Фупдаменталдық ғылымдардың эксперименталды негіздеу

Ғылым (араб.: علم‎ (ілім)— білім, тану; лат. scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

Негізінен ғылымдарды екі санатқа бөледі:

Жаратылыс құбылыстарын (биологиялық өмірді қоса) зерттейтін жаратылыстану ғылымдары және

Адамзат өмірі мен қоғамдарын зерттейтін гуманитарлық ғылымдар.

Бұл санаттар эмпирикалық ғылымдар болып табылады, яғни ондағы білім табиғатта көруге және зерттеушілердің әлдебір шарттарда тәжірибе арқылы тексеруге болатын құбылыстарға негізделген.

Кейде фундаменталды ғылым деп аталып үшінші санатқа жатқызылатын математика ғылымының жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдармен ұқсастығымен қатар айырмашылықтары да бар. Ұқсастығы — объективті, ұқыпты және жүйелі әлдебір білімді зерттегенінде болса, айырмашылығы білімді тексеру тәсілінде: ол эипирикалық емес, көбінше априори тәсілдеріне жол береді. Статистика мен логистика ғылымдары жататын фундаменталды ғылымдар эмпирикалық ғылымдар үшін өте маңызды. Фундаменталды ғылымдарының ірі жетістіктері физика және биология ғылымдарына да жиі ірі жетістіктер әкеледі. Фундаменталды ғылымдар нәрселердің қалай жұмыс істейтінін (жаратылыстану ғылымдары) ашу мен сипаттауда, сонымен қатар адамдар қалай ойлап, қалай әрекет ететінін (гуманитарлық ғылымдар) сипаттауға маңызды гипотезалар, теориялар және заңдылықтар құруда үлкен рөль атқарады.

Ғылым, өзара тығыз байланыста болатын, ғылыми зерттеулер нәтижелерін адамзат мұқтаждығына пайдалану болып табылатын қолданбалы ғылымнан ажырату үшін кейде тәжірибелік ғылым болып аталады.

Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.

Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізгі ағымын тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай түрінде үлкен төзімділік, мақсаттану, сәтсәздәкке мойымау қабілеті, жылдар бойы көлемді, бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса қажет.

Идеалданған, жүзеге асырылмайтын жағдайлар мен күйлерді конструкциялайтын және оларды «таза түрде» зерттейтін ерекше теориялық әдіс

Ойлау эксперименті

Идеалдандыру. Реалды түрде кездеспейтін идеалды нысан туралы түсінікті енгізу теорияны құру әдісі болады. Нүкте, түзу т.б. секілді идеалды түсініктерді енгізбей функционалды теориялық құрылымын жасау мүмкін емес.

Кейбір әдістер теориялық та эмпирикалық та деңгейде қолданылады анализ, синтез, қорытындылау, аналогия, салыстыру т.б.. Танымдық эмпирикалық және теориялық деңгейлері өзара тығыз байланысты әрі өзара тәуелді. Оның көренкі мысалының бірі – ойша эксперимент жүргізі ғылыми ойлау әдісі және ол материалды эксперимент құрылымына ұқсастығы. Оның көмегімен теориялық білім мен эмпирикалық мәліметтерге сүйене отырып зерттелуші объектінің идеалды моделі және оған әсер етуші жағдайлар жобаланып теориялық мәселенің мәні ашылады. Сонымен ойша эксперимент материалды эксперимент негізінде қалыптасқан, материалды эксперимент мүмкіндігі болмағанда қолданылады. Ойша эксперимент (теориялық таным әдісі ретінде) теория мен материалды экспериментті байланыстырушы аралық буын болып табылады. Ойша экспериментте танымның эксперименттік әрі теориялық әдістерінде жобаланған идеалды нысандармен және оларға идеалды әсер ететін жағдайларға басшылық жасалады.

Ойша эксперимент ғылымда жеке роль атқарады.Реалды экспериментпен ұқсастығын сақтай отырып, одан өзінің айырмашылығын көрсетеді.

Реалды эксперимент қоршаған ортаны танудығ пәндік монипулетивтік әдісімен байланысты. Реалды эксперимент сәйкес материалды техникалық кейде қаражатты қамтуды қажет етеді. Ал ойша эксперимент оны қажет етпейді.

37.Эксперименталдық зерттеу идеясының пайда болуы:

Наши рекомендации