Стр. 31 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 31 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 30

Стр. 31 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты - student2.ru

Стр. 32

Қазақстанның ашық кітапханасы

жібек шымылдық құрып, енді айқын көрінетін нәрсе — Оралға апаратын жол ғана болып

қалды.

Қашан ұйқтап, қанша ұйықтағанымды білмеймін. Екі қолтығымнан қыса құшақтап бір

әйел машинадан көтеріп алғанда ояндым. Азғана ағашы бар, кең қораға келіппіз. Жаңбыр

тоқтаған, жер құрғақ. Таңертеңгі салқында меруерттей жылтылдап, бұтақтарға бозқырау

қоныпты. Бұл — Оралдың «балалар коммунасының» қорасы екен...

Өмір ұрланып өте беріпті, біз алаңсыз есе беріппіз... Шеген тоғыз жылдық мектепті

бітіріп, әскерге алынған күні, мен де он беске келіп қалғанымды есіме алдым. Шеген

мұнда келгенде, үзіп-жұлып жүріп біраз оқып қалған екенбіз.

Қазір ол әскерге алынып ұшқыштар мектебінің маңында оқып жатыр.

Байқаймын, балалар арасындағы ендігі Шегенмен сынасып. Мен қарғымаған биік, мен

ойнамаған «ағаш ат» жоқ. Денем темірдей. Бұлшық еттерім жиырылып, шиыршық атады.

Кеудем көріктей көрінді. Іші-бауырым қаншырдай, бәйге атындай жарау. Былтырдан бері

«бокс» сияқты жұдырықтай да түсіп жүремін. Апам бір келгенде жұдырықтасып жатқан

үстімнен шығып:

Құлыным-ау, мұрныңнан не қалады? — деп еді, мен секіріп кетіп:

Мұрын ұлтандай боп алды ғой! Енді ол мұрынды да тесіп өте алмайтын болды,— дедім.

Басымда қоңыр бұйра шашым бар, олай қайырсам да былай қайырсам да әдемі...

Байқаймын, бақша жаққа да көзім жиі түсе бастапты. «Баланың ісі шала» дегендей, бала

өлшейтін метр қысқарақ, баланың килограмм жеңілірек келеді. Бес жылда алған азғана

білім кеудемді кірнеп бара жатқандай, мен енді іс, мен енді қимыл іздей бастадым. Бір

кезде Шеген балалық дәуірінен шыққанын білдіріп, маған түйеқоңызын берсе, енді мен де

балалар тойынан шығып, үлкендер тобын іздей бастадым.

Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? — деп, өзімді-өзім

күнәлап қоямын.

Оқыған азамат еліне қызмет ету керек! —деп, әлден айдан құлаққа шалынған сөзді

әлгі ойыма арқа сүйеу егемін. «Оған молда оқымаса да жаназа шығара алатын» дейтін

мақал болатың қуғыншылап болса да бір тізгінге жармасқым келеді.

Оқу басталуға әлі төрт ай бар. Жаз бойы доп қуалап, турникке асылып жүрем бе? Жоқ,

балалық, сенімен қоштасар кезім жетіпті!..

Ашық терезеден қала бақшасының жаңғырыққан күлкісі келеді. Қытықтайды, мазалайды,

көңілге алаң кіргізеді. Ие, балалық шақ еткен сияқты... Сырттағы қуанышы кеп, күлкісі

кеп, әзір маған жат өмір тереземнен қол бұлғап, шақырып тұрғандай сезіледі. Сыртынан

шырамытып танығанмен әлі дәмін татпаған сыртқы дүние келең қағып, сағымдай

құлпырады. Асығар күнге жетіп қалыппын басылар шақтан әлі хабарым жоқ...

Бақша жаққа кезім түсіп кетсе, қызылды-жасылды шұбартқан көйлектерге қарап

қалғанымды байқаймын. Бақшадағы шат-шадыман сайранның ажары кіре түсү үшін,

менің үнім қосылу керек сияқтанады. Жас ұлғаюға ұмтылса, ұлғайып кеткендер жасаруға

тырысатын белгілі әдет бар ғой, мең соның, алғашқы тобындамын. Кейде киініп, таранып,

бақшаға тартуға әзірленем де, әлде не құр-құрлап, тоқтау салады. Терезеден көзімді

аударып артыма бұрылам, артымда аңдып тұрған айнаға кездесіп қалам...

Наши рекомендации