Философияның ғылым деген атаумен шектеуге болама?

Философия тарихынан бізге мәлім философияны ғылым түрінде анықтаған Огюст Конт. Нақты ғылымдар /физика, химия, биология/ - нақты қоршаған ортаның позитивтік нақты суретін салса, ал бір-бірінен үзілген фрагменттерден ғылыми суретті салатын философия.

Ф. Энгельстің пікірінше «философия «ғылымның ғылымы»» деген атағынан бас тарту керек. Ғылыми көзқарас басқа, ғылымнан жоғары тұратын философияны қажет етпейді. Әр ғылымның алдына жалпы заттар мен құбылыстардың жүйесінде қандай орын аласын деген сұрақ қойылғанда, сол жалпы байланыс сонша бұзылады. Сонда, алғашқы философиядан ойлау және оның заңдары туралы ілім – формалды логика мен диалектика қалады. Бақаның бәрі табиғат пен тарих туралы жағымды ғылымға қатысты».

Ғылым мен философия арасындағы қатынасты анықтау үшін ғылымдылықтың мөлшерін анықтау қажет. Оларға қатысты: бақылауда қайталау; білімнің интерсубъективтілігі; тәжірибенің қайталануы. Осының бәрі философияға лайық емес. Ғылымда бәріне ортақ әдістермен бәріне ортақ ғылыми нәтижелер пайда болады.

Сонымен бірге, философия мен ғылымның тарихи қатарластар дамуы айқын. Философия мен ғылым натурфилософия, космология, онтология сфераларында болмыстың негізін тануға бағытталған адам интеллекті, «бір жіптің бөлігі». Филипп Франктің пікірінше, осы жіптің бір жағы – бақылау арқылы танылатын негіздер, ал келесі шеті – интеллигибелдік принциптермен қосылды. Ганс Рейхенбахтің «Ғылым философиясының пайда болуы» деген шығармасында айытқан: «ежелгі және ортағасыр философияда көзбен көру мен бірге «ақылмен көру» деген бар. Қалай біз түр мен түсті қөзбен көреміз, сонша біз ақылмен идеялар мен жалпы заңдарды көреміз. Физикалық заттар бар болғансон біз оларды көреміз; сонша оларды ақыл көзіменде көріге мүмкін. Сөйтіп, тікелей сезім таныммен интеллектуалдық интуиция аралығындағы аналогия өзінің ежелгі бастамасын Аристотельдің көзқарасында табамыз. Сезім өзінің сезімдік заттарына қатысты шындық болса, солай интеллект зат туралы елеске сәйкес». Фома Аквинскийде былай деген: «Сөйтіп, интеллект заттардың мәні бойынша өзін алдамайды, ал сезім өзінің объектісіне қатысты алданбайды».

Ылымдылық деңгейі неден тұрады?

Ғылымның фундаменті:тәжірибе, логика, сынау. Ғылыми білім дүние туралы адекваттік бейне ұсынады; адам ғылым арқылы ақиқатқа жақындайды; сенім саналы түрде субъективті қажеттілікпен негізделген ақиқатты қабылдау болса, ғылыми білім объективтілік пен универсалдыдылығымен жалпылыққа тырысады.

Ғылыми білімнің түрі көп: фундаменталды, қолдану, эксперимнталды, теориялық. Бірақ ғылыми білімнің бәрі бір стандартқа сәйкес болады. Заң, теория, ереже шектілікті негізсіз ақиқатты емес. Білімді білімсіздіктен ажыратуға шіктілікті негіз заңы логикалық мөлшер ретінде қолдалынылады. Басқа мөлшері – пәндік-практикалық қызметі, ақиқат туралы пікірталасты практикалық жазықтыққа шығарады.

• Ғылым реалдық дүниені заңдылыққа бағынатын, себептелген табиғи жағдайлар мен процесстер. Ғылым физика мен химияның заңдарына бағынып, табиғи реттілікке шақырады.

Осы мөлшерлерге философияда бағынады ма? Философия теорияларың тәжірибе, әлде эксперимент арқылы тексеруге мүмкін емес, себебі, олар тұлға мен автордың көрінісі.

• Философияның ұсынған ғылымдылықтың мөлшері:

- зерттеудің пәндік аймағы;

- сол пәнге сай категориялық және анықтама аппаратын шығару;

- сол пәнге қатысты фундаменталды заң шығару;

- көп фактілерді түсіндіретін принциптер мен теорияларды ашу.

Осы мөлшерлер арқылы философияны ғылым деп атауға болама? Оның пәні – «адам мен әлем» деген жүйедегі жалпылық; мәндіктің бастамасы; қазіргі философия сол мәндіктің стихиялық-спонтандық, статистикалық біліммен камтылатың қалыптасуын байқайды.

• Философия ғылым сияқты құрылыстың иесі: субъект, объект, таным әдістері, болжаулы нәтижелер; оның субъектісі трансцендентік сфераға жетеді, категориялары ең жалпы және қажетті болады; нәтижелері тек нақты рефлексиядан өтпей, бүкіл қоғамға, адамзат құңдылығына қатысты жағынан саралады.

Наши рекомендации