Стр. 47 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 46
Стр. 48
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Жоқ-ау, мыналарды айтсаңдаршы! Қырық күн шөлге шыдайтын осылар ғой! Бір
тал шөп тістемесе түгі кетпейді ғой!—деп, енді біраз адам екі нардан көздерін ала алмай
тұр.
—
Бұл ілуде біреуге-ақ бітетін еді. Колхозға енді оңай алынатын болды деседі. Иесі
кім өзінің? Алдыру жөнін сұрап алайықшы,— деп, бір қазақ айнала қарап еді, көлеңкелеу
жақтан жалбыр, ақ бөрікті түрікпен ағаңның бір баласы жақындай беріп:
—
Біздікі!—деді. Кеудесін қаға, мақтаныңқырай айтты.
—
Қалайша сіздікі? — деп, қара барқыт қамзол киген қара сақалды бір қазақ
түрікпенге қарады.
—
Біздікі...
—
Қалайша сіздікі болады? «Қайрақты» колхозының басқармасы мен болсам, бұл
түйелер біздікі болатын шығар!
—
Біздің түрікпен тұқымы деймін... Мұндай мал түрікпен жерінде ғана туады. Мен
туған жерін айтам,— деді түрікпен.
—
А... Туған жерін айтамысың... Туған жерді айтсаң, өзің де біздің Бозатаның
маңында туа салған шығарсың... Дегенмен түрікпен көрінесің ғой. Түрікпендіктен
басқаны байқай алмай тұрмын-ау! — деп қазақ белгілі қалжыңға тартты.
—
А, сен өзің ше? Біздің Қырыққұдықтың маңында тумадың ба екен? Сенің
қазақтықтан басқаңды мен де көріп тұрғаным жоқ...— деп, түрікпен де сол ыңғайға кешті.
—
Сен Қырыққұдықта туғанымды қайдан білесің?
—
Менің Бозатада туғанымды сен қайдан білесің?
Енді екеуі іргелес екі елдің бірге жайлайтын жерінде туғандықтарын білісіп алған соң, мәз
болысып, күлісіп қалды. Біріне бірі қолдарын берісіп — туған, бауыр,— десіп
шүйіркелесіп жатыр.
«Қайрақты» колхозының атын естіген соң, мен де осы арадан кете алмай жүрмін. Бір реті
келсе, мән-жайды сұрастырғым келеді. Оның үстіне, екі ауыздан бірдей, бір мағынада
шыққан «түрікпендіктен басқаңды», «қазақтықтан басқаңды» деген сөздердің неден
айтылғанын білгім келеді. Қазақтық пен түрікпендікті менсінбей айта ма, болмаса, басқа
мәні бар ма, соны білгім келеді.
Қол алыстың аяғы қоржын шешуге әкелді. Коридордың кең түкпіріне таман барып, екеуі
де малдасын құрып алып, қоржындарын шешіп, қапшыққа сап аузын байлап алған
қымыздарын шайқай бастады:
—
Іш, іш, бауырым түрікпен!
—
Же, же, қазақ туысқаным!..
Мен бұл екеуін бұдан жиырма жыл бұрын, сонау «Үстірттің» бір мемлекет сиятын кең
қырқасында кездессе қайтер еді деп ойлаймын. Екеуі де салт, не бір құдыққа, не бір
бұлаққа жақындай берсе... Сол бұлақтың суы, ұрыспай-таласпай, аттарын суарып алып,
жөндеріне жүре беруге жетер ме еді? Жоқ, жетпес еді. Сол кең дала екеуінің соқтығыспай
өте беруіне де тар болар еді. Әлде қай байдың намысын жыртып, әлде қай бидің кегі еске
Стр. 48 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 47
Стр. 49
Қазақстанның ашық кітапханасы
түсіп, шартпа-шұрт болып қалысар еді. Араларына араздық ғасырлары тұра қап, шеке
тамырлары қызарысып, әуелі сөзбен шайқасып, аяғы не қамшымен не сойылмен тарқар
еді. Қазір міне, жаңа ғана танысқан екі адам, әлі аттарын да сұрасқан жоқ, отыра қалып,
қашаннан бергі достарша күлісіп отыр. Екеуі де ескілік дегенді жанап өтіп, ылғи баяғыға
күледі.
