Стр. 152 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 152 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 151

Стр. 152 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 153

Қазақстанның ашық кітапханасы

дәрігерлері о жер, бұ жерімді қайта шұқылай бастады. Бас дәрігердің «өз бақылауымнан

өткізем» дегені де осының салдарынан туғаны анық еді.

Соңғы күндердегі үлкен ермегім майдандағы жолдастарымның жазған хаттары. Еш

нәрсені ашып айтпағанмен көңілдері көтеріңкі. Қимыл әзір екінші белеске шыға қоймаса

да ой ол белестен асып кетіпті. Володя әртүрлі қалжың қосып жазады. Петр Ушаков

мұртын есіріп жіберіп еді, сонау солтүстікте болатын мұртты бір бәле бар еді ғой қазір

соған ұқсап барады; мұндай суық жүзді, қабағынан қаһар түнерген солдатты өз көзім

көрген емес дейді. Ростов айқасы үшін біздің белімге бірталай абырой қосылған сияқты.

Володя өзі туралы еш нәрсе айтпаса да, маған деген үлкен қуаныш барын аңғартады.

Володяның өзінің бір қуанышы мені тары да асықтыра түсті. Партия қатарына алынуды

талап етіп, екеуміз арызды бір күні берген едік. Ростов бір жайлы болғаннан кейін

арызымыз қаралатынын екеуміз де сеніммен күтетінбіз. Володя қазір партияға алыныпты

да мен болсам мынау, емделумен жүрмін...

Жоқ, тез майданға жету керек!

Политрук Ревякин тура әмір бере жазады. Әр айқаста сенің орныңды ешкімге бермей

келдік, енді жетер, тез орныңа кел дейді.

Өзің комсомолсың, осынша емделе бере ме екен! — деп қалжыңдап та қояды. Бірақ

қалжыңның өзі де маған әмірдей сезіледі.

Бөлмемізге сыя алмай коридорға шығып ем, сырттан Вася келе жатыр екен. Лепіріп, екі-

үш баспалдақтан бірақ аттайды. Ол Киров атындағы шахтаның бір жаңалығын көруге

кеткен еді, әлденеге тасып қайтыпты. Мені иығымен соғып кете жаздап әрең тоқтады да:

Мен біржола келісіп қайттым, Костя!.. Берлиннен кейін тура Қарағандыға келетін

болдым! — деді, аптыға сөйлеп.

Кіммен келістің?

Кіммен?!.. Жоқ, келіскен жоқпын... митинг болды...

Маған сөз беріп еді, мен уәде бердім! — деді.—.Сен Қарағанды деген жердің немене

екенін білемісің? Жоқ, білмейсің... Мен де білмеймін... Ал, сен қайтесің?

Шынында да, соғыстан кейін мен қайтемін осы? Жер бетіндегі өмірде құйын, дауыл,

соғыс, нөсер сияқты хал» дердің бәрі өткінші. Оның ар жағында үлкен сарынымен өмір

жатыр. Жер денесін шіміріктіре келіп соғылатын әрбір снаряд ауыр-жеңіл жара салмақ.

Сол жара көздің соқырындай, мұрынның пұшығындай болып, өшпей орнында қала

бермек пе? Жоқ, қала алмайды.

Мен әр істі өз уақытында істеу керек деп ойлаймын. Қазір соғыс уақыты. Мен де өз

орнымда сияқтымын. Қазір азамат борышы не деп сұраса, мен қару асынуда дер едім.

Керек болып қалса, ол қаруды мен кейін де тастағым келмейді. Бірақ өткінші — өтеді. Ол

кезде, қаруын тастамай жалғыз сопайып қалған адам мен де болмаспын. Қай қару керек

болса, қолыма соны алармын.

Мен жауап бермей кідіріп қалған соң, Вася күте алмай бөлмеге қарай кетті. Мен әр

баспалдақта бір ойға кездескендей баяу қозғалып үйдің астыңғы қабатына қарай келе

жатырмын. «Соғыстан кейін мен қайтемін?» деген сұрау кең өмірдің әр жерінен маған бір

орын іздегендей, ойымды сүйреп әлдеқайда әкетеді. Шалқып, шіреніп Каспий көз алдыма

Наши рекомендации