Абайдың дінге көзқарасы 3 страница

55.Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек.

56.Қоғамдық сана және формалары Сананың түрлері көп.Ол жеке адамныың санасы және қоғамдық,қарапайым және теориялық,ғылыми және ғылымға қарсы,прогресшіл және кері тартпа сана болып бөлінеді.Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана,мәселен,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер, т.б. Олай болу үшін сана көптеген адамның ойын,мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін болуы керек.Ондай сананы қоғамдық сана дейді. Ғылым мен мәдениет қоғамдық сананың барлық түрлеріне өз әсерін тигізеді,өздері де олардың әсерін қабылдай отырып дамиды.Өйткені қоғамдық сана тқрлерінің бір-біріне әсер етуі – заңды құбылыс.Ғылым қоғамдық сананың барлық түрлеріне әсер етеді.Осыған орай қоғамдық сананың мынадай формалары бар:саяси сана,құқылық сана,моральдік сана, эстетикалық сана,дін және атеистік сана.

57.Ақын – жыраулар фил.дағы “өмір” мәселесі. Қазақ ақын – жырауларының дүниетанымы, философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Көптеген ақын – жыраулар өмір туралы өз ойларын айтып кеткен.Соның ішінде Шалкиіз жырау өмір туралы былай деген:Дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау.Өмір қысқа екен,бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтедіекен,демек,осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп,жырау өмір мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.Жырау өмірдің бар қызығы,бақыты, қуанышы о дүниеде емес,адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді.

58.Экзистенциализм философиясы Экзистенциализм немесе ғұмыр кешу философиясы деп аталған ағым ΧΧғасырдың 20жылдарында пайда болып қалыптаса бастады. Көрнекті өкілдері Германияда М.Хайдеггер мен К.Ясперс,Францияда Сартр, А.Камью мен Г.Марсель жатады.Олар бар зейінін ғұмыр кешудің мағынасына, яғни жеке адамның күнәсі мен жауапкершілігіне,шешім қабылдау қабілетіне, адамның ғұмылық мақсаттары мен өмірге деген қатынастарын анықтауға аударды.Адамның ғұмыр кешуі(экзистенция) тұтас болмыс ретінде қарастырылады , оны ешқандай да ғылыми не философиялық жолмен танып білуге болмайтындығы туралы тұжырым жасалады.Экзистенциализмнің идеялық бастау алатын ілімдері дат мистигі Кьеркегордан басталады.Экзистенц.нің негізгі ұғымдарының бірі—қорқыныш.Тіршілік иесі өлімнен де ертеңінен де, келешегінен де қорқады.Шындығында өлімнен қорқуға болмайды, өйткені ол да өмір сияқты табиғи нәрсе, демек оны заңды құбылыс ретінде қабылдау керек.Маңызды категорияларына болмыс пен еркіндік жатады.

59.Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары Буддизмнің өзегін төрт ақиқат туралы ілім құрайды. Олар: 1.Пенденің ғұмыры қасірет шегумен тікелй байланысты: туылу, өлу, кесел, көкейіңдегінің жүзеге аспауы–барлығы да қасіретке жетелейді.2.Қасірет шегудің себебі–мұқтаждық. Ол қуаныш–қайғы, қасірет шегу арқылы қайта туылуға, қайта түлеуге алып келеді.3.Қасірет шегуді шектеу мұқтаждықты аластауға байланысты және де бұл іс сегіз жол арқылы жүзеге асырылады:а)дұрыс пайымдау,ә)дұрыс шешім қабылдау,б)дұрыс сөйлеу,в)дұрыс ғұмыр кешу, г)ұмтылыс,д)дұрыс зейін,ж)дұрыс сенім,е)дұрыс шүйілу4.Нәпсілікке құштарлық та, өзін–өзі азаптау да дұрыс жолдан ауытқушылықҚиналыстан шығудың бес уағызы(панчашила):1.Тіршілік иелеріне зиян келтірмеу2.Бөтен меншікке сұқтанбау,қол сұқпау3.Тиым салынған жыныстық қатынастардан бойды аулақ салу.4.Қаңқу,өтірік сөздерден тиылу5.Мас қылатын ішімдіктерден бас тарту

60. Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі Ұлы ақын,ойшыл–демократ,сазгер Абай Құнанбайұлының қоғам өмірін түсінудегі көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды.Ол кезде қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”,тағы басқа өлеңдерінде реалистік тұрғыдан суреттейді.Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды аяусыз шенеді.Халқына байларға сөздерің өтсін десеңіз еңбек етіп, оқу оқы дейді.Бақпен асқан патшаданМимен асқан қара артықСақалын сатқан кәріденЕңбегін сатқан бала артық

61.Қазақ фил.ның қалыптасу ж\е даму ерекшелік Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің бірі–философияның пайда болу мәселесі. Негізінен бұл мәселе әлемдік философияда талай пікірталас тудырып жүр.Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.Екіншіден,философия деген ұғымның өзіне осы күнге дейінгі дәл де толық анықтама берілген жоқ.Үшіншіден,қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.Қазақ тарихында философиялық құбылыстарды 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:1.Алғы философия–объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. 2.Философиялық кезең– объективтілікпен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана.3. Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған кезең. Қазақ философиясының басты ерекшелігі: парасаттан бөлінбей дамыған. Парасат философиясы 3 сипат арқылы өз мәнін ашады: 1.Сұңғылалық(интеллектуальный) 2.Кеңпейілділігі 3.Сабырлылығы (толерантность). Парасат философиясын келесідей қарастыруға болады:1.Поэзия(салт-дәстүр,әдет-ғұрып) 2.аңыз-ертегі,мақал -мәтел 3Күй.

62"Индустриалды","информациялық","ашық қоғам" Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар мен фирмалар жетекшілігіндегі өнеркәсіпке негізделеді.И.қ-ның негізгі белгілеріне өнеркәсіптің қарышты дамуы, өнеркәсіптің мүлдем жаңа салаларының пайда болуы,ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен енгізуі,капитал салымы деңгейі ұлттық кірістің 20%-ына тең дейін жоғарылауы,қала тұрғындарының 60-90%-ға дейін өсуі,квалификациялық еңбек үлесінің артуы жатады.Ақпаратық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технология прогресіне тәуелді болады.

63. Табиғат және қоғам.Т. және Қ-ның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой толғамдар жүйесінде ерекше дүние танымдық маңызы бар.Қ, Т —дамудың жалғасы, ол екеуі тығыз бірлікте болады. Т пен Қ-ды байланыстырып та, жалғастырып та тұратын  материалдық өдіріс процесі, еңбек процесі деп кәміл сеніммен айтуға болады.Қ-дық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты–еңбек.Еңбектің арқасында ғана адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып, табиғаттың керемет құдіреті —ақыл-ойға,санаға,тілге ие болғанын жақсы білеміз.Ф.Энгельс:"адамды адам еткен еңбек" деп тұжырымдаған.Ал еңбек дегеніміздің өзі–адамның табиғатқа деген белсенді қарым-қатынасы.Т.пен Қ. арасындағы қарым қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға XIX ғ ортасында француз географы әрі социологы Элизе Реклю кіргізген болатын,одан әрі бұл ұғым Г.В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.Географиялық орта–қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қарым қатынас жасайтын табиғат дүниесінің бір бөлігі.Т. пен Қ. өзара тұтастығы, өзара қарым қатынасы туралы айтқанда,тек Г.О туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді.Адамның,бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы,әрине көп.Ол биосфера деп аталады.Биосфера–жер шарының тіршілік тараған аймағы.Басқаша айтқанда,биосфера–адамдардың тыныс тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.

64. Жыраулар фило/ң ерекшелігі. Қазақ ақын- жырауларының дүниетанымы, философия/қ даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Олардың шығармаларына дәстурлі фило/қ тарихи сабақтастық принциптері анық байқалады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағы филос/қ бағыттың негізін салушылардың бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465-1560) шығармашылығы, фило/қ ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әнгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Тіленші- қазақ арасындағы көп шонжарлардың бірі болса керек. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі- ондағы ф/қ толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның, сол кездің ой- өрісімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің ф/қ ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі.Бұл ерекшеліктер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. «Тауарих хамсаның» айтуынша Ақтамберді ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ақтамберді шығармалары дерлік нақыл сөздерге, афоризімдік толғауларға ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді шығармалары делік нақыл сөздерге, афаризмдік толғауларға толы келеді. Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Дұшпаннан көрген, қорлығым. Сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке, Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, құдай тілекке!

