Ылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсініктер.

Адамзат қоғамының қалыптасуы, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатылармен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі ерекше екені белгілі. Екінші жағынан, ғылым - қоғамның өзін дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып, игерудің, данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенін жақсы білеміз.

Сонда ғылым дегеніміз не? Ғылым мен білім деген түсініктер бір мағынада ма?

Адамның айналасындағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа, ұзаққа созылатыны және де оның адамның жаңа әрі тың білімді игерумен байланысты екені алғашқы тауарлардан мәлім.

Білім дегеніміз - материалдық және рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.

Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім және ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болған құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай етіп жатқанын пайымдайды.

Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дәл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды.

Ылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің әрі күрделі нәтижесі болып табылады.

Сөйтіп, ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім және объективті шындық.

Тарихи тұрғыдан ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқы ғылым жүйелі ой пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т.б. қарапайым білім негізінде дүниеге келген. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе философия болғаны белгілі. Ғылымның шынайы шарықтап дамуы қайта өрлеу дәуірімен және Жаңа заман кезеңімен байланысты. Капиталистік өндіріс тәсілінің орнығуы, өндіргіш күштердің күрт дамуы, техника саласындағы табыстар. Орасан зор географиялық ашылымдар жаңа дәуір ғылымының өркендеуіне негізгі себеп болып табылды.

Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына өндірістік және әлеуметтік, логикалық факторлар әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлінісінің өндірістік, техникалық талаптар - әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторларға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері - логикалық ғылымдарды талап ететін факторларға жатады. Сондай-ақ әрбір ғылымның дамуының ішкі логикалық заңдылығы бар. Ол - бір жаңалық бір жаңалыққа түрткі болып, бірінен-бірінің туындауы. Ғылымның әлеуметтік мәні, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет.

Осы тұрғыдан алғанда ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы.

Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталсақ: Табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым - тарихи- заттық және рухани дүниенің объективті заңдарын ашу және қарастырып отырған құбылыстарды, процесстерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттармен бағдарларын болжай білу құралы.Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.

Ғылымға енетін қағидалар дәлелденген және негізделген болуы керек. Күмән туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми прогресс барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады.

Қазіргі дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды - қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндіріс ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы мен бірігуі, ғылымның тікелей өндіргіш күшіне айналуы - қазіргі ғылымның ерекшелігінің бірі.

Ғылымның техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету жағдайында іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.

Сөйтіп ғылыми білімнің ерекшеліктері:

1. идеалдылығы;

2. ұғымдар мен анықтамаларға бейімдеуі;

3. жүйелілігі;

4. шынайы нақтылығы;

5. жаңалылығы;

6. экспериментке неізделуі.

Келешекте білімнің әр-түрлі салалары бір-біріне тең және еркін шығармашылық мақсатпен дамиды деген көзқарас үстемді болады.

Ғылыми білімнің құрылысы /структурасы/ ғылым класификациясымен байланысты. Классификацияның қажетті өлшемдері:

1. классификация нәтижесінде ғылыми білімнің еш түрі бөлінбей қалмау керек;

2. олар бір-бірін жоққа шығару қажет;

3. бөлу негізі бәріне ортақ болу керек.

Философия тарихында танымалы ғылым классификациялары:

1. Г.Ф.В. Гегельдің /1770-1831/, негізінде абсолюттік идеяның дамуы жатыр; логика, табиғат, рух; үш класс пайда болады: 1. логикалық ғылымдар; 2. табиғат туралы ғылымдар /механика, физика, химия, биология/; 3. адам туралы, қоғам және мәдениет туралы ғылымдар /антропология, психология, тарих, философияға өзгеше роль жүктейді «ғылымның ғылымы»/.

2. Фридрих Энгельстің /1824-1895/, негізінде материяның дамуы мен түрлері жатыр; 1. тірісіз материя туралы ғылымдар /механика, физика, химия/; 2. тірі материяның түрлері туралы ғылымдар /биология/; 3. материяның әлеуметтік түрлері туралы ғылымдар /әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар/; «шекаралалы» ғылымдар /физикалық химия, биохимия/; комплекстік /логика, философия/.

3. Владимир Иванович Вернадский /1846-1945/ объектілердің масштабының мөлшерін қолданды; оның классификациясында екі үлкен ғылыми топтар пайда болды: 1. бүкіл реалды дүниені, ғарыш кеңістігін зерттейтін /физика, химия, математика, астрономия/; 2. жер реальдылығын /биологиялық, геологиялық, географиялық, әлеуметтік-гуманитарлық/ зерттейді. Мысалы, ғылыми білімнің классификациясы бойынша биология ғылымы: - зерттеу бағыты бойынша /микробиология, ботаника, зоологияға/; - қасиеттеріне қарай /морфология, молекулярлық биология, экология, генетика/; - құрылысты ұйымдастыру /анатомия, гистология, цитология т.б./ - бәрі жатықтық, яғни ғылымдарды бір сызық, реттілік бойынша құрастырылады.

4. Огюст Конттың классификациясы да танымалы болған. Бұл классификация қарапайым қозғалыстарды зерттейтің ғылымдардан басталып – механика мен физикадан, қозғалыстың жоғары түрлерін зерттейтің әлеуметтанумен бекітіледі. Сөйтіп, келесі ғылымдар әуелгі ғылымдардың заңдары мен принциптарын қолданып, өздерінің ережелерін еңгізген.

           
    Ылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсініктер. - student2.ru
  Ылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсініктер. - student2.ru
      Ылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсініктер. - student2.ru
 
 

19 ғ. позитивизімге қарсы келесі классификацияларын ұсынғандар Вильгельм Дильтей /герменевтика/ мен Вильгельм Виндельбанд және Генрих Риккерт /неокантианшылдық мектеп/.

Герменевтика: Дройзен, Дильтей, Зиммель және Макс Вебер.

Дройзен пікірінше: түсіндіру мен түсінудің дихотомиясы мәлім (Erklaren и Verstehen). Табиғаттану ғылымдардың мақсаты – түсіндіру болса, тарихтың – түсіну /пайымдау/.

Осы ойлар Дильтеймен жүйелі түрге келтірілді. Түсіну туралы ғылымдарды қолданатын рух туралы ғылымдар деп саналады (Geistwissenschaften) - (moral science).

Дильтейдің пікірінше: «Табиғатты біз түсіндіреміз, ал рухани өмірді түсінеміз».

 
  Ылымның анықтамасы. Ғылым туралы түсініктер. - student2.ru

5.В. Виндельбанд пен Г. Риккертің классификациясы: табиғат туралы ғылымдарға қатысты натуралистік дүниегекөзқараспен методологиясы туралы тезиске қарсы шығады.

Табиғаттану мен тарихи ғылымдар әр-қашанда өз-арасында принципиалды қайшылықта болу қажет. Оның себебі, олардың ұғым қалыптастыру айырмашылығында жатыр. Тарих өзінің мәліметтерін жалпы ұғымдық деңгейге келтірмейді.

Номотетикалық - идеографиялық, генерализациялау - индивидуалдандыру.

Құндылықтар, «тарихи индивидттер».

әдіс/құндылық құндылықтан айырылған табиғат мәдениет пен құндылықтарға қатынас
номотетикалық генерализациялау   таза табиғаттану: физика мен химия құндылықты, генерализацияландыратың ғылымдар: экономика теориясы, әлеуметтану
идиографиялық индивидуалдандыру   табиғаттану ғылымдардағы: «квазитарихи элементтер»: күн жүйесінің тарихы, биологиялық түрлердің тарихы мәдениет туралы ғылымдар: тарих, әдебиеттану

Наши рекомендации