Дәріс. Солтүстік Американың жер бедерінің пайдалы қазбалары.
8.1. Солтүстік Американың Кардилерлік батыс бөлігінің жер бедері.
8.2. Солтүстік Американың платформасының жер бедері.
8.3. Солтүстік Американың пайдалы қазбалары.
Биік жоталардың батыстағы жүйесі ауа ағынының мұхиттық жүйесінің жолында кесе-көлденең жатыр. Сондықтан да мұхиттың шығысқа тигізетін әсерін бірден әлсіретеді. Кордильер климатының бұл ерекшелігі тау жүйесінің бүкіл өн бойында түгел сақталған. Ол ерекшелік түрлі орографиялық себептерге байланысты, сондай-ақ тау жүйесінің топырақ-өсімдік жабынынан, биік аймақтың өзіндік өзгешеліктерінен, қазіргі мәңгі мұз қабаттарының дамуынан апқын аңғарылады.
Дегенмем де осы бір ортақ заңдылық аймақтық жағдайлардың өзгеруіне байланысты әр түрлі ендікте әр түрлі байқалады. Сондықтан да Кордильер тауын бірнеше физикалық-географиялық аймаққа бөлуге болады. Ол аймақтардың шекаралары климаттық белдеулердің шекараларымен белгіленеді.
Арктикалық және субартикалық Кордильердің ең қиыр солтүстіктегі аймағына Аляска және Канаданың солтүстік-батыс бөлігі жатады. Ал келесі аймағына Кордильер тауының Канаданың оңтүстік-батысы мен Америка Құрама Штаттарының солтүстік-батысындағы қоңыржай климатты ендікті алып жатқан территориясындагы бөлігі енеді. Бұдан гөрі оңтүстікке жақынырақ аймағы Америка Құрама Штаттарының шеңберіндегі субтропик ендіктерге жатыр. Қиыр оңтүстіктегі тропик ендікте Солтүстік Мексика Кордильері бар. Бұл физикалық-географиялық бөлу, жоғарыда атап өтілгендей, Кордильер тауын түрлі тектоникалық-орографиялық белгілеріне қарай бірнеше сегментке бөлумен біршама сәйкес келеді.
Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі — Канада кристалды қалқаны. Оның етегіндегі жер бедерінде Лаврентий қыраты жатыр. Бұл қыраттың ең биік жерлері 500—700 метрге, ал біршама төмен жерлерінің биіктігі 100—200 метрге жетеді. Қыраттың ежелгі тегістелген жер бетінде әр түрлі қатты тау жыныстарының шығып жатуына сай күмбездер мен бұйратты адырлар жиі кездеседі. Онда сонымен қатар тектоникалық процестер мен мұздықтардың нәтижесінде пайда болған көптеген көлдер де бар. Сондай-ақ қыратта жер бедерінің экзарациялық (мұздықтардың жүріп өткен жерлерінде пайда болған кедір-бұдырлы жер бедерінің түрі) және аккумуляциялық (шөгінді жыныстардың бір жерге жиналуынан түзілген жер бедерінің түрі) түрлері кездеседі.
Гренландияда және Канада архипелагы аралдарында қалқанның етегінде жатқан жазықты материктегі мұз қабаттары басып қалған және оның деңгейі кей жерлерде мұхит деңгейінен төмен.
Гудзон шығанағының бұрыннан қалған орасан зор қазан шұң-қырларының шет жақтарында және төменгі Маккензи бассейнінде қабатты және аккумуляциялық жазықтар бар. Олар төменгі палеозой дәуірінің қалың шөгінді жыныстарынан құралған. Сонымен қатар мұздық дәуірінен кейінгі теңіздің құрлықты басуы кезінде оның үстіңгі қабатын шөгінді жыныстар жапқан.
Қалқамнан оңтүстікке қарай жатқан территория Орталық жазық деп аталады, ал құрылымы жағынан ол палеозой дәуіріндегі теңіз шөгінділерінің қалың қабатым жамылып жатқан плитаға ұқсайды. Оның жер бетінде кристалды тау жыныстарының көтерілуіне байланысты пайда болған синеклизалы (ойлы-қырлы қатпарланған) күмбездер (Мичиган, Иллинойс т. б.) жиі кездеседі. Жазықтың ең биік жері—Озарк үстірті. Ол 700 метрден асады. Оның жоғарғы бөлігінде кристалды негізді құрайтын тау жыныстары көрініп жатады.
