Аспапты) бейнелеу және оның жұмыс істеу принципі

ИТ-с-400 жылу сыйымдылық өлшеуіш приборы қатты, сусымалы, талшықты және сұйық заттардың меншікті жылу сыйымдылықтарын зерттеп, олардың температуралық тәуелдігін анықтауға арналған. Ол жалпы жылу, физикалық зерттеу жүргізу үшін тәжірибелік жұмыс орындарында, зерттеу зертханаларында, зауыттарда қолданылады. Коректендіру блогы (жиынтығы) мен реттеу блогы белгілі берілген жылдамдықпен (0.1К/с) өлшеуіш ұясының өзегін қыздырады да, температурасын өзінен-өзі реттейді. Қыздыру жылдамдығы «b» және оның өзгеру жылдамдығы, қыздырғыштың алғашқы кернеуінің шамасына байланысты. Өлшеуіш ұясы (4.2-суретте) өлшеуіш блоктың маңызды бір бөлігі болып саналады. Оның құрамына тұрқы (6), жылу өткізбейтін (жұмсақтағыш) бөлінбелі сырт қабықша (8) және темірден жасалған (ядро) өзек (1,2,4,10,11 бөлшектері) кіреді. Тәжірибеде жылу сыйымдылықты анықтау үшін үздіксіз қыздыру процесінде температураның тұрақты бекітілген шамаларында, φ136 микровольт амперметр приборы қолданылады. Ол потенциометрде нөлдік прибор ретінде қолданылады. Бұл потенциометр бір белгілі термо-ЭҚК (электр қозғаушы күштері) шамаларына белгіленген, -125 оС пен + 400 оС-қа дейін, оның аралары 25 оС тең бекітілген температуралар шамасына сәйкес. Қыздырғыштың жұмысы мен прибордың (ыдыс (2) пен қорғаушы қалпақтың (4) температуралық өзгеруі мен оның өлшемін реттеу үшін, электродтарының диаметрі 0,2 мм хромель-алюмель термопарлары қолданылады. Өлшеуіш блок термопарларының ауыстырып қосқышының үш жағдайы бар-t1,t2,УСТ.0. t1, t2 жағдайларында табан (10) мен үлгі зат (9) температуралары өлшенеді (4.2-сурет). УСТ.0 жағдайында φ136 приборының механикалық нөлі тексеріледі. Тәжірибеде үздіксіз қыздыру кезінде, әрбір температурада (25 с-да) φ136 приборы мен секундометрдің көмегімен, табанның (10) температурасымен салыстыра отырып, ыдыс (2) температурасының уақытша кешігуі анықталады. Зерттелетін үлгі зат (9), қақпақпен (3) жабылған ыдыстың (2) ішіне орналасады. Өлшеуіш ұясы тұрқысының жоғарғы жартысы, төмен түсіріледі. Қыздырғышты (7) тоққа қосқанда, өлшеуіш ұясының өзегі бірқалыпты жай қыздырылып, әр сыналатын үлгі зат (9) өзінің ең жоғарғы температурасына дейін өздігінен өзгереді. Қыздырғыш (11) арқылы қыздыру кезінде ыдыс пен (9) қорғаушы қалпақ (4) арасында жылу алмасуы керек яғни, температуралары бірдей болуы тиіс (адиабаттық шарт сақталуы керек). Жылу өлшеуіш (1) мыстан жасалған табанға (10) орналасқан. Оның жұмысшы қабаты ретінде, тотықпайтын болаттан (12*18H 9T) жасалған сақина (1) қолданылады сақина (1), ыдыс (2) және табан (10) бір-бірімен күміс дәнекерлері мен біріктірілген. Жылу сыйымдылық өлшенетін үлгі заттардың диаметрі 15±0.1мм, ал биіктігі-10±0.5мм болуға тиіс. Ыдыс пен үлгі заттың түйіспелігін жоғарылату үшін ПФМС-4 ТУ-02-917-74 майы қолданылады. Егер үлгі заттарға ондай майлар сіңіп, қасиеттерін бұзатын болса, онда ГОСТ8295-73-ге сәйкес графит сусымалысын (порошогін), әлде ГОСТ 5494-71Е-мен алюминь опасын (пудрасын) қолданады. Басқа майларды қолданғанда, алғашқы температуралық аралықтарын ауыстырғанда, прибордың (аспаптың) өлшемдерін қайтадан бөлшектеу керек.

Аспапты) бейнелеу және оның жұмыс істеу принципі - student2.ru

4.2-сурет. Өлшеуіш ұясының сұлбасы (схемасы)

1-жылу өлшеуіш; 2-ыдыс; 3-қақпақ; 4-қорғаушы қалпақ (адиабаттық қабық);

5-келтеқұбыр; 6-корпус (тұрқы); 7-қыздырғыш шиыршық; 8-жылу оқшаулағыш сыртқабықша; 9-сыналатын үлгі; 10-табан: 11-қыздырғыш жиынтық (блок);

12-термопар.

Наши рекомендации