Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқаулар

Қазіргі заманғы ақпараттық - технологиялық жеделдеуде жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесін тиімді жетілдіріп, оны дамытып отыру қажет Осы мақсатта студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыра білуі, оларды өз-індік бақылауға бейімдеу өте маңызды орын алады. Пән бойынша ұсынылған тақырыптарды оқып үйренуде жеке шығармашылық ізденістің алатын орны зор.Студенттердің өзіндік жұмысы силлабустағы бөлімдермен тығыз байланыста ұйымдастырылады.

Мәдениеттану пәні студенттерге, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, режимдер, мәдениет, қазіргі қоғамның институттары мен қоғамдық даму мәселелерін аудиториядағы дәріс сабақтарымен қатар жеке ізденіс жұмыстары арқылы терең оқып үйренуге көмектеседі. Студенттер кең көлемде білім ғана емес сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп, қоғам мен мемлекеттің болашақтағы дамуын болжай алатын, қазіргі құбылыстарға талдау, зерттеу жасай алуы керек.

Тақырып 1. Кіріспе.Мәдениеттанудың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.

Мәдениеттану пәні: дүние және адам. Негізгі ерекшеліктері: мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.; б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро – мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).

Мәдениеттанудың міндеттері: реттеу, танымдық, жалғастық, аксиологиялық, коммуникативтік.

Семинар жоспары:

1. Мәдениеттілік пен өркениеттілік

2. Адам және мәдениет

3. Мәдениеттер типологиясы

4. Шығыс пен Батыс: мәдениеттер сұхбаты

Тақырып 2. Мәдениеттің құрылымы, қызметтері.

Мәдениеттің рухани құрылымы: өнер, дін, мораль, құқық, саясат, ғылым т.б.

Мәдениет пен діннің өзара байланысы қандай?

Адамның мәдени қызметтерінің барлық түрлерінің ішінде діннің маңызы орасан зор.

Дін өзіндік түйсік пен көзқарас. Олар бір-бірімен мінез-құлықтың тиісті түрлерімен байланысты.

Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып табылады. Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде оның дүниеге, табиғатқа, қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын жеңуіне көмектеседі.

Тапсырма:

Студенттерді өнердің белгілерімен, түрлерімен, әлеуметтік міндеттерімен таныстыру және саясат, құқық, діннің құрылымы, ғылым мен діннің арасындағы белгілерін, адамның эстетикалық мәдениетін түсіндіру.

Тақырып 3.Дін мәдениеттің сакралдық тұрі. «Әдептілік», «мораль», «этика» ұғымдары.

Тапсырма: «Әдептілік», «мораль», «этика» ұғымдарына анықтама жазып келу.

Тақырып 4.«Мәдениет» және «өркениет» ұғымдары, олардың өзара қатынасы.

Тапсырма:Қосымша ретінде “мәдениет” және “өркениет” түсініктерінің ара жігі көрсетілген кестені ұсынамыз, жалғастырып алыңыз.

өлшемдер Мәдениет өркениет
1. Пайда болу уақытты Өркениеттің қалыбы, шартты белгісі бола отыра оған жол ашады Өркениет әдеттегідей мәдени дамудың қорытынды дәуірінде пайда болады
2. Базистік түсінік Әмбебаптылық, жалпы адамдық құндылықтар, ең алдымен руханилық Прогресс, пайда, тиімділік, рационализм
3.Мәдениет қызметтің салалары мен аражігі Рухани-теориялық, рухани мәдениет салаларының, өнердің, діннің, философияның, ғылымның синонимі Мәдениеттің шаруашылық-техникалық және қоғамдық саяси салалары: экономиканың, құқықтың, пәндік-тәжірибилік және рухани-тәжірибелік синонимі
4.Функционалдық мақсаты Адам қызметін оң, шығармашылық және әмбебап құбылыс ретінде көрсетеді Мәдениеттің дамуын оны жаппай тарату негізінде технологиялық және әлеуметтік-ұйымдық құралдармен қамтамасыз етеді  
5.Таралу нәтижесі Халық игілігіне айналған мәдениет қазынасы мен ескерткіштері Ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері, индустрияның, бұқаралық мәдениет өнімдерінің өсуі
6. Мәні Руханилықтың дамуына ықпал етеді. Адамның ішкі және сыртқы бостандығының деңгейін көтереді Материалдық игіліктің көтерілуіне, өмірдің жайлылық деңгейінің өсуіне, халық санының өсуіне, урбанизациялануғ ықпал етеді

МОДУЛЬ 2. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер

Наши рекомендации