Абайдың дінге көзқарасы 2 страница

42.Философия және дін.Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі дүниеге қарастың қоғамдық – тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен міңез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді.Алайда олардың бір-бірінен айырмашылықтары да орасан зор.Мындаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың сны болмашы ғана болды.Философиялық пайымдауға ақыл-ой бостандығы тән.Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл-ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана қаблетті болды.Ал адамдардын басым көпшілігінің дүниегекөзқарасы дің мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адамгершілік міңез-құлық талаптарынан тыс шыға алмады.Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандық құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстырғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені жіне ондағы адамның орнын білім мен ақыл-ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды.Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой-пікірлер қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біртіндеп ығыстыра берді.

43.Шәкәрім философиясы.Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғанын бірі – Шәкірім Құдайбердіұлы (1858-1931).Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды.Шәкәрім Абайдың немере іңісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген.Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардаң дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елің қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатар қатарына қосамын деп талпынады.Оның ойынша, бұл азаматтық өтеуің басты шарты – туған елдің барлық тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану.Шәкәрімнің рухани ізднісіне ежелгі сақ-түрік заманнынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады.Тәңір, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

44.Марксизмнің тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру принциптері.Маркс пен Энгельс диалектиканы қоғамдық өмірді талдауға, зерттеуге қолданып, сонымен қатар матералистік дүниетанымның дәйектілікпен дамытылған біртұтас жүйесін дүниеге келтірді.Тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру – қоғамдық өмірдегі материалдық, рухани құбылыстарды, олардың жалпы даму заңдылықтарын зерттеудің тәсілі, философиялық негізі болып табылады.Маркске дейінгі материалистер өздерінің теориялық және таптық тар өрістілігінің арқасында материализмді қоғамдық өмірге қолдана алмады.Ал, Маркс пен Энгельс болса материяны белгілі бір түріне телімеді. Материализмді қоғамдық өмірге дәйектілікпен қолдана отырып, қоғамдық болмыстың негізінде матриалдық өндірістің жатқандығын тұжырымдаған еді. Ал оның бейнесі – қоғамдық сана болып табылады. Сөйтіп, қоғам туралы ғылыми-философиялық негізгі мәселесін шешу материализмнің ұғымдарын дайын күйенде қоғамдық дамуға атүсті тели слу болмай шықты. Қорыта айтқанда, тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дгеніміз диалектикалық тәсілді қоғамдық өмірді зерттеу ісіне қолданғандықтың нәтижесінде пайда болатын терең әрі жан-жақты ілім. Ол барлық қоғамдық қатынастарды шешуші маңызы бар қатынастар ретінде қарастырады.

45. Экзистенциализм фил.сы адам туралы.Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға» (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда «басқалардың» адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс «басқалармен өмір сүру коммуникациясы» деп аталады. Адамдар өзара байланысқа ұмтылу коммуникация алдындағы үреймен, оның мүмкіндігіне шүбаланумен т.б. сөзіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз «экзистенциалды» еркін тұлға бола алмайды. Еркін тұлға болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып, өзіне өзінің мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз сырттың әсерінсіз еркін тандау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол – жауапкершілік. Туғаннан еркін болуға жаралған адам, бүкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнына көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өз үшін де жауапты.(Стартр). Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды. Ал, адамды меншіктің, заттардың езіп жаншуынан қалай құтқаруға болады? Бұл сұраққа Марсель қарама қайшылықтың қайнар көзі адамның өз табиғатында дей келіп, одан шығу жолы – сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, «құрбандықта», иеленуді болмыс деңгейіне көтеретін дінде, өнерде және философияда жатыр деп есептейді. Жалпы адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ, керісінше, көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.

46) позитивизм философиясы. Негізгі позитивизм-«дұрыс пікір» деп аталатын ұғым болып дүниеге келеді, оның бастамасын салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д-Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты- ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айтқанда әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Мақсат-дейді позитивистер,-солардын тек дұрысын, пайдалысын қабылдап пайдасызынан, күнделікті тіршіліктен тыс ойлардан арылу. Ондағы мақсаты-француз революция-сының теориялық негізі болған. ХVIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту. Олай, болса, позитивизм-идеалистік философия, оның ішінде субъективтік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды. Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі-позитивизм, екіншісі кезеңі-эмпирио-критицизм, үшінші кезеңі-неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері алдымен позитивизмнің пайда болуына кері әсер еткен—Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идеологтары содан қауіптенді. Диалектикалық метофизиканы механикалық материализм деп, кемшіліктерін айқын көрсетті.

