Ткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі
1. Философияның негізгі мәселесінің дәл мағынасынқандай
2. Дүниеге мифологиялық көзқарастың мәні қандай
3. Философияға дейін қандай екі көзқарас болды
4. Философия қай елде пайда болды
5. «Философия дегеніміз ойлаумен байланысты дәуір, - бұл аспект кімнің философиялық-тарихи теориясының негізінде жатыр?
6.Жаратылыстан тыс, ерекше қасиеттерге ие, жансыз заттарға табыну не деп аталадызм
7. Құдай мен әлемнің теңесуі
8. Әлемді жаратқаннан кейін, құдайдың араласуын жоққа шығару:
9.Философиядағы негізгі екі бағыт:
10. Дүниеге көзқарастың тарихи бірінші формасы:
11. Көзқарастың қанша түрі бар деп саналады?
12. Будда сөзінің мағынасы:
13. Үндістандағы мәдени ой ескерткішіне не жатады?
14. Ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксальды мектеп:
15.«Адам өмірі азапқа толы, одан құтылу жолы – нирванаға жету» деген пікір қай филосoфияға тиесілі:
16.Нирвана ұғымы қай философияға қатысты:
17.Чарвака-локаята ілімі бойынша:
18.Веда жинағындағы философиялық бөлім:
19. Джайнизм ілімінің негізін салушы:
20. Буддизмдегі қай термин адам әрекетінің соңғы мақсатын, сөну, өшу, жан рахатын білдіреді:
21. Буддаға сәйкес адам өмірінің мәні:
22. Үнді философиясындағы материалистік бағыт:
23.Қытайдағы қатаң жазалау тәртібін насихаттаған мектеп:
24.Барша Қытай мәдениетінің дамуына ықпал еткен еңбек:
25.Дао дегеніміз, бұл-:
26.«Көктем және күз» еңбегінің авторы:
27. Конфуций мектебі зерттеген мәселелер:
28.«У вэй» ұғымының мағынасы:
29.«Барлық дүние белгілі бір өмірлік қуатпен толықтырылған» деп тұжырымдайтын Көне Қытай ілімі:
30.«Мейірімділік пен адамгершілік – қылмысқа апаратын жол, ал нағыз қайырымдылық жазалаудан бастау алады» - деген уағыз айтқан мектеп:
31.Көне Қытай философиясында көк аспан қалай белгіленеді?
32.«Табиғат пен адамды басқаратын Көк аспан емес, Дао» деген:
33.Конфуцийшілдіктің этикалық идеалы:
34.Конфуцийдің тұжырымдауынша халықты:
35.Қытай іліміндегі мінез құлық ережелері мен нормалары
36.Қытай мемлекетінің әлеуметтік идеалы «Ізгілікті, асыл ер адам» концепциясын құрушы:
37.Платонның ілімі бойынша таным процесінің іске асу жолы:
38.Ертедегі грек философиясында Милет мектебінің негізгі мәселесі не болды:
39.Гераклиттің философиясындағы болмыс субстанциясы (алғашқы бастама):
40.“Бәрі ағады, бәрі өзгереді, қозғалмайтын ештеңе жоқ” деген сөздерді ертедегі грек философтарының қайсысы айтты:
41.Әлемге танымал «жебе», «тасбақа» деген апориялардың авторы :
42.Аристотельдің пікірінше, материя дегеніміз:
43.Сократтың пікірінше игілік деген:
44.Анаксимандрдың пікірінше, дүниенің алғашқы бастамасы:
45.Анаксимен пікірінше дүниенің алғашқы бастамасы:
46.«Платон менің досым, бірақ ақиқат - қымбат» деген сөзді кім айтты:
47.Идеялар туралы әлемді жасаған:
48.Фалестің іліміндегі болмыстың алғашқы бастауы:
49.“Барлық нәрсе - сан” деген сөздерді кім айтқан:
50.Христиан дінінің апологетикалық діни теологиялық шеңбері қай діни ілімді қарастыру болып табылады:
51.Арабтар философия ұғымын қалай атайды?
52.Христиан философтарының басты мәселесі:
53.Шығыс припатетиктеріне кімді жатқызуға болады:
54.Яссауидің ұстазын атаңыз:
55.Ибн-Рушдтың «екі ұдайы ақиқат» ілімінің мақсаты:
56.«Құтты білік» шығармасының авторы:
57..Аквинский іліміне не жатады?
58.Қазақстандағы суфийлік ілім қай ойшылдың есімімен байланысты:
59.Тұңғыш араб философы, Шығыс перипатизмінің негізін қалаушы:
60.Ортағасырлық философияның сипаттамасы:
61.Спиноза теориясының философиялық негізі :
62.Ж. Де Ламетри бойынша адам дегеніміз жоғарғы интеллектуалды:
63 .Г. Лейбниц бойынша барлық заттарға күш беретін және оларды қозғайтын рухани күш дегеніміз;
64.«Мен ойлаймын, олай болса, мен өмір сүремін» деген афоризмнің авторы:
65.Дедукция:
66.Жаңа заман философиясындағы эмпиризмнің пікірінше, шынайы білім:
67.Қайта өрлеу дәуіріндегі адамға берілген сипаттама:
68.Қайта өрлеу философиясында қандай мәселе алдыңғы орынға шықты?
69. Ф. Бэконның «Жаңа Органон» еңбегінде қандай төрт идол туралы айтылады?
70.Антропоцентризм қай дәуірдің философиясына тән принцип?
71. Қайта өрлеу дәуірі:
72.«Білім-Күш», «Күш-Білімде» деген қағиданың авторы:
73.Ф. Шеллинг пен Г. Гегель қай философиялық ағымының өкілдері болып табылады?
