Су өтімін өлшеудің интеграциялық әдістері.

Бұл әдіс сынама тіктеменің барлық тереңдігі бойынша алынады. Бұл кезде батометр бутылкасы қолданады.Яғни батометр бутылкасы судың бетінен түбіне қарай кейін түбінен бетіне қарай көтеріледі. Бұл тәсілдің дәлдігі төмен. Бұл тәсіл судың қозғалысы бірқалыпсыз болған жағдайда қолданылады,яғни таулы өзендерде қолданылады.

37.Су өтімін беттік қалытқылармен анықтау.Су өтiмiн беттiк қалтқылармен өлшеу гидрометриялық зырылдауықтар ақаулынемесе жоқ болған жағдайда, сондай-ақ гидрометриялық зырылдауықтарды қолдануғаболмайтын жағдайларда, мысалы қарқынды сең жүру, өзеннен сал ағызу кезiнде,гидрометриялық өткел жарамсыз болғанда жəне т.б. жағдайларда жүзеге асырылады.Қалтқылар су өтiмiн аэроəдiс бойынша өлшеу кезiнде кеңiнен қолданылады.Су өтiмiн беттiк қалтқылармен өлшеу кезiнде 3 тұстама алынады: жоғарғы, ортаңғы(негiзгi) жəне төменгi. Жоғарғы тұстамадан өзен ағысы бойынша жоғарыдан ағыстыңжылдамдығын өлшеу кезiнде қалтқылар жiберiлетiн жiберу тұстамасы таңдалып алынады.Төменгi тұстаманың төменгi жағынан қалтқыларды бағалы болған жағдайда аулау үшiнтағы бiр тұстама таңдалады. Жоғарғы жəне төменгi тұстамалардың ара қашықтығымұқиат өлшенедi. Бұл қашықтық қалтқылар жүрiсiнiң ұзақтығы 20 секундтан кемболмайтындай болуы тиiс. Су өтiмiн беттiк қалтқылармен өлшеудi су ағысының жылдамдығын өлшеуге желдiң əсерi тигiзбеу үшiн тымырсық немесе желбаяу соғып тұрған кезде жүргiзедi. Беттiк қалтқылармен өлшенген су ағысының жылдамдығы бойынша есептелген су өтiмi, су ағысының беттiк жылдамдығы тiктемедегi орташа жылдамдыққа қарағанда артық болғандықтан, жалған су өтiмi деп аталады.