65.Болмыс және материя ұғымдарыБолмыс категориясы шындықты бейнелейтін негізгі философиялық ұғымдарға жатады.Болмыс ұғымының мағынасы 3даму кезеңінен өтті:1.Мифологиялық тұрғыдан қаралды;2.Натуралистік онтология;3.Болмысты адамның іс әрекетімен таным арқылы байланыстырады.Ең бірінші кезеңде,болмыс құпия ,күштерге толы шындық деп танылып,образдық бейнелеу арқылы түсіндірілді.Натуралистік онтология болмысты заттар мен құбылыстар әлеміне теңестірді.Ең алғашқы болмысты енгізген көне грек ойшылы Парменид:"Болмыс–бар болу,өмір сүру,одан басқа ештеңе жоқ,ал жоқ болу–болмыссыздық."Ол әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына,мәңгілігіне,ең бастысы бар болуына,өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.Гераклит:"Болмыс–үзіліссіз қалыптасу.Үзіліссіз қалыптасу–космос шеңбңерінде төрт стихияның бір бірімен өзара араласуы".Платон:"Болмыс–мәңгілік өмір сүретін,өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі.Ол 3 онтологиялық субстанциядан тұрады:1.Тұтастық,ешқандай белгісі жоқ және бөлінбейді,басы да,аяғы жоқ,қозғалмайды және кеңістіктен тысқары.2.ақыл.3.жан".Ортағасырлық философия бір ақ бомысты мойындайды:"Шынайы болмыс–жаратушы.Ол жоқты бар етіп жасады".Жаңа заман философиясы болмыс мәселесін 2 тұрғыдан түсіндірді:1Субстанционалдық тұрғыдан.2.Кант бастаған субьективтік тұрғыдан.Кант болмысты 2 бөлді:апериорлы,апостериорлы.Болмыстың формалары: әлемдік, табиғи, қоғамдық, адам, заттар, т.б.Материя ұғымы–дүниені адамның санасынан тыс,әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып,бірге жасасып,тарихи түрде қалыптасқан.Объективті идеалистердің (Платон,Гегель) тұжырымы бойнша,материалдық дүние дегеніміз–бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән сипаты бар ақыл ойдың,абсолюттік идеяның нақты көрініс табуы,іс жүзіне асуы.Аристотель:"материя–барлық заттар құралып,жасалып шығатын материал,ол түр арқылы ғана мәнге ие болады" деген.

66. А.Эйнштейн теориясының философиялық маңызы. А.Эйнштейн 1905 ж. өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарады. Бұл теорияның негізінде ғарыштағы ең асқан жылдамдық – сәуле жылдамдығы 300 мың км.сек. деген қағида жатыр. Онымен салыстырғанда, басқа жылдамдықтарды 0-ге теңеуге болады. Мысалы, жердегі дыбыс жылдамдығы 340 м.сек. – сәулемен салыстырғанда тұрақты деуімізге болады. Егерде қайсыбір ғарыштағы үрдістің жылдамдығы сәулеге жақындаса, онда оның көлемі қысқарып, уақыт баяулап, салмағы күрт өседі. Дүниедегі жылдамдық шектелгеннен кейін, ғарышта бір уақытта болып жатқан үрдістер жоқ. Ғарыштағы әрбір жүйенің өз уақыт есебі бар. А.Эйнштейн 1916 ж. өзінің жалпы салыстырмалы теориясын жасайды. Оның түйіні ғарыштағы орасан зор объектілердің гравитациялық тартым арқылы айнала қоршаған кеңістікті қисайтуы болып табылады. Сонымен кеңістік пен уақыттың қасиеттері ғарыштағы объектілердің массасының (салмағының) бөлінуіне байланысты өзгеріп отырады екен. Олай болса, кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. А.Эйнштейннің өзі айтқанындай: «Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыстырмалы теорияға сәйкес, заттармен бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана».Қорыта келе, кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті формалары ретінде қарап, сонымен қатар оны философия, физика т.б. ғылымдардың іргетасты категорияларына жатқызуымыз керек. Дүниеде еш жерде кеңістік пен уақыттан тыс: өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс жоқ.

