, уәзірдің баласы Ұғділміш, дәруіш Одгурміш.«Құтты білік» дастанының негізгі сюжеттік желісінің шығарманың негізгі төрт қаһарманының өзара әңгімесінен,сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазатын хаттарынан тұратындығы. Дастандағы ел басқарған әкімдер бейнесі. Ел басқарған әкімдер мен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас мәселесі .Патшалар, уәзірлер, қолбасшылар, елшілер, ғалымдар, саудагерлер,дихандар, малшылар, қолөнер шеберлері,аспаздар,түс жорушылар,тәуіптер,т.б. қоғамдағы рөлі жөніндегі дастан авторының ой-пікірлері. Дастанда ел басқаратын әкімдерге қойылатын талаптар: әділдік,ақыл- парасат,өнер білімге жетік болу,ниеті түзу,сөзі шырын,пейілі кең,кек сақтамайтын болу. Дастандағы ақыл-парасат,өнер-білім, әдептілік,тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік,жомарттық, мейірімділік,тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу,т.б.мәселелер. Дастанның көркемдік ерекшеліктері,түр-

А.Игүнеки. «Ғибатул Хақайық» А.Игүнеки- ХІІ ғ.есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын.Дастанды зерттеушілер, аударма жасаушылар: Р.Арат,Е.Э.Бертельс, В.В.Радлов,С.Е.Малов,Қ.Махмудов,Э.Нәжіп,Б.Сағындықов,Ә.Құрышжанов,т.б.«Ақиқат сыйы»- дидактикалық сарында жазылған шығарма.Компазициялық құрылысы, идеялық мазмұны. Қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез- құлық,әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы.Дастанның негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен оның қажеттілігі», «білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы», «Тілді тию әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы. «Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшелігі.Ақынның бір-біріне қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап суреттеу әдісі.Дастанның 11 буынды аруз жүйесімен жазылуы.

Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмат» Қ.А.Иассауи –сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер. «Диуани хикмат» - түркі халықтарыныңХІІ ғасырдан сақталған әдеби ескерткіші. «Даналық кітабын» зерттеушіМ.Ф.Кепрюлю –заде,А.К.Боровков, А.Н.Самойлович,Е.ЭБертельс,Э.Р.Рус- Тамов,Н.М.Маллаев, Г.Ф Благова,т.б. «Диуани хикматтың» қазақ тіліне тәржімалануы : М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи,Б.Сағындықов,т.б.

«Диуани хикмат» -исламның дін-шариғат жолдарын дидактикалық мазмұнда поэзия тілімен бейнелеген жыр жинағы. «Даналық кітабы» адамзатты туыстыққа,бауырмалдыққа,ізгілікке, имандылыққа шақырып, мұсылман дінінің қағида, шарттарын,Алланы танудың жолдарын баяндайды. «Диуани хикматтың» сопылық ағымның философиялық ой-пікірлері: әділдік жолына түсу,ақиқатты іздеп табу,адамның рухани өмірінің таза болуы.

Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы» Сүлеймен Бақырғани –сопылық сарындағы хикмат жырлармен есімі мәшһүр ақын.Қожа Ахмет Иассауидың философиялық ой-пікірлерін ислам қағидалары бойынша жалғастырушы шәкірті.«Бақырғани кітабының» негізгі идеясы- сопылық дәстүрді мадақтау, адамгершілікке, адалдыққа,бауымалдыққа үндеу. Гуманистік ой-пікірді ислам діні қағидалары тұрғысынан баяндау. «Бақырғани кітабының» қазақша аударылуы (Б.Сағындықов).

Н.Рабғузи «Рабғузи қиссалары». Рабғузи –Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы,халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана,Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар,өлең-жырлар жинағы.Қиссадағы қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық ,адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық,т.б жайындағы қисса-хикаялар,аңыз-әңгімелер. «Рабғузи қиссаларына» енген «Нух алайка с-салам хикаялары» ,»Лұқпан Хакимхикаялары», «Харут пен Марут хикаясы,т.б. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі,қазақ тіліне аударылуы: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева, Н.Сағындықов

«Кодекс Куманикус» «Кодекс Куманикус –кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі,қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ. «Кодекс Куманикустің» (1303ж) екі бөлімнен тұратындығы.1-бөлім- латынша, парсыша, куманша сөздік.«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтар, христиан аңыздарынан алынған түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі,Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар.