Солтүстікте кристалды қалқанның жиегіндегі аймақта, тығыздығы әр түрлі болып келетін шөгінді тау жыныстары бір жаққа қарай көлбей жатқандықтан ол жерлерде куэсталар (қыраттардың бір түрі) түзілген. Силур дәуірінің тау жыныстарынан түзілгені куэста кемері мейлінше елеулі болады. Ол кемерді Ниагара өзен кесіп өткен жерде Ниагара сарқырамасы пайда болған.
Сөйтіп, Орталық жазықтың морфоқұрылымының негізгі түрлері қалын қабаттардан тұратын төбелі және еңіс жазықтар болады.
Жазықтың солтүстік жартысының жер беті мұздықтардың жүріп өткен жерлерінде шөгінді жыныстардың бір жерге жиналуынан, түзілген жер бедерінің түрлерімен күрделене түскен: мұздықтардан пайда болған ақырғы мореналық төбелер, ұзынша төбелер жиі кездеседі. Көлдердің төңірегінде көлемді-көлемді әр түрлі шөгінділердің жиынтығынан түзілген оппаттар орналысқан.
Жазықтың оңтүстік картысындағы морфоқұрылым үшін өзен және жыра жүйесі өте жиі эрозиялық түрлердің басым болуы тән нәрсе. Ал қиыр оңтүстікте жер бетіне палеозой дәуіріндегі ізбес тастары шығып жатқандықтан жер бедерінің карстық (тау жыныстарының суға еру процесі) түрлері кең дамыған.
Платформаның батыс бөлігінде, Кордильер тауларымен шектес аймақта Ұлы жазық жатыр. Бұл Ұлы жазық платформаның шеткті бөлігі болғандықтан және Кордильер тауларының жоғары көтерілуінін, әсері тигендіктен қазіргі жер бедерінде тау бөктеріндегі қабат-қабатты үстіртті түзеді. Ол шығысқа қарай еңістеп береді де тік кемерленіп шектеледі. Оның Кордильердің етегіндегі биіктігі 1200—1700 м-ге жетеді, ал төменгі негізі 1000 м тереңдікке дейін барып, одан әрі палеозой дәуірінен палеоген дәуіріне дейін пайда болған аса қалың шөгінді қабаттарға барып тіреледі. Орталық жазықтағы сияқты Ұлы жазықтық солтүстік аймақтары үшін мұздық шоғырландырған жер бедері, ал оңтүстік аймақтары үшін эрозиялық жер бедері тән.
Платформаның қойнауында пайдалы қазбалардың едәуір қоры бар. Қалқан аймағы, әсіресе оның оңтүстік бөлігі түсті және сирок кездесетін металдар рудасына бай. Сондай-ақ Канаданың оңтүстігіндегі кротерозон дәуірі лаваларында мыс никель және кобальт, кен орындарының мейлінше зор маңызы бар. Қалқанның шет жақтарындағы Үлкен көлдер аймағында уран рудаларының қоры жатыр. Алтын шығатын кен орындары архей дәуірінің грапиттері бар жерлерде.
Жоғарғы көл ауданында, Америка Құрама Штаттары мен Канада жерінде, протерозойда пайда болған тақта тас құрамында шөгінді тау жиныстарынан түзілген темір рудасы бар. Темір рудасының ірі кеп орны Унгава шығанағынан оңтүстікке қарай жатқан Лабрадор түбегінде де кездеседі.
Орталық жазық алабында платформаның тұнба шөгінділерінің жамылғы қабатында тас көмір (Иллинойс және Батыс бассейндері) мен мұнай, ал Ұлы жазықтың палоогеннеоген дәуіріндегі шөгінді қабаттарында қоңыр көмір мен лигнит (сұр тас көмір) қоры бар.
Ежелгі платформаны солтүстігінен, шығысынан және оңтүстік-шығысынан палеозой дәуірінде пайда болған құрылымдар көмкеріп жатыр. Қазірігі жер бедерінде бұл құрылымдар негізінен эпиплатформалық биік және орташа жақпарлы таулар болып табылады.
Гренландияның және Элсмир, Мелвилл аралдарының солтүстігінде 3000 м биіктікке дейін көтеріліп Иннуит қатпарлы тау жүйесінің құрылымдары жатыр. Бұл жүйе төменгі және орта палеозой дәуірінде Франклин геосинклиналынан пайда болып, кейігі неогенантропоген дәуірінде тағы да көтерілген. Иннуит таулары әлі де жоғары көтерілуде. Ол Солтүстік Мұзды мұхит түбінде Ломоносов жотасы арқылы жалғасып жатыр.
