Мірі мен шығармашылық жолы. Жаяу Мұсаның өмірі туралы нақты деректер көбірек сақталған

Жаяу Мұсаның өмірі туралы нақты деректер көбірек сақталған. Олардың кейбіреулерін әншінің өзі өлең түрінде жазып кеткен өмірбаянынан, және Қазан қаласында басылып шыққан «Қазан дәптерінен» табуға болады.

Мұса Байжанұлы солтүстік Қазақстанда орналасқан Ақ шоқы деген елді-мекенде дүниеге келген. Әкесі байқуатты адам болған, шешесінен ерте айырылған. Бастапқы білімді Петропавл (ол кезде – Қызыл жар) қаласында алады. Мектепте оқып жүріп-ақ өлең жаза бастайды, скрипка мен гармонда ойнап үйренеді, татар, орыс тілін меңгереді.

Оқуын бітірген соң ауылына Мұса мүлдем басқа адам болып оралады. Ол енді өз құқығын қорғай алатын, әділетсіздікке төтеп бере алатын адам ретінде танытады. Сол үшін бірнеше рет қудалауға ұшырайды. Ақыры дұшпандары оның үстіне жала жауып, сібірге айдауға жібереді. Тобол қаласында «жазасын» өтеп жүріп бірнеше рет өтініш жазады, соның арқасында жер аударылудан босатылып, әскер қатарына алынады. Орыс әскерімен бірге Ресейдің көптеген қалаларын аралайды, Польша, Литва, Украина жерлерінде болады. Отанына қайтып оралған соң саяси-қоғамдық жұмысқа белсене кіріседі, жаңа үкіметтің саясатын жүзеге асыру барысында байлардың мүліктерін конфескелейді, көшпенді халықты тұрақшылық өмірге аударуға қатысады.

Ақ сиса

Бұл Жаяу Мұсаның ең атақты әні. Кәзіргі кезде ол бұрынғы, дәстүрлі түрінде ғана емес, көптеген өңдеулерде, соның ішінде хорға арналған түрінде жиі орындалады. Әсіресе ол композитор А.В.Бычковтың өңдеуімен орындалған «Менім атым Қожа» фильміарқылы танымал болды.

Өкінішке орай, бұл өңдеулерде «Ақ сиса» әні өзінің алғашқы, А.Жұбанов айтқандай, «қазақ халқы күресінің ән ұраны» сипатын жоғалтып жылдамырақ екпінде орындалатын күлкілі, жеңіл-желпі әнге айналды.

Ән шумақ пен қайырмадан тұрады. Шумақ халық ақындардың «мені тыңда» дегендей қаратпа сөзі сияқты жоғарғы дыбыстардан басталады. Шумақтың бастапқы әуені қайырма бөлімінде де қолданылады, бірақ бұл жерде ол «гек-кай, гек-кай» деген одағай сөздермен орындалады.

Мірі мен шығармашылық жолы. Жаяу Мұсаның өмірі туралы нақты деректер көбірек сақталған - student2.ru

Хаулау

Бұл әнге академик А.Жұбанов «абыройлы, салтанатты» деген мінездеме берген. Көпке дейін әншілер «Хаулауды» «Ақ сисаның» сөздерімен, ал «Ақ сисаны», керісінше, «Хаулаудың» сөздерімен орындап жүрді. Оның себебі – бұл әндер мән-мазмұны жағынан бір біріне өте жақын. Жаяу Мұса «Хаулау» әнінде өзінің өмірі туралы, негізсіз қудалануы жайлы, ел-жұртының қиын өмірі туралы айтады.

«Хаулау» әнін жалпы халық кәсіби әншілік өнерінің ең көрнекті үлгісі деп айтуға болады. Әсіресе ол жарқын әуені мен құрылымының мінсіздігі арқылы ерекше көзге түседі. Сондықтан болар, М.Төлебаев бұл әнді «Біржан-Сара» операсында Біржанның рөлінде қолданады.

Мірі мен шығармашылық жолы. Жаяу Мұсаның өмірі туралы нақты деректер көбірек сақталған - student2.ru

Көкаршын

Жаяу Мұсаның бұл әнін қазақ халық кәсіби музыкасының классикалық үлгісі деуге болады. Оның мәтінінде жалпы әншілік өнер туралы айтылады.

Ал, Көкаршын, ән еркесі баппен айтса,

Ер жігіт не болады серттен қайтса,

Ән болмас Көкаршындай қайда барсаң,

Ән білем деген адам шынын айтса

Уридай уридай, уридай ай ай

Уридай, уридай ай ай.

Ал, Көкаршын, көңіліме қонған әнім,

Сүйеді сұлу әнді менің жаным.

Айқайлап, жүз құбылтып әнге салсам,

Кетеді бойым балқып, қызып қаным.

Ән біртұтас үйлесімді құрылым құратын шумақ пен қайырмадан тұрады. Шарықтау шегі шумақтың соңында берілген, сол себепті қайырмасы ерекше сезімділікпен қабылданады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Жаяу Мұсаның өмірі туралы деректер.

2. Әнші шығармашылығының негізгі бағыт-бағдары.

3. «Ақ сиса»,«Көкаршын»,«Хаулау» әндеріне сипаттама бер.

4.Осы әндерді жатқа айт.

Тақырып

Абай (1845-1904)

Абай Құнанбаев – ұлы ақын, ағартушы демократ, өз заманының үздік ойшысы, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абай өз шығармаларында халықтың ой-арманы мен бақытты келешегін жырлап қана қоймай, қоғамның прогрессивтік дамуына тосқауыл жасаған кері тартпа көзқарастарға да қарсы күрескен.

Абайдың қазақ поэзиясына косқан үлесі орасан зор. Ол халықтың дәстүрлі мәдениетін, ақындық, жыраулық өнерімен қоса шығыс, орыс халықтарының классикалық поэзиясын терең меңгеріп, сол арқылы ұлттық поэзияның тілін жаңғыртқан. Соған қоса, Абай – қазақ музыка өнерініңжаңа бағытпен дамуына жол ашып,дәстүрлі ән жанрына көптеген жаңалықтар енгізген композитор. Өз әндерінде ол көптеген замануй тақырыптар мен өзекті мәселелерді көтерген. Оның әндерін халық бүгінгі күнге дейін өз әніндей сүйсініп тыңдайды, және орындайды.

Наши рекомендации