74.«Таза ақылға сын» еңбегін жазған
75.Философия тарихында диалектикалық логика категорияларының, принциптерінің және заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген кім?
76.Гегель қандай бағыттың өкілі болды?
77.Канттың «Өзіндік зат» ұғымы нені білдіреді:
78.«Таза ақылға сын» еңбегінің авторы кім?
79.Қай неміс философы тәжірбиені апостериорлық және априорлық деп екіге бөледі?
80.Гегельдің үштік пайымдау үрдістері ол:
81.Л.Фейербахтың этикасы қандай моральды құндылыққа негізделген?
82.Фейербахтың адамға берген түсінігін қалай бағалауға болады:
А) социологизм
83.Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?
84.«Үш анық» атты философиялық шығарманың авторы кім?
85.Абай философиясының орталық мәселесі-
86.Қазақстанның мемлекеттік құрылымы:
87.Қорқыт ата философиясының негізгі идеясы:
88.ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ерекше тараған идеялардың сипаты:
89.«Қазақстан – 2030» бағдарлама бойынша ҚР –ң дамуында қандай тап басты рөлді атқарады?
90.Ежелгі түріктердің жануар тотемі:
91. В. Соловьев философиясының орталық идеясы:
92.Орыс космизмінің өкілі:
93 .«Материализм және эпириокритицизм» деген философиялық еңбектің авторы:
94.Ресей философиялық ойларының негіздерін қандай идеялар құрады?
95. Экзистенциализм ағымының өкілі болып саналатын дат философы:
96. Таза сана ілімі ретінде феноменологияның интенционалды актілерін сезіну деп түсіндірген кім?
97.″Үрей метафизикасын″ пайымдауға тырысқан алғашқы философ
98.″Өзіндік референция″ және ″Ерекшелену″, ″Өзге″ атты еңбектерінің авторы:
99.″Постиндустриалды қоғам″ терминінің авторы кім?
100.Фрейдтің тұжырымы бойынша адамның мінез-құлқын қандай мотивтер айқындайды:
Курс бойынша Глоссарий
Авангардизм – авангардшылдық (франц. Avantgardime – алғы шептегілер)
Қалыптасқан қағидалар мен дәстүрлерден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай
Отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым.
Аполонийлік және Дионийсилік мәдениет-Ф. Ницшенің адамдық болмыстың екі бастауы мен мәдениетті типтерді сипаттауға байланысты енгізген ұғымдары.
Артерикт(лат. Artefactum- жасанды істелген)-табиғилықтан тыс қолдан жасалған нәрсе,мәдениеттің жемісі.
Архетип( грек.arche-бастау,tupos-бейне)-алғашқы үлгі, түп нұсқа.
Әлем картинасы, әлем суреті – тарихи кезеңдерді мәдени типология бойынша бейнелеу үлгілеріне қатысты ұғым.
Виртуалды шындық(лат.virtas –ақиқат-компютерлік техниканың негізінде кеңістіктік- уақыттың континиумды тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты-қолдан жасалған құрылымдықалыптастыру нәтижесі.
Декаданс(франц.dekadence-түңілу)-ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы өмірден түңілу, келешектен үмітсіздікке бой алдыру сарындары, дара тұлғалардың жекеленуі байқалғанын білдіретін, еуропа мәдениетінде тапқан тоқырау құбылысының жалпы атауы.
Депрессия( лат.depressio –көңілсіздік, жабырқаңқылық)- көңіл күйдің қаяулығы, зарығын сарғаюы, әртүрлі ауруларда кездесетін күй немесе психологиялық жағдай.
Маргиналдық( лат. Marginalis-шет, жиектегі, шекарадағы)- қоғамдағы әр түрлі
Процесстердің нәтижесінде (көшіқон,этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда болатын өзге мәдениет.
Мәтін – бұл жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен,сабақтастық пен тұтастық,ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізімі.
Мифология – қоғамдық сананың түрі, қоғамның бастапқы кездегі табиғатын және әлеуметтік шындығын түсіну тәсілі.
Менталитет – тіл (лат.menta – жан құрылымы) - әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастық бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл – күй,наным – иланым,рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы.
Модернизм (фр. Moderme – ең жаңа,қазіргі) – ХІХ ғ-дың соңы ХХ ғ-дың ортасында әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философиялық – эстетикалық қозғалыс.
Ойын, ойын теориясы – дәлел – дәйегі нәтижесінде емес, процесстің өзінде болтын, қимыл - әрекет түрі.
Пассионарлық (құштарлық, сезімдік)-қимыл-әрекетті аңсаған құштарлық, жекелеген адамдар да, топтарда да болуы мүмкін шектен тыс-қуатқа қабілеттілік.
Постмадернизм-дәл мағынасында модернен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді.
Постструктурализм- структурализмнің екінші толқыны, структурализмді сынаумен байланысты және оның алдынғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым.
Психоанализ-ХХғ. Мәдениетіне зор әсер ететін австриалық ғалым З.Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім.
Синкретизм ( гр. Synkretismos - біріктіру)-« жігі ашылмаған», «біте қайнасқан» деген сөз тіркестерінің синонимы болып табылатын бұл ұғым қандайда болмасын құбылыстың жетілмеген, дамымаған,өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді.
Стурктурализм- ( лат.structura-құрылым, байланыс, рет)-ХХғ. 20-жылынан бастап гуманитарлық білімдер(лингвистика, әдебиеттану тарих этнография және т.б.) саласында, қалыпытасып кележатқан бағыт.
Субмәдениет (лат.sub- төменгі,нем. kultur-мәдениет)-дәлме-дәл аудармад «астынғы мәдениет»,ірімәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар,бірлестіктер мәдениетті дегенді білдіреді.