Еуразия жағалауын шайып жатқан мұхиттарға сипаттама
Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шекаралас.
Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15,8 мың км, шығысынан батысына 19,5 мың км созылып жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179,7 млн км², орта тереңдігі 3984 м, көлемі 723,7 млн км³ (теңізсіз есептегенде 165,2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707,6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасы).[2] Тынық мұхитындағы 180-інінші мередиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.
Атлант мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған.
Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Үнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген.
Нді мұхиты
— Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады!
Солтүстік Мұзды Мұхит — Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауд. 14,75 млн. км², суының көл. 18 млн. км3. Орташа тереңд. 1220 м, ең терең жері – 5527 м. С.м.м-тың орта тұсында Солт. полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солт. Америка құрлықтарының солт. ш Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі. Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасы Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. оның ұзындығы 4248км, тек 1700км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда қара ертіс деп аталып, зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашында белесті-төбелі жазықпен ағып,Алтайдың Нарын, Қалба Жоталары т.б тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен Қаласының аралығында көптеген салалар келіп құядыю Бұлардың ішіндегі суы моләрі ең ірісі-Бұқтырма өзені.
Билет
1.Шығыс Еуропа платформасы, Орыс платформасы, Еуропа платформасы – көне (рифейге дейінгі) платформалар қатарына жататын, жер қыртысының біршама нығайған аса ірі бөліктерінің бірі. Ол Скандинавия тауларынан Оралға,Баренц теңізінен Қара және Каспий теңіздеріне дейінгі үлкен аймақты қамтиды. Платформаның шегі солтүстік-шығыс пен солтүстікте Тиман бұйратын бойлай, Кола түбегінің жағалауымен өткен, оңтүстік-батыста Орталық Еуропажазығын Варшава төңірегінде қиған, солтүстік-батыста Балтық теңізі менЮтландия түбегінің солтүстік бөлігі арқылы өтетін табиғи сұлбамен анықталады. Шығыс Еуропаплатформасының жасы 1600 млн. жылдан астам рифейге дейінгі (карель) қатпарлы кристалдық іргетасы мен оның бетін қалыпты түрде жапқан эпикарелдік шөгінді тау жыныстарынан тұрады.
Солт. Америка платформасы. Бұл ең көне құрылым каледондық (құрлықтың солт.-шығысы, Гренландия, Ньюфаундленд аралдары, Солт. Аппалач), герциндік (Оңт. Аппалач, Уошито жотасы, Канаданың Арктик. топаралы), мезо-кайнозойлық (Кордильера) құрылымдармен қоршалған. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауларындағы мезо-кайнозойдың қалың шөгінділерімен жабылған ойпаттар осы платформалардың плиталары болады. Платформаның мейлінше тұрақты бөлігі – Канада қалқаны (7 млн. км2) кембрийге дейінгі кристалды тау жыныстарынан (гранит, гнейс) тұрады. Платформаның шөгінді беткі қабаты палеозой, мезозой және кайнозойдың континенттік жыныстарымен жабылған.
2. Африка туралы мәлімет өте ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген финикиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 600 жылы шамасында бүкіл құрлықты айнала жүзіп шыққан. 14 ғасырда марокколық араб Әбу Абдаллах ибн-Баттута қазіргі Сомали мемлекеті аймағын, кейіннен Мали мен Тимбуктужерлеріне саяхат жасап, зерттеген. Құрлықты біздің заманымызда ең алғаш рет Үндістанға баратын қысқа жол іздеу мақсатында Васко да Гама (1497 – 1498) басқарған португал экспедициясы айналып шыққан, бірақ құрлықтың ішкі бөлігіне ешкім тереңдеп енбеген. Тек 19 ғасырдағы отаршылық науқаны кезінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ағылшын саяхатшысыДавид Ливингстонның 1840 – 1870 жылдары және орыс саяхатшысы Василий Юнкердің 1876 – 1896 жылдарызерттеулерін атауға болады.
