Клиникалық жағдайы бойынша

Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету»

Ситуациялық есеп:Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Қабылдауға 50 жасар науқас келді.

Ø Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеріңіз.

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдаңыз.

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Ақырғы нәтиже (outcomes):

Ø Жүрек-қан тамыр жүйесінің патологиясы бар науқасты сұрастыру және физикалық тексеру.

Ø Гипертониялық криздің клиникалық диагностикасы.

Ø ЭКГ жасау және талдау

Ø Гипертониялық криз кезінде шұғыл көмек көрсету

Ø Артериялық гипертензиясы бар науқасты жүргізу тактикасы.

«Гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету»

клиникалық жағдайы бойынша

бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Балмен бағалау
Дұрыс орындады Дұрыс орындамады орындамады
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5
Қауіп-қатер факторларын бағалау 1,0 0,5
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру 1,0 0,5
Тыныс алу жүйесін физикалық тексеру 1,0 0,5
Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру 1,0 0,5
АҚҚ өлшеу 1,0 0,5
Болжама диагноз 1,0 0,5
Зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 1,0
Салыстырмалы диагностика 1,0 0,5
Кризді басу тактикасын анықтау 1,0 0,5
ЭКГ, ЭХОКГ талдады 2,0 1,0
Қанның биохимиялық анализінің нәтижесін талдады 1,0 0,5
Бүйректі УДЗ нәтижесін талдады 1,0 0,5
Көз түбін тексеруді талдады 1,0 0,5
Шұғыл көмек көрсету 1,0 0,5
АҚҚ бақылау 1,0 0,5
Одан әрі емдеу тактикасын анықтау 1,0 0,5
Емнің тиімділігі, кеңестер 1,0 0,5
Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі 1,0 0,5
  ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ  

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Шағымдары: бас ауыруы, бас айналуы, құлағы шуылдауы.

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Ауыру сезімінің сипатын анықтау Ауыру сезімі қандай: өткір ме, сыздаға ба, тұрақты ма? Өткір ауыру сезімі
Ауыру сезімінің локализациясы Ауыру сезімі қай жерде: басыңыз түгел ауырады ма? Не желкеңіз бе? Төбеңіз бе? Желке аймағым ауырады
Ауыру сезімінің ұзақтығы? Ауыру сезімі қанша уақытқа созылады? Шамамен 2 күн
Ауыру сезімі ұстамасына не әсер етеді? Ауыру сезімі неге байланысты пайда болады? Жұмысқа байланысты эмоционалды стресс
Ауыру сезімі немен басылады? Ауыру сезімін басу үшін бірдеңе қабылдадыңыз ба? Аспирин 0,25 мг, бірақ ауыру сезімі басылмады

Анамнезінде: Бұрын дәрігерге бармаған. Анасы ұзақ уақыттан бері артериалды гипертензиямен ауырады. 25 жыл бойы күніне 10-15 темекі тартады. Тұзды тамақтарды жақсы көреді. Ұйқысы нашар. Жағдайының соңғы нашарлауы 2 күннен бері, аспирин 0,25 мг күніне 1 рет қабылдаған, бірақ әсер етпеген. Кеше көршісі өз тонометрімен АҚҚ өлшеп берген –160/85 мм сын. бағ. болған.

Объективті: бойы 178 см, салмағы 86 кг. Науқас тамақтануы жоғарылау. Мазасыз, жағдайын дұрыс бағалайды. Тері жабындылары таза, беті гиперемияланған. Шеткі ісінулер жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТЖ минутына 20 рет. Жүрек шекаралары сол жақ бұғана ортаңғы сызықтан сол жаққа қарай 1 см ұлғайған. Жүрек үндері әлсіреген, ырғағы дұрыс. Пульс минутына 84 рет, кернелген. АҚҚ 170/100 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз.

Зерттеу нәтижелері:

1. АД – өлшейді

2. ЖҚА: эритроциттер 5,1х1012\л, Нв 148 г\л, лейкоциттер 4,6х109\л, с\я 63, лимфоциттер 30, моноциттер 7.

3. ЖЗА: түсі – ашық-сары, тығыздығы 1016, лейк. 1-2 көру аймағында.

4. ҚБА: калий – 4,9 ммоль\л, натрий – 149 ммоль\л, креатинин – 98 ммоль\л, глюкоза – 4,5 ммоль\л, несеп қышқылы – 0,20 ммоль\л

5. Липидті спектр: холестерин – 5,7 ммоль\л, триглицеридтер – 2,4 ммоль\л.

6. ЭКГ – дайыны беріледі. Ритм синустық, минутына 78 рет. ЖЭО солға ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясы.

клиникалық жағдайы бойынша - student2.ru

7. ЭХОКГ: Аорта тығыздалған. Сол қарыншаның артқы қабырғасының аздаған гипертрофиясы. Миокардтың жиырылу қабілеті қанағаттанарлық. ФВ 57%.

8. Көз түбін тексеру: торлы қабаттың артерияларының аздаған спазмы, веналар иректелген.

9. Бүйректі УДЗ: сол жақ бүйректің тостағанша-астауша жүйесінің деформациясы.

«Гипертониялық криз, госпитализацияға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету»

Наши рекомендации