Хiх ғ. батыс европа философиясы.

ХIХ ғ. Батыс Европа философиясын классикалық емесфилософия деп те атайды. Бұл кезең рационалдылықтан айырылып, иррационалдылыққа бет бұрған уақыт болып табылады.

ХIХ ғ. Батыс Европа философиясы негізгі үш философиялық бағытта дамыды:

1)Позитивизм(негізін қалаушы О. Конт)

2) Марксизм(негізін қалаушы К. Маркс)

3) Иррационализм (өкілдері А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, С. Кьеркегор).Позитивизм(лат. – оң, жағымды) ғылымды философиядан жоғары қоятын бағыт. Позитивистердің пікірінше ғылым тек фактілермен айналысады, ол метизикалық және идеологиялық спекуляцияларды жоққа шығарады. Өзінің дамуында позитивизм үш кезеңді өтті. Бірінші кезең О.Конттың философиясына сүйенеді. Оның ойынша, ғылымның негізі - фактілер мен нақтылы бақылауларда. Конттың ізбасарлары Г. Спенсер және Дж. Милль өз жұмыстарында ғылым негізі деп эмпирикалық білімді қарастырады.

Позитивизмнің екінші кезеңі Э. Мах көзқарастарына негізделеді. Оның позитивизмі «махизм» немесе «эмпириокритицизм» деп аталынды. Мах философиясы бойынша әлем психикалық және физикалық элементтерден қалыптасады, және олардың бірлігі нейтралды жүйе болып табылады. Бұл көзқарас материализммен идеализмнің қарама-қайшылығын жоюға арналған, бірақ өз мақсатына жетпейді. Мах ХIХ ғ. физкада туындаған қиыншылықтарды сезіне отырып, өз философиясын солардан құтылу бағыттайды.

Позитивизмніңүшінші кезеңі неопозитивизм немесе логикалық позитивизм деген атымен белгілі. Логикалық позитивизмнің бір ерекшелігі позитивизмнің негізгі мәселелерін сақтап, философиялық пробелмаларды қалыптастырып шешуге математикалық логиканың аппаратын қолданады. Неопозитивизм жайлы осы оқу құралының 17 тарауындағы мәліметтермен танысуыңызға болады.

Марксизм. Карл Маркс Гегельдің философиясын сынға алады. Маркс философиясы дәстүр ретінде Фалес пен Фейербахтың дүниетанымын жалғастырады. Гегельдің идеалистік диалектикасын Маркс материалистік тұрғыда қарастырып, материалистік диалектиканың негізін қалыптастырады. Егер Гегельдің философиясы әлемдік рух дамуын басты проблема ретінде қарастырса, Маркс шығармашылық күш ретінде материяны және оның дамуындағы ең биік деңгейін - адамды қарастырады. Маркс былай дейді: философтар әлемді тек қана ойлаумен талқылағысы келді. Бірақ, істің нәтижесі - оны өзгертуде болу керек. Біріншіден, Маркс философиясы әлеуметтік саяси бағытқа, екіншіден, қоғамдық бірлестіктердің өндірістік күшіне, үшіншіден, капитализмге негізделген.

Иррационализм. Иррационализмнің негізін салушы Артур Шопенгауэр. Шопенгауэрдің негізгі тезистерінің бірі құбылыстардың реалды өмірде көрінуі – адамның еркі болып келеді. Шопенгауэр философиялық пессимизмнің классигі, өмірдің барлығы ақылға сыйымсыз, ақылдан тыс, өмір мәнінің өзі құмарлық пен қайғы-қасіретте болып табылады. Шопенгауэр философиясы бойынша, өмір дегеніміз – шексіз құмарлық пен мақсаттылыққа негізделген.