38.Су өтімін қисықтарын тұрғызу. 1) Ең алдымен бастапқы деректерді талдаудан өткізу керек. Гидрометриялық зырылдауықпен толық әдісі бойынша өлшенген су өтімдері анағұрлым сенімді болады, зырылдауықпен қысқартылған әдіс бойынша немесе қалытқылармен өлшенген, сонымен қатар, ағыстың жылдамдығы баяу болғанда өлшенген су өтімдерінің сенімділігі аздау болады. Талдау кезінде судың жайылмаға шыққандығы жөніндегі деректер анықталады және өзенде мұздық түзілімдердің болатын кезеңі айқындалады.2) Қисықтар өлшемі 203×288; 288×407; немесе 407×576 милиметрлік қағаздың бетіне тікбұрышты координаттар жүйесінде тұрғызылады. Осы форматта су өтімдерінің Q=f(H) және олармен байланысы бар су қимасының аудандарының F=f(H), ағыстың орташа жылдамдықтарының Vорт= f(H) су деңгейіне тәуелділігі қисықтары, өзен енінің В=f(H) және су бетінің еңістіктеріне J=f(H) су деңгейіне тәуелділіктері қисықтарын біріктіріп тұрғызу жүзеге асырылады. Шкаланың масштабы Q, F, V, B, J сипаттамаларының өзгерісінің ауытқу аралығына тәуелді және 2,5 немесе 10 еселі болуы тиіс. Q=f(H) қисығын оның шеткі нүктелерін қосатын доғал сызық абцисса осіне 45ºС тең көлбеу бұрышпен орналасатындай қылып тұрғызу қабылданған, ал F=f(H) және Vорт=f(H) қисықтары үшін көлбеу бұрышы 60º тең болуы тиіс. Су деңгейінің шкаласы барлық жағдайларда бірдей (рет 1) В=f(H) және J=f(H) қисықтары барлық жағдайларда бірдей тұрғыайды. Су өтімін өлшеудің интеграциялық әдістері. - student2.ru Су өтімі тербелісінің ауытқу аралығы өте үлкен болған жағдайда ( Су өтімін өлшеудің интеграциялық әдістері. - student2.ru >20) қисықтың төменгі бөлігі, шамамен су деңгейі тербелісінің ауытқу аралығының 20-30 % анағұрлым үлкен масштаб (5-10 есе ірі) бойынша бөлек сызылады. Қисықта ең кіші және ең үлкен су деңгейлерінің шамалары және олардың байқалған күні көрсетілуі тиіс. Су өтімдерінің нөмірлері бір жолақтың бойымен қисықтан 1-4 сантиметр қашықтықта жазылады. Су өтімінің нөмері мен нүктесі су өтімі өлшенген деңгейдің тұсына қойылады. Егер қандайда бір деңгейге бірнеше су өтімі сәйкес келсе, онда бұл деңгейде нүктелердің нөмірлері су өтімінің шамаларының өсу ретіне қарай солдан оңға қарай орналасады. Егер бір нүктеге шамалары бірдей бірнеше су өтімі сәйкес келетін болса, онда олардың нөмірлері тұйықталған сызықпен қоршалған, мысалы 14.17.20.Гидрометриялық зырылдауықпен өлшенген су өтімі – О белгісімен (дөнгелектің диаметрі – 2 мм), қалытқылармен өлшенген су өтімі - ∆ белгісімен белгіленеді. Егер су өтімі кемермұз болған жағдайда өлшенсе, онда дөнгелектің жарымы боялған, егер ол мұз құрсау жағдайында өлшенсе шеңбер толықтай боялады.Қисықтың экстраполяцияланған бөлігі үзік-үзік сызықпен жүргізіледі.3) Қисықты жүргізу кезінде қисықтан ±10% ауытқитын зырылдау-ықпен өлшенген су өтімдерін және ±12% ауытқитын қалытқылармен өлшенген су өтімдерін есепке алуға болады. Бұл жағдайда қисықтан алынған су өтімі 100% есебінде алынады. Ауданның су деңгейіне тәуелділігі қисығында нүктелердің шашыраңқылығы су өтімі қисықтарына қарағанда аздау болады.4) Q=f(H) қисығы лекалмен бірқалыпты жүргізілуі тиіс. Су деңгейінің 1 сантиметр сәйкес келетін су өтімінің өсімі су деңгейі өскен сайын өсуі немесе түзетілген үлесілерде тұрақты болып қалуы тиіс, бірақ төмендемеуі керек, ол су өтімінің өсімі кестесін құрастыру арқылы тексеріледі .5) Q=f(H) қисығын өлшенген су өтімдерінің нүктелері өрісінің ортасынан жүргізілуі тиіс. Қисықтан оң және теріс ауытқулардың қосындыларының айырмашылықтары 5% артық болмауы керек (кесте 4). Ауытқуларды есептеу кезінде қисықтан алынған су өтімдері 100% ретінде алынады. Орташа ауытқуы –0,081% болды, жұмыстың шарты бойынша қисықтың оң және теріс ауытқуларының қосындыларының айырмашылықтары 5% артық болмауы керек. Бұдан су өтімі қисығы дұрыс жүргізілді деп айтуға болады.Q=f(H), F=f(H), υ=f(H) қисықтары келесі формула бойынша өзара тексерілуі (байланыстырылуы) тиіс:Qқ=Fқ·Vқ; мұндағы Qқ, Fқ, Vқ – тиісінше су өтімдерінің, су қимасының аудандарының және жылдамдықтың қисықтарынан алынған су өтімі.Су қимасының ауданы және жылдамдық Qқ және (Fқ·Vқ) мәндерінің арасындағы айырмашылық 1-1,5% артық болмауы тиіс. Егер бұл шарт орындалмаса, нүктелер өрісі бойынша жеткілікті түрде мұқият жүргізілмеген және өріс ортасынан ауытқып кеткен қисықтар түзелуі керек.7) Сонымен, әрбір қисықтың дұрыс жүргізілгендігін тексеру үшін құрастырылады:а) су өтімі өсімдері кестесі ;б) өлшенген су өтімдерінің қисықтан проценттік есеппен ауытқуы кестесі ;в) Q=f(H), F=f(H), υ=f(H) қисықтарын байланыстыру кестесі .Q=f(H) қисығының тұрғызылуының дұрыстығын Лучшева А. А. /3/ қисықты тұрғызудың ықтимал қателігін келесі формула бойынша анықтау арқылы бағалауды ұсынады:δ = ±0,674 Су өтімін өлшеудің интеграциялық әдістері. - student2.ru ; мұндағы ∆ δ = Су өтімін өлшеудің интеграциялық әдістері. - student2.ru ; n – Q=f(H) қисығын тұрғызу үшін қабылданған өлшенген су өтімдерінің саны.Формуладағы Qө және Qқ тиісінше қандайда бір-берілген су деңгейі бойынша өлшенген және қисықтан (немесе есептік кестеден алынған) алынған су өтімдері. Егер ықтималдық қателік 2-4% шегінде жататын болса, онда алынған қисық сенімді болып табылады.8) Ағындыны есептеу ыңғайлы болу үшін Q=f(H) қисығының координаттар қисығы тұрғызылады. Оны сондай-ақ есептік кесте деп атайды. (кесте 6). Бұл кесте су өтімдерінің су деңгейіне тәуелділігінің қисығын пайдаланбай (сурет 1), су деңгейінің кез келген мәні үшін су өтімін анықтауға мүмкіндік береді. Координаттар кестесін құрастыру кезіндегі Q=f(H) қисығынан су деңгейінің қандай да бір шегінде қисықтың кесіндісін түзу сызықты деп қабылдауға болатын су деңгейінің белгілі бір аралығы бойынша су өтімінің мәндері алынады және 6-шы кестедегі су өтімінің тірек шамасы ретінде алынады. Су өтімінің тірек шамаларының арасындағы шамалары өсім кестесін (кесте 3) интерполяциялау арқылы анықталады. Q=f(H) біртекті қисығы әрқашанда дөңес жағымен жоғары қарай бағытталады, кей жағдайларда түзу сызықты болуы мүмкін. Су қимасының аудандарының қисығының дөңестігі жоғарыға де бағытталады


Наши рекомендации