Хорезми «Мұхаббат-наме» «Мұхаббат-наме» дастаны (1353ж)-Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі. «Махаббат-наменің» қолжазба нұсқалары. Көне ұйғыр жазуындағы және араб жазуындағы екі нұсқаның табылуы. «Махаббат-намені» зерттеуші, аударушы, бастырып шығарушы ғалымдар: Э.Н.Нәжіп, А:М:Щербак,С.Қасымов, В.Валиходжаев, Н.Маллаев,А.Қыраубаева туралы.Дастан негізінен жігіттің 11 хатынан (намеден) тұратыны, қыздың жігітке жауап хаты берілмейтіні, жігіттің хаты арқылы-ақ қыздың махаббаты айқын бейнеленгені. «Мұхаббат-наме»-адам бойындағы ең ізгі қасиеттер болып саналатын махаббатты ,ізгілікті, бауырмалдықты ,жомарттықты,т.б. ту етіп көтерген дастан. Дастанның көріктеу құралдары, өлең құрылысы,тілі. «Мұхаббат –наменің» Алтын Орда түркілерінің бәріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде жазылғандары, дастанда қыпшақ тілі элементтерінің басым екендігі.


Құтб «Хұсырау-Шырын» дастаны. Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны- азербайжанның ұлы ақыны Низамидың осы аттас поэмасының еркін аудармасы.Құтыбтың Низами поэмасын парсы тілінен қыпшақ-оғыз тіліне еркін аударғандығы.Құтб аудармасының көркмдік ерекшеліктері. Низами поэмасында қала өмірінің,патша сарайындағы сән-салтанаттың, ал Құтб-тың дастанында мал бағумен тіршілік еткен көк майсалы дала көріністерінің көбірек бейнеленетіні.

«Хұсырау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы.Дастанның қаһармандары:Шырын патша, Хұсырау патша, құрылысшы Фархад, Хұсыраудың досы Шамур, Мариям, Шеруя,т.б. «Хұсырау- Шырын» дастанының қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындастығы,үндестігі,ал баяндау тәсілдері мен композициялық құрылысы жағынан ұқсас болып келетіні.

Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки» Сайф Сараи-Алтын Орда әдебиетінің ХІҮ ғ аса көрнекті өкілі. С.Сараи-лирик және эпик ақын, аудармашы. «Гүлстан бит-түркидің» (1391ж)-прозамен жазылған қыпшақ тіліндегі көркм шығарма екендігі. «Түркі тіліндегі Гүлістанның»парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди-Ширазидың «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегіГүлстанның» парсы-тәжік әдебиетінің классигі әйгілі Сағди Ширазидің «Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы екендігі. «Түркі тіліндегі Гулистан» қолжазбасының табылуы, зерттелуі, жариялануы. Э.Н.Нәжіп- «Гүлістан бит-түрки» қолжазбасын зерттеуші, аудармашы, кітап етіп шығарушы тюрколог-ғалым..Дастанның компазициялық құрылысы,тілі.

Қисса-хикаят түрінде баяндалатын 8тараудан тұратыны,1-ел билеуші әкімдер туралы; 2-халық бұқарасы жайында; 3-қанағат жайында,4- тілге сақ болу туралы, 5 - жігіттік шақ хақында, 6- кәрілік туралы,7- тәлім-тәрбие жайында, 8- әңгімелесудегі әдептілік туралы.

Көркемдік ерекшеліктері, бейнелеу құралдары, тілі.Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны. Дүрбек 14 ғ. соңы мен 15 ғ. басында өмір сүрген ақын. Жүсіп пен Зылиха арасындағы махаббат сезімін арқау еткен қисса –хикаяттардың кезінде Шығыс әдебиетінде кең тарағаны.Дүрбектің Жүсіп пен Зылиха туралы тартымды сюжеттерді бетке ұстай отырып, өзінің төл туындысын жазғаны. «Жүсіп-Зылиха » дастанының идеясы – ел билеушілер арасында тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету.Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» сюжетіне тұңғыш рет түркі (шағатай) тілінде көркем туынды жазған ақын екендігі. «Жүсіп-Зылиха » дастанының басты қаһармандары : Жүсіп, оның он бір бауыры, Зылиха, Жүсіптің әкесі Жақып, Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр патшасы Райян.«Жүсіп-Зылиха » дастанының зерттелуі(Бертельс, С.Хайдаров) «Жүс!п-Зылиха» дастаны негізінде назирагөйлік дәстүрі бойынша қазақтың бірқатар «кітаби ақындары» қисса-хикаяттар жазғаны.


