Жасанды жарықтандыруды есептеу

Оператордың жұмыс орнының жарықтандыруына көп көңіл бөлінеді.Себебі жарық адам ағзасына әсер етеді.Дұрыс жобаланған жарықтандыру жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып,еңбек өнімділігін арттырады.Дұрыс жарықтандырылмаған орында адам нашар жұмыс жасап,тез шаршап,жұмыс кемшіліктері артады.

Жарық,толқынының ұзындығына байланысты қоздыру(қызғылт сры-қызыл),тыныштандыру(сары-жасыл) қасиеттеріне ие.Жарықтың спектральды құрамы жұмыс өнімділігіне әсер етеді.Зерттеулердің көрсетуі бойынша қалыпты жарықтануда адам жұмысын 100% деп алсақ,онда қызыл-қызғылт сары жарықта 76% құрайды.

Кейбір адамдар белгілі бір себептермен қалыпты жарықтан толықтай айырылған.сондықтан ондай адамдарда жарықты ашығу пайда болады.Осыған байланысты компания оператордың жұмыс орнына көңіл бөледі.Жұмыс орны мынандай шарттарға сәйкес болуы керек:

• Істеліп отырған жұмыс гигиенасына сәйкес жұмыс орны жарықтандыру керек.

• Жұмыс орнының бірқалыпты тұрақты жарықтандыру.Қоршаған ортаның өткір қанық жарықтардың болмауын қадағалау.

• Көз назарында жарық көзінен жылтырдың пайда болмауы

• Бөлмеде қолданылатын жасанды жарық,спектральды құрамы бойынша табиғи жарыққа сәйкес.Бөлмеде қос жарықтандыру жүйесі қолданылады.Табиғи жарықтың жетспеушілігін жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етеді.Жасанды жарықтандыруда люменисцентті шам ЛДЦ(жақсатылған түс таратқыш күндізгіжарық шамы) қолданылады.

Оператордың жұмысының көру объектісі 0,15 мм болғандықтан,оның көру жұмысын 1-ші дәрежелі (жоғары дәлдік жұмысы) қатарға жатқызамыз.

1-ші дәрежелі көру жұмысын қалыпты жарықпен қамтамасыз ету үшін,шырақ көздерін есептеуіміз керек.Жқмыс 1-ші дәрежелі болғандықтан,жарықтану 400 люкс болуы керек.Мұндай жарықтандыру үшін,әуелі төбеге жарықты бірқалыпты тарату үшін(4 шамды) люменесцентті ЛДЦ-80 шамы қолданылады.

Бөлменің өлшемі:ұзындығы А = 6 м, ені В = 6 м, биіктігіН = 2,5 м,төбе ақ,қабырға ашық түсті.

Төбенің еденнен,қабырғадан шағылу коэффиценті сәйкесінше ρп = 70% и рс = 50 %,ρП= 30%

Бұл бөлме үшін жұмыс беті(үстел) еденнен Һ1 = 0,75 м.

Һр = Н-Һ1 = 2,5-0,75 = 1,75 м.

Бұл түр ең тиімді болып табылады.

λ = L/h = 1,4,

мұнда L-шырақтар арасындағы арақашықтық.

H –ілгіш биіктігі, м.

hP –есептік биіктік.

Шамдар арасындағы қашықты анықтаймыз.

L = Һ* λ = 1,75*1,4 = 2,45 м,

Сонда шырақтар қатары екіге тең.

Қабырғамен шеткі шырақтар арақашықтығы мына формуламен анықталады:

L = 0,3*L = 0,3*2,45 = 0,7 м.

I = A*B/h*(A+B) = 6*6/1,75*(6+6) = 1,7 есептеуіндегі рс , рн коэффицентін ескерсек,онда жарықты қолдану коэффиценті η = 0,48

ЛДЦ-80 шамының номинальды жарық ағыны Fл = 2720 лм. Есептей келе шрақ шрақ ағыны

Fсв = Fл *n

Мұнда n = 4 –шрақтағы шам саны.Сонда

Fсв = 2720*4 = 10880 лм.

Қатардағы шрақ санын келесі формуламен анықтаймыз:

N = E*K*S*Z*/n*Fсв* η, (46)

Мұнда Z =1,1-бірқалыпты емес жарықтану коэффиценті;

К =1,5 –бір жылда екі рет тазалыған кездегі,шрақ шаңының қор коэффиценті;

n – шрақ қатарының саны.

Барлық анықталған мәндерді (46) формулаға қоя отырып,қатардағы шрақ санын анықтаймыз:

N = 400*1,5*36*1,1/2*10880*0,48 = 3.

Барлық есептеулерді ескере отырып,мынандай қорытынды шығаруға болады.36 кв бөлмені қолайлы жарықтандыру үшін 400 люкс жарық қажет.Ол үшін ЛДЦ-80 шамы бар,4 шамды 6 шырақты қолдану керек.

Бөлмедегі төбеде орналасқан шырақтардың орналасу сұлбасы суретте көрсетілген.