67. Орыс философиясының тарихы. Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. баста-лып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекетте-рінің Құдай нүрының шапағатына қатысты екенін негіздей бас-тайды. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-түрысын ретке келтіретін мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негіздеуге бағытталды.

Славянофилдер мен батысшылар ағымы. «Алтын Орда» мемлекетінен өз дербестігін алып, Мэскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «үлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын право-славиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде Дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негіздел-ген «Мәскеу - үшінші Рим» деген философиялық көзқарас пайда болды. Мү_ндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс Халқының ерекше өзіндік болмысы мен мэдениеті, философиялық °й-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды тудырды.

Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар боданды-РьШда екі ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып ^Й, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тэлім-тэрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бүл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар» деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті. Ақырында, болыиевиктер бүл шиеленісті «батысшылардың» пайдасына шешті. Алайда бү_л екі ағым арасындағы астыртын күрес эрі қарай жүре берді.Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз жэне қалай қарай дамуымыз керек?» деген сүрақ тағы да дүниеге келіп, аз уақытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы элеуметтік қүрылымда аз өте бай топпең қатар, негізгі халықтың қайыршылануына экеліп, XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бүлардың көзқарастарының «славянофилдерге» жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тэжірибесін (эсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша экскурс осы елдегі философиялық ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз.Енді эңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық жэне рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тэртіпті. Еуропа кұндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азамат-тық еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негізделген күшке табыну, соның нэтижесінде барлық адамдардың қүлға айналуы, түлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нэрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадаев Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католик-тік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтары-ның тарихи тэжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде қүруы керек.

П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор эсерін тигізіп, «батысшылар» тобының қалыптасуына экелді-Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.В.Е.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай қарап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропанын, бір ғасыры Азияға мэңгіліктей. Барлық үлылық, асылдық, адами-руханияттылық Еуропа топырағында байшешектей гүл жарьіп, өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, эдет-ғүрыптың нэзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып иге-руі, материяның жеңіліп, рухтың көкке қарай өрлеуі, адамның кісі-лігін сыйлап, оның қүқтарын бүлжытпай сақтауы... - бэрі де Еуропа өмірінің дамуының нэтижелері» - деп қорытады В.Е.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқа-расқа түзету енгізер ме еді, кім біледі?«Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан қүтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адам-заттық құндылыктары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойын-ша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі - патшаға, Құдайдікі - Қүдайға» деген қағиданы үстады. Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мэдениеттің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушы-лық өзінің ішкі мүмкшшілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста болды.Қоғамды реформалаудағы негізгі мэселелердің бірі - Ресей қоғамы жекеліктің, я болмаса қауымдастықтың негізінде даму керек пе? - деген сүраққа жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тэн нэрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз» деген нақыл сөздің астына эрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.

68.Қозғалыс формалары, «даму» ұғымы Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді, ал оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс – бүкіл болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уақыт – қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуы тиіс. Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша анықтама беруге болады, ол – Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс – әрекет.Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай).Қозғалысты материяның ішкі қайшылығынан шығатын өмір сүру тәсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген көлемді еңбегінде оның бес түрін ашады.Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қозғалыс формалары.Бүгінгі ядролық физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық бөлшектердің бір біріне өтуін, электромагниттік, гравитациялық, нейтрондық өрістер, атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартыстарды т.с.с. жатқызады.Заттар мен құбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс пен жарықтың тарауын т.с.с. физикалық қозғалыс формасына жатқызуға болады.Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі – ерекше ғажап биологиялық қозғалыс формасына жатады.Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бері өзгерістерді ерекше геодлогиялық қозғалыс формасына жатқызу керек деген пікір айтады.Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы – ол әлеуметтік. Оның еркешелігі – адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше түрлі мақсат қойып, бір бірімен бірігіп, айнала қоршаған ортаны өз ойына сай етіп өзгертуінде.

Наши рекомендации