Әбілғазы. «Шежіре и- түрк» «Түрік шежіресі»- бертін келе қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс-тіршілігі, түркі елін басқарған қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы құнды деректері мол шежіре. «Түркі шежіресінің» Шыңғысханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Дешті Қыпшақ, Орта Азия, Таяу Шығыс елдерінде болған түрлі оқиғалар мен әртүрлі мемлекет қайраткерлері жүргізген саясаттың жылнамасы екендігі. Шежіре 9 баптан тұрады: 1- Құдай тағаланың Адам ғалиссаламды жаратқанының баяны; 2- Моңғол хан және оның Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында; 3- Шыңғыс ханның дүниеге келгенінің тарихы; 4- Үкідай қағанның және басқа да Шыңғысхан нәсілінен патша болғандарының баяны; 5 - Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай әулетінің Мауреннахр мен Қашқарда болғанының баяны; 6- Шыңғыс ханның кіші ұлы –Толы хан нәсілінен Иран жұртында патша болғандардың тарихы; 7- Жошы хан әулетінен Дешті Қыпшақта патшалық құрғандардың тарихы; 8- Жошы ханның бесінші Шибан ханның әулетінен Тұранда, қазақта, Қырымда және Мауренахрда патшалық құрғандардың тарихы; 9- Жошы хан әулетінен Хорезмде патша болғандардың баяны; «Түркі шежіресінің» алғаш табылуы (18 ғасыр), басқа тілдерге тәржіме жасалуы, түркология ғылымы тұрғысынан зерттелуі.

Қадырғали Жалайыри «Жәми-ат -тауарих». «Шежірелер жинағында» (1602жыл) 14-16 ғасырлардағы қазақ елінің ішкі және сыртқы жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы. Бірқатар қазақ хандарының генеологиясы, қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың баяндалатыны.«Шежірелер жинағы» - тарихты баяндайтын шығарма, соның өзінде ұйқасты-ырғақты ақ өлеңге, толғауларға ұқсайтыны, онда қазақтың шешендік сөздеріне тән эвфония (аллитерация және ассонанс тәсілдері) мен параллелизмнің мол екендігі. «Шежірелер жинағындағы»тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.«Шежірелер жинағының»алғашқы басылымының зерттелуі (И.Березин, Ш. Уәлиханов,Ә.Марғұлан,Қ.Жүнісбеков,Т.Р.Қордабаев, Р.Сыздықова,З.А.Хисамиева,т.б.)

Х.Дулати «Тарих-и-Рашиди» М.Х.Дулати (1499-1551)-өз дәуірінің ғұлама ғалымы,тарихшы, сөз зергері,ақыны,қоғам қайраткері.«Тарих-и рашиди» шежіресінде негізіненХІҮ-ХҮІ ғасырлар аралығында Моңғолстан мен Қашқарияда болған тарихи оқиғалар баяндалатыны. Шежіренің екі дәптерден тұратыны, біріншісінде Монғолстанда билік жүргізген хандар шежіресінің, ондағы халық тарихының баяндалатыны, екінші дәптерде қазақ елінің өз көршілерімен қарым-қатынасының жан-жақты сөз болатыны. «Тари-и-Рашидиде» 15-16 ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан және Үндістанда орын алған маңызды тарихи оқиғалардың көркем тілмен баяндалатыны. «Тарих-и-Рашидидің» зерттеуші, аудармашылары.

Бабыр (1483-1530) – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды лирик ақын, белгілі жазушы, атақты тарихшы- ғалым. «Бабыр –наме» - үш бөлімнен тұратын прозалық шығарма. Бірінші бөлімінде 15-16 ғасырлардағы Орта Азиядағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық-әлеуметтік, саяси оқиғалар, осы өлкенің табиғаты сөз болады. Екіншісінде – қазіргі Ауғанстан жерінде («Кабул уәлләяты») орын алған маңызды тарихи оқиғалар, үшіншісінде – Үндістанның бай табиғаты, халқы, салт-санасы, ғылым, мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, ондағы саяси оқиғалар баяндалатыны. «Бабыр-намені» зерттеу, басқа тілдерге тәржімелеу, бастырып шығару ісіне көп елдердің ғалымдарының ат салысқаны: үндістандық М.Н.Хайдар, С.А.Шарми, Р.П.Трипатке, ауғанстандық А.Х.Хабиби, А.А.Кохзат, түркиялық Р.Р.Арат, И.Н.Банор, пакистандық Р.А.Надви, А.Мавлийат. «Бабыр-наменің» идеялық мазмұны, тарихы, тілі.

Археологиялық зерттеу жұмыстары(қазба,барлау,өңдеу)т.б Ескерткіштерді қорғау.

Археологиялық ескерткіш туралы толымды мағлұматты археологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде жиюға болады. Археологиялық барлау – қазу алдында немесе экспедицияның арнайы жүргізілетін негізгі жұмыстарының бірі. Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттері:

Біріншіден, ескерткіштерді есепке алу, орналасуын археологиялық картаға түсіру. Ол үшін, таңдап алынған аймақ толық барлаудан өткізіледі. Бұл- тұтас барлауды қажет етеді. Оған археологтар, өлкетанушылар, көнеліктерге жанашырлық білдіретін өзге адамдар қатыстырылады. Ол белгілі әкімшілік - географиялық аймақтарда жүргізіледі Зерттеу жұмыстарын жоспарлап, қорғау жұмыстарын жүргізу. Тізімге алу, оған сипаттама жасау арқылы паспортын құрастырып, мемлекеттік бақылауға алынуына жағдай туғызу.