Дат философы Серен Кьеркегордың көзқарасы діни философияға негізделген, оның философиясы адам болмысына тән болып, экзистенциализмнің негізін салушы ретінде философия тарихына енді. Адам бостандығы өмірдің басынан-ақ құмарлықпен шектелген. Кьеркегор шығармаларында адамның шынайы болуын терістейді. Кьеркегордың ойынша адамның еркі бар және ол ерік оның болмысы болып келеді. Адам өміріндегі құмарлығымен өзінің бостандығынан, еркінен айырылады. Адам өмірінде өзінің еркіндігінен қорқады, сондықтан өзімен-өзі бола алмайды. Адам өзімен-өзі Құдайдың алдында ғана шынайы алады. Кьеркегор христиан экзистенцианализм философиясының негізін салушы.

Фридрих Ницше өмір философиясының негізін қалаушысы. Ницше европалық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарын сынға алды. Ол «жетілген адам» концепциясын қалыптастырады және философиясының негізгі ұғымы ретінде «билікке ерік»-ті қарастырып, осы түсінікті адам өмірінің мәні деп талдады. Ницше философиясы алдымен Шопенгауэрге сүйеніп, өмірдің басы – ерікте дей отыра, ерікті соқыр наным-сенімге теңестірді. Құдай мәселесін Ницше философиясында: «Европа Құдайға жалған түрде сенеді, ал құдай өлді», деп шешеді.

Азіргі заман философиясы.

Қазіргі заман философиясының негізгі бағыттарының бірі позитивизмге негізделген, ғылыми революциялардың нәтижесінде туындаған – аналитикалық философия болып келеді. Негізгі мәселесі – тіл мәселесі және осы бағыттың белгілі өкілдерінің бірі – Бертран Рассел. Оның ойынша, барлық философиялық анализдер тіл мәселесінен басталады, сондықтан ізденісті арқашан семиотикалық талдаулан бастау керек. Бұл кезеңде философияның мақсаты – ғалымның ойлау бейнесін және ғылымның логикалық құрылымын, терминдердің қарама-қайшылықтарын танып білу. Осының нәтижесінде неопозитивистер қазіргі заман ғылымының логикасы мен методологиясын, верификация мен фальсификация принциптерін қалыптастырды.

Неопозитивизмнің бір тарауы - критикалық рационализмніңнегізін қалағанКарл Поппер болатын. Ол ғылымның тарихи дамуын көрсетіп, оны зерттеуді ұсынды. Ғылымның ақиқаттылығын тексеруді – верификация және ғылымның ақиқатсыздығын тексеруді – фальсификация деп атады. Барлық теориялар – уақытша гипотезалар болып келеді. Осының нәтижесінде Карл Поппер ашық қоғамтеориясының негізін қалады.

Хайдеггердің фундаментальды онтологиясы адам болмысының мәселесін және оны дәстүрлі түрде зерттеуді анықтады. «Болмыс пен Уақыт» атты еңбегінде адамзаттың «болу» мүмкіндігіне феноменологиялық анализ жасады. Экзистенциализмнің негізгі өкілі ретінде Хайдеггер уақыт пен кеңістіктің қарым-қатынасында адам «болу» мүмкіндігінің гипотезасын құрастырды. Жаңа философиялық тілді қалыптастыруда Хайдеггер онтология, гносеология, этиканы сынға алды. Хайдеггердің белгілі афоризмі «Тіл – болмыс үйі». Ол адам өмірінің шектеулігі және болмыстың шексіздігі қарама-қарсылыққа соқтырады деп санаған.

Хайдеггердің философиясы экзистенциализм бағытына тән. Бірақ, Карл Ясперстің философиясы Кьеркегордың экзистенциализміне жақын. Оның философиясының негізі экзистенциализмдегі шекаралық жағдайлар болып табылады (өлім, махаббат, қайғы-қасірет, күнә). Экзистенциализм – адам өмірінің мәні туралы ілім, сондықтан Ясперс философиясы адам болмысын қарастыруға негізделген.

Экзистенциализмнің негізгі өкілдерінің бірі Жан Поль Сартр феноменологиялық онтологияның құрылымын құрастыруға тырысты. Ол «экзистенциализм – бұл гуманизм» деп есептеген.

