Стр. 37 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 37 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 36

Стр. 37 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 38

Қазақстанның ашық кітапханасы

Мен бұл жетіде тіпті сақал қырғаным жоқ, — дедім.

Қалай қырмадың? Жаңа ғана бір адам сақалын алғызып, рахмет айтып, кетіп бара

жатыр еді ғой?

Нанбасаңыз, шетке қараңыз... Бұл жетіде сіз де сақал қырған жоқсыз... Касса

арқылы тексеріп көріңіз...— дедім.

А... а...— деді бас маман.— Қу бала, түсініп тұрып... Ол оқа емес. Бір жетіде шаш

алсаң, келер жетіде сақал аларсың. Мемлекетке жалпы есебі дұрыс шықса болғаны емес

пе? Қағазда тұрған не бар... Оны кім оқып жатыр... Кел, мұндай сөзді қоятын болайық,—

деді. Мен оған:

Мемлекет есебі дұрыс шығып жүр деп ойлайсыз ба? — дедім.

Костя, осындай сөз не керек?.. Сен алатын ақыңды біл. Әдемілеп тұрып мінездеме

жазып берем. Енді бір жылда өзіңнің «шаштаразыңды» ашуыңа болады. Ана бір, бақша

мен театрдың арасындағы бұрыш бар ғой, сол саған өте қолайлы болады...— деді. Мен

оған ызғарлы қабақ көрсеттім.

Осы күннен бастап, бас маманның оң жақ қалтасы солыңқырап, жеке меншіктің бұлағы

суалыңқырай бастады. Әлі де есебін табады, әлі де қағаз деген «формализмге» жаны

қарсы. Бізге де жазып жатуды кеңес етпейді. Бірдемеге қолымыз бұлғанса екен деп, еппен

ғана солай қарай итермелейді. Біз ыңғайына жүрмейміз. Әр кезде мұрнына шертіп

қалғандай, шың еткізіп жауап береміз.

Катюша енді күнде келетін болды. Қабағы түюлі, баяғы жалаң-жұлаң жүздің опасын

сүртіп тастағандай, өңі де солғын тартып кетіпті. Бірақ әрқайсымыздың не істегенімізді

оңаша есептемеске шарасы да жоқ. Уәделі он үш сом да қалтамызға түгел түсе бастады.

Бөліп-жарып, апама ақша жіберіп тұра алатын да болдым.

Қайрошым-ау, Айдаштың еңбекақысы да жетіп жатыр. Колхоз бір жылға босатып,

өзім де жұмысқа кірдім. Саған арнап көк қасқа құнан алып қойдық, — деген хат келді

апамнан.

Менің күндеу аралас қызыға қарайтын адамым — екінші шебер, Саша Мухин. Ол маған

нағыз шебер көрінеді. Қайшысы сақ-сақ етіп, ойнақ сап жүреді. Айта кетейін, маған

жұмысын нақысына келтіріп істейтін адамның бәріне де осылай қарайтын бір мінез пайда

болды. Күндеуім көп пе, қызығуым көп пе, ол арасын айқын айта алмаймын, әйтеуір өзім

де сондай болғым келеді. Әншіге де қызығам, мұғалімге де қызығам, айта берсең, цирктің

балуанына да қызығам... Күндеген күнә болады дегенді естігенім де бар. Бірақ бұдан кеп

жыл кейін, өмірлік кәсібіміз тіпті үйлеспейтін бір адам маған:

«Күндеу мен бәсеке апалы-сіңлілі нәрсе. Олай болса жақсы қасиетке жатады»,— деді.

Бұдан жүз жыл бұрын айтылған пікір болса да, мен осыны дұрыс көрдім. Оны Александр

Пушкин айтып кеткен екен.

Саша Мухин, әлем байланғандай, ақты-қызылды араластыра киінетін адам.

Ең соңғы мода осы екен. Париж журналынан көрдім!—деп, сарғыш түсті шалбар

киіп, кек көйлекке қызыл галстук тағып келеді. Қолы босап кетсе, айнаның алдына отыра

қалып, шашын қырық түрге салады. Сондықтан кейде еркекке, кейде әйелге де ұқсап

Наши рекомендации