3.Құрлық жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биіктігі 600 м-ден аспайды. Орографиялық ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.Батыс Құрлық таулы үстіртінің орташа биікт 400—500 м, үстірттің шығысында (кұрлықтың орталық тұсында) Макдоннелл жотасы (1.510 м), солтүстігінде Кимберли алқабы (биіктігі 936 м), оңтүстік-батыста Дарлинг (582 м) жоталары жатыр.Орталық ойпаттың биіктігі 100 метрден аспайды, ал Құрлықтағы ең темен жер — Эйр көлінің маңы (мұхит деңгейінен 12 м төмен орналасқан). Ойпаттың оңтүстік-батысында Флиндерс, Маунт-Лофти жоталары бар.Құрлықтың бүкіл шығыс бөлігін ұзына бойы созылған Үлкен суайрық жотасы алып жатыр. Оның тау беткейлері жадағай келген, шығыс беткейі тік құлама және қатты тілімделген, батыс беткейлері біртіндеп төбелерге және көлбеу жазықтарға ұласқан. Құрлықта ең биік жер — Косцюшко тауы (2.230 м) құрлықтың осы тұсында орналасқан.
Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңтүстік мен бат-ндағы протерозой шөгінділерінде темір мен марганецтің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кен тасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геологиялық жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлықтың шығысы мен батысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.[
Билет
1)Антарктида табигатынын калыптасуы. Уш рет кесіп өткен Дж. Кук Антарктида жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан əрі өте алмай кері қайтқан. Нəтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім əрекет жасаған жоқ. Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалым- дарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П. Лазарев басқарған «Восток» жəне «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктида материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдар- ды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктида материгінің ашылған күні болып табылады. Материктің орталық бөлігіндегі оңтүстік полюске норвег Руаль Амундсен 1911 жылы 14 желтоқсанда, ал ағылшындық Роберт Скотт бір айдан кейін, 1912 жылдың18 қаңтарында жетті. Бұл география тарихындағы ең үлкен жаңалық болып са- налады. Саяхат барысында ғалымдар Антарктида материгінің орталық бөлігінің табиғаты туралы көптеген құнды мəліметтер жинақтады. Антарктиданың қатал табиғаты жағдайында полюске жету мен кері қайту саяхатшыларға оңайға түскен жоқ. Ит жеккен шанамен жүрген Р. Амундсен экспедициясы 99 күннен кейін аман- сау қайта оралды. Антарктида материгінің мұз қабатын «Мұзды Антарктида» деп атайды. Мұз астында жатқан негізгі бөлігін «Тасты Антарктида» деп атайды. Тасты Антарктида негізін гондваналық ежелгі платформа құрайды. Ондағы кристаллды жыныстардың абсолюттік жасы 3,5 млрд жылға жуықтайды.. Антарктиданың климаты. Антарктида оңтүстік полюстегі орнына байланысты ең суық материк болып саналады. Əсіресе, ішкі аймақтарының климаты ерекше қаталдығымен ерекшеленеді. Климаттық ерекшелігіне қарай, материк екі климаттық белдеуді алып жатыр. Негізгі бөлігі Антарктикалық белдеу, онда екі климаттық зона ажыратылады. Полюс маңында Антарктикалық үстірт климат зонасы орналасқан. Бұл материктің өте суық, тұрақты жоғары қысым сақталатын аймағы. Жазда Антарктиданың орталық бөлігі Ташкент қаласымен бірдей мөлшердегі күн радиациясын алады. Бірақ материк бетіндегі қар мен мұздың өте жоғары шағылыстыру қасиеті – альбедо, күн сəулесінің 70-90%-ға жуығын кері қайтарады. Сондықтан да материк жылыну мүмкіншілігінен айырылады. Тек мұздан бос жерлердің беткі бөлігі біршама ғана жылынуы мүмкін. Осы орталықта өте суық, құрғақ антарктикалық ауа массалары түзіледі. Атмосфералық қысымы жоғары Антарктиданың ішкі аймақтары мен материкке ұласатын мұхиттар үстінде температура мен қысым айырмашылығы өте үлкен болады. Антарктида түбегі мен жағалық суларда қыста Антарктидадан келетін суық ауа, ал жазда қоңыржай ендіктерден келетін салқын, ылғалды ауа массалары ықпал ететіндіктен субантарктикалық климат қалыптасады.
