Су өтімін қысқы кезеңде өлшеудің ерекшеліктері және өлшеу қателіктері.

Су өтімін қыста өлшеу қиындық туғызады. Су өтімін өлшеу үшін таңдалған жер жайылмасыз болу керек, бар болған жағдайда анағүрлым түзу, ені тар және рельефі біртегіс, жеңсалалары , ескі арнасы жоқ жерді таңдау қажет. Ені кең жайылма су өтімін өлшеу жұмыстарын қиындатып жібереді. Таңдалған учаскеде өзен бір арнамен ағу керек, түзу болғаны дұрыс. Өзен арнасында мұз кептелу, сең буылу секілді құбылыстарды туғызатын аралдардың аралшалардың, құмқайырлардың болмауы тиіс. Өзеннің арнасы тұрақты болғаны жөн, яғни шайылмауы немесе шөгінділергі толмауы тиіс. Арнаны шөп баспауы керек. Жасанды имараттардан алыс болуы керек, өйткені олардың судың тежелуіне алып келуі мүмкін. Су өтімін өлшеудің айтарлықтай дәлдігіне жету үшін таңдалған учаскеде ағыс бірқалыпты болу керек. Өзеннің түпкі арнасы мен жайылмасында ағыстың бағыты бірдей болу керек. Су сабасына түскен кезде ағыстың жылдамдығы 0,15-0,25м/с –тен кем болмауы, су тасу кезінде 3-4 м/с-тан артық болмауы керек. Ақаулы жазбалар: а) Жазбада кейбір үзіктердің, сия тамшыларының және сия жайылып кеткен жерлердің бар болуы. Мұндай ақаулардың себебі: өзі жазушының қаламының ластануы немесе сапасының нашарлығы, болмаса сияның сапасының төмендігі. Ә) Ирек жазба. Себебі: су деңгейін өзі жазушыны өзенмен байланыстыратын құбыр тесігінің үлкендігі; б) Баспалдақты жазу. Себебі: қалтқыға, ауырлық гіріне немесе сымнан есілген арқанға бір нәрсе тиіп тұрады. г) Таспаны шешу сәтінде таспадағы су деңгейі шамасының сыртқы су өлшеу бекеті бойынша алынған су деңгейі шамасымен сәйкес келмеуі. 1см ге дейінгі сәйкессіздік кезінде тү ету енгізілмейді. Сәйкессіздік 1см ден артық болған жағдайда түзету өсу ретімен уақыттың ұзақтығына байланысты жазбаның басынан бастап енгізіледі. Д) Таспаны шешу немесе оны келесі тәуліктің жазбаларын жазу үшін өзі жазушыға орнату сәтіндегі өзі жазушының таспасы бойынша уақыттың нақты жергілікті уақытқа сәйкес келмеуі, яғни өзі жазушының сағатының озып кетуі немесе қалып қоюы. Сәйкессіздік 5 мин қа дейін болс а, онда түзету енгізілмейді, ондай сәйкессіздік жіберіледі. Егер сәйкессіздік 5 мин тен артық болса, онда түзету өсу ретімен жазбаның басынан бастап енгізіледі.Ақаулар кұрылғылардан көп болады.

17.Су өтімін зырылдауықпен өлшеу кезіндегі жұмыстың құрамы.Гидрометриялық зырылдауық ағыстың кез келген нүктесіндегі жылдамдықты жоғары дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Зырылдауықтың түрлері және құрылымдары әр түрлі болады. Гидрометриялық зырылдауықпен өлшеу үшіе мына жұмыстар жасалады:1)Бекеттегі судың деңгейі анықталады (рейкалық немесе қадалық).

2)Өзеннің көлденең қимасының ені бойынша тіктемелерге бөлінеді:-тіктемелердің арақашықтығы өлшенеді; -тіктемелердің тереңдігі өлшенеді.

3) Жылдамдық тіктемелерде күрделі детальдық әдіс кезінде 5 нүктеде: су беті, 0,2h, 0,4h, 0,8h, cу түбі: 2 нүктеде: 0,2h, 0,8h: 1 нүктеде: 0,6 h жылдамдық өлшенеді. Зырылдауық жылдамдығы 100 сек.кем емес ұстау керек. Өлшеу уақытының ішіндегі сигнал санын санаймыз. 1 секундта қалақтық бұранданың айналым санын 20-ға көбейтеміз. Әрі қарай жылдамдық тіктемедегі ағыстың жылдамдығын анықтау үшін, әрбір зырылдауыққа заводтан шыққанда қоса берілетін тарировкалық кестенің көмегіне жүгінеміз.

Зырылдауықтар бірқатар белгі бойынша ерекшеленеді: Айналу өсінің бағыты, қалақтық бұранданың немесе ротордың құрылымы, түйісу және есептеу механизмдарының құрылымы және зырылдауықты суға түсіру тәсілдері бойынша. Айналу өсінің бағыты бойынша тік және көлденең өсті зырылдауықтарға бөлінеді: Біріншіге- ГР-21, ГР-21М, ал екінші түрге – Прайс зырылдауықтары жатады. Қазіргі уақытта ГР-21М, ГР-55, ГР-99 және басқа да маркалы зырылдауықтар қолданылады. Кез келген зырылдауықтың негізгі бөліктеріне: 1) қалақтық бұрандасы бар жүріс бөлігі және түйісу механизмі; 2) зырылдауықтың қаңқасы; 3) ағыс бағытын қалыптандырушы; 4) сигналдық құрылғы; Жүріс бөлігі зырылдауықтың негізгі түйіні болып табылады, ол ішкі камерада орналасатын осьтен, қалақтық бұрандадан, түйісу механизмінен тұрады. Механизмнің түйісуі қалақтық бұранда белгілі санға тең айналымды жасаған соң түйіседі. Ағыстың жылдамдығын зырлдауықпен өлшеу оның қалақ бұрандасының соққан судың әсерімен принципіне негізделген. Ағыс жылдамдығы (V, м/с) мен зырылдауықтың қалағының 1 секундта айналу санының (n, айн/сек) арасында келесі тәуелділік бар: Y=/(П) Бұл тәуелділік әрбір зырылдауық үшін арнайы су бассейндерінде анықталады және қисық түрінде көрсетіледі. Ағыс жылдамдығын өлшеу кезінде арнайы сырықтың немесе тростың көмегімен суға түсіріледі. Зырылдауықтың қалақтары ағыстың жылдамдығы неғұрлым өскен сайын жылдам айнала бастайды. Қалақтың айналымынан кейін тұйықталу жабдығы іске қосылады, сөйтіп дыбыспен белгі береді. Дыбыс белгісінің аралығы секундомермен есептеледі белгінің арасындағы уақыт бойынша секундтағы айналыс саны анықталса, айналыс санының көмегімен ағыс жылдамдығы анықталады.

Наши рекомендации