Ш.уәлихановтың философиялық көзқарастары.

XIX ғасырдағы қазақ философиясы

Азақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері

Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары.

Абайдың философиялық көзқарастары.

Ш.Құдайбердиевтің философиясы.

Азақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері

Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді. Әсіресе көшпелі тұрмыс-тіршілігінен және мен- талитетінен, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени ортаның тигізген әсері қатты байқалады. Қазақ жерінде ең тиімді шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы болды. Осымен байланысты ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп, оған табынды.

Қазақ философиясының ерте кезеңіне тән сипат ретінде синкретизмді

(«синкретизм» - «өзара кірігу») қарастыруға болады. Бұл дүниеге көзқарастық принциптердің өзара кірігіп кетуімен сипатталады. Ол ауыздан-ауызға тараған ауызәдебиетінен көрінді.

Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер - өзіншеерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп, ой тұжырымдап отырды. Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төмендегідей мәселелергебөлуге болады:

- қарапайым диалектика;

- ерлік пен батырлық мәселесі;

- еріктілік пен бостандық мәселесі;

- адам болмысының этикалық жақтары: жақсылық пен жамандық;

- әлеуметтік әділетілік мәселе;

- аксиологиялық мәселелер.

- дін және еркін ойшылдық туралы ойлар;

- адам мәселесі, оның тіршілік етуінің мәні туралы философиялық ізденістер;

- адамгершілік және мораль мәселелері;

- ұлттық бірлік пен саяси-әлеуметтік мәселелер және т.б.

- қазақ халқына тән аңыздардағы дүниегекөзқарастар;

- Анахарсис, Төныкөк, Күлтегін жырларындағы философиялық ойлар

Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.) еңбектері қазақ халқының тарихына көз жүгіртіп оның дүниетанымымен танысуға, 18-19 ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің жандануына, өзіндік әлеуметтік-реформасының қалыптасуына негізделген.

Шоқан Уәлиханов - XIX ғасырдағы қазақ философиясының көрнекті өкілі. Тарихшы, саяхатшы, аз болса да өте мәнді өмір сүріп, қазақ халқының тарихында ерекше із қалдырды. Оның негізгі еңбектерінің ішінде «Бақсылық туралы», «Сот реформасы туралы», «Даладағы мұсылмандық туралы» деген дүниетанымдық, қоғамдық мәселелерді зерттейтін еңбектері бар. Уәлиханов саяси және құқықтық теорияларды жақсы білді. Оның пікірінше, саясат – бұл билік және оны орнату тәсілдері.Билік мемлекеттің негізгі функциясы, оның құрылымы және іс - әрекетінің мағынасы үстемдік ететін күштерге байланысты.

Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар. Оның ерлігі мен ғылыми табыстары бүкіл Европа жұртшылығының жоғары бағасына ие болған. Шоқанның ғылыми зерттеулерінің негізгі тақырыптары халқының тарихы, тұрмысы және адамгершілік мәселелері. Ш.Уәлиханов орыс мәдениеті мен ғылымының қазақ халқының тағдырында маңызды роль атқарғандығына көңіл бөледі. Алдыңғы қатарлы гуманист орыс ғалымдары мен жазушылары халықтың рухани өркендеуіне, өсуіне өз үлесін қосты. Біз оны Шоқанмен байланысты болған адамдардың іс - әрекетінен айқын көреміз. Ш.Уәлиханов ағартушы – ғалым ретінде халықтың білімді және еркін болғандығын армандады. «Тек білім өмірді бағалауға үйретеді, адам өмірінде жайлы тұрмыс құруға жағдай жасайды. Халықтың рухани өсіп – жетілуі үшін еркіндік пен білім өте қажет» деп жазды Ш.Уәлиханов. Экономикалық және саяси реформалар халықтың дәстүрі мен қажеттіліктеріне сүйенуі керек. Қоғамды саяси реформалардың көмегімен өзгертуге болады деп ойлады. Бірақ XIX ғасырдың 60 жылдарында патша өкіметі іске асырған саяси – экономикалық реформалар Шоқанның идеалына сай келмеді. «Сот реформалары туралы хат» деген еңбегінде Шоқан әлеуметтік–саяси реформаның мәнін ашып көрсетті, қазақ даласында тарихи тамыры терең, халықтың қолдауына ие болған билер сотының қажеттілігін негіздеді. Қазақстанның округтарға бөлініп, оны басқарудың жаңа түрі енгізілгенде, қазақтардың бас- қару жүйесіне қатыстырылуы олардың өмірін жеңілдетеді деп ойлады.

«Қырғыздардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан зорастризм және шаманизм дінідерін қазақтардың ежелгі діні деп, ондағы наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.

Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған. Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры. Сондай-ақ оның философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады.

Наши рекомендации