Революциялық және революция аралық кезеңдегі ғалымның іс әрекеті.

Революциялық және революция аралық кезеңдегі ғалымның іс әрекеті сұрағында Лакатос кумуллятивті кезең деген түсінікті айтады, революция кезінде теориялар толық біткен формада болады.

Куннан Лакатостың айырмашылығы – революция кезінде пайда болған ғылыми-зерттеу бағдарламасы толығымен аяқталған және толық хатталған болып табылады. Лакатостың айтуынша ғылыми зерттеудің үздіксіздігі революциялықтан кейін кезеңінде зерттеу бағдарламасының басталуында әлі анық болмайды, болашақта айқын емес суреттеледі.

Бағдарлама келесі зерттеулердің жобасы іспетті. Ғылыми-зерттеу бағдарламасынын жетілдірген сайын ол дами береді. Озық даму белгілі бір «қаныққан пункте» аяқталады, одан кейін регресс, яғни кері кеті басталады. Бағдарламаның жағымды эвристикасы шешілетін мәселені анықтайды, сонымен бірге аномалияны болжайды және оларды анықталған шешімге айналдырады. Егер Куннда аномалия парадигмаға сырттай қатысты болса, Лакатостың концепциясында аномалия бағдарламамен болжанады және ғылыми-зерттеудің ішкі іс-әрекеті болып табылады.

Дамыған деген зерттеу бағдарламалардың өзі өзіндік мысалдарын біртіндеп ғанан жеткізе алады. Теоретиктің жұмысы ұзақ зерттеу бағдарламасымен анықталады, сол бағдарламаның мүмкін болатын және болжамдарын айтады.

Бағдарламаның дамуы мен жетілдіру революциядан кейінгі кезеңде ғылыми дамудың ең негізгі, керекті шарттары болып табылады.

Лакатостың ойынша, революция аралық кезеңде ғалымның іс-әрекеті шығармашылық сипат алған. Дәлелдеу барысында революцияның сәлде болса маңызды болуында білімнің тұрақтануы, бұл білім трансформационалданады, өйткені дейді Лакатос адам ешқашан өзі дәлелдеймін дегенін дәлелдемейді. Сонымен бірге логикалық дәлелдің мақсаты, сенімге жету емес, сенімсіздікті болып табылмайды.

Кунның айтуынша, барлық жаңа және анықталған жаңа парадигмалар, келесі басауыртар мәселерді шешу кезінде парадигмаға деген сенімді бекітеді, оған ғылыми қоғамның барлық мүшелері іс-әректі бекітілген.

Лакатоста зерттеу бағдарламасының сыншыл алғашқы вариантының дәлелдердің процедурасы оған сенуге емес, күдіктенуге әкеледі, жаңадан қайта жасауға, жетілдіруге, оның жабық тұрған мүмкіндіктерін ашуға тырысады. Өз кітабында Лакатос білімнің өсуі дәлелдемелер мен бас тарту арқылы қандай жағдайда жүзеге асады, нәтижесінде шыққан пікір таластар өзгереді және алғашқы айтылған дәлелдер дәлелденбейді, - деп сараптайды.

Лакатоста Кунға қарағанда революциялық ғылыми-зерттеу іс-әрекетті революция аралық кезеңде ғалымның тікелей қарама-қарсы әрекеті болып табылмайды, бұл біріншіден ғылыми революцияның түсінігімен байланысты.

Өйткені революция барысында жаңа ғылыми-зерттеу бағдарламасы тек алғашқы жобасығана жасалады, ал оның толығымен жасалған жұмысы барлық революциядан кейінгі кезеңге бөлінеді.

Имре Лакатос өз ғасырының дара бір тұлғасы. В.Н. Порустың сөзіне келсек, Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасы философия тарихы мен методологиясындағы орны ерекше. Рационализм оның рухани идеалы болды, ол осы идеалына «рыцарь» ретінде қызмет етті. Лакатос өзіне сенбеген, күдікпен қарағандарды интеллектуалды бәсекеге шақырды, дәйекті сөздермен қорғана білді. Лакатос Европа философиясы тарихында ерекше орын алды».

Көптеген адамдардың жүзеге асыра алмайтынды ол жүзеге асырды - философия туралы өз сөзін айтты, өйткені жылдар бойы жоғалмай, жылдар өткен сайын айқындала түсті.

Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасында Ньютон, Эйнштейн, Декарт теорияларын мысал етті. Өз ұстазы Поппердің іліміне сүйенді, тарихпен ұштастырды.

Тестер:

1. Неопозитивизм бағыты философияға қарама-қарсы осыны қояды:

A) Дін C) Ғылым

B) Мораль D) Саясат

2. Философия мақсаты – білімнің тілге байланысты формаларын сарпаттау, - деп есептейтін философиялық бағыт:

A) Неопозитивизм C) Постмодернизм

B) Экзистенциализм D) Персонализм

3. Теорияның жалғандығын эксперименталды тексеру арқылы дәлелдейтін ғылыми процедура:

A) Верификация C) Фальсификация

B) Концепция D) Гипотеза

4. Теорияның ақиқаттығын эксперименталды тексеру арқылы дәлелдейтін ғылыми процедура:

A) Верификация C) Фальсификация

B) Концепция D) Гипотеза

5. «Билікке ерік» – осы философтың басты мәселесі:

A) А. Шопенгауэр C) Ф. Ницше

B) З. Фрейд D) М. Хайдеггер

Наши рекомендации