Стр. 44 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 44 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 43

Стр. 44 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 45

Қазақстанның ашық кітапханасы

мағынасына ерем жетпей қойды. Ол кезде мен шалқыған оттай лапылдап, ерттей

будақтаған, толқындай шапшыған. я болмаса, шапқан аттай шаңдатқан сөздерді жақсы

көруші ем. Шеген соны әдейі жазғандай. Бүгін бір өз ойларыма жауап іздеген күні, оңай

түсінерлік ой ұстатпай отыр.

Хатты алып, Жайық жағасына барып, үн жоқ оңашада әрең түгел оқып шықтым. Сол хат

ендігі бетімнің жөнін сілтейтін жөнеу қағазым да болды.

Аманбысың, көкжалым! — деп бастапты Шеген... Оның аржағында екі жол бойы

маған өзі қойып алған ат йен атақтарын тізіпті: «Жүйрік» те тұр соның ішінде, «желаяқ»

та тұр соның ішінде, «надан» да жүр, «философ» та жүр. Бұдан үш жыл бұрын, бір ретте

«бокс» сияқты жұдырық енерінен көзім көгеріп қайтқанда Шеген мені бір жыл бойы

«боксер» деп жүріп еді, атақтардың аяқ жағында о да тұр.

Шегеннің бұдан арғы жазғаны «Сұңқар жырынан» алынған үзінділер сияқты.

«Найзағайдай ағып, жыландай ысылдап» деп келеді. «Нөсер әкеле жатқан бұлт мұхитына

қалғанда, көк қаршығама «һал!» деп қалып ем», деп бір кетеді де:

Жүйткіп аққан қыранға найзағай да жанаса алмайды. Ой қорқақтап төмен тартса, сезім

күліп жоғары ерлейді, биікке ұмтылады. Қыран биігі шексіз. Адам биігі одан да жоғары!

Сол биіктен жер қандай әдемі көрінеді. Көкжиек шалқайып алысқа кетеді! — деп биіктің

өзін ұзақ дәріптейді.

Шеген «Дауылпаз» бен «Сұңқар жырын» орысша-қазақша жатқа білетін. Күн бату мен

жарық берілердің арасындағы қоңыр кештерде:

Жүріңдер, кітапханаға барайық! — деп, балаларды өз төсегіне жинап алып, көп

нәрселерді жатқа айтып беретін. Мен кейін аңғардым, сонау алақан жаймай-ақ тамақ

табудың өзінде де әр кітаптан әр жазушыдан үйренген әдеттер бар екен. Шеген қазір

ұшқыш болғаннан кейін өзін де сол сұңқарға ұқсататын сияқты. Мүмкін, асқақ жыр

тәуекелдің тар кезеңінде демеу болатын шығар. Әйтеуір осы екі жырдан сүйегіне сіңіп

кеткен сездер кеп.

«Қолы жетпегендер мұны жалған дүние депті! Бұдан артық дүниені өлгеннен кейін

ғана тауып бермекші. Дәрменсіз ой солай демек! Жоқ, Костя, біз дәрмен қуат елінің

баласы. Ойың, биіктеген сайын дүние сырына да молығасың. Өзім ұшқыш болған соң,

биік деп жалғыз ғана аспанға өрлеуді айтады екен деме. Мен ұшып аспанда жүрсем, адам

ойы одан да жоғары жүреді. Жоғары көтерілген сайын, көкжиек шалқайып, көз шаларың

көбейе береді десем, ол адам ойының алдақашан орап кеткен жері. Мен жалғыз-ақ

жыланша жорғалап, баурын көтермеуді ұнатпаймын. Біз екпінмен ерлеу заманының

баласымыз. Ой мен жүрек алға қарап өседі, биікке шарықтайды. Мен саған соны ғана

айтқым келеді. Мен он күн ұшқан ұзақ сапардан кеше ғана келдім. Менің сол он күнде

көрген елдерім мен жерлерімді ата-бабам өмір бойы іздесе де жете алмас еді. Бәрі де

сондай. Мен сенен бес-ақ жас үлкенмін, қазір жиырма жас үлкен сияқтымын. Сен Жайық

бойының арқандай ғана бойын көрдің, менің көргенімде есеп жоқ. Қазір адамның, үйде

отырып ойлағаны аспанға шығып белгі береді. Ойлаған мақсатпен жақындаған сайын,

белгісі алыстан сезіледі. Қазір дүниенің бәрін білудің қарқыны ұшумен тең. Біздің ата-

бабаларымыздың білген тар дүниесі қазір жеті жылдық баланың қалтасын да толтыра

алмайды. Сен үшін ол отыршылық болар еді. Мұнымды сұлу сөзге санаймын сең өзің біл,

мен өмірді әр күнде бір тиыннан жинағаннан гөрі, әрбір минутында толық өмір сүргім

келеді. Жандар ең, соңғы ұшқан сәтінде де жылдар бойы жасаған жыланнан анағұрлым

артық өмір сүрді. Мен оны бала күнімнен-ақ жақсы көруші ем, қазір болат қанатпен

аспанға көтерілгенде тереңірек түсіне бастадым.

Наши рекомендации