2)Шетелдик Азияга тан морфоструктура типтер. Шетелдік Азия - адамзаттың пайда болған ошақтарының бірі, қолдан суарудың, қалалардың, көптеген мәдени кұндылықтардың отаны. Аймаққа 45 мемлекет мүше, құрамына енетін мынадай 5 ірі аймақты бөліп көрсетеді: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс, Орталық Азия.
Табиғат жағдайы барынша алуан түрлі. Басты минералдық байлықтары: мұнай, газ (Парсы шығанағы елдері), көмір және темір рудасы (Қытай, Үндістан), түсті металдар (қалайы белдеуі Мьянмадан Индонезияға дейінгі аралықта орналасқан).Табиғат байлықтары біркелкі таралмаған, энергетикалық суқоры (Қытай), агроклиматтық қорлар рекреациялық қорлар, орман қорлары Оңтүстік-Батыс Азияда жақсы дамыған.Араб елдері жарылыстың ошағы болып отыр. Этникалық құрамы мен діни құрамы өте күрделі. Әр түрлі тіл әулеті (9 тіл әулеті) мен топтарына жататын 1 мыңнан астам ұлт тұрады. Елдердің көпшілігі - көп ұлтты мемелекеттер.Өнеркәсібі. Соңғы 10 жылдың ішінде Шетелдік Азияның дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі айтарлықтай өзгерді. Мұның ең алдымен өнеркәсіп өндірісіне қатысы бар, аймақта 6 топ елдерінің өнеркәсіп өндірісі қызмет етеді.
1. Жапония (экономикалық көрсеткіштерінен) - өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған ел.
2. Қытаймен Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамуда зор табыстарға жеткен, алайда жан басына есептегенде көрсеткіштері төмен.
3. Азияның жаңа индустриялық елдері: Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг. Экономикасының негізін машина жасау саласы кұрайды.
4. Парсы шығанағындағы мұнай өндіруші елдер: Сауд Арабиясы, Кувейт. Экономикасының негізі - мұнай өндіру өнеркәсібі.
5. Индустрияландыру әзірше, негізінен, таукен өндірісімен, жеңіл өнеркәсіппен шектелетін елдер (Монғолия, Вьетнам, Бангладеш т.б.).
6. Лаос, Камбоджа, Непал, Бутан т.б. дамушы елдерде өңдеуші өнеркәсіп жоққа тән.
3)Атлант мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Үнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.) Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Атлант мұхиты барлық климат белдеулерінде орналасқан. Жазда экватор маңындағы ауа температурасы 26-28۫С. солтүстік ендікте – 8-12۫С, ал оңтүстік ендікте 0-12۫С. Қыста экваторда 25۫С, солтүстік ендікте 8-12۫С-қа, ал оңтүстік ендікте – 8-10۫С-қа дейін өзгеріп отырады. Ең қиыр солтүстік-батысында және оңтүстікте температура -25۫С-қа дейін төмендейді. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 2000мм-ден асады, қоңыржай ендіктерде 1000-1500 мм, ал мұхиттың шығыс субтропиктік бөліктерінде және Антарктика маңында 100 мм-ден аспайды. Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Фито-планктон бір жасушалы ұсақ балдырлардан тұрады. Зоо-планктонды, көбінесе, шаян тәрізділер құрайды. Олардың ішінде киттің негізгі қорегі – криль Антарктида жағалауында өте көп. Суық және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді.
Билет
1 Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған. Оңтүстік Американың орографиялық ерекшелігі, яғни батыстағы Анд тау жүйесі құрлықта меридиан бағытында ауа қозғалысының қалыптасуына әсер етеді. Атлант мұхитына қарай жазық жер бедері басым болғандықтан мұхиттың климатқа әсер ету дәрежесі күшейеді. Қаңтар айында құрлықтың басым бөлігі қатты қызады. Ең қатты ыситын жер – Гран-Чако жазығы, ондағы абстракциялық максимум температура 49°С. Суық Перу ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ болады, бұл Атакама шөлінің қалыптасуына себепші болды. Жауын-шашынның мөлшері мен оның таралуы құрлық бойынша біркелкі емес. Ылғалдың ең көп түсетін жері Колумбияның батысы мен Чилидің оңтүстігі (5000 – 8000 мм), Амазонияның батысы мен оған жалғас жатқан Анд етегі, Гвиана таулы үстіртінің батысы, Бразилия таулы үстіртінің шығыс беткейінде 2000 – 3000 мм және одан да мол, ал құрлықтың қалған бөліктері 1000 – 2000 мм-ге дейін ылғал алады.
