Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 32

Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 34

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қайдан келдің? деді, сол жақ қабағының құйрығын ғана қозғап.

Осындағы балалар коммунасынан.

Жасың нешеде?

Он екіде... дедім, олқы көрінбес үшін бір жасты жіберіп...

Бұрын кім болып ең?

Нала болдым...— дедім, сұраудың дәл мағынасына түсініңкірей алмай.

Менің, соңғы жауабым оқыстау шықты білем, бастық басын көтеріп алып, маған қадала

қарады да:

Коммуналарыңда тәртіп қалай?—деді. Көзі күліңкірей бастағанына қуанып кеттім.

Тәртіп жағынан екі жыл қатарынан бәйгі алдық. Қаланың барлық мектептері тентек

балаларын бізге қосып түзетіп алады,— дедім.

Бұл кісінің өз баласы да талай мектептің босағасын аттап, аяғында биыл қыс біздің

мектепке кірген. Әуелі бастықтың баласы болғасын даңдайси келіп еді, Шегеннің қолынан

бір-екі өткізіп алған соң, шолжыңды қойып, дұрыстап оқи бастаған. Әлі де қырып бара

жатқан еш нәрсесі болмағанмен бұрынғысымен салыстырғанда қыр асып қалып еді. Мен

алыстан орағытып, соны да аңғарта кеткім келді.

Бастық менің ойымды түсінгендей «та-а-ак...»— деді, даусын созып, мен қысқа ғана

«солай» дедім.

Өзің аздап тентек болған да бала шығарсың? — деді, қолы алдында тұрған

қоңырауға бара беріп. Мен сұраудың астарын аңдап қалдым да:

Үш-ақ күн болдым,— дедім.

Қағылған қоңырауға кірген хатшысына:

Қаймақ бар ма бүгін?—деді .бастық. Менің жауабым құлағына да кірген жоқ.

Бар...

Хатшы шығып кетті де, есікті бір ғана қағып орта жасты бір әйел кірді:

Рахим Теміралиевич...— деп, әйел әуелі бастыққа қарап, одан кейін мені көріп,

азғана кідіріп қалды да, «бала ғой» деп ойлағандай, менен ығыспай, келген жұмысын айта

бастады. Бірақ, бастықтың сол жағынан жақындап барып, қолындағы папкасын ашып

алдына жайып, ақырын ғана айтты:

Он жетінші жыл мен он тоғызыншы жылдың арасында болғаныңызды жазбаған

екенсіз... Соны ашып берсеңіз.

Бюро солай ұйғарды, —деді.

Хатшының түсі өзгеріңкіреп кетті де, орысша жауап берді. Сосын бір-екі сөздің аяқ жағын

қата қайырды. Бір хатшы соны ұстап қалсам, екінші жағынан, құлақта бар жылдардың бұл

кісіге қолайсыз тигенін аңғардым.

Ол шығып кетті.

Стр. 34 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 33

Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 35

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бастық азырақ ширағандай, жинақ сөйлеп:

Қазір әр түрлі маман дайындап жатырмыз. Біріне берейін... Милиция курсына барамысың?

—деді.

Жоқ, ағай. Мен оқуымды тастағым келмейді. Қосалқы жұмыс болса екен...

Хатшылық курсына қалай қарайсың? Барғым келмейді.

Бабыңды табу қиын-ақ екен!—деп, бастық қынжылғандай болғанмен манағы

паңдыққа енді қайтып бара алмаймын. Үлкен столдың орта тартпасын ашып, ұзақ іздеп,

бір қағазды тауып алып:

Хатшылық... Кітапхана курсы... Токарь... Слесарь... Әріп теруші... Милиция

курсы... Парикмахерлік...— деп, әр түрлі мамандықтың ұзақ тізімін оқыды. Біріне мен

басымды шайқаймын, біріне ол басын шайқайды. Аяғында қызыл қарындашты ұшы бір

мамандықтың астын қайта-қайта сызып, сол арадан қозғалмай қойды. Күн бойы бір ауыз

сөз жазбаған қарындаштың ұшы мұқалып бара жатқанын да көріп тұрмын.

Күніне үш сағат үйренетін боласың... Екі айдан кейін айына он үш сом еңбекақы

аласың. Бұл қалай? — деді.

Осы дәл келеді екен! — дедім, қандай жұмыс екенін сұрамай-ақ.

Болашағың алда... Әзірге қандай жұмыс деп талғамай, еңбекке үйрене беру керек.

«Есектің артын жусаң да мал тап!» дегенді білемісің?..— деді бастық.

Мақалы сонша жексұрын көрінсе де, енді қайталамасын деп:

Білем,— дедім.

Бұл қазақ арасына жайылмаған, келешекте керекті мамандық,— деді бастығым.

Аты не, ағай? — дедім, қызыға бастап.

Шаш алатын парикмахерлық...

Өмірден бір рет көңілім суыған уақытым болса, олда-білде, осы жолы-ақ шығар.

Екінші бөлмеге барып, жолдау қағаз ал, бар,— деді бастық.

Маған шын-ақ осы қызмет лайық болғаны ма, болмаса, әлгі бір сөздерімді кектеп қалды

ма екен деп, мен ол кісіге қараймын. Қаражат көзін тауып бергеніне «рахмет» күткендей

ол кісі маған қарайды. Ақыры «рахметті» айтып, үндемей шығып кеттім. Бірақ, не үшін

маған осындай болып көргені сол жерде де түсінген жоқ едім, күні түсіме алған жоқпын.

Он жетінші жылдан он жеті күн аспағыр! — деп, ілеп-сілеп, интернатқа қайттым.

Мана ойыл қандай биікте болса, енді бойым сондай шөгіп қалғандай көрінеді. Жайнаған

жазғытұрғы шақтың да бозуы солып кетті, жастықтың, да қызығы қалмады. Қайда барсам,

соңыма жолдау қағаз, шақыру қағаздар түсіп, бір күн; еріксіз айдап «шаштаразға» әкелді.

Шеген анау, өз жолын тауып алды. Одан бұрын осы «Коммунада» болғандардың талайы

жоғарғы дәрежелі мектеп бітіріп, әралуан істе жүр. Олар ылғи хат жазып тұрады. Біреуі —

терең теңіздерді кешіп, солтүстікте жүр. Біреуі — жер байлығын, біреуі — су байлығын

зерттейді. Әр түрлі құрал тетігін тауып, Ленин орденін алғандар да бар. Тянь-Шань,

Алатау, Ұлытау, Қаратаулардан дүниелік қор тапқандардың, екеуі осы «Коммунадан»

Наши рекомендации