Сеттiң 104 жасаған Саңқайбай атасының әңгiмесi
Ағайын туысқандарыңды жақсы бiлiңдер, туысқандарыңызбен қарым қатынасыңыз жақсы болсын. Өзi жақын тұрғанымен мейiрiмi болмаса, оның жақындығынан пайда жоқ. Өзi ұзақ болғанымен бiр-бiрiне мейiрiмi жақсы болса, онда ұзақтықтың зияны жоқ.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Менiң Мұқашбек атамның әкесi Жолбарыс бабам он ағайынды болыпты. Арғы бабаларымыз: Найман, Төрт Төлегетайдың iшiнде: Қаракерей, Байыс, Тума, Ақша, Қарабас, Қожакелдi, Көкi, Қылқабай, ал Қылқабайұлы Босқынбай бабамыздан он ағайынды ұл: Жолбарыс, Аблан, Қабылан, Есiм, Нысанбай, Өмiр, Естемес, Отаршы, Малшы, Қасен болған екен.
Жолбарыс бабамыз батыр әрi жырау жан-жақты дамыған әрi дастандар да жазып артына қалдырған екен. Қазiр осы дастандарды iздестiрiп жатырмын. Жолбарысұлы Мұқашбек атам тек қана молда емес, қари да болыпты.
Солардың төртеуiнiң ұрпақтары бармыз. Сол ұрпақтарының бiреуi менiң атам Жолбарысұлы Мұқашбектiң бауыры, Есiмұлы Саңқайбай атаны 100 жасында Науалыда, бiр бауырымыз Мақышұлы Солтансейiттiң жаназасында кездестiрдiм. Саңқайбай ата 104 жасында Аякөзде үлкен баласының қолында бiраз ғана сырқаттанып жатып көз жұмды. Туған әпкесi Захария әже 107 жасқа келгенше тыным таппай үй шаруасын iстеп, ауырмай-сырқамай Науалыды көз жұмды. Захария әжейдiң ұлы Данабек ақсақал 100-ге келiп дүниеден өттi. Осы аталып өткен адамдарға тән ортақ қасиет – бәрi де тамақты тарта iшетiн және кешке жатар алдында мүлдем тамақ iшпейтiн. Сондай-ақ тынымсыз, бiр орында отыра алмайтын жұмыскер адамдар болатын.
Саңқайбай атамыздың аққұба өңi аса шырайлы, бойы екi метрге жете қабыл, қақпақ жауырынды, батыр тұлғалы, денесi тiп-тiк, жүрiсi серiппелi, әскери адамдардiкi сияқты аршынды екен. Аузындағы тiсi түгелдей бүтiн, қимылы жас жiгiттердiкi сияқты ширақ, көз жанары өткiр, құлағы сақ. Түрi жетпiске ендi ғана толған адам сияқты. Мен барып танысып өзiмнiң Жолбарысұлы Мұқашбектiң немересi екенiмдi айттым, осы ашығу iлiмiн ендi бастап жүрген кезiм. «Ә, мен сенiң атаңды, өзiмнiң ағам Мұқашбектi жақсы бiлемiн, 1937 жылы нахақтан ұсталып, атылып кеттi-ау, есiл ер! Оның бар жазығы молда болып Құдайға сенгендiгi мен ауқатты жеке шаруа жер иесi және көзi мен көкiрегi ашық болғандығында ғана болды ғой. Қайта жақсы, ағайымның көзi Ризадан сендер өсiп жетiлiпсiңдер, бұғанда шүкiр», – деп менi бiр желпiнтiп алды. Сонан кейiн өзiнен кәрi көрiнетiн бiр шалды әкеп менiмен таныстырды: «Әсет, танысып қой Құрман деген ағаң болады, менiң 78 жастағы екiншi балам», – дегенде, жас шалдың өзiнен 10-15 жас үлкен шалды ұлым деуi маған бiртүрлi ерсiлеу күлкiлi сияқты, күлейiн десем екi шалдан ұят, күлмейiн десем бұрын-соңды мұндайды естiп көрмеген басым, күлкi қысып әкетiп барады. Қыстығып, қымқырылып күлкiмдi әзер дегенде тежедiм.