47) Ибн-Сина фил.дағы құдай эманациясы идеясы.Ибн-Сина (980-1037)дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі білгірі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Аль-Кинди мен Әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. Европалықтарға Авиценна деген атпен белгілі болған ол. Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келеді. Иран мемлекетіндегі Исфакан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып өз білімін жетілдіреді. Ибн-Сина жан-жақты терең білімді, философ, дәрігер, ақын әрі саяси қайраткер болған екен. Ол жүзден аса ғылыми кітаптар жазыпты. Олардың ішінде ең әлемге танымал болған атағын Шығыс пен БАтысқа танытқан «Сауығу кітабы» деп аталатын медицина жайлы жазған кітабы. Ол ғасырлар бойы Шығыс және Батыс дәрігерлері үшін баға жетпес білім көзіне айналған еді. Ибн-Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн-Синаның аты құрметпен аталатын еді. Оны біресе «Философтар патшасы» деп атаса, біресе «Дәрігерлер атасы» деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн-Сина араб перапатетизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяна мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырды. Алайда бұл қағида діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн-Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді Ибн-Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесің ете қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді.: 1) заттарға дейін, құдүреттің ақыл-ойында; 2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні ; 3) заттан кейін адамдардың санасында.

Таным теориясында Ибн-Сина Әл-Фарабидің жолын қуып оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен оның кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. , Ибн-Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол Әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі өкілдерінің бірі деп білеміз.

48. Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымы оның өмір сүрген табиғаты мен соған бейімделіп, қалыптасқан шаруашылық түрлері, өмір салтымен байланысты. Қазақта жаңа дәуірге дейінгі негізгі шаруашылық формасы көшпенді мал шаруашылығы болды. Оның ерекшеліктері: біріншіден, табиғатқа бас июді талап етті. Қазақ халқының ертеден ақ экологиялық санасы биік деңгейде болғаны анық. Екіншіден, ата бабаларымыз ерікті болып, бас бостандығын қастерледі, қазақ жерінде құлдық болған жоқ. Үшіншіден, көшпенділік теңдікті талап етеді. Дамыған феодализм болмады. Төртіншіден, көшпенді халықта әлеуметтік айырмашылық аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы басым. Бесіншіден, байлықтан гөрі ар намысты жоғары ұстау көшпенділерден шықты. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау. Жетіншіден, әрдайым көшіп қону болғандықтан қауіп қатерді бастан кешіру барысында ерлікті батырлықты қасиет етті. Сегізіншіден, өмірді қамшының сабына теңеді. Өмірді қастерледі. Әрбір күнді тойлау өзін шешендікке тәрбиелеген. Тоғызыншыдан, досқа адал, дұшпанға қатал болды. Қиналғандарға қол ұшын берді. Оныншыдан, ата ананың үлкенді сыйлау, құрметпен қарау. Бұлар мыңдаған жыл жиналған қасиеттер.

49) «өмір философиясы» өкілдерінің көзқарасы XIX ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» (Ницше, В.Дильтей, А.Бергсон) ықпалымен 20 жылдары М.Шелер (1874-1928ж.) мен О.Шпенглер(1880-1936ж.). негізгі еңбектері: «себептілік және тағдыр», «Европаның құлдырауы» және басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррационалдық (ақыл жетпейтін) философиялық ағым пайда болады. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке «өмірді» танып-білудің бірден-бір қайнар көзі – инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратылған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым (М.Шелер). Қоғамдық процестердің дамуы ирроционалдық «өміретгані», «опат болуды күту» т.с.с. күштермен бағытталады. Мысалы, Батыс мәдениеті өркениеттің белгілі бір сатысында, өзінің жойылуына аяқ басты. Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін ойлануға қорқып жақындап келеді.( Ницше)

50.Философия тарихындағы «сана» ұғымы.Ф/я бүкіл тарихында ойлауды тек саналы қызмет деп қарағандықтан, ол туралы көптеген кнцепциялар туды. Олардың көпшілігі күнделікті тәжірибеде тұған сана, саналық хақындағы пікірлерге ғана сүйенеді. Соңғы ғасырларда ғана сананың рефлексикалық табиғаты жөнінде айтыла бастаған. Рефлексика бұрын айтқанымыздай сыртқы дүниеге қатынастың субъектіге қайта оралуы, яғни сыртқы дүние арқылы субъектінің өзінің өзіне қатынасы. Сана да осындай қатынас. Сонда адам сыртқы нәрселер жайында ғана ойланбайды, солармен бірге ж/е соларға байланысты ол өзіне де, өзінің сол қатынасын да көреді, сезінеді, біледі.Сана адам миына байланысты пайды б/ды, ал ми – оның мекені. Сана- адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Діни – идалистік түсініктер б/ша сана деген қайдағы бір материалдың емес субстанция- «жанның көрінісі, ол (субстанция) жалпы алғанда материяға атап айтқанда, адам миына тәуелсіз дербес өмір сүре алатын өлмейтін, мәңгі нәрсе болып табылады. Түрлі идеалистік көзқарастарға қарама- қарсы материализм сана- адам миының функциясы, оның шындықты белсенді де мақсатты түрде бейнелеуінде деген қағиданы негізге алып келді ж/е негізге ала бермек. Сонымен қатар сана проблемасы материалистік тұрғыдан пайымдаушы философтар мен психологтар үшін де өте қиын проблема б/ды. К.Маркс «сана өмір сүру тәсіл, ол- білім. Сана бірдеңені қаншалықты білсе, бірдеңе де сана үшін саналық п. б/ды. Марксизмнің айтуы б/ша адам маймылдан жаратылды. Ол 4 формадан тұрады.1) тіл 2) тік жүру 3) ойлау 4)қауым

51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы Постпозитивизм философиясы ғылымның дайын шешімдерін, ғылыми мәнді зерттейді. Оның екі бағыты бар: критикалық рационализм және тарихи-социологиялық позитивизм. Критикалық рационализмнің негізін салушы Карл Поппер (1902-1994). «Логика және ғылыми білімнің өсуі». Оның басты мақсаты: ғылыми білімді метафизикалық ғылыми емес білімнен бөлу. Тарихи социологиялық позитивизмнің өкілі Томас Кун (1922). «Ғылыми революцияның құрылысы». Методологияға емес ғылым тарихына жақын. ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық проблемалардың шиеленісуі, көптеген социолистік елдерде тоталитарлық режимдардың қалыптасып қирауы, бірінші және екінші соғыстардың салдары, т.б. осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді.

52.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1866) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен шығыс халықтарының мәдениеті жайлы түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтыды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ Шоқан тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір(Құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек.

53.Адамзат тарихында формациялық және өркениеттік көзқарастар ерекшелігі Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық тән құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүлдесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм- ленинизмнің саяяси- құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық- экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда- мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. Формациялық мағынада мемлекетің тарихи типтері схема жүзінде былайша көрініс береді: Алғашқы қауымдық құрылыс Құлиленуші экономикалық формация Феодалдық экономикалық формация Буржуазиялық экономикалық формация Социалистік экономикалық формация. Қоғамдық өзін- өзі басқару Құл иленуші типтегі мемлекет Федалдық типтегі мемлекет Буржуазиялық типтегі мемлекет Социалистік типтегі мемлекет. Мемлекеттің формациялық типтерінің қоғамдық- экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайы. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама- қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық- экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік типін қалыптастырады. К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық (құқықтық-С.Ө.) қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен- өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керсінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді... Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды... қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішінде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгерумен бірге азды-көпті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төнкеріс жасалады». Жалпы қарағанда мемлекеттердің формациялық типологиясы барлық халықтар мен қоғамға әмбебаптық әдістеме бола алмайды. Осы типологияның түрлерін өркениеттік мағынада түсіндіру бар. Сонымен қатар өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келе жатыр. Осы ой бойынша мемлекеттердің типтерінің деңгейі қоғамдағы ғылыми технологиялық прогресстің жетістіктерімен сипатталады. Жоғарғы технологияны енгізу мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық деңгейін халықтың әл ауқатының жақсаруына мүскіндіктер туғызады. 17 ғасырда ойшыл Кристофор Келлер мемлекеттердің даму сатыларын ежелгі, орта және жаңа жаңа даму сатыларын үш дәуірге бөліп олардың даму заңдылыңқтарын зерттеп дәлелдеді. Орта ғасырда мемлекеттің қалыптасуы, билік ету діни ағымдардың ықпалымен қалыптасып діни мағынадағы сипатқа ұласты. Жаңа заманда мемлекетті «бірігу» «одақ» ұғымдарымен байланыстырып таныды. Мысалы айта кетсек Гуго Горций мемлекетке: «Мемлекет деген еркін адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған, -жетілдірілген» одағы деп анықтама берсе, Имонуил Кант: «Мемлекет- көп адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі» -деген ойды ұсынды.Заң ғылымында мамлекеттерді типке бөліп зерттеу арқылы олардың даму процессін , деңгейін,өркениеттің мазмұнын тануға болады.

54.Ф.Ницше фил.дағы әлеуметтік мәселелер Шопенгауердің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ницше Фридрих(1844-1900) ары қарай дамытып,өзінің ,,Билікке ұмтылған жігер,, деген концепциясын құрды.Негізгі еңбектері:,,Музыка рухынан трагедияның туындауы,, Зара-туштра осылай деген,, Билікке ұмтылған жігер,, т.б.Ницшенің пікірінше,өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды.Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес,жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы деп пайымдады.Осы тұрғыда,Н. өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің ,,Өмір деген күрес,, заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Н. өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Оның ойынша өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Оларды тобырлардан ерекшелейтін қасиеттер – алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік және билікке ұмтылдыратын өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігер. Осы тұрғыдан Н. «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моралді уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты, қоғамның ұлы адамдары – «аса күшті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылады деген тұжырым жасайды. Н-нің идеялары кейінгі кездері саяси ойлар мен практикаға үлкен әсер етті.

Наши рекомендации