Философияның бір категориясы ретінде

Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді.

Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.

«Эрос» —сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.

«Рhilia» — сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.

«storge» — сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.

«Аgape» — термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді[1].

Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның эзотерикалық, тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де Махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша Махаббат — ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан М. жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен Махаббаттың сипаты да түрліше.

Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:

· Махаббат ол құмарлық;

· Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім;

· Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;

· Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған махаббат. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды[2]..

Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:

1. махаббат ол көбінесе береді де, бірақ ештеңе алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты;

2. махаббат ол көбінесе алады, бірақ ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты;

3. махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.

Махаббат философиясында махаббаттың мынадай түрлері бар, олар:

1. ата-ана мен бала арасындағы махаббат,

2. аналық махаббат,

3. әкелік махаббат,

4. ағалық махаббат,

5. өз өзіне деген махаббат,

6. құдайға деген махаббат және

7. жануарларға деген махаббат және т.с.с.

140. Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда

діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.

Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:

1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды:

2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді;

3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себептерін талдайды;

4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;

5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;

6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы рөлін көрсетеді.

7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.

Діннің анықтамасы: mеlеgо – қасиеттілік, құдайылық – Абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйкес мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі.

Дін – күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.

Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін – бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді; 2) зандық сипаттағы дін – діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етіледі; 3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.

Діни сана – жаратылыстан тыс күштерге, Құдайга деген сенімен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсінікгердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол Құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас – дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.

Діннің пайда болу себептері мен мәні туралы мәселе философия тарихында көптеген философтардың зерттеу объектісі болды. Дін туралы ғылым – дінтануда діннің тамырлары деген ұғым қалыптасқан, бұл ұғым діннің пайда болу себептерін, әлеуметтік, гносеологиялық және адамгершіліктік мәнін ашады.

147. Білім философиясы - білім теориясының тарауы, осы әлеуметтік мекеменің мәнін, қоғамдағы маңызын және адамның дамуындағы рөлін зерттейді. Білімфилософияның маңызды міндеті - ұзақ перспективаға есептелген білім беру стратегиясының базалық принциптерін жасау.[1] Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады: 1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде. Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады. Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі. Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады. Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау – оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі. Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру – бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады. Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады. Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет. Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі – постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің «Білім археологиясы» атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады. М.Фуконың пікірінше, білім берудің құрылымы инвертизацияланған (дағдылы тәртіптің орын алмастырылуы). Ол білімді қабылдау және оны меңгеру арасында сәйкестік жоқ деп санады. Бұл екеуін үйлестіретін әдістемелер дайындау қажеттігін айтады. Фуконың ойынша шәкірттік кеңістік екіге бөлінеді: 1)оқытылатын білім шеңберінің жабықтығы; 2)ашық сала (өзінен-өзі айқын шындық). Ұстаз бен шәкірттің диологы мәселесіне де Фуконың қосары болды. Постмодернизмнің өкілі ретінде ол сөйлеушінің мәдениет кеңістігіндегі орнын анықтайды. Сөйлеуші – бұл текстті ұғынушы, оны талдау барысында өз үлесін қосушы. Текст постмодернисттердің түсінігінде – бұл әлем. М.Фуко өзінің дискурсивті практика атты теориясын білім мен өкіметтің бірлігі түсінігімен ұштастырды. (Дискурс – правила речевого объяснения реальности). Постмодерн кезеңінде тілдік ойын маңызды орынға шығады. Ж.Ф.Лиотар наррациялық білімді ғылыми біліммен, классикалық біліммен салыстырады. Наррация – дәстүрлі, қарапайым, ғылыми емес білім. Лиотардың пікірінше, білім «кең ағартушылық» түрде болуы мүмкін, немесе денотивті пікірлердің жиынтығы ретіндегі мәдениет болуы мүмкін. Оның пікірінше білім – бұл ғылым да емес, таным да емес. Білім - кумулятивтік сипатқа ие феномен. (Лиотардың еңбегі «Постмодерннің күйі»). Білім — бұл рухани өсудің маңызды саласы. Ол қоғамның рухани өркендеуінің көрінісі ғана емес, сондай-ақ, экономикалық базасын да құрайды. Ол сол рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа шып-шырғасын шығармай жеткізе отырып, сақтаудың және трансформациялаудың басты құралы болып саналады.

138. 136. Философияның бір категориясы ретінде - student2.ru

136. Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын , Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.

Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді".[1]

Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.

Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек. Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу – айырықша маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан.

137. Эрих Фромм ның «Махаббат өнері» Мен кейбір тарихымен бастау келеді, және ол шын мәнінде айтуға сәл болып табылады Франкфурт мектебінің белгілі пси меншік. Ол оның өкілдері философиялық түсіну үшін үлкен үлес қосты деп атап өткен жөн Зигмунд Фрейд идеялары. Бірге Франкфурт философиялық конструкциялық жүрегінде, кезінде Гегель, Ницше, және басқа да ойшылдардың идеялары, психоаналитические ілім Адам және мәдениеті туралы Фрейд. Оның психоаналитической доктринасын түсіндіру жылы Фрейд, шұжығы кейде бір-бірімен келіседі ғана емес, сондай-ақ Мысалы, жұмыстарға байқалады, сондай-ақ, қарама-қарсы пікір білдіру Мұндай Marcuse және Фромм ретінде Франкфурт мектебінің сол мүшелері. Бұл жағдай, онда тұтастай алғанда батыс философиясының тән психоанализ қатынасы көмескі және қарама-қайшы болып табылады.

Фрейдтың идеяларының бағалау келісу емес пе және оның түрлі ұғымдар дамып, шұжығы бір нәрсе туралы келісімге: олардың әрқайсысы классикалық психоанализ сын мазмұнды деп көздейді деп санайды сыни негіз ұзартқыш ретінде қызмет етуге тиіс құрсағында дамыған, теориясы Frankfurt School, бірақ барлық кейінгі түзетулер өз кету болып табылады революциялық негізгі Фрейдтың психоаналитической ілім.

Осылайша, психоаналитической Франкфурт жетекші өкілдерінің құрылысы органикалық бөлігі идеясы мектеп. Өзінше Олардың әрқайсысы психоаналитическая елегінен тырысады ұғым.

Бұл жағдайда, олар, ең алдымен, тартымды жатыр қырып-жою ғана құралы ретінде адамның өзін-өзі сана жол жалған сана аберрация ұзартқыш және оны Quot бастап ақыл-шипалы;. Терапия ретінде қарастырылады психоанализ, ол Демек, олардың апелляциялық жеке және әлеуметтік патология, агрессивті жою қамтамасыз ету және өздері қарсы қарсы екі бағытталған деструктивті дискілер адамдар Тұтастай алғанда адамзат.

Эрих Фромм кітабының «Махаббат өнері» зерттелген жылы махаббат әр түрлі түрлері, адам өміріне лауазымы мен әсері. автор жалғастыруда үнемі әсер, нақты бір мәселе бойынша Фрейдтың идеяларын жүгінуге Оның жұмысына, психоанализ негізін қалаушы пікірін келісу немесе қайшы. Фрейд басты қателік, Фромм, Фрейд бойынша, жақсы көремін идеясын атайды Тек «өрнек (немесе мұз�...

Наши рекомендации