Тақырып. Сызықтық өлшеулер

Дәрістер жоспары

1.Ұзындықты өлшеу лентасымен өлшеу

2.Ұзындыққа түзету енгізу

3.Жіпті қашықтық өлшеуішпен ара қашықтықты өлшеу

4.Жанама әдіспен ара қашықтықты анықтау

Белгiлi бiр жердегi нүктелердiң ара қашықтығын тiкелей өлшеуге немесе есептелiнген басқа шамалар арқылы есептеп шығаруға болады.

Тiкелей әдiс кезiнде ұзындықтарды өлшеу рулеткалардың ленталардың және сымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Оларды болаттан немесе инвардан (64% тeмip мен 36% никель­дiң қорытпасы) жасайды.

Жанама әдicте ара қашықтықтарды өлшеу үшiн оптикалық қашықтық өлшеуiштер, жарық және радио қашықтық өлшеуiштер кеңiнен қолданылады. Сонымен қатар, iзделiнiп отырған ара қашықтықты аналитикалық жолмен есептеп щығару үшiн өлшенген базистер мен бұрыштардың геометриялық арақаты­насы пайдаланылады. Оптикалық қашықтықты өлшеуiштермен ара қашықтықты анықтаудың салыстырмалы қателiктерi 1 : 200­ден 1 : 500-ге дейiн, ал жарық және радио қашықтық өлшеуiштерде - 1 : 10000-нан 1: 250000-ға дейiнгi аралықтарында болады.

Жер бетiндегi уақытша немесе тұрақты белгiлермен (қазықша-бағаналар, тeмip бетонды монолиттер) бекiтiлген нүктелер­дiң ара қашықтықтарын тiкелей өлшеу әдiciмен өлшегенде өлшеуiш аспаптың өлшенiлетiн ұзындық бойымен қанша рет теөселетiнi есептеледi. Сызықтың ұзындығын өлшеу үшiн ұзынды­ғы 20 немесе 24 м, eнi 10 мм-ден 25 мм-ге дейiн, қалыңдығы 0,2­-0,44 мм болат өлшеуiш лента қолданылады

Ара қашықтықты өлшеген­де лентаны жерге жатқызып, олардың шеттерiн диаметрi 3­4 мм, ұзындығы 40 см болат сымнан жасалған тeмip қазық­шалар қадап белгiлейдi. Лен­таның жиынтығына он тeмip қазықша енедi. Сызықтың ұзындығын сал­мақтап өлшеу үшiн 24 немесе 48 м-лiк сымдар қолданылады, олар диаметрi 1,65 мм болат немесе инвардан жасалады.

Ара қашықтықты, әдетте, eкi өлшеушi мынадай әдiспен өл­шейдi. Алдыңғы өлшеушi қолына 10 тeмip қазықша мен лента­ның тұтқасын алады да, лентаны өлшенiлетiн кесiндi сызыктың бойымен тарқатады, ал осы кезде соңғы өлшеушi бастапқы штрихтi нүктемен беттестiрiп алдыңғы өлшеушiнi берiлген сы­зықтың бойымен тiкe бағыттайды. Алдыңғы өлшеушi лентаны келесi аралыққа тартады, оның артқы ұшын бiрiншi тeмip қа­зықшаға iлмегiмен iлiп, бiрiншi аралықты өлшеген кездегi бар­лық iс-қимылды қайталайды. Осылайша ұзындықты өлшеу про­цесi жалғастырыла бередi. Сонымен соңында алдыңғы өлшеу­шiнiң белгiлеп қадаған тeмip қазықшаларының саны лентаның толық орын ауыстыру санына тең болады.

Сызықтың ұзындығы (D) мына формуламен анықталады

D=20n+r, (64)

мұндағы n - лентаның толық орын ауыстыру саны, ол екiншi өлшеушiдегi тeмip қазықшалардың және де жалпы берiлгендер­дi қоса есептеген кездегi санына тең; r - қалдық.

Қадалардың ара қашықтығы едәуiр болған жағдайда тео­долит қолданылады. Жармада орнатылатын қадалардың ара қашықтықтары белгiлеп қоюдың мақсатына, жергiлiктi жердiң сипатына және сызықтың ұзындығын өлшейтiн аспапқа байла­нысты болады.

Тақырып. Сызықтық өлшеулер - student2.ru

Ілу үлгісі

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. [3] бет 105-113

2. [3] бет 113-115

3. [3] бет 115-118

4. [2] бет 79-87

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]

1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.

2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.

Наши рекомендации