Жасанды жарықтандыруды есептеу - student2.ru

Сурет.Оператор бөлмесіндегі шрақтардың орналасу сұлбасы.

Рт қауіпсіздігі.

Екінші қосымшаға байланысты Телепорт ғимараты өрттің жану қауіпіне және жанатын материялдарға байланысты В категориясының бірінші дәрежесіне жатады.Бөлме В категориясына жатқызылатын себебі,қызмет көрсету бөлмесінде дизелді қондырғы орналасқан.

Бөлмедегі жанатын қоспаларға акустикалық және эстетикалық құрылыс материялдары, қалқандағыш, есіктер, еден, қуатты және сигнальды кәбіл, радиотехникалық бөлшектердің орамасы, жалғау кәбілінің оқшаулағыштары,шкаф,ЭВМ тазарту сұйықтықтары жатады.

Өрт шығу көзіне:техникалық қызмет ЭВМ құрылғысының электр сұлбасы,электр қондырғысы,ауа баптағышы тағы басқа заттар жатады.

Бөлмеде қымбат құрылғыларын ескере отырып,көптеген жұмыс барысы автоматты режимде жұмыс жасағандықтан,дренчер түріндегі автоматты түрде өрт сөндіретін газдық өрт сөндіру жүйесін қондыру керек.

Өрт сөндіру заты ретінде құрамдасқан көмір қышқыл-хладонды құрам қолданылады.

Құрам есептік салмағы md кг мына формуламен анықталады

md =k*gn*V,

Мұнда k = 1,2 - көмір қышқыл-хладонды құрамның есептелмейтін өтем коэффицент,

gп = 0,4 - көмір қышқыл-хладонды құрамның көрсеткіштік салмақтық концентрациясы,

V – бөлме көлемі,

V = А*В*Н, (47)

Мұнда А = 6 м- бөлме ұзындығы,

В = 6 м- бөлме ені,

Н = 2,5 м- бөлме биіктігі.

Сонда: V = 6*6*2,5=90 м3.Есептей келе:

md =1,2*0,4*90 = 43 кг.

•Ауқымы әрқашан ашық ойықтардың бөлменің 1% бастап 10% аралығындай болса онда 1 м2 ашық жерге 5 кг көмір қышқыл-хладонды құрам қосымша қолданылады.

Балонның есептелген мәні ε 40 литрлы балонға 25 кг хладон қоспасының сыйымдылығ есептелуінен алынады.

• Магистраль құбыр желісінің ішкі диаметрі di мм мына формулалармен анықталады:

dі = 12* √2= 17 мм.

• Магистраль құбыр желісінің I2, м эквивалентті ұзындығы мына формулалармен анықталады:

I2 = k1*I.

Мұнда k1 = 1,2 – жергілікті шығынды есептемейтін өтемдегі құбыр желісінің ұзындығының ұзару коэффиценті. I = 33м ол I2 = 1,2*33 = 40 м болғандағы жобаланған құбыр жүйесінің ұзындығы.

Суландырғыштың шығатын саңылауының қима ауданы Аз, мм2, мына формулалармен анықталады.

Аз = S/ ε1, (48)

Мұнда S –магистральды құбыр жүйесінің қима ауданы, мм2 ;

ε1 – суландырғыштар саны, егер

Аз = 3,14*8,52/3 = 75 мм2 болғанда.

Көмір қышқыл-хладонды құрамның Q, кг/с шығыны құбыр жүйесінің балама ұзындығымен диаметріне байланысты 1,4 кг/с мәніне тең.

Көмір қышқыл – хладонды құрамның есептелген беру уақыты t, мин, мына формуламен анықталады:

t = md/60Q = 43/60*1,4 = 0,5 мин.

• Көмір қышқыл-хладонды құрамның негіз қор салмағы мына формуламен анықталады:

m = 1,1*md*(1+k2/k),

мұнда k2 = 0,2 ол m = 1,1*43*(1+0,2/1,2) = 55 кг болғандағы,баллондармен құбыр жүйесіндегі қалдық коэффиценті

Алынған есептеулердің мәндерін есептей келе автоматты түрде жұмыс жасайтын өрт сөндіру жүйесін қалыпты жұмыс жасауды қамтамасыз ету үшін,40 литр көмір қышқыл-хладонды құрам және 25 кг қоспа сыятын,қысымы 12,5 МПа 2 баллон қажет.сонымен қатар бөлмеде шашу ұзақтығы 0,5 с болатын 3 суландырғыш орнату керек.

Қос ағынды қондырғы арақашықтығы 4 метрден қашық,ал қондырғымен қабырға арасы 2 метрден асады.

Газдық өрт сөндіру құрылғысының автоматты қосу құрылғысы ГОСТ 12,4.009-83 стандартын сай болат құбырдан жасалуы қажет.

Одан басқа бөлмеде қол өрт сөндіргіші, ашық от жағуға тыйым салатын плакаттар,өрт қалқандары, темекі шегуге тыйым салатын плакаттар бар.Себебі бөлмеде ионизация түтік дабыл қондырғысы төбеде 2,45 м биіктікте орналасқан.

Наши рекомендации