Тақырып. Теодолит, оның құрылысы, тексермелері және олармен бұрышты өлшеу
Дәрістер жоспары
1.Теодолиттің құрылысы, тексермелері және түзетулері
2.Есеп алу тетігі, деңгей
3.Көру дүрбісі, вертикаль бұрыштарды өлшеу
Теодолиттiң лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегi бар, оның қиғаш шетiне Оº-тан 360º-қа дейiнгi бөлiктер түcipiлгeн. Лимбаның үстіндe тік сызықтың төңiрегiнде айналатын теодолиттiң жоғары бөлiгi орналыстырылған, бұл бөлiктiң iшiнде алидада жане дүрбi (4) бар. Дүрбi тұғырыққа (2) горизонталь болатын НН1 осінің төңірегінде айналғанда , оның колимациялық деп аталатын жазықтары түсіріледі. Лимба мен алидаданың осьтері сәйкес келуі керек , бұл арада алидаданың ҒҒ1 айналу осі аспаптың негiзгi немесе вертикаль oci деп аталады. Лимба мен алидада алидадаға бекiтiлген металл қаптамамен жабылған. Теодолиттiң негiзгi oci цилиндрлiк деңгей (5) арқылы үш көтеру винттерiнiң (1) көмeгiмeн вертикаль жағдайға келтiрiледi. Heriзiнде вертикаль дөңгелек горизонталь дөңгелек тәрiздi жасалған; ол вертикаль бұрыштарды (көлбеу бұрыштарды) өлшеугеарналған. Егер теодолитке окуляр жағынан қарасақ вертикаль дөңгелек дүрбiнiң оң немесе сол жағында орналасуы мүмкін. Бiрiншi 5 орны «оң дөңгелек» (OD), екiншici - «сол дөңгелек» (CD) деп аталады. Теодолит буссоль, штатив және тiктеуiштен тұрады. . Теодолиттің айналатын бөліктерін қозғалмайтын жағдайға келтіру қысу винттерімен, ал бірқалыпты немесе баяу айналдыру микрометрлік (жетекші) винттерімен жасалады.
Теодолиттi жасауда сақталуға тиicтi геометриялық шарттар горизонталь бұрышты өлшеудiң принциптi схемасынан шығады, Аспаптың конструкциясына қойылатын шарттардың сақталуын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн әрекеттер тексерулер деп аталады. Аспаптың бұзылған шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшiн жөндеулер (реттеулер) жасалынады Тексеруге қажеттi шарт толық орын далғанға дейiн қайталай бередi.
1. Цилиндрлiк деңгейдiң oci UU1, теодолиттiң айналу ociнe FF1, перпендикуляр болуы тиiс.
2. Дүрбiнiң нысаналау oci VV теодолиттiң горизонталь ociнe НН (дүрбiнiң айналу oci) перпендикуляр болуы тиiс
3. Теодолиттiң горизонталь oci ННоның айналу ociнe FF1 перпендикуляр болуы тиic. Осыны тексеру үшiн теодолиттен
Бұрыштарды өлшеудi тексерiлген теодолитпен атқарған жөн. Өлшеудi бастамас бұрын теодолиттi өлшенiлетiн бұрыштың төбесiне орнатып, оны жұмыс жағдайына келтiредi. Теодолиттi жұмыс жағдайына келтipy үшiн осы нүктенің үстіне центрлеу және горизонтальдау керек
Горизонталь дөңгелектiң лимбасының центрiн аспаптың тұру нүктeci арқылы өтeтін тік сызықпен сәйкестендiру әpeкeтін центрлеу деп атайды. Теодолиттiң айналу оciн вертикаль жағдайға, демек, лимба жазықтығын горизонталь жағдайына келтiру теодолиттi горизонтальдау болып саналады
Аспаптардың конструкциясына, өлшеулердiң шарттарына және оларға қойылатын талаптарға байланысты горизонталь бұрыштарды өлшеудiң мына төмендегiдей түрлерi қолданылады:
1. Жеке бұрыш әдiсi теодолиттiк жүрiстердi салуда, жобаны жергiлiктi жерге шығаруда және т. с. с. жеке бұрыштарды өлшеу үшiн қолданылады.
2. Қайталаулар әдiсi есептеқатeлiгiнiң әcepiн азайту мaқcaтымен өлшеудiң aқыpғы нәтижесiнiң дәлдiгiн арттыру қажет болған кезде бұрыштарды өлшеу үшiн қолданылады.
3. Айналма тәсiлдер әдici триангуляция жүйесi мен екiншi полигонометрияда немесе тeмeнгi класс жүйелерiнде бiр нүктеден үш және одан да көп бағыттар арасындағы бұрыштарды өлшеу кезiнде қолданылады.
Дүрбiнiң нысаналау oci горизонталь, ал алидадағы деңгейдiң үлбiреуiгi нөл-пунктте болған уақыттары вертикаль дөңгелектегi есептеудi вертикаль дөңгелектiң нөлдiк орны деп атайды, оны НО деп белгiлейдi. Ендi көлбеу бұрыштарды қалай өлшейтiнiн қарастыралық. Вертикаль бұрыштарды есептеу қолайлы болу үшiн вертикаль дөңгелектiң нөлдiк орны нөлге жуық болуы тиic. Осы шартты орындау үшiн бiрнеше рет нөлдiк орнынын мәнін дүрбi торының горизонталь сызығын әр түрлi нүктелерге вертикаль дөңгелектiң eкi орнында нысаналау арқылы анықтайды. Вертикаль бұрыштарды өлшеудiң дәлдiгi негiзiнен есептеу кезiнде жiберiлетiн қaтeciмeн сипатталады. Вертикаль бұрыштарды өлшеудiң орташа квадраттық қателiгi есептеу құрылғысының дәлдiгiнiң жартысына тең деп қабылданады.
Т30-теодолиті :
1 — кремальера; 2 — диоптрлі сақина; 3 — жіпті тор түзету бұрандасы орналасқан жердің қақпағы; 4 — оптикалық нысана; 5 — вертикальды дөңгелек; 6 — тұғыр; 7 — лимб бұрандасы; 8 — қақпақ негізі; 9 — бұранда; 12 — деңгей; 13 — көру дүрбісінің бекіту бұрандасы; 14 — дүрбі; 15 —жетекші бұранда; 16 — алидаданың жетекші бұрандасы; 17 —тұғыр; 18 — көтеру бұрандасы; 19 — лимбтың жетекші бұрандасы; 20 — окуляр; 21 — айна.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. [2] бет 66-68
2. [2] бет 68-69
3. [2] бет 70-71
4. [1] бет 66-72
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар (2-тақырып) [1,2,3]
1.Жай сигнал, күрделі сигналдарға сипаттама.
2.Мемлекетік геодезиялық торды құру үшін қандай дайындық жұмыстарды жасау керек.