ГоризонтальдардыҢ Қасиеті жӘне оларды нҮктелердіҢ биіктігі арҚылы жҮргізу

Лекция 6

ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР МЕН ПЛАНДАРДА ЖЕР БЕДЕРІН КЕСКІНДЕУ

Жер беті топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктіктерді жазу арқылы кескінделеді. Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық тұйық сызықтар горизонтальдар деп аталады. Жергілікті жердегі горизонталь су деңгейінің төмендеген кездегі кескінделетін учаскедегі жердің физикалық бетінде қалдырған ізі болып саналады. Жердегі горизонтальдардың ең жақсы мысалы ретінде тұнба судың жағалық сызығын айтуға болады. Жер бедерін горизонтальдармен кескіндеген кезде олардың тек бүтін санмен алынған биіктіктері (метрмен көрсетілгендері) ғана пландар мен карталарда көрсетіледі. Екі дәйекті горизонтальдар биіктігінің айырымы қиманың биіктігі (һ), ал пландағы горизонтальдардың ара қашықтығы төсеу (d)деп аталады. Топографиялық карталар мен пландарда жер бедері қимасының мынадай биіктіктері қабылданған (3-және 4-кестелер):

3-кесте

Жер бедерінің сипаттамасы Карта масштабына байланысты қима биіктігі, м птабына байла нысты қима бн ІКТІН, М
1 : 25000 1 : 50000 1 : 100000 1 : 200000
Жалпак жазықтықты Жазық, ойлы-кырлы және төбелі Таулы Биік таулы 2,5     10 10 20    

4-кесте

Түсіру учаскесі жер бедерінің сипаттамасы Жер бедері қимасының биіктігі (м) топографиялық түсіру масштабында   4-кесте Ографиялық
1 : 50000 1 : 2000 1 : 1000 1: 500
Ылдилау бұрышы 2°-қа дейінгі жазық Ылдилау бұрышы 4°-қа дейінгі адырлы Ылдилау бұрышы 6°-ка дейінгі ойлы-қырлы Таулы және тау етегі   0,5; 1   1;2   2; 5 2; 5   0,5; 1   0,5; 1; 2   1;2 2   0, 5   0,5   0,5;1   0,5   0,5   0,5  

Жер бедерінің пішінін айыруды және нүктелердің биіктігін анықтауды женілдету үшін картадағы әрбір төртінші немесе бесінші горизонтальдар қалыңдатылады. Осындай мақсатпен горизонтальдарға перпендикуляр қысқа сызықшалар койылады, олар беткейдің төмендейтін бағытын көрсетіп, бергштрих деп аталады.

Карталарда горизонтальдар қоңыр түспен көрсетіледі, оларды Балтық теңізінің деңгейінен есептелетін абсолют биіктігімен жазады. Горизонталь биіктігін көрсететін цифрларды жазғанда олардың табаны еңкіштің төмендеу жағына қарай бағытталған болуы тиіс.

Жер бедерінің негізгі пішіндері мынадай болып бөлінеді: жазык, қырат (тау, төбе), қазан шұңқыр, жота, өзек және кезең. Таудың ең биік жері — шың, ал тау табаны —тау етегі деп ата-лады.

Жазық жалпақ пішінді келеді. Егер жазықтың мұхит деңгейінен абсолют биіктігі 200 м-ден аспайтын биіктікте жатса, онда оны ойпат деп атайды. Мұхит деңгейінен есептегенде 200 м-ден жоғары, бірақ 500 м-ден аспайтын биіктікте жататын жазықтарды қыраттар деп атайды. Мұхит деңгейінен 500 м-ден астам биіктікте жатқан жазықтар таулы үстірттер деп аталады. Жер бетінің дөңестігі күмбезге немесе конусқа ұқсас келетін жерлер биіктігіне карай тау немесе төбе деп аталады. Таулар биіктігіне қарай аласа, орташа және биік болады. Аласа таулар деп абсолют биіктігі 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі тауларды атайды. Орташа таулардың биіктігі 1000 м-ден 2000 м-ге дейінгі аралықта болады. Ал биіктігі 2000 м-ден жоғары тауларды биік таулар деп атайды. Тостаған сияқты барлық жағынан тұйық ойпаңдарды қазан шұңқыр дейміз. Шұңқырдың ең төменгі жерін түбі, ал жоғарғы шегін жиегі деп атайды.

Өзек — жердің созылған ойлы жері, ол бір бағытта біртіндеп төмендейді. Өзектің ең аласа жері, яғни екі беткейдің қиылыскан жері суағар немесе тальвег деп аталады. Өзекке карама-қарсы біртіндеп әр бағытта созыла орналаскан жер бетінің дөңес пішіні жота делінеді. Әдетте, екі өзек бірінен-бірі жота арқылы белініп жатады. Тау жотасы қыркаларының биік бөліктері мен кейбір тебелердің аралығында орналаскан ойпаң бөліктерді кезең деп атайды. Олардың едәуір бөлігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады.

