Асқорыту ағзаларын тексеру

Ауыз қуысын қарау:таңдай , тіласты шырышты қабаты және тілі қызғылт , ылғалды, беткейі өзгеріссіз, кариозды тістері жоқ.

Ішті қарау: пішіні дөңгелек, симметриялы, терісі таза, тыныс алуға қатысады, грыжалық томпаюлар анықталмайды.

Беткей пальпация: ауырсынусыз, іші қатты , жарықтар жоқ.

Қасиеттері
Соқыр ішек Цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, тығыздығы – жұмсақ, беті тегіс, жылжымалы, ауырсынбайды, құрылдайды.
Тоқ ішектің өрлеуші бөлімі Цилиндр пішінді, диаметрі 4 см, тығыздығы – эластикалық,беті тегіс, жылжымалы, ауырсынбайды, құрылдамайды.
Тоқ ішектің көлденең бөлімі Пальпацияланбайды
Тоқ ішектің төмендеуші бөлімі   Цилиндр пішінді, диаметрі 4 см, тығыздығы – эластикалық,беті тегіс, жылжымалы, ауырсынбайды, құрылдамайды.
Сигма тәрізді ішек Цилиндр пішінді, диаметрі 3 см, тығыздығы – тығыз,беті тегіс, жылжымалы, ауырсынбайды, құрылдамайды.

Бауырдың Курлов бойынша мөлшері 9см x8см x7 см.

Бауыр пальпациясы: ауырсынусыз, консистенциясы жұмсақ, беті тегіс, шеті үшкір.

Асқазанның төменгі шекарасы: кіндіктен 2 см жоғары

Көкбауыр перкуссиясы: ұзындығы – 7 см, көлденеңі – 5 см. Көкбауыр пальпацияланбайды.

Өтқабы маңын пальпациялау: пальпацияланбайды, Курвуазье, Мюсси-Георгиевский, Ортнер, Мерфи, Кер симптомдары теріс.

Ұйқы безі пальпациясы: Де-Жарден, Мейо-Робсон нүктелерінде, Шоффар зонасында ауырсыну анықталмайды

Зәр шығару жүйесін тексеру

Бел аймағын қарау: өзгеріссіз.

Бүйрек пальпацияланбайды.

Перкуссия: соққылау симптомы теріс.

VI. Лабораторлы- аспапты зерттеу әдістерінің нәтижесі

ЖҚА

Гемоглобин 168

Эритроциттер 5,26

Тромбоциттер 331

Лейкоциттер 8,8

ЖЗА

Нәруыз- теріс

Жалпақ эпителий 1

Лейкоциттер 4-6

Кетонды денелер +

Қорытынды: лейкоцитурия, кетонурия

Биохимиялық анализ

Жалпы белок 69,4

Мочевина 4,6

Креатинин 75

Глюкоза 4,2

АлаТ 18

АсаТ 37

Биллирубин 8,6

Несептің пішіндік элементтері санын анықтау

Протромбинді уақыт 14 сек

МНО 1,0

АЧТВ 44

Фибриноген 2,7

Қорытынды: АЧТВ жоғарылаған

Рентгенограмма

Өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде қараю ошағы. Өкпенің тығыздалуы анықталды.

Рентген көрсеткіш:Ошақты пневмония өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде

VII Алдын ала қойылған клиникалық диагноз

1. Интоксикациялық синдром- жалпы әлсіздік, жоғары дене температурасы, шаршағыштық, тершеңдік

2. Астеновегетативті синдром-ұйқысы бұзылуы, бас ауру, ауа жетіспеу сезімі, әлсіздік

3. Тыныс жетіспеушілік синдромы- жоғары физикалық жүктемеден кейін тұншығуға әкелетін ентікпе, тыныс шығарудың қиындауы

4. Өкпе тіні тығыздалу синдромы- ауырсыну сезімі терең тыныс, жөтелу кезінде кеуде тұсында оң иыққа таралады.Рентген көрсеткіш: ошақты пневмония өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде.

Жетекші синдром: Өкпе тіні тығыздалу синдромы

Алдын ала қойылатын диагноз: Ауруханадан тыс оң жақты төменгі бөлікті ошақты пневмония, ауырлық дәрежесі орташа. Тыныс жетіспеушілігі І дәрежелі

ІХ. Анықталған клиникалық диагнозды дәлелдеу.

Шағымдары:Физикалық жүктемеге байланыссыз, ұзақтығы 1-2мин өздігінен

басылатын ұстама тәрізді жөтел (тәулігіне 10-15рет) . Иіссіз, сірлі-іріңді түсі

сарғыштау, жиі таңертеңгілік уақытты жөтелмен бірге бөлінетін қақырық

(тәулігіне шамамен 20-30мл). Жоғары физикалық жүктемеден кейін, тұншығуға

әкелетін ентікпе, тыныс шығарудың қиындауы.Терең тыныс, жөтелу кезінде

кеуде тұсында, оң иыққа таралатын ауырсыну сезімі.Дене температурасының

жоғарылауы 37,8-39 °С дейін .

Объективті тексерулерге байланысты: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта,

төсектегі қалпы белсенді. Тері жабындылары таза , бөртпелер жоқ,

тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары

ылғалды, қызғылт.

Кеуде торы пальпацияда ауырсыну жоқ. Дауыс дірілі екі өкпеде бірдей

әлсіреген.

Өкпе аускультациясы: оң өкпенің төменгі бөлігінде везикулярлы тыныс

әлсіреуі және кіші калибрлі ылғалды сырылдардың естілуі.

Кеуде клеткасының рентгенограммасында: Өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде қараю ошағы. Өкпенің тығыздалуы анықталды.

Наши рекомендации