Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 92

Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 94

Қазақстанның ашық кітапханасы

Қорықпай араласып кетіп, менен жауды бұрын көріп қайтқан жолдасыма қызыға қарап:

Ал, қалай екен? Қандай екен? — дедім.

Түк те емес! — деді Володя, — ойдан, қырдан жиналған бандит сияқты. Сен

патшаның урядниктерін көріп пе ең?

Жоқ, өзің ше?

Мен де көргем жоқ. Бірақ жақсы білем! Танкі дегенің қоңыздай қаптап келеді. Көз

жетер жерде жігі ашылмайды. Машина да сондай. Жаяу әскер дегеніңіз жаяу жүрмесе

керек, бәрі машинада. Тек қана бейбіт елді көргенде, қызығып кетіп, қасқырдай шабады

екен. Адам баласын иттен жаман қорлап келеді! Урядниктен қай жері артық? — деді

Володя. Мен мақтап, дауласып отырғандай, қатал дауыспен айтты. Жүзіндегі мақтаныш

іздері өше қалды да, күреңденіп күйініш шыға келді.

Былапыт, нас... Талан-тараж шығар істеп келе жатқандары? — деді кемпір қайта

оралып келіп:

Одан да жаман! Нағыз айуан барып тұрған! Қандай қылмыстан тартына

алатындарын біле алмадым!—дегенде, Володяның көзіне жас келіп даусы әлсіреп шықты.

Алқымына ашу мен ыза тығылып тұр.

Мен иығына қолымды салып:

Володя, мұның не! Сен пісіп-қатқан барлаушы емеспісің! — дедім.

Шыдап көр!— деді Володя,— бала-шағаны танкымен бастырмалатып, малдай

айдап келеді. Құлаған кемпір-шалды жолдан сүйреп те тастамайды... Басып өте береді!

Барлаушы болсам қайтейін, шыдар жай жоқ! Ағаш пен егін арасындағы қылықтарға қалай

шыдарсың! Фашист шошқалары қорлау мен зорлаудың неше атасын үйреніп шығатын

болса керек. Зарлап, қарғысын айтып жатқан жас әйел, жас қыздардың қасында айғырдай

оқыранып, қарқылдап күліп, мазақтап тұрған нас айуанды көргенде кім шыдай алар?

Барлаушы шыдау керек! — деді Петр.— Көрсең де көрмегендей, еш нәрсеге

таңданбай, бетің, бүлк етпей өте бер!

Сенің шыдағаныңды да көрерміз!

Мен шыдаймын! Менімен барсаң сен де шыдайсың!

Иә, шыдамағанда не істедің? — деп мен Володяға қарадым.

Володя үндеместен қалтасына қолын салды да, сары сапияннан жасалған әмиянды суырып

алып, менің алдыма тастай берді. Жаудан қолға түскен бірінші қағазды бір штабтың

қағаздарын қолға түсіргендей-ақ бәріміз үңіліп, бар ынтамызбен қарап шықтық.

Ең алдымен көргеніміз, басын кекжитіп, мұртын үрпитіп, бар дүниеге паң қарап түскен

офицер суреті еді. Жаратылысына да, өзінің істеп жүрген істеріне де көңілі риза бір паң,

бізге менсінбей қарап тұр. Қағазында «Капитано Альберто-Николо-Пьятро Коррини» деп

жазылыпты.

Неміс емес, итальян болар,— дедім.

Біреуі де емес, сволочь!—деді Володя.— Жендет! Ондай арсыз доңыздың

фашизмнен басқа ұлты болмау керек!

Стр. 94 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 93

Стр. 93 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 95

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бұл жолы Володядан күтпеген қатал сөздер шығып кеткеніне жолдастарым түгел

таңырқап қалыпты.

Жаса, Володя! Адам болуға бет алыпсың!—деді, риза болып кеткен Петр. Зонин

кеңкілдей күліп:

Сен оны қалай жаукендедің? — деп сұрады. Володя сұрауға таңданғандай, айнала

қарап:

Қалай болушы еді? Атыс салды деймісің? Егін арасында шешінгелі жатқанда

желкесінен салып жібердім де, алқымынан сығып тастадым,— деді Володя. Ішіміздегі ең

жасымыз Володяның жалғыз жүріп жауға шапқан ерлігіне бәріміз де қызыға қарап, бір

ауыздан мақтау айттық.

Бір сорлы әйелдің көз жасын жұғасың ғой... Солай ма?—деді, манадан шетірек

отырып қалған кемпір. Соны айтты да, Володяның жауап беруін күтпей қасына келіп,

иығынан сипап, арқаға қақты. Жауынгердің кімді арашалап, қол іске барғанын енді өзі де

түсінгендей еді. Әмияннан табылған хаттар мен әр түрлі әйел суреттерін ақтарыстырып

отырып:

Осының бәрін штабқа өзің апарып тапсырасың! — дедім.

Штабқа?.. Жоқ, Костя, мені ондай жерге жұмсама, тәңір жарылғасын. Көрген-

білгенімді сұрай қалса, мен бәрін шатастырып алам,— деді Володя жүрексініп. Әлде өз

ісін ағаттыққа санап қалды ма, әлде шын-ақ көрген-білгенін тәртіппен айта алмаймын деп

қысылды ма, әйтеуір жүзінде едәуір қобалжу бар еді.

Жоқ, барасың. Бұл бетте келе жатқандар қандай дивизиялар екендігін анықтау,

біздің штабқа өте қажет істердің бірі болар. Барасың,— деп, капитан Корринидің

қағаздарын Володяның қолына бердім.

Жарайды, жолдас сержант,— деп, Володя орнынан тұрды.

Әуелі тамақтанып ал.

Жоқ, тамақ жегім келмейді... Өзеннен жүзіп өтейін, ә?—деп, Володя кетуге

ыңғайланды. Жүзіндегі қобалжу көбейе түскен соң, тағы бір-екі ауыз сөз үшін тоқтатқым

келіп:

Жолдас Толстов! Мен сізге тамақтанып ал деп бұйырамын! — дедім.

Володя жауабын ширақ қайтарып, тамаққа отырды. Жауынгерді жұмысқа жіберерде

беретін бұйрығыңды соғыстың өз тілімен қатал беру керектігі өзімнің есіме де түсе қалды.

Екінші барлаушы Сергей әрі бармай, беріректе қалған екен. Сондықтан оның әкелгені

қашқан жұрттан естіген хабарлар. Оның үстіне Володяның көрген-білгенін көтерісіп

келіпті... Сергей суретші болам деген талабы бар жас. Курста жүргенде қолы босап кетсе-

ақ, сурет салып әуреленуші еді. Демалыс күндерінде өзгеміз теңіз жағасына кетсек, ол

сурет салып үйде қалатын. Ол қазірде Володя әңгімесінің қалтарыс қалған жақтарын

толықтырып қойып отыр. Володяның әскер тілімен айтқандарына Сергей әр түрлі

бейнелеу береді.

Сережа дұрыс айтады. Менің есімнен шығып кеткен екен— деп, Володя мақұлдап

қояды.

Наши рекомендации