Стр. 166 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 165
Стр. 167
Қазақстанның ашық кітапханасы
себелеп автоматшыларын бері ығыстырып келеді. Арт жағынан жауған оқ үстіне келіп
қалған шөп машинасындай тарсылдаған соң, жау автоматшылары еріксіз ілгері жылжып
қояды. Арттарына қарап жарқ етіп қалған кездер, түнерген жүздер бізге де айқын көрінді.
Солдат үшін бұдан ауыр мазақ та, қорлық та болмасқа керек. Қазір айқасар жауын, болса
да мына қорлығына жаның ауырады.
Автоматшылардың арт жағын бір тұрғызып алған соң, пулеметшілер енді бұғуларына ерік
бермей, тез қуалап алға қарай айдады. Алдарында арандай ысылдаған біздің оқтар. Осы
екі оттың ортасында, мағынасыз, мақсатсыз, шынын айтқанда солдатқа лайық айқассыз,
бір рота босқа қырылып қалды. Біздің көргеніміз — қайтсем жаным қалар деп, алды-
артынан бірдей ығысқан, басқару шеңберінен біржола шығып кеткен көбінесе, артына
қарап айғайлап ызаланған қарулы ғана адамдар еді. Әрине, әрбір қарулы адам солдат та
емес.
Басқару шеңберінен айрылып, ендігі ойлағаны бір жаны болып қалған солдат майдандағы
ең бишара адам. Онда солдаттың ызғары да жоқ, жай адамның айла-тәсілі де жоқ. Сонша
көп автоматшы біздің бірімізге оқ дарыта алмай, босқа қырылды да, батып бара жатқан
күнге бұлдыр ғана шағылысып, шашылған автоматтары орындарында қалды.
Күшпен бағындырып отырған халқың соғысқысы келмесе, оны тағы да күшпен соғысқа
салуға болады, әрине, бірақ ол жеңіс армиясы бола алмайды.
—
Мен былтыр күзде-ақ тұтқынға түсіп кетуді арман етіп ем. Венгер халқы Россияға
жауығарлық түк себебі жоқ,— дейді мынау деп, Вася жаралы венгердің сөзін бізге аудара
бастады, -—Мен христианин... Өлім алдында өтірік айтпаймын. Венгер халқы сендермен
тіпті соғысқысы келмейді. Еш уақытта соғысқысы келмейді... Біздің айып айдауға
көнгенімізде. Мен өлем, бірақ қолдарыңа тағы бір венгер тірі түссе, о да осыны айтар!.. Су
беріңдер маған,— рахмет, жолдастар...
Жаралы венгер бұралып бүктетіліп бір ышқынды да үнсіз қалды... Манадан бір сарынды
қоңыр үнмен оның сөзін аударып отырған Вася да тоқтады. Таудан соққан кешкі салқын
жау өліктерінің күлімсі исін де әкеле бастады.
Іңір кезінде мені Мирошник шақыртып алды. Алпыс шақты жау автоматтарын әрең
көтеріп, төрт жауынгермен келдім. Командиріміздің жағасына тағы бір төрт бұрышты
қызыл қосылып .қалыпты. Онысы Кавказ жұлдызындай ескілерінен гөрі айқын күлімдеп
тұр. Бұрын лейтенант десем, енді аға лейтенант деп, әлем беруге тура келді.
Мирошник сыпайы ғана езу тартты да, қолымды қысып отыруға нұсқады. Осы езу
тартқаны мен қолымды қысқаны біздің бөлімнің бүгінгі еңбегіне айтқан алғысы да еді.
Кешегі әбігерлік өтіп, командиріміз өзінің жайдары қалпын тауыпты. Біздікі сияқты тас
үңгірде Ревякин екеуі жайласып, шай ішіп отырған кездері екен. Жалпылдақ шамның
әлсіз жарығымен бокал түбіндегі шай қызыл шарап сияқтанып қою сезіледі.
—
Ұстай бер!—деді Ревякин, маған өз бокалын ұсынып. Мен бокалды тосып тұрдым
да, Ревякин екі бүйірін жалын шалғандықтан тәйпік қара-ала қанды елге ұқсай қалған
қалайы шайнектен шай құя бастады:
—
Үш күннен бері ішіп отырған шайымыз осы!
—
Сарталиев келсе, майдан беті түзеледі демеп пе ем!— деп Мирошник қалжыңдап
қояды.— Сен Жамбыл бабаңнан бата ала келуді ұмытып кеткен жоқ шығарсың?
—
Әрине, ұмытқаным Жоқ... Әулие қарт жеңіс бір-ақ белдің астында тұр депті.