Салауатты өмірде ұстаған қысқа ашығуға сенемін

Менің ашығу туралы теориям төменде көрсетілгендей. Алдымен адамның табиғатымен санасу керек, біздің әрқайсымызда жүрексүну көп. Егер ашығу мерзімі аз болса, адамдардың көпшілігі ашығуды ұстанатынына мен сенімдімін. Көпшілігі 24 – 36 сағаттық ашығуды ықыласымен ұстайды, өзін жақсы сезіне бастағанына көзі жеткеннен кейін, 3 тәуліктік ашығуды жүзеге асырады, себебі өзіне сенімі артады. Келесі қадамы 7 – 10 тәулік ашығу. Менің көптеген шәкірттерім, 10 тәуліктік ашығуды талай қайталап, 15 ал кейбіреулері 21 тәулік ойдағыдай ашығып жүр. Олар 24 сағаттық ашығудан бастап, біртіндеп ұзақ мерзім ашығуда. Неғұрлым мол тәжірибе жинасаң, ашығуға деген сеніміңіз беки түседі. Егер бұрын ашығып көрмесеңіз 24 – 36 сағаттық ашығудан бастаңыз. Сонда ашығудың ғажайып әсерін өзіңіз көресіз. Сіз қысқа мерзімде де ашығып, ағзаңызды толық тазалай аласыз. Есіңізде болсын, неғұрлым жиі ашыққан сайын ағзаңыз тазарғанның үстіне тазарып, оң нәтижесі шоғырлана береді, ашығу арасында салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбектi сат, ар сатып неге керек?

Үш- ақ нәрсе – адамның қасиетi:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай

Қорытынды:

Бес нәрседен бес нәрсенi артық деп бiл:

1. Өлiмнен тiршiлiк артық.

2. Аурудан саулық артық.

3. Жұмыс бастылықтан (мәжбүр түрде мағынасында) еркiндiк артық.

4. Қарттықтан жастық артық.

5. Кедейлiктен байлық артық.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Сiздiң ауруыңызға ешкiм де және өзiңiз де кiнәлы емессiз. Ауру – өзiңiздiң ойыңыз бен жаман қылықтарыңыздың сыртқы көрiнiсi. Ауру сiздiң Ғазиз жаныңыздың – сiз бiрдеменi дұрыс iстемей жатырсыз, қоршаған ортаға, болып жатқан жағдайларға қылып жатқан қылықтарыңыз, адамдарға және өзiңiзге зиян деген белгiсi.

Ауру – сiздiң жақсы қалауыңызды, ақ ниетiңiздi iске асыратын әдiс. Ауру – Ғазиз жаныңыздың: талқандайтын тәртiбiңiзден, жаман қылықтарыңыздан сақтандыру әдiсi. Түптеп келгенде: бұл Құдайдың, Әлемнiң, Жоғарғы Сананың сiзбен әңгiмелесуi.

Ауру – адамның тiлегiн, қалауын қанағаттандыратын қарапайым әдiс. Бiз бұған бала күнiмiзден үйренгенбiз. Бала ауыра қалса, қаншама көңiл бөлiнiп, қамқорлыққа бөленедi. Асты-үстiне түсiп, еркелетiп бәйек болады. Ата-аналары жұмыстан ертелеу келiп, жылы-жұмсағын, тәттiлерiн аузына тосады. Бала бiрер жұма сабаққа бармай рахаттанады!

Өзiн-өзi өзгерте алмаған адам, басқаларды қалай өзгертедi? Өзiн өзгерткен адамға, басқаларды басқару да қиыншылық тудырмайды.

Кун-Фу-Цзы

Мен 11 жыл бойы үзбей, ұзақ мерзiм – ерiктi түрде саналы аштық ұстауымның және өз бiлiмiмдi күнделiктi ұштап жетiлдiруiмнiң арқасында тәндiк те, руханилық та, материалдық та ерекше жетiстiктерге жеттiм. Саналы түрде табанды ашыққан маған және менiң шәкiрттерiме, рухани жетiлудiң есiгi айқара ашылды. Маған Қазақстанды, алыс және жақын шетелдердi аралап саяхаттауыма, көптеген орыс тiлiнде жазылған әлемдiк деңгейдегi рухани танымды-тағылымды кiтаптар оқуыма, жазу жазуыма, парапсихологиядан лекция оқуыма, басқа ғұламалардың лекцияларын тыңдауыма т.б. мiндеттердi орындауыма тура келедi. Осының бәрiне уақытым да, күшiм де жетедi. Бір таңқалатыным: Ашығу ілімін оқып түсініп, өмiрге деген көзқарасымның негiзiн, ойлау жүйемді толықтай өзгертіп, осыны іс-жүзіне асыра бастағаннан бастап алыс шетелдерді саяхаттап аралауым. Олардың тұрмыс-тіршіліктерімен, әлеуметтік, қоғамдық құрлымымен танысып үлкен ғибрат, тәлім-тәрбие сабақ алуым.

2006 жылдан бастап жыл сайын 3 ай Германияда болуым. Париждің, Германияның музейлерін аралап көруім.

2007 жылы Вьетнамда Ханой қаласының қасындағы мұхит жағалауында орналасқан демалыс үйінде демалуым.

2008 жылы Грецияда, Зевс туған Крит аралында 1 ай демалып жатқанда 20 күннің аралығында 300 беттік «Өз тағдырыңды – өзің қалай өзгертуге болады?» атты кітабымды жазып, баспадан шығаруым.

2010 жылы Пекинде болуым. Аспан елін түгелдей дерлік аралап, олардың жетістіктеріне таң-тамаша қалуым. Көп нәрсе үйренуім. Өзiм көрiп-естiмеген нәрселермен танысып, көкiрегiме түйiп қайтуым.

2011жылы Түркия елін саяхаттап аралап шығуым.

Құрметтi оқырман! Осы кiтаптағы бағдарламаны iске асыруды бүгiннен бастаңыз. Кейбiр маңызды мәселелерге тоқтала кетейiк:

1. Жүйкеңiздi бет алды шығындай бермеңiз. Ойлап барып нұрланумен, ұюмен және ақылыңыздың айқындығымен мазасыздыққа, қобалжуға, қорқынышқа, келеңсiз әсерге өзiңiздiң нақтылы мақсатыңыз бен сенiмдiлiгiңiздi қарама-қарсы қойсаңыз, ойыңыз iске асады.

2. Түнде терең 8 сағат ұйықтаңыз.Түс ауа бiраз ұйықтап алуға уақыт табыңыз.

3. Өзiңiздi тазалайтын, денсаулығыңызды сауықтыратын тамақ iшiңiз.Өлi тамақ пен улы сусындарды, қоздырғыштарды iшiп-жемеңiз. Оларға жататын: шәй, кофе, темекi, тұз, қант, шұжық-колбаса, торт, iшiмдiктiң қандай түрi болмасын (арақ, сыра, шарап, кока-кола) т.б. Олардың орнына көкөнiс, жемiс-жидектердiң көктей немесе бұқтырылған түрлерiн iшiп-жеңiз. Аптасына 24-36 сағат ыстық су iшiп қана ашығыңыз. Әрбiр үш айда 7-10 күн ашықсаңыз ағзаңыз улардан тазаланады.

4. Күнделiктi дене жаттығуларын жасаңыз.Таза ауада қан айналысын жылдамдататын – бiресе баяу, бiресе қарқынды жаяу жүрiспен күнделiктi 3-5 шақырым серуендеңiз. Малтыңыз, билеңiз, қимылы қарқынды ойындарды ойнаңыз. Өз денеңiздегi 600 бұлшық еттiң түрiне қозғалыс берiңiз.

5. Терең тыныс алыңыз.Өмiршеңдiктi арттыратын оттегiн өкпеңiздiң төмен жағына жiберiңiз. Оттегi жүйкенiң ең басты демеушiсi. Шикi көкөнiстер мен жемiстер оттегiмен қанықтырылған, ал сiздiң тазалану үшiн ашыққаныңыз тәнiңiздегi оттегi көлемiн ұлғайтады. Терең тыныс алу арқылы сiз қаныңызды улы көмiр қышқыл газынан тазалайсыз, тәнiңiздегi әрбiр жасаушаны оттегiмен қанықтырасыз.

6. Күнделiктi суық су мен ыстық суды алмастырып құйынып-жуынып тұрыңыз.Күнге қыздырыныңыз.

7. Өз көңiл күйiңiздi ауыздықтап ұстаңыз.Бұлай iстеу қиын болса да, өз жүйкеңiздi ширықтыра бермеңiз.

8. Жүйкеңiздi мамыражай қалыпқа әкелiңiз. Қалыпты тiршiлiк – ширығу. Содан соң жүректiң соғысы сияқты баяулау. Қатты ширықаннан кейiн сiз автоматты түрде мамыражай қалыпқа енуiңiз қажет.

9. Өмiрге ләззаттаныңыз.Демалу мен көңiл көтерудi ұмытпаңыз. Табыс пен молшылық жақсы. Бiрақта ең бастысы – өмiрге ләззаттану. Өлең айтыңыз, күлiңiз, қалжыңдаңыз, шаттаныңыз, билеңiз. Уайым мен қайғы меңдеп, жанжал iздеп жүрген пенделерден аулақ жүрiңiз.

Өткен өмiр – өлген өмiр – жындыхана. Осыны жақсарту үшiн барыңды сал! Ашыққан кезеңде Сiздiң iшкi қуатыңыз артып, бұғып жатқан таланттарыңыз, қабiлеттерiңiз бұрқырап шығып, өзiңiз рухани жан-жақты дамып, шыңның-шыңынан көрiнесiз! Сiз өзiңiздегi бұлқынып тұрған бұла күшпен, қажымас қайратпен, мұқалмас жiгермен, қайнап жатқан қуатпен: өзiңiз араласып жүрген адамдарды ақиқат жолына бастап, ел-жұртыңызға үлгi әрi рухани ұстаз боласыз! Сiз қандай жұмысты, кәсiптi болмасын ұршықша иiрiп, шыр айландырасыз! Сiз өзiңiзбен-өзiңiз боласыз. Сiз Жаратушымен, Табиғатпен үйлесiмдiлiкте (гармония) болып бақытты да, баянды, мағыналы өмiр сүресiз!

Пайдаланылған кiтаптар:

1. Құран Кәрим, қазақша мағына және түсiнiгi. Аударған Халифа Алтай.

2. Коранъ. Переводъ съ арабскага языка. Г. С. Саблукова. Третье изданiе.

Казанъ. Центральная Типографiя. 1907 .

3. Коран. Перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой.

Москва. Рипол классик. – 2005

4. Пайғамбарымыздың бiр мың бiр хадистерi. – Шымкент қаласы – 1992 ж.

5. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармалардың екi томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, Өлеңдер мен аудармалар. – 2004.

6. Шәкәрiм Құдайбердiұлы. «Иманым». – Алматы: «Арыс» баспасы. – 2000.

7. Омраам Микаэль Айванхов «Свет мира». Юбилейное издания 1900 – 2000 год. – Москва: Издательство «Техническая книга». – 2000.

8. «Наука о жизни с позиции Аюрведы». – Москва. – 1998.

9. Поль Брэгг «Здоровье и долголетие. Чудо голодания». Издательство «Грэгори» Москва 1996.

10. Р. Оразалиев, Д. Омаров, Ә. Мұқашбеков. «Жасару құпиясы». – Алматы: «Алейрон». – 2006.

11. Әсет Мұқашбеков. «Аштықты ұстау – денсаулықтың кепiлi!» – Алматы: «Алейрон». – 2007

12. Әсет Мұқашбеков. «Рух пен тәннiң саулығы», – Алматы: «Алейрон». – 2007.

13. Әсет Мұқашбеков, Қамбар Мұқашбектектерi. «Жүйке жүйесiнiң тылсымы» – Алматы: «Алейрон». – 2007.

16. Әсет Мұқашбеков, Тiлеубердi Құлиев. «Тибет медицинасының өнiмдерiнiң негiзiнде – желiлi жеке бизнестi құрудың құпиясы» – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуiр». – 2008

17. Әсет Мұқашбеков,«Ақ ана» – Зейнекамал Қаржымбайқызы, Күләйхан Қасымқызы, Меңжамал Құмарқызы, Сапар Рауанов, Ержан Құлиев. ««Жаратушыны әруақтар арқылы тану немесе «Ақ ананың» тылсым дүниелерi» – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуiр». – 2008

18. Әсет Мұқашбеков, Рахпар Құдiретоллақызы. «Өз тағдырыңды – өзiң қалай өзгертуге болады?» – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуiр». – 2009

2011 ЖЫЛҒЫ АШЫҒУЫМА ДАЙЫНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНI

11 қаңтар, сейсенбі. Ашығуыма дайындықтың I-ші тәулігі

Таң алдында түс көрдім: Жүгері егістік алқабында жап-жасыл 1,5 метр жүгері балаусасы арықшалармен суғарылып жатыр. Судың түсі мөп-мөлдір, тап-таза. Су арықшалармен біркелкі ағып сіңіп жатыр.

Өзімді сезінуім онша емес. Денем ауырлап, жалқаулық, енжарлық басып алды. Таңғы сағат 9-00. Салмағым – 94,4 кг, яғни 20 кг артық! Қан құрамындағы қанытым – 224, бұл да екі есе артық! Сол қолымның қан қысымы – 157/105: Қан тамырымның 1 минуттағы соғуы – 95: Оң қолымның қан қысымы – 165/104: Қан тамырының 1 минут соғуы – 94;

Ескерту: Мен қан құрамындағы қанытымды, салмағымды, қан қысымымды, қан тамырымның соғысын, салмағымды Германиядан алып келген аппараттармен тексеріп жүрмін.

Түстен кейін 1 шиша «Қазақстан» коньягін ішіп алдым. Шөлдегенде «Таң» сусынына су қосып 3 л астам шалап іштім.

12 қаңтар, сәрсенбі. Ашығуыма дайындықтың II-ші тәулігі

Өзімді сезінуім жақсы. Денем жеңілдеп, жүрісім ширақ. Қалаға барып «Книготорг»-тан 3000 теңге ақшамды алып, қайтар жолда «Алтын орда» базарынан 6 шиша «Таң» сусынын сатып алдым.

Сағат 15-30. Салмағым – 95,2 кг, яғни кешегіден 0,8 кг артық! Қан құрамындағы қанытым – 224; әлі екі есе артық! Сол қолымның қан қысымы – 162/105: Қан тамырымның 1 минуттағы соғысы – 91: Күні бойы ішім өтті, себебі ыстық суға бал, лимон қосып іштім. Артынан ішім кепкенше «Таң» сусынына жасалған шалап іштім.

13 қаңтар, бейсенбі. Ашығуыма дайындықтың III-ші тәулігі

Күні бойы духовкаға пісірген қант қызылшасы, алма, картошка жедім. Шөлім қанғанша ыстық суға бал, лимон қосып, артынан шалап іштім. Күндізгі 16-00: Салмағым – 94,4 кг, яғни 20 кг артық! Қан құрамындағы қанытым – 224, бұл да екі есе артық! Сол қолымның қан қысымы – 158/106: Қан тамырымның 1 минуттағы соғуы – 83: Оң қолымның қан қысымы – 161/104: Қан тамырының 1 минут соғуы – 78;

Бүгін де ішім сарылдап өтуде. Ішегімді өстіп тазалап жатырмын. Бүгінгі күнім аштыққа дайындық. Нақ ашығуға әлі кіріскен жоқпын.

Й мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. (183) Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы. (184) Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т. ) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар, әрі Алланы ұлықтаңдар.

ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 2 – Бақара сүресі, 182, 183, және 184 аяттар. 28 бет. (Аударған Халифа Алтай)

79. Саған келетін барлық жақсылық Алла тарапынан. Болып жатқан барлық жамандық өз ниетіңнен. (Мұхаммед Ғ.С.) біз сені адамдарға елші қылып жібердік. Осыған Алла куәгер.

Смысловой перевод СВЯЩЕННОГО КОРАНА на русский язык. Первое издание. Р. 2009-Х. 1430. Перевод с арабского Кулиева Эльмира. Сура «ан-НИСА» («Женщины») стр. 107 Сура 4. Часть 5. ГРАС кувейт-халдйе п.я. 17012 код 72451. (Орысшадан аударған Әсет Мұқашбеков)

Мұсылман адамдарға жақын жүреді, адамдар да оған жақын қарым-қатынаста болады. Ондай қарым-қатынас жасамайтындарда жақсылық болмайды. Өзгелерге пайдасы көбірек тиетін кісі – адамдардың ішіндегі жақсылары.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

12). Пенде қайыр-садақа беріп, адамгершіліктің есігін ашса, Алла оның мал-мүлкіне береке береді. Егер ол қайырсыздың есігін ашса, Алла оның атағын өшіреді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Наши рекомендации