Мақсаттары мен әдістемелік кеңестер

Мәдениеттану бойынша оқу курсы - гуманитарлық циклдың бір түрі, барлық мамандықтың студенттері окуына негізделген.

Лекция сағаттары бағдарлама курсы бойынша шектелген, негізгі сағат саны СӨЖ мен СОӨЖ-ға берілген. СӨЖ – студенттің белсенді, дербес форма жұмысының бір түрі. Сонымен қатар, студенттің жүйелі және жауапкершілікпен атқарған жұмысы семестрдың аяғында емтихан кезінде оқытушыға студентті объективті бағалауға көмектеседі.

Осы мақсатта студентке, біріншіден, оқу бағдарламасымен танысу ұсынылады, оқулық тізімі, анықтама және қосымша әдебиеттер, СӨЖ дайындалу кезінде көмектеседі.

Сіздер мәдениеттану СӨЖ сабағынын тақырыбын біліп алған соң, оның жоспарымен үлкен зейінділікпен танысыңыз, ұсынылған әдебиеттерді дұрыстап алыңыздар. Есіңізге сақтаңыз, оқу әдебиетін оқып білуге мүмкіншілігіңіз болмағаны, сабаққа дайындалмай келгеніңізге себеп бола алмайды. Керекті әдебиетті таба алмасыңыз лекция материалдарын қолданыңыз. Мәдениеттану СӨЖ сіздің эрудицияңыз, кең көзқарасыңыз жаңа материалды, талдап, жинақтау шеберлігіңіз де бағаланады, есепке алынады.

Осы пәннің ерекшелігі осында. Өзіңіз байқағандай, пәннің сізге деген талабы. Сіздің шығармашылық белсендігіңіз, сонымен қатар, лекция кезінде оқытушының тереңдете берілген тақырыбына, қоғам өнеріндегі әр түрлі бағыттарды есере отырып, лекция тақырыбына өз көзқарасыңды, пікірінді көрсете біл, талдай біл, жинақтай біл.

Сонымен, сіз лекция материалдарын еске сақтап, кезекті семинарға, СӨЖ-ге дайындалуға көмектеседі.

Әдебиетпен жұмыс осы дұрыс таңдап алумен шектелмейді. Ең қажетті дағды тестпен жұмыс кезінде негізгі тақырыпта белгілеп, оны талдап, жинақтау.

Өзіңізге ұнаған мәселе хабарлама жасауыңызға болады. Өзіне шағын жоспар кұрып алғаның өте пайдалы. Ең қолайсыз: егер студент өз жазғаның дұрыс оқымаса, өз жазуын өзі түсінбесе.

СӨЖ-ге жүйелі дайындық ауызекі дұрыс сөйлеуіңді қалыптастырады. Ең қиындық туғызатын мәселе, студент өз баяндамасына қорытынды жасай алмайтыны. Осы мәселеге көңіл бөлу қажет.

Тағы бір ескеретін жағдай, студент өз баяндамасын оқып болған соң, ары қарай СӨЖ жұмысына қатыспауы. Бұл дұрыс емес. Оқытушы корытынды жасаған кезде талқыланып жатқан мәселеге зейін қоймағаныңызды есере отырып, бағаңызды кемітуі мүмкін. Студент өз белсенділігін көрсеткені жөн: баяндама оқыған студентке сұрақ қойып немесе оның жауабын толықтырып, өз пікірін айта білсе.

Мәдениет теориясы

Мәдениет туралы ұғым, оның қызметі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар:

1. Мәдениеттану пәні нені оқытады, оның мақсаты.

2. Мәдениетті ғылыми тұрғыдан зерттеу тәсілдері.

3. Мәдениеттанудың гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны.

4. Мәдениет деген не?

5. Жеке адамның жалпы мәдениеті.

6. Жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениет.

7. З.Фрейдтің, Ж-Ж. Руссоның, М. Бахтиннің мәдениет жайындағы басты қағидалары.

Мәдениет және өркениет. Мәдениеттанулық тұжырымдар және теориялар

Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар, тапсырмалар:

1. Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын жазу.

2. “Өркениет” ұғымының мағынасы неде?

3. О. Шпенглердің “Еуропаның ақыры” (“Закат Европы”) атты еңбегін конспектілеу.

4. А. Тойнбидің “Тарихты игеру” ізденісін оқып келу.

5. “Либидо”, “сублимация” деген не?

Мәдениеттің рухани құрылымы: өнер, дін, мораль, құқық, саясат, ғылым, білім, тіл, қарым-қатынас т.б.

Өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар, тапсырмалар:

1. Қоғамның саяси мәдениеті.

2. Мамандықтар этикасы.

3. Адамдар қарым-қатынасындағы этикет.

4. Мәдениет және діл (менталитет).

5. Білімнің қандай түрлері бар?

6. Ғылым деген не және оны қалай зерттейді?

7. “Құқықтық мәдениет” деген не?

8. Моральдың ерекшелігі неде, оның белгілері мен құрылымы қандай.

9. Этикет деген не?

10. Өнер деген не?

11. Әртүрлі мәдениет пен мәдени дәуірлерде сұлулық қалайша түсіндіріліп келді?

12. Өнердің ХХІ ғасыр мәдениетіндегі негізгі түрлерінің орны мен сипаттамасы қандай?

13. Ірі сазгерлер, суретшілер, мүсіншілер туралы мәліметтер жинаңыз.

14. “Теология” дегеніміз нені білдіреді.

15. Дін (религия) латын тілінен қалай аударылады.

16. Қандай діндерді білесіз?

Наши рекомендации