Лшемділік. Өлшемділіктің теңдеуін қорытып шығару.
Өлшемділік өлшеу процессі кезінде физ шаманың табиғатын сипаттайды.Физ шаманың өлшемділігі – берілген шаманың негізі деп алынған шаманың негіз деп алып шамамен байланысын көрсетеді. Осы байланысты көрсететін теңдеуді өлшемділіктің теңдеуі деп аталады.Q=q[Q]
a,b,c- физ шамалар
а=m_a*e_a;[a]=[e]=L dim a-ұзындық; [e_a]=L;b=m_b*e_█(b@);c=m_c*e_c;
m_c=A*m_a^p*m_b^q
А-мөлшерсіз сан;p,q-дәрежелік көрсеткіш
m_c=c/e_c ; m_a=a/e_a ; m_b=b/e_b ; m_a^p=a^p/(e_a^p ); m_b^q=b^q/(e_b^q );
c/e_c =A*e^p/(e_a^p )*b^q/(e_b^q );c=(A*e_c/(e_a^p*e_b^q ))*a^p*b^█(q@); A’=A*e_c/(e_a^p*e_b^q )
c=A’*a^p*b^q; [A’]=([c])/(〖[a]〗^p*〖[b]〗^q )
[x]-туынды бірлік, СИ-ге көшіреміз
[x]=〖[l]〗^α*〖[m]〗^β*〖[t]〗^γ*〖[I]〗^ω*〖[T]〗^φ*〖[n]〗^Ψ*〖[J]〗^ε=L^α*M^β*T^ω*θ^φ*N^Ψ*J^ε
Α,β,γ,ω,ϕ,Ψ,ε-өлшемділіктің көрсеткіштеі; Өлшемділікке анализ
Өлшемділіктің қасиеттері: 1.өлшемділікті қолдана отырып, теориядан шыққан формулаларды тексеру болады; 2.өлшемділікті қолдана отырып, физикалық шамалардың арасында функционалды тәуелділікті анықтауға болады.
Функционалды тәуелділік:l=A*a^n*t^m; [l]=L; [A]=1;[a]=L*L^(-2);[t]=T
L=〖(L*T^(-2))〗^n*〖(T)〗^(m )=L^n*T^(-2n)*T^m=L^n*T^(m-2n)
L=L^n*T^(m-2n)
L=L^n; n=1; m-2n=0; m=2n=2; l=A*a*t^2
Өлшемдіктің басты кемшелігі: өлшемсіз шаманың(А) мәнін таба алмаймыз
40. Өлщеу әдістерінің классификациясы.
Өлшеу жүргізудің әдістері деп өлшеуге қолданылатын амалдармен тәсілдердің жиынтығын айтады.Өлшеу әдістерінің классификациясы
Өлшеу нәтижелерін алудың жалпы амалдары бойынша : тікелей және жанам өлшеу әдістері болады. Тікелей және жанама өлшеу әдістері тікелей және жанама өлшеу нәтижелеріне сүйенеді.Тікелей өлшеу дегеніміз өлшенетін шаманың мәнін бірден эксперименттің көмегімен анықтау. Жанама өлшеу деп өлшенетін шамамен функциональды байланыста болатын шамаларды тікелей өлшеулер арқылы шаманы анықтауды айтады.
Өлшеу шарттары бойынша: контактілік және контактілік емес болады.
Контактілік өлшеу кезінде өлшеу құралының сезімтал элементі өлшенетін объектімен бірден контактіге келеді. Мысалы , термометр.
Контатілік емес өлшеу кезінде өлшеу құралының сезімтал элементі өлшенетін объектімен бірден контактіге келмейді. Мысалы, температураны пирометрмен өлшеу.
Өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру бойынша: бірден бағалау әдісі; мөлшермен салыстыру әдісі бар.
Бірден бағалау бұл кезде өлшенетін шаманың мәні бірден прибордың көрсеткішінен алынады. М, амперметр, вольтметр.
Мөлшермен салыстыру әдісі өлшенетін шаманы мөлшер жаңғыртатын шамамен салыстыру. Қосымша 4 әдісі бар: қарама қарсы қою әдісі; дифференциалдық әдіс; нөлдік әдіс; дәлдестіру әдісі.
Қарама қарсы қою әдісі өлшенетін шамамен мөлшер жаңғыртатын шамалардың салыстыру приборына әсерін зерттей отырып олардың арасындағы қатынасты табу. М, таразымен массаны өлшеу.
Дифференциалдық әдіс өлшенеттін шамамен мөлшер жаңғыртатын шаманың айырымын өлшеу. Өте дәл әдіс.
Нөлдік әдіс өлшенетін шамамен мөлшер жаңғыртатын шаманың салыстыру приборына әсерін нөлге келтіру. М, тең иықты таразылар.
Дәлдестіру әдісі өлшенетін шамамен мөлшер жаңғыртатын шамалардың айырымын шкалалардағы белгілерді дәлдестіру арқылы табады. М, штангенциркуль,микрометр.