Платон философиясындағы негізгі идеялар

Платон (б.з.д. 428-347 ж.ж). Ежелгі Грецияның ұлы ойшылы. Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар мәңгiлiк нәрселер, “сезiмдiк заттар” дүниесi дегенiмiз - идеялардың көмескi бейнелерi. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана болады. Платон философиясында таза ақыл ойдың пайдасы үшін сезімді жоққа шығару бар, алғашқысы тек парасатта қамтылады. Дүниенің бастауы - идея немесе эйдостар, олар заттардың бейнесі болып келеді. Платонның кезінде «идея» сөзі күнделікті тілде «сыртқы кейіпі, көрініс, сапа, бейне, түр» дегенді білдірді. Платон идеялары шын мәнісінде адамның басынан бөлініп шыққан және идеялар дүниесінде дербес өмір сүретін объективтендірілген ұғымдар. Әрбір заттың өзіндік нұсқасы (эталоны) бар, ол соған сәйкестелініп жасалады. Мысалы, үстел идеясы нақты үстелді тұдырады. Бірақ затпенен оның бейнесі арасында принципті айырмашылығы бар. Нақты зат шектелген, ол идея (эйдос) – мәңгі бұзылмайды. Осындай нұсқа (эталон) ретінде этикалық принциптер- игілік, жақсылық, сұлулық және әділеттік болып саналады.Сұлулық идеясы барлық заттарға сұлулықты береді, басқаша айтқанда ол ңұсқа (эталон) немесе гректер көп қолданатын парадигма. Идея қай жерде орналасқан? Осыған байланысты үш негізгі жауаптың болуы мүмкін: идея физикалық заттарда бар; идея адам ақылының туындысы, яғни ол адам санасында орналасқан; идея заттарда да, адам ақылында да емес, үшінші бір дүниеде орналасқан деп, ол оны Гиперуранций (тура мағынасында аспанның арғы жағында) деп атайды.

2.Ортағасыр философиясындағы теоцентризм. Схоластикалық философия. Номинализм және реализм. Теоцентризм – (teo –құдай, орталықта) адамның мінез-құлқын, қоғамды анықтайтын күш – (Құдай, ол барлық әлемді, тіршілікті жаратушы). «Схоластика» кезеңі - философиялық ілімі «схолостика». Оның өкілдері: Эриуген, Бонавентура, Альберт Великий, Фома Аквинский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Ансельм Кентерберийский, т.б. Бұлар патристика көтерген мәселелерді жалғастырды. Бірақ, бұл мәселелер өзінің әдісі мен мазмұны жағынан басқа сипатта болды. Мазмұны бойынша бұрынғыдай құдай және күнәден құтылудың құпиясымен байланысты, бірақ алдыңғы қатарға ─ ақыл-ой мен сенім, дін мен ғылым мәселелері шықты. Жалпы мен жеке ұғымдарының ара қатынасы көп орын алды. Орта ғасырлық схоластика оралымды болды, ол өзінің формаларын жиі ауыстырып отырды. Диалектиканы діннің догматтарын дәлелдеу үшін пайдалануға тырысты, болмыс, мән, форма, т.б. секілді философиялық ұғымдарды бұрмалап түсіндірді, таным теориясын былықтырды. Схоластар білімді екіге бөлді: Түсініктеме жүрмейтін, аян арқылы берілген табиғаттан тыс жайлар (яғни, Құдайдың Библияға салған дайын ойлары); Адамның ақыл-ойымен табылған бiлiм (яғни, адам Библия мәтіндерін ашып, Құдайдың идеясын түсінді). Номинализм (лат. Nomina - есім, атау) дегенiмiз ─ философиялық ағым, ол бойынша жалпылық, жекені айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір сүрмейді де. Жалпы идеялар бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана, шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі. Номинализмде материяның алғашқылығы туралы материалистік ұғым қалыптасты. Бұл ілім дін иелерінің ашу - ызасын тудырды.Реализм (лат realis ─ шындық, заттық) жалпы ұғымдар, әмбебаптық (универсалийлер) реалды, әуелбастан өмір сүреді – дейдi. Ансельм Кентерберийскийдің пікірінше, жалғыз құдай өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы бiр құдай, демек жеке заттардың болуы, жаратушы құдайға байланысты.

