Мен неліктен тек таза су (дистиллирован) ғана ішемін

Осы кітапта ашығу жайын баяндағанымда, ылғи қайталаймын: «Тек таза су ғана ішіңіз, жеміс-жидектердің шырындарының дәмін де татпаңыз». Таза су: бұл аш –екі – о. Осы формуланың білдіретіні, судың құрамында сутегінің екі, оттегінің бір бөлігі бар. Егер сіз жауынның немесе қардың суын ішсеңіз, оның құрамында минералды заттар жоқ, осы су минералдардан 100 пайыз таза. Егер сіз жеміс-жидектердің шырынын ішсеңіз, онда таза сумен бірге шырында еріген қоректі заттарды – табиғи қант, микроэлементтер мен витаминдерді қоса ішесіз. Егер сіз таза суды құдықтан, өзеннен т.б. жерден ішсеңіз, біліп алыңыз, бұлардың құрамында еріген минералды заттар бар. Кейде осы суларды қатты сулар дейді, себебі құрамында өлі заттар көп. Енді аздап химиядан түсіндірейін. Табиғатта екі зат бар: тірі (органичесие), өлі (неорганические). Өлі заттар инертті, бұның мағынасы оларды ағза, тіршілік иелері сіңіре алмайды.

Біздің ағзамыз тірі немесе бұрын тірі болғандардан шыққан 16 элементтен құралады. Біз алма немесе басқа жемістер мен көкеністерді жесек – олар тірі заттар. Олар жинап, теріп алғанша белгілі уақыт өмір сүрді. Осының еттен, балықтан, сүттен, жұмыртқадан жасалған тағамдарға да қатысы бар. Біздің өміріміз бен денсаулығымызды қалыпты ұстау үшін, тірі заттар өмірлік қажеттілік. Егер бізді, адам аяғы баспаған, ешнәрсе өспейтін аралға апарып тастаса өліп қаламыз, тіпті аяқ астымыздағы топырақта керекті 16 элемент бар болса да, біздің ағзамыз бұны сіңіре алмайды. Осы элементтерді топырақтан тек өсімдік қана сіңіре алады. Өлі заттардан бір де бір адам қорек ала алмайды.

Жылдар бойы естимін, бәленбай судың құрмында минералдар көп екен деп. Не жайындағы әңгіме? Өлі заттар біздің ағзамызға ауыртпалық қана әкеледі, олар қортылып сіңірілмейді, сондықтан да, біздің өтімізде, бүйрегімізде тас пайда болады, қан тамырларымызға улы қышқыл қалдықтары шоғырланады.

Мүмкін сіз естіген шығарсыз: «Буланған таза су – өлі су, оның ішінде балықтар да тіршілік ете алмайды». Әрине, жаңадан буланған таза суда балықтар ұзақ өмір сүре алмайды, оларға өзен мен көлдердегі сияқты өсімдіктер қажет. Енді осыны басқа қырынан қарайық.

Әлемдегі барлық дәріханаларда, дәрілер тек қайнатылып буланған судың негізінде жасалады. Қайнатып буланған су ағзадан тірі заттарды шайып кетеді деген пікір дұрыс емес. Ол өлі су емес. Ол адам ішетін ең таза су. Қайнатылып буланған су, қазіргі өркениетті дамыған адамның ағзасында шоғырланған уларды ерітеді, бүйректегі тастарды шаяды. Бұл жұмсақ су. Осы сумен шашыңызды жуып байқасаңыз, көзіңіз жетеді. Жер бетінде су айланып тазаланады. Күн суды бұлтқа айландырады, олар жауын түрінде таза су болады. Табиғаттың ұлы ғажайыптарының бірі.

Ашыққан кезде қайнатылып буланған судан басқа ешнәрсе ішпеңіз.

Анша ашығу керек?

Жаңадан бастаушыларға бірінші кезекте қандай кеңес беру керек? Алғашында 10 күннен артық ашығуға болмайды, оның өзі талай жыл ашығудан тәжрибесі бар маманның бақылауымен өтуі керек.