Ол кiсiнiң тағы бiр ерекшелiгi аузына келген сөздi, ойды мәймөңкелемей тура айтады екен. Осы жаназада ауылдың ақсақалдарының iшiнде «аяқтыға жол, ауыздыға сөз», төрден орын бермейтiн дегендей балапан шалдардың iшiнде шоқтықтары биiк, жастары 80-нiң о жақ, бұ жағындағы Есетай, Нұртаза, Төлеген т.б. ауылдың қадiрмендi кәриялары отырған. Саңқайбай ата: «Әй балалар, немене бос сөйлеп отырсыңдар», – деп саңқылдаған даусымен бiр тисiп өттi. Ана шалдар жасын силағандiкi ме бiлмеймiн, бәрi де таяқтарымен жер шұқылап, молданың алдындағы шәкiртке ұқсап, төмен қарап бұқпантайлап үндемей отыра бердi. Өзiнен кәрi, таяққа сүйенiп орнынан әзер тұрып-отыратын, аяқ қолдары селкiлдеп берекесi кетiп жүрген өлмелi ақсақалдарды өздерiнен жап-жас адамның «бала» деп айтқанына ендi күлмеске шарам қалмады.
Былайырақ шығып өзiме-өзiм келгеннен кейiн: «Ата, сiз осы денсаулыққа қалай жеттiңiз, осының құпиясы неде?», – деген сұрақ қойдым. Менiң екi жұдырығым бiр уысына сиып кететiндей, етi қашпаған күректей алақанының салалы саусақтарымен сақалын сипап тұрып: «Бiз ауқатты тұрдық, 1932 жылы кәнпеске басталғанда үркiндi болып, бас сауғалап Қытайға өтiп кеттiк. Ол жерде байларда малайлықта болдым. Егiн суғардым, шөп шаптым, бидай ордым. Осы жаққа келгенде де әлi күнге дейiн қара жұмыстан қол үзiп көрген жоқпын, малға шөптi өзiм дайындаймын, тыным таппайтын мазасыз адаммын. Бос отыра алмаймын. Өмiрiмде арақ, темекi дегендi аузыма алып көрген пенде емеспiн. Бие байлап қымыз сауамын, айына екi қабат саумал iшiп iшiмдi тазалаймын. Бiрақта өмiрiмдi серiлiкпен өткiздiм, кездескен көлбең етектiнi құр жiберiп көрген емеспiн. Атаң жүзге келсе де әлi қауқары бар», – деп бiркелкi жарқырап тұрған аппақ күрек тiстерiн көрсетiп, қулана жымиып қойды.
3 мамыр, сейсенбі. Ашығуымның 16-шы тәулігі.(құрғақ ашығу)
Пенде өз істеген күнәсына өкініп, қынжылған сәтте, ол ғапу етіп өтінбесе де Алла оның күнәсын кешіріп жібереді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Салмағым 90,7 кг. Бір тәулікте 0,2 кг салмақ қостым.
Сол қолымның қан қысымы 124/88; Пулсь – 68;
Түнде жақсы ұйықтадым. Салмағым бастапқы ашығуға кiрердегi салмағымнан тура 7 кг азайды. Себебi, мен өзiмнiң әр жасаушамды санам арқылы 40 күн ашығамыз деп иландырып қойғанмын, ендi осылар өз мүмкiншiлiктерiн 40 тәулiкке есептеп, бөлiп, жiктеп қойды. Өзiмдi сезiнуiм керемет! Жүрiсiм жеп-жеңiл, жүрген сайын рахаттанып жүре түскiм келедi, ал жұмысқа деген құлшыныс ерекше. Күнi бойы далада болдым. Көп жүрдiм. Денем салмақ түсіп жүргеніне ерекше шаттанды десем артық болмас.