Дәріс тақырыбы: Кеңес физикасының қалыптасуы.

Дәріс жоспары

Тарихи ескертпелер

Радиотехника және радиофизика

Кеңестік ғалымдардың теориялық физиканы дамытуы

Кеңес физикасының басқа да салаларда дамуы

Тарихи ескертпелер

Ғылым тарихындағы ғылымның дамуындағытөңкерістер әлеуметтік өзгерістермен қатар жүріп орын алды. Бұл сәйкестікті кездейсоқ деп айтсақ дұрыс болмас. Ғылым – әлеуметтік құбылыс және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі оның дамуына да әсерін тигізеді.

Көне Грецияда демостың туыстық аристократияға қарсы көтерілісінің дәуірінде антикалық ғылым қалыптаса бастады. ХVІІ ғасырдағы ағылшындқ буржуазиялық революция ағылшындық ғылымды қалыптастырды, француз буржуазиялық революциясы Францияның математикалық және жаратылыстану ғылымдарындағы алдыңғы орынды қамтамасыз етті. Басқа елдердегі болып жатқан революциялар әлемдік тарихтың барысына амалсыз ықпалын тигізді, соның ішінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.

ХХ ғасырдағы кеңестік социалистік ғылымның қалыптасу мәселесін қарастырамыз. Ғылым, соның ішінде физика да Императорлық ғылым академиясында және университеттерде дамыды. Университеттік және академиялық ғылымның арасында үнсіз соғыс жүріп отырды. Университеттік ғылымның озық өкілдері Д.И.Менделеев, К.А. Тимирязев, А.Г.Столетов және басқалар академияға жіберілмеді, акемияның президенті имераторлық тектің мүшесі Константин Романов еді. Акамемиялық ғылым ғалықтан, ел сұрыныстарынан алыс еді.

Университетерде оқытуға басты назар аударылып, ғылыми қызмет екінші қатарға ысырылып қойды. Ғылыми зерттеулерге бөлінген қаржылар өте аз жәнеқажеттілігін түсінбейтін патшалық шенеуніктердің қатаң бақылауында болды.

П.Н.лебедев Қазан революциясын дейін Ресейдегі ең ірі физик болды. Оның қайғылы ғұмыры Ресейдегі физиканың ауыр жағдайы туралы айтуға мүмкіндік береді. Бірқатар физиктер Ресейден шетелге кетіп, сол жерде ғылым даярлығын жалғастыруға мәжбүр болды. А.Ф.Иоффе, Л.И.Мангельштам, Н.Д.Папалески, кейінірек П.Н.Лебедев және Б.Б.Голыцин өз ғылымдарын Германияда дамытты.

1918 жылы жаңа ғылыми ұйымдар құрыла бастады: ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар. 1918 жылы Бонч-Бруевич Нижегородтық радизертхананы ұйымдастырды. А.Ф. Иоффе, М.И.Неменов Петроградта Рентгенорадиологиялық инститтутты ұйымдастырды. Д.С.Рождественский Петроградта Мемлекеттік оптикалық институтты құрды. Мәскеуде Физикалық институттың базасында П.П.Лазарев Халықтық десаулық комитетінің биофизика институтын ұйымдастырады. Соынмен қатар Орталық аэрогидродинамикалық институт ұйымдастырылып, оны Николай Егорович Жуковский басқарды.

Аталған инститтуттар Ресейде физиканың дамуына үлкен үлес қосты. Рентгенорадиологиялық институттан бөлініп шыққан Ленинградтық физика-техникалық институты кеңестік жас физиканың орталығына айналып, көптеген ғылыми кадрларды шығарды. Физико-техникалқ институттан КСРО ҒА Химиялық физика Институты, КСРО ҒА атом энергиясы Институты-Мәскеуде, ал Радиолық институт – Ленинград қаласында бөлініп шықты. Кеңестік физиканың дамуына ресейт физиктерінің съездері үлкен рөл атқарды. 1924 жылы Ленинградта орыс физиктерінің төртінші съезді болып, ол Бірінші Бүкілодақтық съездге айналды. Съезд жұмысына П.С.Эренфест қатысты.

Кеңес физикасының қалыптасуы азаматтық соғыс, көтерілістер, блокада жағдайларында өтті. Ғаламдар аштықпен, суық зертханаларда жұмыс жасады. Алайда олар жаңа ғылымды жаса идеясымен шабыттанып епрекше интузиазммен жұмыс жасады. Блокада кеңес ғалымдарын шетелдік ғылыми әдебиет пен ақпарат көздерінен айырды. Орыстардың артта қалып қойған өнеркәсібі ғылыми зертханаларды қажетті аппаратурамен қамтамасыз ете аламады. Ғылыми әдебиеттер мен құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі ғалымдарда аштық пен суықтан да қатты батты. Ағылшын жазушысы Уэллс 1920жылы Кеңестік Ресейге келіп Петроградта кеңестік ғалымдарымен жүздесіп, олардың ешқайсысы қиын жағдайға шағымданбастан, шетелдегі соңғы ғылыми жаңалықтар туралы аянбай сұрап жатқандықтарына таң қалан.

Кеңес ғалымдарының қажырлы еңбектерінің арқасында қазаннан кейінге алғашқы жыдардың өзінде –ақ ғылыми мәселесінің аясы кең жаңа физика құрылды. Кеңес физиктерінің зерттеу тақырыптарында атомдық физиканың, радиоактивтіліктің, электрониканың, радиофизиканың, қатты заттар физикасының, оптика мен спектроскопияның, акустиканың, биофизиканың және геофизиканың заманауи мәселелері басым болды.

Наши рекомендации