Ашығу – ағзаны ғылми әдіспен тазалау, сондықтан ғылми түрде өткізілуі тиіс. Менің пайымдауымша, осы күнгі саумыз деп жүрген адамдардың 60 – 70 пайызы және ауыр науқастардың 85 – 90 пайызы, ағзаларында жиналған уларды шығарамыз деп, ұзақ 23 – 35 күн ашықса өліп қалады. Ұзақ ашығу маманның бақылауымен өтуі керек, себебі ашығуды қай кезде аяқтауын нақ айта алады. Маман, біздің бүйрегіміз улардан қалай тазаланып жатқанын бақылайды, ол күніне бірнеше қабат кіші дәретіңізді тексереді, егер бүйрегіңізге салмақ түсіретіндей улы заттар көп бөлініп жатса, онда ашығуды қолма-қол тоқтатады. Ең білгір маманның өзі де айта алмайды: «Сізге 30 не 40 күн ашық» – деп. Мен өзім мөлшермен 21 – 35 күн ашығу тағайындаған кісілерімді жиі бақыладым. Кей кездерде, алғашқы 6 күнде улы заттар өте көп мөлшерде бөлініп, ашығуды доғаруыма тура келді. Сонан кейін ашыққан адам, табиғи тағамға көшіріліп, бірнеше аптадан кейін ашығуды ары жалғастырдық. Егер улар тағы көп бөліне бастаса, ашығуды қайта тоқтата тұрдық. Білмейтін адамдар айтады: «Неғұрлым көп ашықсаң, соғұрлым тазаланасың». Мен бұған сенбеймін, себебі қазіргі жетілген адам өте әлсіз. Табиғат жаратылысының бірде-бір тіршілік иесі адам сияқты қомағайланып, тамақтану заңдылығын бұзбайды. Мені дұрыс түсініңіздер, адам табиғат заңдылығын аттап өте алмайды. Табиғи заңдылықты бұзуға тырысып, ол өзін құртады. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын адам бұза ала ма? 25-ші қабаттан секіріп, адам тірі қала ма? Әрине жоқ. Осының да табиғи тамақтану заңдылығына қатысы бар. Өңделген өлі тамақтарды жеуге адамды иландыруға болады. Денсаулық, ұзақ өмір сүру жайында айтылған насихатқа адам шүбәсіз сенеді. Ал аурудың өтемі өте қымбат болады.

Маманның бақылауынсыз ұзақ ашығуға неге қарсы екенімнің тағы бір себебін айтайын. Жәй адам тек қана дұрыс тамақтанбаудан, ауамен судың ластануынан, химиялық қалдықтар мен тұздан ғана уланбайды, қосымша ішкен дәрілерінен де уланады. Сондықтан ағзаны ұзақ ашығу арқылы тазалау теория жүзінде жақсы, ал іс жүзінде жоқ. Мен өз тәжірибемде қысқа мерзімдік ашығуда тамаша нәтижелерге жетсем де, ұзақ ашығудың да өте сәтті болатынын дәлелдедім. Аптасына 24 – 36 сағат ашығу да ағзаны тазалайтынына көзім жетті. Осы кезде таңғы астан бас тарту жақсы көмектеседі. (жаңа үзіп алынған жемістерді, көкөністерді жеуге болады). Ұзақ өмір сүргісі және өміршеңдігін арттырғысы келген адам, бірнеше ай табиғи тамақтарды қолдана, өзін 3 – 4 тәуліктік ашығуға дайындай алады. Төрт ай бойы, апта сайын 24 – 36 сағаттан үзбей ашықса, адам 7 тәуліктік аштық ұстауына болады. Осы аралықта улы заттардың көпшілігі ағзадан шығарып тасталынады. Алты ай тазаланғаннан кейін, 7 тәуліктік ашығу қарапайым іске айналады. Алғашқы 7 күндік ашығу ғажайып нәтиже береді, өз-өзіңізге таң қаласыз. Тағы бірнеше айдан кейін, ағзаңыз 10 тәуліктік ашығуға дайын, бұл кезде сіздің әр жасаушаңыз толық тазаланатын болады.

Наши рекомендации