Екіншіден, жаңа ескерткіштерді ашу. Жинақталған және жүйеленген негізгі мәліметтер толықтырылады, археологиялық кезеңдерді ажырату.

Үшіншіден, ескерткішті толық зерттеп шығу үшін- қазу алдындағы барлау ұйымдастыру.

Төртіншіден, ескерткіштерді қорғап, сақтау – бүліну қаупі төнген немесе авариялық жағдайдағы ескерткіштерді сақтауға бағытталады.
Барлауға дайындық. Барлау алдында үлкен даярлық жұмыстары жүргізіледі. Бұған зерттеу алаңын іріктеп алу, жүріс-тұрыс құралдары, карта бойынша маршрут жасау, жоспар жасау кіреді. Негізгі мақсат белгіленіп алынуға тиіс. Археолог осы аймақ жөніндегі археологиялық және өлкетану әдебиетімен, сол жердің географиясымен және климатымен танысып шығуы қажет. Жыл мезгілін таңдап алудың маңызы зор. Біздің еліміздің оңтүстігінде, мысалы, ең қолайлы мезгіл- күздің соңы. Бұл уақытқа ішкі бассейндердің су деңгейінің төмендігі, шөп жамылғысының жоқтығы, жердің жаппай жыртылып тасталуы тән болып келеді. Күн тәулігінің ең жақсы уақыты- ашық күнгі таңертеңгілік немесе кешкілік өйткені бүйірден түскен жарық рельефтің оншама байқала қоймайтын егжей-тегжейлерін табуға мүмкіндік береді.

Барлау құрал-жабдықтары жеңіл, жинақы да, сонымен бірге, ең қажеттілерін қамтуы тиіс, аспаптар, еңбек құралдары, орау материалдары болуы керек. Бұдан басқа барлауға қатынасушылардың документтері мен жұмыс жүргізуге деген рұқсаты болуы қажет.

Барлаудың дәстүрлі әдісі. Археологияның жаңадан пайда болған салалары барлау жұмыстарына да өзгерістер әкелді. Әуе археологиясының негізгі жұмыс түрі- археологиялық барлауға жатады. Аэрофотобейнелеу және биіктен түсірілген суретке- дишифровка жасау арқылы жасырын археологиялық ескерткіштер тізімге алынады, жоспарға түсіріледі. Әуе археологиясы арқылы тұтас барлау мақсаттары жүзеге асады. Тізімге алынған ескерткіштер саны дәстүрлі барлаумен салыстырғанда он еседей көп болуы мүмкін.Барлаудың осы әдісімен жер бетінде сыртқы белгілері жоқ ескерткіштердің көбі табылады. Барлауды аэрофотобейнеге түсіру арқылы да жүргізуге болады. Сол себепті, барлаудың екі түрі қалыптасқан, олар: дәстүрлі және күрделі техникалық.

Дәстүрлі – жаяу немесе көлікпен жүру арқылы барлау.
Күрделі техникалық барлауға жататындар: электрлі – жер астына тоқ жіберу арқылы барлау; магнитті- жер астындағы магнит желісінің ауытқуларын тексеру арқылы қазбай зерттеу әдісі; ұшақпен және су асты техникасымен барлау. Барлауға Археология институтының Дала комитеті беретін ашық парақ арқылы рұқсат етіледі. Барлаудың жаңа әдістері ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап қалыптасты. ХХ ғасырдың ортасынан бастап электрлі және магнитті барлау жақсы дамыды. Бқл барлау салалары жер астындағы құрылыстардың орналасу өлшемдерін белгілеуге және белгілі бір затты дәл табуға мүмкіндік береді

2. Қазба жұмыстарына рұқсат. Археологиялық жұмыстарға рұқсатты жергілікті оқу орны немесе ғылыми мекеменің өтініші бойынша республикадағы яғни Археология институты береді. Археология институтында дала комитеті жұмыс істейді. Ол түскен өтініштерді қарастырып, сол бойынша шешім шығарады. Рұқсат арнайы білімі бар,археологиялық экспедицияларға қатысқан, далалық жұмыс түрлерімен жақсы таныс адамдарға беріледі. Рұқсатсыз өз бетімен қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады және ол заңсыз деп танылады.

Археологиялық барлау және қазба жұмыстарына рұқсаттың төрт түрі қалыптасқан:

Наши рекомендации