Платформаның ендігі бір жүйесі палеозой дәуірінде көмкерілген Шығыс Гренландия қатпарлы тау жүйесі болып табылады. Ол жүйе Каледон геосинклиналы алыбында пайда болып, кейінгі ең жаңа қозғалыстар нәтижесінде 3000 м-дей дерлік биіктеді. Бұл таулардың жер бедеріне тән маңызды белгісі — базальт үстірті мен басқа да жанар тау тұрғысындағы түрлер. Олар бор дәуірінің аяқ кезі мен палеоген дәуіріндегі ірі жарықтар жиегінде пайда болған.
Шығыс Гренландия тауларынан оңтүстікке қарай платферманың қатпарлы таулар қоршауы үзіледі, ал содан кейін Ньюфаундленд, Аппалач таулары және олардың оңтүстік-батысқа қарай созылған жалғасы Уачита — Маратон жүйесі түрінде тағы да пайда болады. Тау құрылымының осы біртұтас алабы палеозой дәуірінде қалыптасқан қатпарлы жүйенің бір бөлігі болып табылады. Ол солтүстік-шығысында Атлант мұхиты суының астына, ал шығы-сында, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Атлант мұхиты маңындағы және Мексика теңізі маңындағы жазықтардың мезокайнезой дәуіріндегі шөгінді жамылғысымен астасады.
10.4. Аппалач тауларының оңтүстіктегі үлкен бөлігі каледонгерцин дәуірінің құрылымына жатады, ал оның солтүстік бөлігі Ньюфаундленд аралын қоса тек қана палеозой дәуірінің алғашқы жартысында қатпарлар түзе бастады. Ал ол екеуінін, шекарасы ретінде Эри көлінен бастап Гудзом өзенінің аңғарына дейінгі тектоникалық терең ойыс саналады. Осы ойыстан солтүстікке қарай биіктігі 2000 м-ден аспайтын аласа таулар бой көтереді. Ол таулар құрылым белгілері онша айқын емес кристалл және метаморфоздық (тау жыныстары құрамының өзгеру процесі) тау жыныстарынан тұрады. Олардың бөктерлік манысу белгілері жоқ, сондықтан Қанада қалқанына тікелей барып тіреледі. Солтүстік Аппалач таулары мұздық қалдырған жер бедері түрлерінің күшті дамығандығымен сипатталады.
Оңтүстік Аппалач таулары геологиялық тұрғыдан алғанда да, геоморфологиялық тұрғыдан алғанда да ұзына бойына жатқам түрлі аймақтардан тұрады. Аппалач етегіндегі үстірт төрткүл жер бедері бар тау мен платформаның жалғасатын жеріндегі бөктерлік манысумен сәйкес жатыр. Үстірт өзен аңғарларымен терең тілімделген. Ал шығысына қарай кәдімгі Аппалач тауының құрылымына сай келетін әрі Аппалач тауы жер бедерімен бірдей келетін шөгінді тау жыныстары аймағымен алмасады. Бұл аймақ синклинальды (тау жынысы қабаттары төмен қарай иілген) жұрылымы бар қатарласа жатқан жоталардан және антиклннальды (тау жынысы қабаттары жоғары қарай иілген) құрылған аңғарлардан тұрады. Мұндай инверсиялық жер бедері (жер бедерінің алғашқы түрінің бұзылуы) тығыздығы әр түрлі тау жыныстарынан түзілген тау жүйесін ұзақ уақыт бойы ағын судың бұзып, шайып кетуі нәтижесінде пайда болған. Одан әрі мейлінше биік кристалды аймақ, ең ақырында, тау етегіндегі Пидмонт деп аталатын үстірт алабы жатыр. Бұл үстірт Атлант мұхиты маңындағы ойпатқа жетіп тік кемерленіп үзіледі.
Аппалач тауын жер бедерінің алғашқы түрінің бұзылуы (Апиалач тауларына тән жер бедері) айқын білінетін биіктігі орташа болып келетін платформа үстіндегі таулар тобына қосуға болады. Аппалач тауының оңтүстік-батыстағы жалғасы, Уачита тау жүйесінің едәуір бөлігі сияқты, палеозой дәуірінде пайда болған плитаның (Голф-Кост) үстіндегі шөгінді жыныстардың қалың қабатының астында қалған. Уачмта тау жүйесінің шағын бөлшектері аласа Уачита тауларында (биіктігі 900 м-ге дейін) және Кордильер тау жүйесімен шекарада жатқан Маратон алқабында ғана байқалады.
Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс және оңтүстік шеткі аймақтары палеозой дәуірінің құрылымдары жауып жатқан және мезозойкайнозой дәуірлерінің қалың шөгінді қабаттарының жамылғысы тараған аймақ болып табылады.
Флорида түбегі, Багам аралдары және Юкатан түбегі аймақтарындағы қатпарлы негіз қабаттарының жоғары көтерілуі қалын қабаттар жауып жатқан әлгі аймақты, бір жағынан, Атлант мұхиты маңындағы майысуға, екінші жағынан, Миссисипи синеклизасы жалғастыратын Мексика маңы майысуына (Голф-Кост) бөледі. Жер бедері жағынан бұл майысуларға шөгінді жыныстары қабат-қабат болып келген Жағалық ойпаттар сәйкес келеді. Биіктігі 100 метре жетпейтін мейлінше тақтайдай тегіс бұл ойпаттарды арнасы тайыз өзен аңғарлары кесіп өтеді. Өзендер теңізге таянғанда өздері ағызып әкелген тосқын шөгінділерінің үстімен ағады, сөйтіп кейде ағып өтетін жерлерінің деңгейінен биіктеп те кетеді. Кей жерлерде ойпаттың бет жағын әк тас қабаттары түзеді және олар қарстың (тау жыныстарының суға еру процесі) кеңінен дамығанын көрсетеді. Қарсты жер бедері әсіресе Флорида және Юкатам түбектерінде ерекше орын алады.
Мисисипи ойпатын аллювиалды түнбалардың (ағын судың, әрекетінен пайда болған тұнба) қалың қабаты жауып жатыр. Ол Миссисипи өзенінің орасан зор, барған сайын ұлғайып отырған атырауының алабында мейлінше қалың болады.
Атлант мұхитының жағалауы ойпаң болып келеді, онымен жарыса құмды төбелер, құм қапырлар мен қайрандар жатыр. Саяз шығанақты (лагуна) жағалаулар Мексика шығанағы мен Атлант мұхитында жиі кездеседі. Ныо-Иорктен оңтүстікке қарай Жағалық жазықты өзендердің сағасұндағы кенейген жайылма су мен келтабан су тілімдейді. Соның нәтижесінде Атлант мұхиты маңындағы жазықтың бұл бөлігі өз алдына дербес жатқан дерлік бірнеше тү-бектерден тұрады.
Пайдалы қазбалардын едәуір қоры палеозой дәуірінде пайда болған қатпарлы қабаттар аймағында жатыр. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — көмір. Ол тау бөктеріндегі майысуларда (Пенсильванпя бассейні, Уачита бассейні) кездеседі. Аппалач құрылымында, Ньюфаундлендте және Грепландияда полиметалл рудаларының кең орындары бар. Оңтүстік Аппалачта силур дәуірінде пайда болған тау жыныстары аса маңызды темір рудасының бір түрі — гематит қорларына өте бай. Солтүстік Аппалачта асбестің аса ірі кен орны бар.
Голф-Костың мезозой-кайнозой дәуіріндегі шөгінді жамылғысынан құралған қалың қабаттарында мұнай, газ және тұз кездеседі.
Материктің Аляскадан Панама мойнағына дейінгі бүкіл батыс жағы, сондай-ақ Антиль аралдары Кордильер қатпарлы тау белдеуіне енеді. Оның қазіргі жер бедері юра дәуірінен бастап неоген дәуірінің екінші жартысына дейінгі ұзақ уақыт бойы қалыптасқан. Бұл ретте жер бедерінің түзілуіңе тік қозғалыстар, жарықтар және жанар тау әрекетінің пайда болу процесі, сондай-ақ тәрттік дәуірдегі мұздық күшті ықпал жасады.
Қазіргі Кордильер тау жүйесінің ені 800—1600 км, ал ұзындығы 9000 км, мұның өзі Кордильер геосинклиналы аймағынан едәуір енді, өйткені Кордильер тау жүйесінің құрамына платформаның жапсарлас жатқан бөліктері де енеді.
Кордильердегі тау жүйесінің құрылуы негізінен юра дәуірінін аяқ кезінен палеогеннің бас кезіне дейін жүрді (бұрын есептеліп келгеніндей невада және ларами дәуірлерінің аралығында күрт үзіліс болған емес). Ал ол таулардың құрылымы мен жер бедерінің біржола қалыптасуы неоген-антропоген кезінде жүзеге асты. Тау жүйесінің құрамында палеозой дәуіріндегі құрылымның атқарған ролі зор. Бұл жағдай біршама таяуда ғана мәлім болды.