3. Әлемді тану мәселесі. Танымның субъектісі мен объектісі Дүниені танып білу және оның заңдылықтары туралы көзқарастар тарихи кезеңдерде әртүрлі болды. Көне заманнан бастап-ақ, адамдар өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын, өзін- өзі, өзінің табиғатқа қатынасын танып білуге тырысты. Философия тарихында олардың бір бөлігі дүниені танып білуді растады. Олар негізінен материалистер болды. Енді бір бөлігі дүниені танып білуді теріске шығарды. Оларды агностиктер деп атады. Агностиктер объективті нақтылықты теріске шығарса, енді бірде оны танып білуге болмайтынын айтады. Осылайша, таным туралы екі түрлі көзқарас қалыптасады. Материалистердің айтуынша, таным – дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің мәнді қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеудің күрделі процессі. Ойшылдардың бір тобы дүние туралы нақты білімнің, танымның бар екендігіне күман келтіреді. Оларды скептиктер, ал, ағымды скептицизм деп атады. XVI-XVII ғасырларда ғылымның дамуы танымға деген қызығушылықты арттырды. Математикамен айналысқандар танымды таза логикалық процесс деп түсінсе, жаратылыстанушылар білімнің негізі тәжірибе, эксперимент барысында алынған түсініктер деп санады.Сонымен, таным дегеніміз – абсолютті ақиқатқа мәңгі, шексіз жақындау. Біз бұған ешқашанда толық жете алмаймыз. Алайда, адам осы процесте сыртқы дүниені бірте-бірте танып біліп, оны өз мақсатына қарай өзгертеді, өзі де дамып отырады. Таным процесі субъект пен объект арасында болады. Субъект адамның өзі, ұжым, халық табылады. Ал, объект табиғаттың кез келген заты емес, тек адамның назары түсіп, онымен қарым- қатынасқа түсетін зат. Объект пен субъект қарым–қатынасын төмендегідей нақтылауға болады: 1. Таным объектісі субъектігі тәуелсіз объективті шындық немесе оның фрагменті болып табылады. 2. Таным субъектісі тарихи даму барысындағы адам және адамзат қауымдастығы. 3. Адам санасында әуел бастан болатын мазмұн жоқ, ол өз мазмұнын объективті дүниеден алады, осы тұрғыдан объект субъектіге қарағанда белсенді. 4. Алайда, объективті шындықтың өзі субъект онымен қарым-қатынасқа түскенде ғана таным объектісіне айналады. Осы тұрғыдан субъект те белсенді.

Емтихан билеті № 15

Жаңа Замандағы эмпиризмнің негізін салушы Ф. Бэкон ақыл-ойдың «елестері» туралы ілімді қалыптастырды. Бұл ілімнің негізгі идеясы қандай?

Ф. Бэконның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізіп отыруы қажет. Бэкон осылайша рационализмді сынап, эмпиризмді қолдайды. Оның ойынша, адамның ақыл-ойына, санасына қателіктер тән, олар ақыл-ойдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идоя-дар, елестер, ескіліктің қалдықтары деп атайды. Оның пікірінше, кейбір идолдар адамға туа біткеннен тән, кейбіреуі адам танымының тарихи даму процесінде, ал енді біреулері адамның жеке дамуының кезендерін де пайда болады. Бұл елестер адамнан қалмай қуалап, олардың бойынд. алдамшы идеялар туғызады, табиғаттың нақты бейнесін көмескілеп, адамға табигаттың тереңіне бойлауға бөгет болады. Олар: 1) Адамның табигатына, тегіне, ақыл-ойына да, сезімдеріне де тән елес-идолдар. 2) Үңгір идолдары – адамның физиологиясы мен психикасының, тәрбиесінің ерекшеліктері, жеке наным-сенімдері мен ырымдары құбы-лыстарды объективті түрде қабылдауға кедергі жасайды. 3) Алаң идолдары – адамдардың тіл арқылы араласуынан туындайтын идолдар.4) Театр идолы – жалпы қабылданған, көнеден келе жатқан философиялық доктриналарға, мектептер мен жүйелерге, олардың беделіне деген соқыр сенім «философиялықтеатрларды» туындатады. Мысалы, дінге деген шектен тыс сенім. Оны жеңу мақсатымен Бэкон «екі ақиқат» теори-ясын ұсынады. Философия ақыл-ойға жүгініп, ол әлсіздік танытқанда теологияға да арқа сүйесе, артық болмайды. Бірақ олар бір-бірінің ісіне араласпауы қажет. «Ақиқат беделдің емес, уақыттың туындысы». Ф. Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фак-тілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті-силлогистік пай-ымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу (бал арасы секілді), жаңа қорытынды-тұжырымдарға қол жеткізу. Ал ол бақылау (наблюдение) процесінде емес, эксперимент процесінде ғана мүмкін.

2. Ш. Құдайберді ұлының философиялық көзқарастары. «Үш анық» ілімі Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді. Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі. Өмірдің мәні не? – деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін көрсетеді. Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, совесть орысша айтқанда совесть бар» дейді. Шәкәрім ар – ұждағы адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған. Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.

Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады

Наши рекомендации