Ал, Альбер Камю өзінің философиясында әдеби формаларды қолданып адамның абсурдтыжағдайын талдауды жөн көрді.

ХХ ғасыр структурализмісубьекттің, индивидтің іс-әрекетін зерттеуге өз философиясын қарсы қойды. Бұл бағыт индивидтердің, ұжымдардың, адам іс-әрекеттерінің негізін тіл мәселесінде деп білді. Структурализм бағытына Ницше мен Фрейд үлкен үлесін қосты. Клод Леви-Стросархаикалық мәдениетті зерттесе, Ролан Барт - әдеби шығармашылықтың құрылымын, Жан Лакан– бейсаналық құрылымды зерттеді. Мишель Фуко өзінің дискурсивті философиясын жасай отыра, оны археология деп атады. Бұл археология дискурсивті іс-әрекеттің байланысын көрсетеді.

Постструктурализм мен постмодернизмнің негізгі өкілдері: Ж.Ф. Лиотар, Ж. Делез, Ж. Деррида, Ж. Бодрийяр және т.б.Бұл философтар бүкіл рационалды философияны сынға – деконструкцияға – салады. Олардың бағыты бойынша тіл мен мәтін мәселелерін анықтау қажет.

Тестер:

1. Философияда иррационализм бағытының негізін қалаушы:

A) А. Шопенгауэр C) Ф. Ницше

B) З. Фрейд D) М. Шелер

2. Марксизм бойынша дамудың қайнар көзі:

A) ішкі қайшылықтардаC)сыртқы әсерлерде

B) сенімде D) ақыл-ойда

3. Қоғами зерттеуде формациялық теорияны қолданған ойшыл:

А) Ницше C) Маркс

B) Кьеркегор D) Шопенгауер

4. С.Кьеркгор бойынша философияның басты мәселесі:

А) ғылымның дамуы C)болмыс және таным

B) адамның тіршілігіD) ақиқат және құндылықтар

5. Философия – ғылым емес - өнер, - деп есептеген ойшыл:

A) А. Шопенгауэр C) Ф. Ницше

B) З. Фрейд D) М. Шелер

6. Экзистенциализм философиясы – бұл:

A) өмір философиясы C) құбылыстар философиясы

B) өлім философиясы D) тіршілік философиясы

12. «Тіл – болмыс үйі», - деп санаған ойшыл:

A) М. Хайдеггер C) Ж.-П. Сартр

B) К. Ясперс D) А. Камю

7. Мәдениетті психологиялық сипаттаудағы З. Фрейд ілімінің ортақ мәселесі:

A) Кеңістік C) Super - Egо

B) Уақыт D) Сублимация

8. Постмодернизм танымында мәтін зерттеуінің басты методологиясы:

A) Жүйелілік C) Деконструкция

B) Реформация D) Конструкция

9. Постструктурализм және деконструктивизмнін негізгі жағдайларын қалыптастырған ойшыл:

A) Жак Деррида C) Мишель Фуко

В) Ролан Барт D) Жиль Делез

10. Жалпы рационалды дәстүрді және ғылыми ойлауды терістейтін қазіргі заман философиясының бағыты:

A) Экзистенциализм C) Персонализм

B) Постмодернизм D) Психоанализ

11. Мәнді, маңыздылықты дискурсивтік практика арқылы түсінетін және түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағыты:

A) Экзистенциализм C) Неопозитивизм

B) Философией жизни D) Постмодернизм

12. Классикалық эстетикада көркем бейненін орнын алатын? постмодернистік философияның басты түсінігі:

A) Гипотеза C) Деконструкция

B) Психоанализ D) Симулякр

13. «Симулякрлер және симуляциялар» шығармасының авторы:

А) Делез C) Деррида

B) Бодрийяр D) Фуко

14. «Сөздер және заттар» шығармасының авторы:

А) Делез C) Деррида

B) Гадамер D) Фуко

Наши рекомендации