2 Солтүстік Американың Алякадан Мексикаға дейінгі батыс жақ шет аймағын орасан зор Кордильер тау жүйесі алып жатыр. Кордильер тауы құрылымы мен орфографиясының жалпы ерекшеліктерін өзінің бүкіл өн бойында сақтап қалған. Кордильер тауын бірнеше физикалық-географиялық аймаққа бөлуге болады. Ол аймақтардың шекаралары климаттық белдеулердің шекараларымен белгіленед
а). Аляскадағы Кордильер.Бұл аймақ Кордильердің ең солтүстік бүкіл бөлігін және Аляска штатының барлық территориясын, сонымен қатар Канадада орналасқан Юкон жайпақ тауының бөлігін қамтиды. Тек штаттың оңтүстік — шығыс жағалық жіңішке жолағы ғана табиғат ерекшеліктері бойынша Канадалық Кордильерге жатады.Алясканың өзіндік табиғаты аймақтың солтүстікте орналасуымен және таулы жоталардың батыстан шығысқа қарай созылуымен айқындалады. Ең солтүстігінде Брукса жотасы орналасқан. Ішкі үстірттер мен жайпақтаулар белдемі шығысқа қарай биіктейтін Юкон жайпақтауымен сипатталады. Үшінші белдемді Аляска шығанағы жағалауын құрайтын Алеут аралдарынан Аляска жотасына дейін созылған таулы доғалар құрайды. Бұл жүйе белдемін Кордильераның солтүстік тау алды Арктикалық жазығы жалғастырады.
б) Канададағы Кордильер.Негізінен Канада аймағында орналасқан Кордильер белдеуінің бөлігі болып саналатын таулы ел (Юкон жайпақ тауын қоспағанда). Оның құрамына сонымен қатар Аляска штатының оңтүстік-шығысын және Жартасты таулардың солтүстік бөлігін енгізеді. Канадалық Кордильердің морфоқұрылымдық белдеуі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылады. Қатпарлық құрылымдар архей және протерозой жасындағы ежелгі жыныстардың көтерілуімен жүрген ұзақ геосинклинальді даму процесінде қалыптасты. Жоталардың құрылуында денудацияға ұшырамайтын және биік таулы бедерді сақтайтын тығыз кристалдық және метаморфты жыныстар басым. Ішкі жайпақ таулардың белдеуі Кордильераның басқа аймақтарындағы сияқты жалпақ емес. Ол үзілмелі. Канадалық Кордильерге ауа массаларының батыс ағыны көп келеді.
