Модуль тапсырмасын бағалау межелері

Модульдік кітап

ҒЫЛЫМИ БАҒДАР

Модульдің жауапты координаторы _ф.ғ.к. доцент Дүсіпбаева Қ.С.

Модуль координаторының электрондық поштасы[email protected]

Модуль координаторының телефон номері 8-775-391-82-05

Пәндер сағат кредит
Философия және этика
Информатика
Академиялық жазылым және оқылым
Қазақ тілі
Дене тәрбиесі  
Студенттердің жүктемесінің саны

МОДУЛЬ МАЗМҰНЫНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

«Ғылыми бағдар» модулі төмендегі пәндерден тұрады:

ü Информатика

ü Философия және этика

ü Академиялық жазылым және оқылым

ü Қазақ тілі

ü Дене тәрбиесі

«Ғылыми бағдар» модулі студенттердің болашақ мамандықтары бойынша және пәнаралық контекст аясында философиялық дүниетанымының қалыптасуына, оқу тілінің лингвистикалық нормаларына сай ғылыми жұмыстар жазудың негізгі және танымдық дағдыларын игеруге, заманауи ақпараттық технологияны қолдануға бағытталған.

Құзыреттіліктер:

Модульді игергеннен кейін нәтижесінде студент

– әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен фактілерді талдау мен бағалау үшін философиялық категориялар мен қағидаларды пайдаланады; интеллектуалды дамуы үшін танымның негізгі тәсілдері мен құралдарын қолданады;

– құжат, есеп, сайт, презентация мәтіндерін құрастыру тәжірбиесінде қолданбалы бағдарламаларды MS Word, MS Exel, Google Document, Presi com, Pecha Kucha, Corel Video және т.б пайдаланады (мәліметтерді енгізу, өңдеу және талдаудың ақпараттық технологиясын қолдана білу);

– ғылыми-практикалық зерттеулер үшін керекті ақпаратты табалады және пайдалану;

– кәсіби және ғылыми мәтіндерді құрастыру барысында академиялық талаптарға сәйкес ғылыми-кәсіби зерттеулерді жинақтау, талдау, салыстыру, түсіндіру;тілдік білімдерін қолдану;

– кәсіби-бағытталған байланыс аясында және мәдениаралық қатысым контексінде ғылыми-публицистикалық тілдің ауызша және жазбаша мәдениетін қолдану;

Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы:

Модульдік тапсырма дегеніміз модуль аясындағы пәннен алған білімінің мазмұны мен деңгейін анықтайтын белгілі бір тақырып бойынша топта(4-5 студент) атқарылатын жұмыс. Жұмыстың нәтижесінде ғылыми жобаның мәтіні жазылып, сол мәтіннің негізінде слайд презентация дайындалады. Бақылаудың қорытындысы студенттердің ғылыми практикалық конференциясында ғылыми жобаны қорғау болып табылады.

Ғылыми жоба дегеніміз философия, әлеуметтану, лингвистика немесе басқа да ғылымдар бойынша нақты бір ғылыми мәселені немесе сұрақ аясында зерттеу жүргізу. Ғылыми мәтіннің құрылымына сыртқы мұқаба, мазмұн, кіріспе, екі немесе үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымша жатады. Ол жеке туынды болуы керек ( жазылған мәтіннің Қорытынды баға алу үшін студент модуль тапсырмасы бойынша белгіленген уақытта ғылыми жұмыстардың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптарға сай ғылыми мәтінді және конференцияда сөйлейтін презентациясын әкелуі керек.

Ғылыми жоба жазуға ұсынылатын нұсқау:

Кіріспеде жобаның өзектілігі, мақсаты, міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдері, нәтижесі, жұмыстың құрылымы жазылады.

Негізгі бөлімнің мәтіні 7 беттен аспауы керек, ол 2-3 тараудан болуы мүмкін. Бірінші тарауда осы мәселе бойынша ғылым әдебиеттерге шолу жасалып, отандық және шетелдік ғылымда зерттелуі болу керек, ал екінші тарауда ( практикалық бөлімінде немесе өзіндік зерттеу бөлімінде) ғылыми мәселенің нәтижесінің нақты талдауы (өткізілген сауалнаманың салыстырмалы талдауы) көрініп тұруы керек.

Қорытынды да кіріспеде қойылған міндетке сәйкес негізгі нәтижелері, сондай ақ осы ғылыми мәселенің болашағы туралы жазылуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиет тізімінің құрамында ғылыми жобаның тақырыбы бойынша кем дегенде 10 дереккөзі болуға тиіс.

Слайд презентация жазылған мәтіннің негізінде құрастырылып, ғылыми жобаның мазмұнына толық сәйкес болып, ғылыми зерттеу жүргізген студенттің ой өрісін көрсету қажет.

Модуль тапсырмасын бағалау межелері

Ғылыми жобаның құрылымы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), ғылыми жобаның тақырыбы бойынша кем дегенде 10 дереккөзінен тұратын және талапқа сай ресімделгенәдебиет тізімінің бар болуы. Ғылыми жобалар тән академиялық, логикалық, дәлелдемелік ерекшеліктердің болуы. 20 %
Ғылыми жобаның негізгі ережелері туралы білуі және сұрақтарға жауап беру дағдысы мен ғылыми пікірталасқа қатысуы ( жоба тақырыбы, ғылыми түсініктер мен терминдер мазмұны, жоба тақырыбының өзектілігі, қолданылған әдістер, зерттеу нысанының ерекшелігі, алынған мәліметтердің талдауы, нәтижелердің растығы, қорытынды жасау дұрыстығы және т.б.) 20%
Ғылыми жобаның мазмұн бойынша негізгі талаптар мен ғылыми жоба мәтінін ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестігі (тарау атауларының жинақылығы, дәйек сөздер, әдебиет тізімі, сілтемелердің ресімделуі, абзацтардың қатаң сақталуы). 20%
Ғылыми жобаның мәтін және слайд презентациялардың мазмұнына сәйкестілігі, сонымен қатар қолданылған бағдарламаның, суреттердің, диаграммалардың, кестелердің және т.б. тиімділігі. 20%
Ауызша сөйлдеудің академиялық сипаты, соның ішінде әдеби тілде сөйлей алатынын көрсете алуы, ғылыми жобаны қорғау ғылыми сөйлеу техникасына қойылатын талаптарды білуі (ауызекі сөйлеу стилінің болмауы, терминологиялық нақтылық, комплиментарность и т.б.) 20%
  Қорытынды 100%

Модульдік жобаның тақырыптары:

Модуль тапсырмасының тақырыптары Әдебиет Апта
1. Қазақстандық жастардың тілдік бейнесі (ғаламтор, әлеуметтік желі, микроблог, блог материалдары бойынша): әлеуметтік-философиялық аспект 2. Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтар иерархиясындағы «достық» ұғымы 3. Ғаламтордағы тілдік агрессия: себептері, салдарлары, мәселені шешу жолдары 1. Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. – 202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html) 2. Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179. 3. Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. – 144 с. 3 апта- алғашқы есепті өткізу   5 апта - есепті талқылау   7 апта модуль тапсырмасын өткізу

Наши рекомендации