Таудың шыңы, қазан шұңқырдың түбі, өзектің ең аласа жері жер бедерінің өзіне тән нуктелері, суайрық және суағар жер бедерінің өзіне тән сызықтары деп аталады.

Карталар мен пландарда ашық кен, үйінді, бөгет, қорымдар және т. с. с. объектілер арнайы шартты белгілермен көрсетіледі. Горизонтальдар мен шартты белгілерге қосымша ретінде картада төбелердің ұшар басындағы, суайрықтарының бұрылыстарындағы, ойпаң жерлердегі өзіне тән нүктелердің биіктіктері жазылады.

ГОРИЗОНТАЛЬДАРДЫҢ ҚАСИЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ НҮКТЕЛЕРДІҢ БИІКТІГІ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗУ

Жер бедерін кескіндеуде горизонтальдың мынадай қасиеттері бар:

1. Бір горизонтальдың бойында жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікте жатады.

2. Карталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені, не қазан шұңқырды білдіреді; олар бергштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазан шұңкырларда көбіне тоған немесе көл болады.

3. Планның немесе картаның ішіндегі, сондай-ақ оның сыртындағы барлық горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс.

4. Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар ешуақытта қиылыспайды.

5. Горизонтальдардың өзара қашықтығы еңістің қаншалықты кұлама тіктігін білдіреді.

6. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа ара қашықтық, яғни горизонтальға перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес болады.

7. Суайрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдармен тікбүрыш арқылы қиылысады.

Топографиялық түсіру нәтижесінде планшетте жер бедері-
нің өзіне тән нүктелерінің пландағы орны биіктіктерімен қоса
алынады. Осы нүктелердің биіктігінің негізінде жергілікті жер-
дің жер бедері горизонтальдармен кескінделеді. Ол үшін алды-
мен жер бедері қимасының биіктігі таңдап алынады. Содан соң
интерполяциялау арқылы жеке пункттердің арасындағы нүкте-
лерді табады, олардың биіктігі жер бедері қимасының биіктігі-
не еселі болады. Мысады, 1—2 сызығында (18-сурет) 50, 51,
52, 53, 54 биіктіктегі горизонтальдардың жер бедері қимасының
биіктігі h=1 м-ге тең болған кездегі орындарын табу керек бол-
сын. Ол үшін миллиметрлік қағаз бетіне ара қашықтығы бірдей
параллель бірнеше сызықтар жүгізіледі (мысалы, 0,5 немесе
1,0 см), олар қабылданған жер бедерінің қимасына және нүк-
телердің биіктігіне сәйкес цифрланады.

1—2 сызығына миллиметрлік қағазды параллель тақап ұс-
тап, 1 және 2 нүктелерін олардың биіктігіне сәйкес миллиметр-
лік қағазға түсіреді. Табылған нүктелерді (1' және 2') түзу
сызықпен қосып, 1—2 сызығының профилін табамыз. 1'—2' сызығының
зығының (профиль) миллиметрлік қағаздың цифрланған сызык-
тарымен қиылысқан нүктелерін (a,b,c,d,e нүктелері) белгілейміз . Осы нүктелерді 1—2 сызығына проекциялап, биіктіктері
50, 51, 52, 53 жэне 54 м-лі горизонтальдар өтетін нүктелердің
орнын табамыз.

Практикада интерполяциялау үшін миллиметрлік қағазлың орнына палетканы—теңаралықпен жүргізілген параллель сызықты кальканы жиі қолданады. Кальканың сызықтарын белгіленген жер бедері қимасының және пландағы нүктелердің

горизонтальдардыҢ Қасиеті жӘне оларды нҮктелердіҢ биіктігі арҚылы жҮргізу - student2.ru

биіктігіне сәйкес етіп цифрлайды. Олар горизонтальдардың орнын табатын нүктелердің арасында болуы тиіс. Палетканы интерполяция жасайтын нүктелердің үстіне қояды; бұл уақытта нүктелердің бірі биіктігіне сәйкес палеткадағы белгінің үстіне дәл түсуге тиіс. Сонан соң палетканы а нүктесінде циркульдің ашасымен қысып bнуктесінің биіктігі палетканың биіктігімен сәй-кес болғанша палетканы осы нүктенің төңірегінде айналдырады (19-сурет). Мұнан кейін а—b сызығының палетканың сызығымен қиылысқан 1, 2, 3, 4, 5 нүктелерін шаншып әрбір нүктенің қасына 43, 44, 45, 46 және 47 м биіктіктерін жазады. Басқа барлық нүктелердің арасын осылайша интерполяциялайды. Содан кейін пландағы биіктіктері біркелкі нүктелерді бірқалыпты қисық сызықтармен қосып жер бедерінің горизонтальдар жургізілген кескінін табады.

горизонтальдардыҢ Қасиеті жӘне оларды нҮктелердіҢ биіктігі арҚылы жҮргізу - student2.ru

Наши рекомендации