с) Оңтүстіктегі Кордильер. Канада мен Америка Құрама Штаттары шекарасынан оңтүстікке қарай Кордильер ішкі үстірттер мен жайпақ таулардың даму есебінен 2,5 км-ге ендене түседі. Таулардың пішіні және жоталардың бағыттары өзгере түседі, климаты жылып, құрғақтана бастайды, жаңа топырақ типтері мен өсімдіктер түрлері байқалады. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы негізінен АҚШ мен Мексиканың мемлекеттік шекарасына сәйкес келеді. АҚШ аумағындағы Кордильерге таулы тізбектердің үзілмелігі тән. Канададағы бүтін жүйе болған Жартасты таулар бұл аймақта бірнеше жалпылама жоталардан тұрады. Олардың көбісі Кордильер сияқты оңтүстік-шығыс бағытта тарлмаған, кейбір жоталар бұл бағытқа перпендикуляр орналасқан. Бедердің мұндай ерекшелігі платформалық типтегі құрылымдардың таралуымен түсіндіріледі; жоталарды бөліп тұрған плиталардың ірі фрагменттері үстірт тәрізді участке ретінде сақталған кезінде платформалық типтегі құрылмдардың бір бөлігі ғана қатпарлыққа түскен
г) Мексика таулы қыраты Бұл аймақ Калифорния түбегін, Солтүстік-Батыс Мексика үстіртін және Мексика тау жүйесін қамтиды. Мексика тау жүйесінің оңтүстік шет аймағы бойында биік жанар таулар тізбегі созылып жатыр. Солтүстік Мексика оңтүстікте Бальсас өзенінің тектоникалық аңғарымен шектеледі, бұл өзен сонымен бірге Солтүстік Америка мен Орталық Американың географиялық шекарасы болып табылады. Бұл аймақтың бүкіл территориясына таулы және аридті ландшафтар жер бедерінің жанар тау құбылыстарынан пайда болған түрлерінің кең таралуы тән болады. Калифорния түбегі таулы келеді, олар Америка Құрама Штаттарындағы Жағалау жоталарының жалғасы болып табылады. Бұл таулар 1000—3000 м-ге дейін биіктеп, Калифорния шығанағы мен Тынық мұхитқа жете бере күрт үзіледі. Жағалау бойындағы кейбір жерлерде ғана дөңес жазықтар қездеседі. Ұзын да жіңішке Калифорния шығанағы ойысқан алқаптың жалғасы болып табылады, бұл алқап Жағалау жоталарын шығыс жағынан шектеп тұрады. Ал Калифорния шығанағының шығыс жағалауының бойы жазық алап, ол бірте-бірте қатпарлы шегінді заттардан, сондай-ақ жанар тау құбылыстары әсерінен пайда болған жыныстардан тұратын Сонора төбелі үстіртіне айналады. Шығыста солтүстік Мексиканың негізгі бөлігін алып жатқан Мексика таулы қыраты бой көтереді, оны шығысында, батысында, оңтүстігінде биік жоталар коршап тұрады.
Жерорта теңізі — Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан. Теңіз алабына Қара, Азов, Мәрмәр теңіздері де кіреді. Ірі шығанақтары: Валенсия, Лион, Генуя, Таранто, Сидра (Үлкен Сирт), Габес (Кіші Сирт). Ірі аралдары: Балеар, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит және Кипр. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эбро өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальдік аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі. Ең ірі қазаншұңқырлары: Алжир-Прованс, Орталық қазаншұңқыр және Геллен шұңғымасы. Тиррен теңізінің қазаншұңқырының төңірегінде сөнген және әрекетті жанартаулар бар. Бүкіл Жерорта теңізі аймағына субтропиктік климаттың “жерортатеңіздік” деп аталатын ерекше типі тән: қысы ылғалды әрі жылы, жазы құрғақ және ыстық. Судың беткі қабатының температурасы ақпанда теңіздің солтүстігінде 12° С-тан оңтүстікте 18° С-қа дейін, тамызда батысында 20 — 25° С-тан оңтүстік-шығысында 28 — 30° С-қа дейін көтеріледі. Су көп буланады, сондықтан тұздылығы жоғары. Батысында 36ү-ден, шығысында 39,5ү-ге дейін құбылады. Толысу толқынының биікт. 0,1 — 0,5 м, Тунистің шығысында 1,7 м-ге жетеді. Негізгі ағыс Гибралтардан Ливанның жағасына дейін Африканы бойлап өтеді. Оқшау теңіздерде су циклондық айналым жасайды. Теңізде балықтың 550-дей түрі бар. Сардина, тунец, макрель, скумбрия, т.б. ауланады. Жерорта теңізінің Адрия және Эгей теңіздерінің қайраңдарында мұнай, газ өндіріледі. Теңіз арқылы аса маңызды халықаралық теңіз жолдары өтеді. Басты порттары: Барселона (Испания), Марсель (Франция), Генуя, Неаполь, Венеция, Триест (Италия), Риеака (Югославия), Пирей және Салоники (Грекия), Бейрут (Ливан), Александрия, Порт-Саид (Египет), Триполи (Ливия), Алжир (Алжир). Түркия жағалауында дүние жүзіне әйгілі курорттар бар.
Материк емтихан билеті