Кордильер тау жүйесі өте күрделі тау құрылымы ретінде ұзына бойына жатқан бірнеше аймақтар мен жеке-жеке бөліктерге бөлінеді. Егер Кордильерді платформадан бастап кесе-көлденені алып қарастыратын болсақ, онда оның құрамында (В. Е. Хаин бойынша) мынадай аймақтар бар екемін көрер едік бөктерлік майысулардың үзілмелі енсіз аймағы; платформа үстіндегі алқаптар аймағы (Аляскадағы Брукс жотасы, Маккензи таулары, Америка Құрама Штаттарындағы Оңтүстік-Шығыс Сеңгір таулар, Орталық Американың солтүстік сьерралары); орталық алқаптар аймағы (Юкон алқабы, Колорадо үстірті, Мексиканың Солтүстік қыраты); Кордильердің өз аймағы, бұған ларами (бор-палеоген) дәуірінде пайда болған қатпарлы қабаттардан тұратын Канададағы және Америка Құрама Штаттарының солтүстігіндегі Сеңгір таулар, Оңтүстік Сеңгір таулардық батыс бөлігі, Үлкені Бассеиннің шығыс бөлігі, Шығыс Сьерра-Мадре жотасы жатады; невада (юра-бор) дәуірінде майда болған қатпарлы қабаттар (Аляска жотасы, Канаданың Жағалық жотасы, Үлкен Бассейннің батыс бөлігі мен Сьерра-Невада, Батыс Сьерра-Мадре) алқабы; батыстагы Тынық мұхит жағалауы аймағы, бұған жоғары көтерілулер (Калифорниядағы Жағалық жоталар және басқалар) мен майысулар (Калифорния аңғары, Калифорния шығанағы) жатады. Осы ұзына бойына жатқан аймақтарға негізінен невада аймағына қатысы бар жаңа жанар таулық құрылымдардың да әсері тиді. Мысалы, Каскад таулары, Колумбия үстірті, Оңтүстік Мексика және Никарагуа тауларында осындай өзгерістер болған. Кордильер белдеуі бұлан ұзына бойына бөлінуімен қатар бірнеше жеке-жеке бөліктерге де бөлінеді. Олар бір-бірінен өзінің даму тарихы мен құрылым ерекшеліктеріне қарай анықталатын жас та терең жарықтар желісі арқылы бөлінеді. Бұл жеке-жеке бөліктер негізінен алғанда Кордильердің физикалық-географиялық аймақтарымен сәйкес келеді және олар аймақтық шолулар кезінде қаралады.
Кордильердің морфологиялық құрылымының негізгі түрлері жапар тасты және қатпарлы-жақпар тасты жоталар, жанар тау әрекетінен пайда болған таулар, денудациялық (тау жыныстарының бұзылуынан пайда болған жер бетінің формасы), лавалық, қатпарлы (Колорадо) үстірттер, кейінгі дәуірлерде пайда болған майысулардағы және рифті (теңіздік шөгінді жыныстар) аймақтардағы аккумуляциялық жазықтар болып келеді.
Кордильер тау жүйесінде алуан түрлі пайдалы қазбалар жиынтығы бар. Канада мен Америка Құрама Штаттары жеріндегі бөлігінде невада дәуірінде пайда болған гранитті тереңдік жыныстар қабаттары руданың қорына ерекше бай. Атап айтқанда, мыстық қорғасынның, мырыштың, вольфрамның рудалары мол. Ал ларами дәуірінде пайда болған тереңдік жыныстар қабаттарында кездесетім молибдон, титан, уран рудалары неғұрлым оңтүстікке қарайғы аймақтарда жайласқан. Тау жүйесінің бүкіл өн бойында алтын бар. Рудалы емес пайдалы қазбалардың ішінде әсіресе мұнайды айтуға болады. Ол тау аралықтарындағы және тау бөктерлеріндегі кейінгі дәуірлерде пайда болған майысуларда кездеседі. Калифорния мен Оңтүстік Аляскада баяғыдан бері пайдаланылып келе жатқан мұнай кен орындарына қоса таяуда Солтүстік Аляс-када мұнай кен орындары ашылып, барлау жұмыстары жүргізілуде. Онда газдың да мол қоры бар дегені болжам жасалып отыр. Сеңгір таулардың ішкі қазан шұңқырларында палеоген және неоген кезінде пайда болған шөгінділерде қоныр көмірдің қоры бар.