Стр. 36 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 36 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 35

Стр. 36 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 37

Қазақстанның ашық кітапханасы

маңдайлар, өнерге біткен ашық маңдайлар, өнерсіз, етті, қалың маңдайлар екі жыл бойы

алдымнан кеткен жоқ. Бас адамның бас мүшесі. Өміріңде бірінші рет көріп отырған

адамыңның басына қарап, өзін де байқап қаласың. Ой аңғары бейім, бойында қандай

қасиет бар, ақыл қандай, ашу қанша, аңғарып қалғандай боласың. Көзі бар, маңдайы бар

бас сырын да жасыра алмайды.

Бас адамның бас мүшесі. Сол бас мүшені құрметтің келеді. Қолыңнан келгенше

ажарлағың келеді. Сол бас мүшенің іші-сырты бірдей көркем болса екен дейсің. Бас түгіл,

аяқтың да әдемі болғаны жақсы. Тізеден төменгі жағы талтаймай, табаны жалпаймай,

балтыр майыспай, шұлық бұралмай тұрғанын қай көз жек көреді! Ал, бастың орны тіпті

басқа. Мен осыған кезім жетіп болғанда маманданып та болсам керек, еңбекақы да ала

бастадым.

Ол әлі ескі әдеттердің арылып болмаған кезі ғой, біздің «шаштараз» айдың бас жағында

жекеменшіктің шаруасына ұқсайды да, айдың аяқ күндерінде мемлекет меншігіне

айналады. Ол екі арадағы күндер бас маманның қай қалтасына ақша көбірек кіріп кетсе,

солай қарай ауып, ылғи бір тең-тарта жүреді. Бәріміздің үстімізде де қос қалталы ақ халат

бар. Бірақ бас маманның оң қалтасына түскен ақша даусыз-дамайсыз өзінікі де, сол

қалтасына түскен ақшаға мемлекет те ортақ.

Екі қалтаның біріне жаңа үйреніп жүрген жастардың еңбекақыларынан да қосылып

кететін күндер болады. Қай жолмен алды, қандай штрабымыз болды, оны бас маманымыз

ғана біледі. Ай сайын еңбекақымыздың құйрық-жалы сүзіліп шығатынын біз де білеміз.

Қайшың екі рет қайралды ма? Қайралды. Халатың үш рет жуылды ма? Жуылды...

Осыларға кеткен ақшаны мен жанымнан төлей алмаймын. О! Бұған нағыз маман болып

шыққанда түсінесіңдер!..

Біздің, алатын жауабымыз ылғи осы.

Шаруамыздың мемлекет меншігіне ұқсайтын жағын қолына алатын кассиршамыз Катюша

айдың аяқ кезінде ғана соғып кетіп жүреді. Онда да қызмет аяғында ғана келіп он-он бес

күннің чегін бір-ақ сыдыртып жазып шығады. Бас маманның сол қалтасынан қанша ақша

шықса, жиырма тиыннан алты жүз адамның шашы алынған болады. «Жұмыстағы адамнан

гөрі қолы бос адамның уақыты аз болады» дегендей, Катюшаның істелген жұмысты түр-

түрімен бөлуге де уақыты жоқ. Онсыз да берекесі кетіп, қырып кеп тиген ақшаны қалай

есептеу оңайырақ, солай есептей салады. Кейде он күн бойы ылғи шаш алған, кейде он

күн бойы сақал алған болып шығады.

Осы қылықтарын менің байқап қалғанымды біліп, бас маман:

Костя! Сен енді нағыз шебер болуға жақын қалдың. енді еңбекақыңды түгел алатын

боларсың...— деді. Мен ақырын ғана:

Өткен айларға да түгел алам ба деп ойлаймын, — дедім.

Жас маман абыржыңқырап қалды.

Жәбірленеді екесің ғой?.. Орайын келтірермін өзім... Тәңір жарылғасын,

жәбірленбе...— деп жымыңдап қасына келіп, арқама қаққысы келіп еді, мен кейін шегініп

кеттім. Бас маман бұрынғысынан да жымия түсіп:

Бүгін неше сақал қырдың?.. Жұрт сені мақтай бастады, Костя!—деді.

Наши рекомендации