Ескі кектер енді із қалдырмай өшкен болса, бұл екеуі қазақ қана», «түрікпен ғана» деп
нені айтады екен? Екеуі алыстан қалжыңдасып, орағыта сөйлесіп отырып, менің
ойымдағы сұрауға да бір соғып өтті. Тек қана қазақ болып қалу, я болмаса, тек қана
түрікпен болып қалу — ата-бабадан аса алмай, ескі салттың құлы болып, «бұйырғаны
болар» деп отыра беру екен. Бұлар ағылшын да, неміс те болуды аңсамайды. Бірақ ата-
бабаның қораш дүниесіне сия алар да емес.
—
Мына тиеліп келе жатқандарды көремісің? — дейді қазақ, қасындағы
жолаушыға,— толып жатқан машина, сайман... Ал, бұл неткен машина, не істейді, оны
екеуміз де білмейміз. Мүмкін, бір-біреуі жүз кісінің істегенін істейтін шығар! Оны екеуміз
білеміз бе? Жоқ. Біз баяғы мал бағуды ғана білеміз!
—
Дұрыс айтасың, туған! — деп, түрікпен басын изейді. Көзің жаудырап тұр, көресің,
ойын, түгіне түсінбейді. Даланың құмы мен топырағы құйыла-құйыла, ойдың көзін бітеп
тастаған сияқты. Сең міне, кемемен келе жатырсың. Он екі сом ақша төлеп, билет алдың.
Ал, бұл кеме ненің күшімен келе жатыр? Ол күш саған қалай бағынады, оны сен
білмейсің. Әлгі бір жүгіріп өткен қара күйе бала біледі оны! Солай емес пе?
—
Солай,— дейді қазақ, күрсініп қойып.— Білмейміз. Тіпті мал бағудың өзін
білмейміз. Әлі күнге ата-бабаның жолымен айдап келеді екеміз. Ай бойы үйреткенде, жүз
литрден сүт беретін жүз сиырдан, мың литрден сүт беретін он сиыр артық екенін әрең
түсіндім. Сең мынаны қарашы өзің! Ап-ашық емес пе?.. Біз әйтеуір жүз сиыр деп басын
санаймыз, бақсақ, құдайдың құдіретін қой-ау бұл, он сиыр артық болып шықты. Е! Шөбі
қайда, адам қайда, айтпа деймін!—деп дауласып отырған біреу бардай, қолын сілтейді.
Газеттен көрген бір сөздер еске түсіп:
—
Жылқы тұқымын асылдандырам десеңіз, ағылшындон буданы, Буденный
жылқысынан алмаған екенсіз... Ақалтеке тұқымы сидаланып, қурап бара жатқан тұқым
дейді. Сізге шаруақол тұқым керек қой,— дедім.
«Қайрақтының» басқармасымын деген адамның көзі алақандай болды. Түрікпен ағайдың
намысына тиіп кетті білем, кесесін алдына қоя салып:
—
Сен бала, не айтып тұрсың? — деді.
Мен жаңағы сөзімді жайыңқырап, аяқ жағын Буденныйдың пікіріне апарып сүйедім,
әйтпесе өз ойым деп айтсам, жанжалға ілегіп қалатын ыңғай байқалып қалып еді.
—
Бауырым, сен қызбашы. Босқа оқытып жүрміз бе, біз білмегенді бұлар білуге
тиісті. Қане, балам, отыршы өзің, түгел айтшы, — деп «Қайрақтының» басқармасы мені
қасына шақырды.
Осы кісінің түсінде таныс бір белгілер бар сияқтанады. Қияқты қара мұрт, қалың қара
сақал, ақ кіре бастаған бурыл самай, бұрын бір көрген адамымның түсін жасырып тұрған
секілді. Өзгесін былай қойғанда шаш ала білетін енерім бар ғой, көңіліммен сақалды түгел
сыпырып тастап, мұрттың орта кезін ғана қалдырып ем, баяғы өзімді балалар үйіне ұстап
апаратын милиционер ағайдың бар бейнесі орнына түсе қалды. Орнымнан ұшып тұрып: